Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / ИЗО, МХК / Конспекты / Сурет салудың әдіс – тәсілдері. Жарық пен көлеңке
  • ИЗО, МХК

Сурет салудың әдіс – тәсілдері. Жарық пен көлеңке

библиотека
материалов



Бейнелеу өнері 5 – сыныптар 13.10.2015 ж

Сабақтың тақырыбы : Сурет салудың әдіс – тәсілдері. Жарық пен көлеңке

Сабақтың мақсаты : тақырып бойынша түсінік беру

Тәрбиелік : әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Дамытушылық : сабаққа деген ынтасын арттыру, ой – өрісін дамыту

Құрал – жабдық , көрнекіліктер:

Сабақ түрі : аралас сабақ

Әдіс – тәсілдері : түсіндіру, сурет салу

Сабақтың барысы : ұйымдастыру

а) оқушылармен амандасу

б) сыныптың сабаққа қатысын тексеру

в) үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ : сурет салғанда жарық пен көлеңке үлкен рөл атқарады. Жарық пен көлеңке арқылы бейнеленген затымыздың жалпы пішінін , көлемін береміз. Ал дәлірек айтқанда жарық пен көлеңке дегеніміз қандай да бір затқа бағытталған жарық оның бойына әртүрлі болып таралады да, пішінін, тұтас көлемін көрсетеді.



hello_html_m6c054fbe.pnghello_html_79216820.png

Жарық пен көлеңке бірнеше түрге бөлінеді:

Жарық . Жарық деп қандай да бір затқа сәуленің мол түсіп тұрған жерін айтамыз.

Жылт . Жарық сәулесі затқа аса көп түскен кезде шағылысып пайда болады. Көбіне металл, шыныдан жасалған заттарда кездеседі, оның аумаға онша үлкен болмайды. Қисық жазықтықта , заттың қырларында пайда болады.

Жартылай жарық. Сәуле затқа тура емес, көлбей түсіп, содан пайда болған жарықты жартылай жарық дейміз. Жартылай жарық көлеңке мен жарықтың арасындағы байланыстырушы қызметін атқарады.

Көлеңке деп заттың сәуле түспей тұрған ең қараңғы жерін айтамыз.

Тағы да бір көлеңке , ол - дененің жазықтыққа құлай түскен көлеңкесі. Бұл көлеңке әрқашан да дененің өзінің көлеңкесінен қоюлау болады.

Дененің шеткі жағында ( көлеңке жағында) басқа денеге түскен жарықтың әсер етуінен пайда болатын әлсіз жарық рефлекс деп аталады.

Жарық пен көлеңке әдетте ашық ақшыл заттарда анық байқалады.. Ал түр – түс қоңыр , қоюлау заттарда онша көрінбейді.

Жарық көзінен сәуленің тік түскен жері ең жарық тұсы болып саналады.

Жарық сәулесі қиғаш түскен жерде әлсіз көлеңке пайда болады. Ал жарық мүлде түспеген жерде көлеңке жатады.

Сызық немесе сызықтық бейнелеу. Сызық қандайда бір заттың пішінін бейнелейтін жиек шекарасын түзеді.

Сурет өнерінде бейнелеудің негізгі екі түрі бар, олар : сызықтық және реңдік бейнелеу. Бұлардың негізгісі - сызықтық бейнелеу. Өйткені , реңдік бейнелеу штрих немесе бояудың қоюлығымен бейнелеу сызықтық бейнелеуден кейін туады. Сызық немесе сызықтық бейнелеусіз суретті елестету мүмкін емес, сондықтан ол бейнелеу өнерінде басты рөл атқарады.

Әр заманда сызықтық бейнелеудің асқан шеберлері болды. Солардың ішінде атақты суретшілер : Леонардо да Винчи, Рафаель, Р. Гуттузо, П. Пикассо, Ә. Қастеев және қазақтың ұлы ғаламы Ш. Уәлиханов т.б. бар. Олар бір ғана сызықтық бейнелеумен бүкіл сурет болмысын,әдемі қимылды, көңіл күйді, философиялық ойды бере алатын.

Қазақ халқының аяулы ұлы, ғаламы суретші Ш. Уәлихановтың «Ата қаз», «Автопортрет», т.б еңбектері де аса жоғары кәсіби деңгейде орындалған. Әсіресе «автопортрет» еңбегіндегі пластикалық нәзік сызыққа бай, философиялық терең ойға құрылған, эстетикалық әсерлі туынды.

Штрих пен сызықты шатыстырмауымыз керек. Жоғары да айтқанымыздай, сызық қандайда бір заттың шекарасын түзсе, штрих сол заттың жарық, көлеңкесінің қоюлығын беріп, оның пішінін ашуға септігін тигізеді.

Штрих – көптеген қысқа сызықтардың жиынтығы. Оның бағыты бейнеленіп отырған заттың пішініне , оның бітіміне және үлкен кішілігіне байланысты болады.

Штрихтың бірнеше түрі бар , олар : бір бағыттағы түзу, кереге көз, көлбеу, доға тәрізді штрихтар т.б осының ішіндегі ең көп қолданылатыны – кереге көз штрихтар.

Тақырыпты бекіту : 1. Жарық пен көлеңкенің түрлерін ата.

2. Сурет өнеріндегі бейнелеу өнерінің негізгі екі түрін ата.

3. Сурет салғанда штрихтың рөлі қандай?

Үй тапсырмасы : Сызықтық бейнелеуге байланысты сурет салу







Қаралды _______________

______________2015 ж



Бейнелеу өнері 5 – сыныптар 27.10,2015 ж

Сабақтың тақырыбы : Түс кескіндеу тілінің негізі. Кескіндеу материалдары

Сабақтың мақсаты : тақырып бойынша түсінік беру

Тәрбиелік : әдемілікке, ұқыптылыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу

Дамытушылық : оқушылардың ой – өрісін дамыту , сабаққа деген ынтасын арттыру

Құрал – жабдық , көрнекіліктер:

Сабақ түрі : араалс сабақ

Әдіс – тәсілдері : түсіндіру , сурет салу

Сабақтың барысы : ұйымдастыру

а) оқушылармен амандасу

б) сыныптың сабаққа қатысын тексеру

в) үй тапсырмасын тексеру



Жаңа сабақ : кескіндеме тарихы тамырын тереңнен алады. Соның дәлелеі ретінде Испанияның Альтамира үңгіріндегі суретті алайық. Мұндағы әр түрлі жан – жануарлардың бизон , бұғы , аю , т.б. бейнелерін ежелгі суретші әр түсті бояумен бейнелеген.

Үңрірдегі тегіс емес қабырғасына аса тиянақты салынған бұл суреттер негізінен үш: сары, қызыл, қоңыр түстен тұрады. Осындай үш – төрт түспен салынған кескіндеме шығармалары сол дәуірге тән.

«Кескіндеме » сөзі орыстың «живо» және «писать» деген сөздерінен шыққан. Ал қазақшаға сөз бе сөз аударатын болсақ, ол «тірі жазу» немесе «өмірдегідей бейнелеу» деген мағынаны білдіреді.

Егер біз кез – келген затты шынайы бейнелегіміз келсе , графикалық (қарындашпен) суретпен – ақ бере аламыз. Оны тек кескіндемемен – бояу күшімен ғана көрсете аламыз. Сондықтан, кескіндемеде бояу негізгі бейнелеу құралы болып есептеледі.

Жалпы кескіндеме деп кез келген түрлі – түсті бояумен салынған шығарманы айтамыз.

Кескіндеме графикалық сурет сияқты түрлі сызқтармен, дақтармен жазылады. Кескіндемедегі сызықтардың сурет сызығынан айырмашылығы түрлі – түсті реңктерінде болады. Графикалық суретте заттың көлемін , оның неден жасалғанын сызық пен штрихтардың қоюлығы мен берсек , ал кескіндемеде бояулардың реңдерімен береміз.

Кескіндемеде шығарманың сәтті шығуы суретшінің шеберлігіне , техникасына байланысты болады.

Табиғатта негізінен бес бояу түрі бар. Олар : ақ, сары , қызыл , көк және қара. Бірақ бір бояудың өзінде қаншама реңк бар десеңізші! Қалған бояулардың бәрі , негізінен , осы түстердің қатысуымен жасалады. Кескіндемеде бояу жылы және суық түсті болып бөлінеді. Кейде осы түстердің кез келгені суық немесе жылы түске ауысып кетуі әбден мүмкін. Мысалы , жасыл бояуға сары түсті бояуды млырақ қоссақ , онда ол сарғыш жасыл болып жылы түске айналады. Ал қызыл түсті бояуға көкті қоссақ күлгін болып , қызыл түспен салыстырғанда суық түске ауысады.

Кескіндеме жазылған бояуына қарай бірнеше түрге бөлінеді.

1. Темпералық кескіндеме. Бұл кескіндеме аты айтып тұрғандай темпера бояуларымен салынады. Темпера бояулары негізінен эмульсиялық заттардың қосындысынан тұрады. Олар желім, ақуыз, май, жұмыртқаның сары уызы және сабын.

2.Майлы бояу кескіндемесі . Майлы бояу алғаш рет Х ғасырда шыққан , алайда сол кезде оны суретшілер кеңінен қолданып кете алмады. Майлы бояудың дәстүрге айналып , жапай қолданылуы ХV ғасырдан басталды. Қазақтан шыққан алғашқы суретші Ә. Қастеевтің, танымал суретшілеріміз С. Айтбаев , Н. Нұрмұханбетов , С. Мәмбеевтердің майлы бояумен салынған шығармалары Қазақстан бейнелеу өнерінің алтын қорына қосылып, халық мақтанышана айналды. Жалпы майлы бояумен кенептен басқа ағашқа, тақтаға , темірге жазуға болады.

3. Акварельдік кескіндеме . Бұл кескіндеме көбінесе қағазға ғана салынады. Акварель бояулары суға өте ерігіш , күмістей таза мөлдірлігімен ерекшеленеді. Акварельмен дымқыл тәсілде жазғанда суретшіден шапшаңдықты аталап етеді , өйткені бояу кеппей тұрып бір – бірімен араласуы керек, сол араласу арқылы өзімізге керекті түстерді табамыз. Акварель негізінен екі тәсілде : дымқыл немесе бояу дақтары арқылы жазылады.

4. Гуаштық кескін. Гуашь бюояуы тығыз , жылтырамайды. Акварель бояуы сияқты мөлдірлігі жоқ. Бұл бояумен кез келген түсті , газеттік , картон, орама қағаздарға салуға болады.

5. Мозайкалық кескіндеме. Ол ұсақ , түсті тастардан немесе смальтадан құралады. Осы ұсақ тастарды цемент балшықпен бекіте отырып , алдын ала дайындалған жоба бойынша мозайка жасалады.

6. Витражды кескіндеме . Бұл да өте ертеден келе жатқан өнер түрі. Витраж сөзі француздың «vitre» - «терезе әйнегі» деген сөзінен шыққан. Ол шытырлы әйнек немесе шытырлы сурет деген мағынаны білдіреді.

Тақырыпты бекіту: 1. Кескіндеме сөзі қандай мағынаны білдіреді?

2. Кескіндеме қандай түрге бөлінеді?

3. Қазақ суретшілерінің атақты кескіндемелерін ата.



Үйге тапсырма : Акварель бояуымен кескіндеме орындау



























Қаралды _______________

______________2015 ж



Бейнелеу өнері 5 – сыныптар 13.10,2015 ж

Сабақтың тақырыбы :

Сабақтың мақсаты :

Тәрбиелік :

Дамытушылық :

Құрал – жабдық , көрнекіліктер:

Сабақ түрі :

Әдіс – тәсілдері :

Сабақтың барысы : ұйымдастыру

а) оқушылармен амандасу

б) сыныптың сабаққа қатысын тексеру

в) үй тапсырмасын тексеру

















Автор
Дата добавления 27.11.2015
Раздел ИЗО, МХК
Подраздел Конспекты
Просмотров2217
Номер материала ДВ-200557
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх