Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / ИЗО, МХК / Конспекты / Сурет салудың дәстүрден тыс әдістері

Сурет салудың дәстүрден тыс әдістері

В ПОМОЩЬ УЧИТЕЛЮ ОТ ПРОЕКТА "ИНФОУРОК":
СКАЧАТЬ ВСЕ ВИДЕОУРОКИ СО СКИДКОЙ 86%

Видеоуроки от проекта "Инфоурок" за Вас изложат любую тему Вашим ученикам, избавив от необходимости искать оптимальные пути для объяснения новых тем или закрепления пройденных. Видеоуроки озвучены профессиональным мужским голосом. При этом во всех видеоуроках используется принцип "без учителя в кадре", поэтому видеоуроки не будут ассоциироваться у учеников с другим учителем, и благодарить за качественную и понятную подачу нового материала они будут только Вас!

МАТЕМАТИКА — 603 видео
НАЧАЛЬНАЯ ШКОЛА — 577 видео
ОБЖ И КЛ. РУКОВОДСТВО — 172 видео
ИНФОРМАТИКА — 201 видео
РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТ. — 456 видео
ФИЗИКА — 259 видео
ИСТОРИЯ — 434 видео
ХИМИЯ — 164 видео
БИОЛОГИЯ — 305 видео
ГЕОГРАФИЯ — 242 видео

Десятки тысяч учителей уже успели воспользоваться видеоуроками проекта "Инфоурок". Мы делаем все возможное, чтобы выпускать действительно лучшие видеоуроки по общеобразовательным предметам для учителей. Традиционно наши видеоуроки ценят за качество, уникальность и полезность для учителей.

Сразу все видеоуроки по Вашему предмету - СКАЧАТЬ

  • ИЗО, МХК

Поделитесь материалом с коллегами:



Мектеп жасына жетпеген балалармен сурет

салудың дәстүрден тыс әдісін дамыту


Балалардың бейнелеу шығармашылығы – қызықты бейнелер мен ашық бояулар әлемі. Олар өздерінің ғажайып қиялымен, ерекшелігімен ересектерді талай таңғалдырған. Сәбилер суретті ерекше ықыласпен және жиі салады. Оларды айналадағы қоршаған дүние әлемі өз қызығымен еліктіріп әкетеді. Балалардың сурет салу әдісін меңгеруі, олардың қабілеті дамуы болып табылады. Қазіргі кезеңде жаңа адамды қалыптастыру, оның шығармашылық белсенділігін дамыту басты назарға алынған. Сондықтан, сұлулықты сезіну, жоғары эстетикалық талғам қалыптастыру, өнер туындысын, туған табиғаттың сұлулығын түсіну және бағалауды жетілдіру қажет. Әртүрлі авторлардың (Г.Б.Кибишова «Вдохновение» бағдарламасы, И.А.Лыкова «Методическое пособие для специалистов дошкольных образовательных учреждении», Т.Н.Доронова «Природа, искусство и изобразительная деятельность детей», Р.Г.Казакова «Изобразительная деятельность в детском саду» еңбектерімен таныса отырып,біз көптеген қызықты идеялар кездестірдік және алдымызға мынадай мақсат қойдық.

  1. Балаларда сурет салудың техникалық дағдыларын қалыптастыру.

  2. Балаларды сурет салудың әртүрлі дәстүрден тыс тәсілдерімен таныстыру.

  3. Балаларды сурет салудың әртүрлі дәстүрден тыс тәсілдерін пайдалана отырып, өзіндік қайталанбас бейне жасауға үйрету.

Дұрыс техникалық дағды бала бойында сабақ сайын дамып, қалыптасып отырады. Балалар сурет салу тәсілдерін құрғақ түсіндіргеннен емес, өздері тәжірибе жасаудан үйренеді. Балалар бақшасында сурет салу үшін көптеген құралдар беруге болады: түрлі-түсті және қара қарындаштар, акварель және гуашь бояулар, балауыз борлар, фломастерлер, акварель борлар, пастель, көмір, сангина, тушь, пластилин т.б. Балаларды үйрету барысында оларға ұсынылған түрлі заттар қызығушылықты арттырады. Олар тіпті, қара қарындаштың өзін заттың мазмұнын беру үшін әртүрлі басу арқылы ғажап суреттер сала алады. Балалар сурет салу құралдарын игергеннен кейін, оларды саналы түрде материал таңдауға әкелеміз. Бұл жердегі маңыздысы баланың өзіне қажет құралды дербес таңдап алу қабілеті. Сабақ соңында бала өз еңбегін көргенде бейнені шешудің алуан тәсілдерін көреді. Сонда ғана оның келесі жолы бояу таңдауда шешімі өзгеруі мүмкін. Бұл оның шығармашылығының дамуына мүмкіндік береді. Техникалық дағды мен тәсілдерді меңгеруі дүниені өз сұлулығымен бейнелеуге әсерін тигізсе, ең маңыздысы сол.



Қазіргі таңда балалар бақшасындағы балаларды көркем өнерге баулуда дәстүрден тыс тәдіс-тәсілдермен бірге бейнелеу құралдарының да көптеген түрлері пайдаланылады. Солардың біразына тоқтала кетейік:

«палитра - саусақтар» саусақпен сурет салу.

Қол астында қылқалам жоқ па? Ештеңе етпейді. Бір саусағымызды көк бояуға батырамыз, келесісін сары бояуға, үшіншісін қызыл бояуға маламыз. Палитрадан несі кем!... Бұл барлық жастағы балаларға ұнайтын қарапайым да оңай әдіс. Олар үлкен ынтамен салады. Саусақпен сурет салу бірнеше кезеңнен тұрады. Балалар әуелі бір саусақпен, сосын бірнеше саусақпен сурет салып үйренеді. Біз көбелектерді, балықтарды, көгалды нүктелер, ирек сызықтармен безендіріп үйренеміз. Келесі кезеңде балалар бояуларды араластыруды үйренеді. Әр саусағын әртүрлі бояуға батырып бір түстің үстіне келесі түсті жағады. Түстерді араластыру нәтижесінде балалар өздеріне қажет түсті табады. Естиярлар тобында қарапайым бейнелерді бояудан бастап, мектепке дайындық тобында «саусақпен бояу» техникасын жете меңгерген балалар сурет тақырыбын өздері таңдап, оны нұқу, жағу, бояуларды араластыру әдістерімен ұтымды безендіре алады. Ертегілерге салынған сюжеттерді де балалар өте сәтті бояды.

Келесі техника - «Алақанмен» сурет салу. Бұл әдіс кішкентайлар тобындағы балаларға өте ұнайды. Себебі балалар бояуды көріп қана қоймайды, оны сезінеді.

Балалармен жұмыс жүргізуде пайдаланылатын келесі әдіс – сызықтармен (штрихтармен) сурет салу. Сызықтардың көмегімен заттың сапасы, оның қасиеті, туралы біліп, суреттегі бейнені, оның қоршаған ортаға қатысын ашуға болады. Сонымен бірге сызықтармен сурет салу, саусақтардың бұлшық еттерін дамытып, қолды жазуға жаттықтырады. Ересектер топтарындағы балалар «балапан», «кірпі»тақырыптарына сурет сала алады. Бұл суреттер қарапайым да мәнерлі, бейненің ерекшелігін әртүрлі сызықтар және сызықтарды әртүрлі қалыпта жүргізу арқылы беріледі. Сызықпен сурет салу үшін балаа\лар бос уақыттарында көп жаттығулары керек. Бейненің мазмұнын ашу сызықты пайдалана білуді қажет етеді.

Сонымен бірге дымқыл қағазға сурет салу әдісі де өте қызық. Бұл әдіс ересектер тобындағы балалармен жұмыс жүргізуде пайдаланылады. Гуашьпен бояғаннан гөрі акварельмен бояу күрделірек, бірақ қызық. Акварельмен тек ақ параққа сурет салуға болады. Бояуға су көбірек араластырылса бояу түсі тұнықтана түседі. Әсіресе балаларға тымық және желді күнгі теңізді салу өте ұнайды.




Балауыз бор, май шам және акварельмен сурет салу халық шеберлерінің пайдалануымен ертеден келе жатқан әдіс. Балаларға жаңа талпыныс әкелетіні, олардың қызығушылықтарынан белгілі.

Жаңа техника граттажды пайдаланып балалар «Қысқы орман», «Түнгі ертегілер», «Саябаққа серуен» тақырыптарына суреттер салды.

Майлау арқылы бояу балаларға өте ұнайды. Балалардың жағу әдісін игеруі әртүрлі болғандықтан бұл әдіс те бос уақытта көп жаттығуды, әр баламен жеке жұмыс жүргізуді қажет етеді. Себебі балаға жағу мен нұқуды айыра білудің өзі күрделі.

Қазіргі таңда сәнге айналған монотипия және диотипия (баспа техникасы) әдістері де өте қызықты. Бұл әдіс қиялды, елестетуді, түс пен пішінді сезінуді жетілдіруге көмектеседі. «Су жағасындағы талдарды» салуда жарты суреттен тұтас суреттің жасалуы балаларға өте ұнады. Сол сияқты балаларға дәстүрден тыс әдістің бірі шашыраты арқылы сурет салу да үйретілді. Бұл күрделі техника, бірақ нәтижесінде еңбектің ақталғанын көрудің өзі бала үшін бір ғанибет.

Пластилинмен сурет салу баладан төзімділікті, бастаған істі аяғына дейін жеткізу үшін табандылықты талап етеді. Бұл әдісті біз мектепалды тобында пайдаландық.

Сол сияқты балаларды бейнелеу өнеріне баулуда біз бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдістері көптеп пайдаланамыз. Мысалы:

  • Бормен сурет салу,

  • Көмір және сангинамен сурет салу,

  • Табиғи заттарды пайдаланып сурет салу,

  • Жіптің көмегімен сурет салу,

  • манка жармасын пайдалану арқылы сурет салу,

  • құммен сурет салу т.б.

Алуан түрлі әдістердің балалардың жұмыстарының мазмұнын ашуға өз септігін тигізетінін атап айтпай болмайды. Олардың орындалу барысының өзі балаларға үлкен қанағаттанғандық әкеледі. Әр қимыл сәтті шыққан сайын бала өз жеңісінің жемісін өзгелерге көрсету үшін оны сан рет қайталап көрсетуден жалықпайды.


Шеберлер қаласы

Бағдарламалық мазмұны:

  1. Шеберлік және халық қолданбалы өнерінің туындылары туралы түсінік қалыптастыру.

  2. Балалар зердесінде қазақ халқы тұрмыстық заттарының атауларын, ою-өрнек аттарын, еңбек туралы мақал мәтелдерді бекіту.

  3. Көркем шығармашылық, және біліктілік қабілеттерін дамыту.

  4. Туған елге сүйіспеншілік, еңбекқорлық, қонақжайлылық, қайырымдылық, тәрбиелеу; тамаша бұйымдарды дүниеге әкелген қазақ қолөнер шеберлерінің еңбегіне деген құрмет сезім қалыптастыру.


Сөздік жұмысы:

Шебер, халық шебері, жастық, аяққап, торсық, тегене, тостаған, ожау. Қызғалдақ, қошқар мүйіз, найза, қошқар табан.


Алдын ала жүргізілетін жұмыс:

Ә.Қастеевтің картиналарын тамашалау, қазақтың ұлттық билерінің қимылдарын үйрену.


Жабдық және көрнекілік:

А.Еңсеповтың орындауында «Адай» күйі, Тұрмыстық заттардан көрме (сырмақ, жастық, аяққап, торсық, тегене, тостаған, ожау). Ою қиындыларының үлгілері, қарындаштар, бояу, қылқалам, қайшы т.б.


Сабақтың барысы:


Топтың іші сабақ тақырыбына сәйкес безендірілген.


Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, қымбатты қонақтар? Біз сіздерді көргенімізге өте қуаныштымыз. Біз сіздерді шеберлер қаласына қонаққа шақырамыз. Балалар, солай ғой.

Балалар: Йә, солай.

Тәрбиеші: Ал, ол қала қайда екен?

Балалар: Біздің балалабақшада. Біздің балабақшамыз Қазақстан Республикасының Сәтбаев деген қаласында.

(Алдар көсе кіреді).

Алдар көсе: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен ұзақ жолдан кейін сендерді тапқаныма өте қуаныштымын. Сендерге береке-бірлік тілеймін. Мынау қандай әдемі қала! Бұл ертегі қалашығы қалай аталады екен?

Балалар: Бұл шеберлер қаласы.

Тәрбиеші: Балалар шебер дегеніміз кім екенін Алдаркөсеге айтып беріңдерші.

Балалар: Бұл өздерінің ісін шебер меңгерген адамдар. Олар әдемі де пайдалы заттар жасап шығарады.

Тәрбиеші:Балалар, қажет бұйымдарды өте әдемі жасап шығаратын адамдарды халық қалай атаған?

Балалар: Шебер, халық шебері.

Алдар көсе: Балалар, сендер маған Қазақстанда қандай әдемі де қажет бұйымдар шығарылатынын айтып бере аласыңдар ма?



Балалар бірнеше бұйымдардың неден жасалғанын, қалай безендірілгенін, не үшін керек екенін айтып береді.

1-бала. Жастық

2-бала. Аяққап.

3-бала. Торсық.

4-бала. Қымызға арналған ыдыстар (тегене, тотаған, ожау).


Алдар көсе: Бәрекелді. Жарайсыңдар, балалар! Қалай тамаша әңгімеледіңдер. Енді мен сендерге қазақтың ұлттық кілемі сырмақ туралы айтып берейін.

(сырмақ туралы Алдар көсенің әңгімесі).

Алдар көсе: Балалар, тағы қандай ұлттық кілемдер түрлерін білесіңдер?

Балалар: текемет, алаша, тұскиіз, бітпес туралы айтады.

Алдар көсе балаларға ризашылығын білдіреді, өзі де қазақ шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдар және немен безендірілгені туралы әңгімелейді.

Тәрбиеші: Балалар, естеріңде ме, жақында қандай шебердің өнерін тамашаладық? Дұрыс, Әбілхан Қастеевтің. Халық шеберлері дайындаған қандай тұрмыстық заттар көрдік?

Балалар, әдемі заттар жасай білу өнер екенін сендер білесіңдер ме?Біз тамашалаған заттар, Қазақстан халық шеберлерінің қолданбалы өнер туындылары. Шебер өзі дайындаған әрбір затты жан-жүрегімен жасап өз еңбегін сіңіреді.

Тәрбиеші: Балалар, әдемі ыдыс, бұйымдар, сәндік заттарды шеберлер біздің өмірімізді қуанышқа бөлеу үшін жасайды. Шебер өзі жасаған заттарға ел тамсана қарап, қуанышпен пайдаланады деп үміттенеді. Әдемі ыдыстан шәй ішу бәрімізге ұнайды. Қонақ шақырғанда мамаларың сәнді ыдыстармен қонақтарға тағамдар ұсынады. Үйдің қабырғасына әдемі кілемдер тұтамыз. Қазақтың халық шеберлері жасаған бұйымдардың әдемілігінен біздің үйіміз әдеміленіп, өзіміз де көтеріңкі көңілге ие боламыз. Балалар,, шебердің қолын халық қалай атайды?

Балалар: алтын, өнерлі, қамқор дейді


Алдар көсе: Балалар, сендер бізге осындай тамаша бұйым жасаушылардың шеберлігі мен еңбегі туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?

Балалар: Ою ойғанның ойы ұшқыр.

Шебердің саусағы алдын.

Ақынның сөзі алтын, шебердің қолы алтын

Талаппен бастап, талғаммен аяқта.

Шебердің қолы ортақ

Еңбек өздырады, жалқаулық аздырады.





Алдар көсе: Жарайсыңдар, балалар! Қалай ойлайсыңдар, шамалы демалатын уақыт жеткен жоқ па?

Тәрбиеші: Алдар көсеге біздің қаламыз ұнады деп ойлаймын. Қазір біздің даламыз да гүл-гүл жайнайды. Қазақ шеберлері табиғат көркін өз еңбектеріне сүйсіне пайдаланады.

Сергіту сәті.


Балалар музыка әуенімен тәрбиешінің айтқанын орындайды:

  1. Қыздар далаға шығып жайнаған күн мен әдемі гүлдерді тамашалады. Ал далада әдемі қызғалдақтардан ғажайып кілем төселгендей екен.

  2. Кенеттен атпен шапқан жігіттер көрінді, қолдарына қамшы ұстапты.

  3. Жігіттер аттарынан түсіп қыздармен амандасты.

  4. Жігіттер қыздарды атпен серуендеуге шақырды. Олар туған далада желмен жарысып ат құлағында ойнады.


Тәрбиеші: Қымбатты, Алдар көсе, біздің балалар тамаша демалумен бірге ерінбей еңбек ете де біледі. Олар болашақ халық шеберлері. Қазіргі кезде тек үйреніп қана жүрсе де, олардың да қолынан өнер келеді.


Алдар көсе: Міне тамаша! Мен де олардың өнерлерін көрейін, қажет кезінде өз ақылымды айтайын. Балалар ұжымдық жұмысты топтарға бөлініп орындайды.

1-топ. Матаға жапсыру. «Сырмақ жаса».


(Балалар, дайын үлгіні пайдаланып, оюлар дайындайды).


Жұмыс кезеңі:


  1. Үлгіні тамашалау, талқылау (қандай ою түрлері пайдаланылған).

  • қызғалдақ,

  • қошқармүйіз,

  • найза,

  1. оюларды қию.

  2. өрнектер жасау.

  3. матаға орналастыру.


2-топ. Қымызға арналған ыдыстарды тамашалау

(тегене және тостаған).

Балалар папье – машеден жасалған дайын үлгілерді қарап, талқылайды.

Қандай өрнектер пайдаланылғанын әңгімелейді.


  • құсқанат

  • бүршік.

Балалар жұмыстарын аяқтағаннан кейін тәрбиеші мен Алдар көсе жұмыстарды арнайы дайындалған орынға орналастырып, қорытындылайды.

Ұтымды дайындалған өрнек пен ұқыпты жұмысты атап өтеді.


Тәрбиеші. Балалар, сендер тамаша еңбектендіңдер. Сендер де өскенде шебер болуға дайын екенсіңдер. Сендерді де ел ертең алтын қолды деп атайтын болады.

Қане, енді Алдар көсені қонаққа шақырайық. Ұлттық киім киген қыздар ұлттық тағамдармен дастархан жасайды. Ұлттық музыка ойналады.


«Су жағасындағы талдар»



Мақсат: Балаларға сәулеленген қос бейне салу тәсілін үйрету (айнада көрінетін бейне). Акварель бояулармен сурет салу икемдерін жетілдіру. Дымқыл параққа сурет салдыру арқылы балалар өнеріндегі мәнерлі-бейнелеу тәсілін жетілдірудің мүмкіндігін кеңейту. Қолда бар құралдарды пайдаланып, күз келбетінен алған әсерлерінің бояуларын үйлесімді жеткізуге үйрету. Табиғатты танып, оны қағаз бетінде бейнелеуге деген талаптарын дамыту.

Алдын ала жұмыс: Белгілі суретшілердің күз туралы еңбектерімен танысу. Сәулесі суға түскен күзгі ағаштар бейнеленген түрлі түсті суреттер, фотолар тамашалау. Серуен кезінде ағаштарды, олардың айнаға шағылысқан келбетін бақылау, серуен кезінде байқаған су бетінде сәулеленген өз суреттері туралы әңгімелесу.

Құрал-жабдықтар: Әр түрлі көлемдегі ақ парақтар, акварель бояулар, түрлі түсті қарындаштар, фломастерлер, әртүрлі қылқаламдар, палитра, су құйылған құты, шүберек, мақта тампондары, губкалар.

Ұсынылатын әдебиеттер мен оқу құралдары: «Күз», «Жыл мезгілдері», «Түрлі түсті пейзаждар» плакаттары, «Сәулелену тұңғиығы» оқу құралы (симметриямен танысу).




Сабақтың мазмұны: Тәрбиеші балаларға күз көрінісі бейнеленген пейзажды көрсетіп, табиғатты тамашалау, терең білу қажеттілігі, оның мазмұнын сурет арқылы беру тәсілінің ерекшелігі туралы қысқаша әңгіме жүргізеді. Балалар пейзаж табиғат көрінісін бейнелейтін бейнелеу өнерінің ерекше түрі екенін: пейзажға қарап тұрып терезенің ар жағынан кәдімгі орман-тоғайды көріп тұрғандай әсер аламыз деп еске түсіреді... Далаға жүгіріп шығып сол көгалға аунап, немесе гүлдерді иіскегің, ағаштың жапырақтарын сипағың келеді. Тәрбиеші өз қалауы бойынша күз туралы өлең оқып береді.

Самал қозғап қалғанда,

Үзіледі сары алма.

Шолып едім бақшаны,

Қауын біткен сап-сары.

Көрінеді шалғайдан,

Бел-белестер сарғайған,

Сары жапырақ киінген

Тоғайды да көрдім мен.

Таза жездей жайнаған,

Сары бояу айналам.

Енді сары бояумен,

Күз суретін салам мен:

Тәрбиеші балаларға суға сәулесі түскен ағаштардың суретін салып, балалар бақшасында ерекше көрме жасауды ұсынады. Су жағасында өскен ағаштың бейнесін қалай салуға болатыны туралы балалардың пікірін сұрап біледі. Балалардың пікірін тыңдап болғаннан кейін тәрбиеші жапырақты ағаштың бұтақшасының айнадан сәулеленген суретін көрсетеді және жаңа тәсілді мұқият қарап алуды ұсынады.

  • Ақ парақты алып, оны қақ ортасынан екіге бүктейміз, бүктелу сызығын айқындаймыз, парақты ашып тез дымқылдап аламыз. (балалардың қалауы бойынша: мақтамен, губкамен, шүберекпен, қылқаламмен т.б.). Парақты ашамыз, бұл жерде бүктелу сызығы көкжиек қызметін атқарады: сызықтың үстіңгі жағы аспан, төменгі жағы су – өзен, көл, немесе шалшық.

  • Қылқаламмен тездетіп сызықтың жоғарғы жағына ағаштың суретін саламыз: діңі – жуандау – оны бір қылқаламмен саламыз (балалар көрсетеді), бұтақтары жіңішкелеу – оған келесі қылқаламды пайдаланамыз (қандай қылқаламды көрсетеміз). Қылқаламды орнына қоямыз және тез парақты екіге бүктейміз де ағаш пен аспанның сәулесін «суға» батырамыз; ашып қарағанда екі ағаштың суретін көреміз: бірі –


аспанға қарап тұр, келесісі суда сәулеленгендіктен, суға қарап тұрғандай әсер береді.

Түсіндіріп және көрсеткеннен кейін тәрбиеші балалардың қалауы бойынша қағаз алып жұмысқа кірісулерін ұсынады. Қағазды тігінен пайдалануға кеңес береді, сонда ағаштың суреті биік болады. Балалар өздері қалаған көлемдегі парақты алып сурет салуды бастайды. Суретті тез бірақ ұқыпты салу керек, себебі, қағаз кеуіп кетсе сәулелену орындалмайды.

Сабақ соңында балалар өздерінің еңбектерін арнайы орынға орналастырып, барлық суреттерді тамашалайды, өз пікірлерін айтады.

Сабақ соңында «Суға төнген ағаштар» атты көрме ұйымдастырылады. Сол сияқты осы тәсілді одан әрі меңгеру үшін симметриялы суреттер салуға болатынын түсіндіреді.



«Қолшатыр»

Мақсат:

Балаларды қалыпты пайдаланып, басу әдісі бойынша сурет салуға үйрету. Безендіру үшін өрнекті өздері таңдап алуларына мүмкіндік беру. Қылқаламның ұшымен сурет салу дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру.

Шығармашылақ қиялды дамыту. Бір-біріне көмектесу, қайырымдылық қасиеттерін тәрбиелеу.

Жабдық: Ақ парақтар, бала санына жеткілікті қалыптар, гуашь, палитра, поролон қиындылары, қылқалам, салфеткалар, су құйылған құты, тәрелкелер.


Барысы:

Балалар, бүгін таңертең маған Буратино телефон шалды. Ол өте көңілсіз. Кеше кеште саябақта Мальвина екеуі қыдырып жүрсе кенеттен жаңбыр жауып кетіпті. Қолшатыр сатып алуға жүгіріп дүкенге кірсе, барлық қолшатырлар сатылып кетіпті. Мальвина қатты қапаланса керек. Бірақ Буратино оған қолшатыр сатып әперуге уәде беріпті. Бүгін барлық дүкендерді аралап шықса, еш жерде қолшатыр жоқ екен. Ол енді не істерге білмей абыржып менен кеңес сұрады.

  • Балалар мен Буратиноға көмектесуге уәде бердім. Көмектесеміз бе? (Иә.) Қалай?

  • Біз оларға арнап қолшатырлардың суретін саламыз.

  • Балалар, суретке қарап айтыңдаршы. Қолшатырлардың қандай түрлері болады? (ер адамдарға, әйел адамдарға, балаларға арналған).

  • Олардың түстері мен өлшемдері бірдей ме? (Жоқ). Олар кімге арналғанына байланысты ерекшеленеді.

  • Самат, әйел адамдарға анрналған қолшатырды көрсетші. Сен неге олай ойлайсың?

  • Ақнұр, ерлерге арналған қолшатырды көрсетші.

  • Бота, балалар қолшатырын көрсетші.

  • Бәрекелді! Жарайсыңдар. Дұрыс анықтадыңдар. Қолшатырлар әртүрлі өлшемді және түрлі-түрлі болады екен. Олар су өткізбейтін арнайы материалдан дайындалады. Су жиналмай жылжып ағуы үшін қолшатырдың төбесі күмбез тәрізді болып келеді. Қолшатырды тұтқасынан ұстаймыз.

  • Қазір шамалы тынығу үшін сергіту жаттығуын орындайық.

Сергіту жаттығуы

Буратино созылды

Кілтін таппай шамалы

Оң жағына бұрылды.

Сол жағына қарады.

Көтеріліп жоғары,

Тал басынан табады.

Жарайсыңдар! Демалдыңдар ма, енді үстел үстінде жатқан заттарға қараңдар: қалып, поролон қиындылары, қылқалам мен гуашь. Солардың көмегімен біз бүгін қолшатырдың суретін саламыз. Таза парақ бетіне барлық бұрышын келтіріп қалыпты қоямын. Поролонды аламын да ұшын гуашқа батырамын және қалыптың бетіне ақырын басамын. Қалыпты жылжымайтындай етіп, мықтап ұстаймын (көрсетемін). Енді қалыпты қағаз бетінен мұқият көтеремін. Қолшатырдың жоғарғы жағы пайда болды. Қолшатырдың тұтқасын қылқаламмен саламыз. Қолшатырдың төменгі жағының ортасынан жоғарыдан төмен қарай түзу сызық жүргізіп, төменгі ұшын шамалы дөңгелетемін.

Қолшатыр дайын, ол әдемі болу үшін оны тамшылар, гүлдермен безендіруге болады.

  • Балалар, жұмысты қалай орындау керектігі түсінікті ме? (Иә).

Ендеше жұмысқа кірісіңдер (Балалар сурет салуға кіріседі). Жарайсыңдар, жұмыстарың өте әдемі болды.

  • Балалар, біз ненің суретін салдық? (Қолшатырдың).

  • Жұмыс барысында нені пайдаландық? (қалып, поролон, гуашь, қылқалам).

  • Самал, саған қай қолшатыр ұнады? Неге?

  • Ал маған барлық жұмыс ұнады. Себебі, олар өте ұқыпты орындалған және әртүрлі өрнектермен безендірілген. Буратино мен Мальвинаға өте ұнайды деп ойлаймын.




Портреттер көрмесі


Мақсат:

  • портрет жанры, оны бейнелеу ерекшеліктері мен белгілері туралы білімдерін бекіту.

  • балалардың көңіл-күйін көтеріп, мерекелік әсерге бөлеу.

  • өзіндік көркем шығармашылықты дамытуға ықпал ету.

  • дара және топтық портрет ұғымдарын бекіту.


Қызметтің басқа түрлерімен байланыс: көркем шығармалар оқу; өлеңдер мен әндер жаттау; өз отбасының суретін салу, мүсіндеу.


Алдын-ала жұмыс: «Менің отбасымның портреті», «Үйде өз отбасыммен уақытты қалай өткіземін». Балалар бақшасының холлында «Біздің тату отбасы» тақырыбына балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.


Сөздік: автор, портрет, жағыз адамның портреті, топпен тускен портрет, автопортрет, экскурсовод, бейнелеу өнерінің жанры.



Сабақтың барысы:

1-бөлім. Тәрбиеші экскурсовод ролінді балаларды көрме жанында қарсы алады.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін бізде ерекше күн: біз «Біздің тату отбасы» тақырыбына балалардың салған суреттерінен ұйымдастырылған көрмені ашамыз. Асықпай, әр суретті мұқият қараңдар. Олар бейнелеу өнерінің қандай жанрына жататынын анықтаңдар? (портрет). Оларды жасауда қандай материалдар пайдаланылған. Суреттердің мазмұны, сюжеті, түстердің қолданылуына назар аударыңдар. Бұл суреттер сендерді қандай көңіл-күйге бөлейді. Әрірек барып қараңдар да сүйсіне көз салыңдар.


Тәрбиеші өз қалауы бойынша өлең оқиды.

Ағам жылқы бағады,

Атам пішен шабады.

Жеңгем сиыр сауады,


Әжем киіз қағады.

Тәтем кесте тігеді

Мұрат оқи біледі.

Мен бөпеме қараймын

Ойнатуға жараймын. (Нұрхан Жанаев)


Балалар, өлең бір отбасының адамдары туралы айтылыпты. Ал қазір біз бір отбасының суретін тамашалаймыз.


Бұл суреттерге қарап тұрып біз портрет жанрын көреміз және оның ерекшеліктерімен танысамыз.


«Портрет» сөзі француз тілінен аударғанда адамның келбетін дәлме-дәл бейнелеу деген ұғымды білдіреді.

Портреттер дара және топтық болады.

  • Біздің көрмедегі портреттер дара ма, топтық па?

  • Балалар сендердің ойларыңша «дара портрет» деген не? (бір адам бейнеленген).

  • «Топтық портрет» деген не? (бір топ адам бейнеленген).

  • Сонымен бірге, балалар, автопортрет деген ұғым бар. Оны қалақ түсінеміз.

Суретшілер айнаға қарап тұрып өз суреттерін өздері салады да оны автопортрет деп атайды. Сөз естеріңде қалды ма? Қане, бәріміз қайталап айтайық (автопортрет). Ол нені білдіреді екен.


Ертеректе атақты адамдар өз отбасы мүшелерінің суреттерін тапсырыс беріп салдырып, оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып отыратын болған. Сол портреттер арқылы арғы ата-бабаларыңды, түп нағашыларыңды танып-білуге болады екен. Осылай отбасылық портреттердің тұтас жинағы топталады.


Фотоаппарат болмаған кезде суретшілердің осы қызметтері тамаша бағаланған.


Тіпті, фотоаппарат пайда болған кезде де, суретшілер портрет салуын тоқтатпаған. Себебі, фотосурет суретші салған портреттің орнын ешқашан баса алмайды. Әр бейнеде тек қана суретші жеткізе алатын көрініс адам жанына ерекше көңіл-күй сыйлайды.

  • Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, фотосурет суретші салған бейнеден қалай ерекшеленеді? (.....).

2-бөлім: -Ал енді біздің балалар бақшасы тәрбиеленушілері салған портреттерге назар аударайық.

-Біз портреттер дара және топтық болады дедік. Қараңдаршы, біздің көрмеде дара портрет бар ма? (Иә).

Онда кімнің суреті салынған? (Ананың). Дәл солай бұл сурет ананың суреті. Бұл жұмыстың авторы бар. Ол біздің Сандуғаш Серікқызы. Балалар, анықтап қараңдаршы, Сандуғаш анасын қандай көңіл-күйде бейнелепті? Сурет салу кезінде автордың көңіл-күйі қандай болды екен? Автор өз еңбегін жасау барысында қандай заттарды пайдаланыпты?

Бұл суретке қандай ат ойлап табуға болады?


Суреттерді көру барысында тәрбиеші балалардың әсерленуін тереңдету үшін көркемсөз оқи алады.


Одан кейін бала тәрбиешінің орнына экскурсовод ролін алып, тәрбиешінің үлгісі бойынша саяхатты әрі қарай жалғастыра алады.

Сабақ соңында тәрбиеші ұйымдастырылған көрмеге саяхатты қорытындылайды.

-Балалар, сендерге көрме ұнады ма? Бәрінен бұрын не әсер етті? Қай автордың еңбегі өте әдемі екен? Тағы қандай ұғымды естідіңдер? (автопортрет). Мен сендерге үйде айнаға қарап тұрып өз суреттеріңді салуды ұсынамын. Сонда келесі көрмемізде сендердің жұмыстарыңды тамашалайтын боламыз.

-Балалар, байқадыңдар ма, біздің суретшілеріміздің отбасы қандай тату, олар өз суреттерін ерекше сүйіспеншілікпен және ынтамен орындапты.


«Саусақтар – тату отбасы»


Мақсат:

  • сурет арқылы саусақтар отбасының тату бейнесін беруді үйрету,

  • бейнені жапсырумен толықтыру,

  • қалпақтарды көлемге сәйкестендіру,

  • шығармашылық қиялды, бастаманы дамыту.

Жабдықтар: бас киім киген үш аю отбасы, кішкене перде, әр балаға және тәрбиешіге жетерлік алақанның таңбасы басылған альбом парақтары, түрлі-түсті қағаздан әртүрлі өлшемді қалпақтар «5 данадан), фломастерлер, желім, қылқалам, салфеткалар.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: альбом парақтарына алақанның таңбасын гуашпен салу.

Сабақтың барысы: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен сендерге жұмбақ дайындадым.


Орманда бір үйшікте,

Үш кереует, үш жастық,

Үш орындық, тостаған,

Айтшы кімге арналған?

(үш аюға).

Пердені ысырамын, - дұрыс таптыңдар! Бізге қонаққа үш аю келді. Олар бір отбасынан. Қандай ертегіден келді екен? (...). Олардың аттарын білеміз бе? (...). Әкесі - Михаил Иванович, Шешесі- Настасья Петровна, Олардың баласы – Мишутка. Қандай әдемі аюлар! Бас киімдерін тамашалап

көрейікші. Михаил Ивановичең үлкені, оның қалпағы да өте үлкен. Настасья Петровна кішірек болғандықтан оның қалпағы кішірек. Ал Мишутканың бас киімі неге ең кішкентай? (...).

-Балалар, үш аю неге өте көңілді? (...). Мен сендерге оның құпиясын айтайын! Себебі олар бір отбасынан – әкесі, шешесі және баласы, олар бірін-бірі жақсы көргендіктен бірге болған ездерінде өте қуанады. Сендер де үйде ата-аналарыңмен бірге болғанда қуанасыңдар ма?

Қане, мен сендерге өлең оқып берейін:

Бас бармағым – атам үйдің данасы,

Балан үйрек – әжем ошақ анасы,

Ортан терек – папам отау панасы,

Шылдыр шүмек – шешем шаңырақ ажары,

Кішкене бөбек – мен бәрінің базары.

Тақпақ не туралы болды? (саусақтар туралы). Көрдіңдер ме, олар да үш аю тәрізді өте тату екен. Саусақтарымызбен тағы бір рет ойнайық. (әр саусақты көрсете отырып, тағы бір рет қайталау).

Ал, енді біздің саусақтарымыз қыдыруға шықты. Кең жолмен жүгіріп келе жатыр еді, бір кезде жол жіңішкере бастады да олар ақырын жүре бастады.

Ұзақ қыдырып, біздің саусақтарымыз тоңып қалды. Біз оларды қалай жылытамыз.

Қалай көмектесеміз? (....).

Балалар естеріңде ме, біз алақандарымыздың таңбасын басып едік қой. Қане, орнымызға отырып саусақтарға күлімдеген көздер мен еріндердің суреттерін салайық. Біздің саусақтарымыз бір-біріне күлімдей қараған тату отбасы болып шықты. (тәрбиеші өзі салған суретті көрсетеді).

Ал, егер тағы серуендеуге шыққылары келсе тоңып қалады ғой. Аюлар бізге тектен-тек келген жоқ. Олардың не әкелгенін қараңдар. (қалпақтар).

(тәрбиеші балаларға қалпақтарды таратады). Қалпақтардың өлшемдері әртүрлі екен, неліктен олай, білесіңдер ме? Ең үлкен қалпақ қандай саусаққа арналған? (бас бармаққа). Ал ең кіші қалпақ қай саусаққа арналған? (кішкене бөбекке).



Қане, қалпақтарды саусақтарға кигізейік. Қалпақтар түсіп қалмау үшін біз оларды желімдейміз.

Сабақ соңында балалар өз жұмыстарын тақтаға орналастырады.

-Көрдіңдер ме? Қандай тату отбасы пайда болды! Енді саусақтар тоңбай қыдыратын болады.


Көктемгі аспан

(дымқыл қағазға сурет салуды жалғастыру).


Мақсат: Қоршаған табиғаттың сұлулығын байқап, оған сүйсіне білуге тәрбиелеу. Акварель бояулар және басқа да материалдарды еркін пайдалануға мүмкіндік беру. Аспанды түстерді «ылғалда» созу арқылы бейнелеуге үйрету. Ағаштарды бейнелеу техникасын жетілдіру. Суретте көктем көрінісін бейнелеуге жағдай туғызу. Шығармашылықты дамыту.


Алдын-ала жұмыс:

Серуен кезінде аспанды бақылау (ашық, тәуліктің әр мезгілінде әртүрлі), мүмкіндігінше кешкі аспанның келбетін бақылау, түрлі суреттердегі аспан көріністерін тамашалау.


Құрал-жабдықтар:

«Көрікті көктем» альбомын жасау үшін өлшемдері бірдей ақ парақтар, акварель бояулар, мақта тампондары, су құйылған құты, түрлі-түсті бояу қарындаштар, балауыз борлар, фломастерлер, шүберек және қағаз салфеткалар, құрғақ желім, Моцарттың «Фантазиясы» жазылған магнитофон үнтаспасы. Болашақ «Көрікті көктем» альбомына қажет негіз.

Сабақтың барысы:

Кіріспе әңгіме: Тәрбиеші: «Балалар, сендер қызықты оқиғалар туралы тыңдағанды ұнатасыңдар ма?». (Иә).

-Онда бір баланың басынан кешкендерін тыңдаңдар:

«Бірде бір бала конькимен сырғанауға шығыпты. Ол көгілдір мұз бетінде сырғанап келе жатып, аяғының астындағы мұздың түсі өзгеретінін байқайды. Әуелі ашық көгілдір болса, кейде күнге шағылысқан сары дақтар немесе қызғылт - көгілдір сәулелер пайда болады. Әрі қарай... жолдың түсі өзгеріп ақшылдана бастады... ең соңында аппақ қарға айналды. Мен реңк дегеннің не екенін енді түсіндім, -деп қуанды ұл».

-Міне, көрдіңдер ме, қандай оқиға болғанын?

-Сендер реңк дегеннің не екенін білесіңдер ме?

(Бұл бір түстің бірнеше түрге ену өзгерістері).




-Мысалы, қазір аспан гөгілдір. Біраздан соң ақшыл көк болса, кейін оған тағы да басқа бояулар енеді. (Тәрбиеші қанық көк түстің бірнеше бояуларын көрсетеді).

-Бұл түстердің бәрін қайдан көруге болады? (Аспаннан).

Тәрбиеші өз қалауы бойынша өлең оқып береді. Балалар сол өлеңде қандай түстер аталғанынайтып береді.

Тәрбиеші жаңа материалды түсіндіреді.

-Балалар, сендер көктемгі аспанның суретін салғыларың келе ме? (Иә).


-Жарайды. Әуелі бүгінгі аспанды бақылап көрейік.

(Балалар терезеге таянып аспанды тамашалайды).

-Сендер қандай түстерді байқадыңдар? (көкшіл, ашық көк, қызғылт, күлгін) .

-Енді әрқайсың өздерің қалаған түспен аспанның суретін сала аласыңдар. Әуелі аспан аясында көрінетін ағаштардың суретін салайық. Сосын аспанды бейнелейміз. Жарай ма?

Балалар орындарына жайғасады.

Тәрбиеші дымқыл параққа сурет салу тәсілін еске салады.

Балалар, ағаштың діңін немен салуға болады? (Бормен, бояу қарындаштармен)

-Енді өздерің ағаштың суретін салуда пайдаланатын материалды таңдап алыңдар. Жапырақта бояу үшін мақтаны немесе жалпақ қылқаламды пайдаланамыз.

Тәрбиеші сабақ барысында қиналатын балаларға кеңес береді, көмектеседі.

Тәжірибелік бөлім:

Балалар әуелі ағаштың суретін салады, сосын қағазды суға батырып дымқыл қағаз бетінде бояуды жаю тәсілі арқылы көктемгі аспанның суретін бейнелейді. Тәрбиеші музыка қояды.

-Суреттерің әсерлі болып шығуы үшін әдемі музыка тыңдаған артық болмайды.

Тапсырманы тез аяқтағандарға умаждалған қағаздарды пайдалану арқылыәлі де ерімеген қардың жобасын жасауға кеңес береді.

Қорытынды.

(Балалар дайын жұмыстарын арнайы орынға орналастырып, көктемгі аспанның келбетін тамашалап, қай жерде аспан ашық, қай жерде жарық болғанын талқылайды.

Жарайсыңдар, балалар! Мен сендерге арнап болашақ альбомның сыртқы мұқабасын дайындадым. Барлық сурет кепкеннен кейін біз оларды бір альбомға орналастыратын боламыз.

Балалар өз қалаулары бойынша көктем, құстар туралы өлеңдер оқиды.





«Көктем әуендері»


Білімділік мақсаты: Балаларды әртүрлі көркемдеу материалдарын пайдалана отырып ерте көктемді бейнелеуге үйрету. Балалардың сөздік қорын байыту.

Дамытушылық мақсаты: Қажетті түсті табу үшін палитраны пайдалануды, бояудың ашық түсін келтіруде акварельге су араластыру икемін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Көктемгі табиғаттан сұлулығын қабылдау түйсігін жетілдіру. Туған өлке табиғатына сүйіспеншілік тәрбиелеу.





Әдістемелік тәсіл: Тәрбиешінің әңгімесі, көркем сөз, ізденуге талпындыратын сауалдар, музыкамен көркемдеу.

Алдын-ала жұмыс: Серуен кезінде табиғаттағы көктемгі өзгерістерді бақылау, көктем көрінісі бейнеленген пейзаждарды тамашалау, олар туралы әңгімелер құрастырып, өлеңдер жаттау.

Құрал-жабдықтар: Көктем туралы картиналар, альбом парағы, акварель бояулар, түрлі-түсті қарындаштар, балауыз борлар, фломастерлер, палитра, тұз, манка жармасы, қылқалам, су құйылған құты, салфеткалар.

Дара жанасу: белсенді балаларға сурет салу барысында 2-3 материалды пайдалануға ұсыныс жасау.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші: Жер-Ана жылдың қай мезгілінде де өзінше көрікті болса, жыл мезгілдерінің де өзіне сай әдемілігі бар. Соның бірі табиғаттың қысқы ұйқыдан оянып, жылылық пен ерекше күн нұрына бөленетін шағы. Ол қай мезгіл екен? (Ол көктем келген кез).

-Әрине көктем! Көктем деген сөздің өзі жылылыққа толы. Осы сөздің өзінен қуаныш пен қуат лебі еседі. Көктем барлық жан-жануар, жер бетіндегі тіршілік атаулыға шаттық ала келеді. Мен сендерге өлең оқып берейін. Сендер көздеріңді жұмып, өлеңдегі жыл мезгілінде болып жатқан оқиғаны көз алдарыңа елестетіңдер. (Тәрбиеші өлең оқиды).

-Көктемді көрдіндер ме? Ақын қандай көңіл-күйді суреттепті.

-Қуанышты, көңілді шақты суреттепті.

-Біз сендермен көктем туралы бірнеше өлең оқыдық. Олардың бәрі неге көңілге қуаныш сыйлайды. Сендер қалай ойлайсыңдар?

-Қыс бітті. Аяз бен боран кетті. Көктем келді. Күн Жерді шаттана қыздырады. Алғашқы бәйшешектер қар астынан бой көрсете бастады. Құстар оралып, ұя салуға кірісті.


-Ақындар көктемді неге теңейді?

-Гүлге, сұлуға, шуаққа, жарыққа.

-Иә, көктемнің өзіне тән бояулары бар. Ол қандай бояулар екен? Балалар көктем бейнеленген картиналарға таянып, оны тамашалауға мүмкіндік алады.

-Ерте көктемде аспан тап-таза, әр жерден қарайып жер көрінеді, жасыл шөп байқалады; ери бастаған қар, көк бұлақтар; аппақ қайыңдардың көлеңкесі жарқыраған күннің әсерінен қар үстіне көгілдірленіп түседі.


Сергіту жаттығуы «Тербеледі ағаштар».

-Балалар, мен сендерге көктем туралы өздерің қалаған суреттеріңді салуды ұсынамын. Әуелі, қандай сурет салатындарыңды жақсылап ойланып алыңдар.Балаларға әртүрлі өлшемді парақтар, акварель бояулар,

түрлі-түсті қарындаштар, балауыз борлар, фломастерлер, тұз, манка жармасы ұсынылады. Музыка ойналады. Тәрбиеші сурет салуда парақ бетін тұтас пайдаланку керектігін естеріне салады. Балауыз бор мен бояуларды араластыруда палитраны пайдалану әдісін нақтылайды.

Сабақ соңында балалар барлық суреттерді тамашалап, қалаған сурет туралы әңгіме құрастырып, өлеңдер оқи алады.



«Көңілді мысықандар»


Мақсат: Гуашь бояулармен сурет салу техникасымен таныстуру.

Түстерді араластыру арқылы бейнені жандандыруға жаттықтыру.

Жануарларға деген қамқорлық пен жанашырлыққа тәрбиелеу.

Жабдықтар: гуашь, №2,8 қылқалам, ½ альбом парағы.

Көрермен қатары: Ойыншық «Мысық», «ит пен мысық» энциклопедиясы, мысықтар мен күшіктердің суреттері.

Сөздік: бояулар туралы жұмбақтар.

Музыкамен көркемдеу: Р.Гуцалюк « Мен сурет саламын», қоршаған ортадағы дыбыстар, «мысықтардың мияулағаны».


Сабақтың барысы:


1. Сәлемдесу. -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. –Сендер сурет салу білесіңдер ме?

-Суретті немен салғанды ұнатасыңдар?

-Сендерге қонаққа келе жатып мен базарлық дайындадым. Оны көру үшін,

жұмбақ шешу керек.



2. Жұмбақ. (тәрбиеші бояулар туралы жұмбақ жасырады).

Аяғы біреу қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді.

(қарындаштар).

Сандығын ашып гуашь бояулар алып шығады.


3. Бояу туралы мәлімет.

Сендер мына бояулар қалай аталатынын білесіңдер ме?

-Бұл гуашь бояулар. Бұл бояу суды аса ұнатпайды. Олар мөлдір емес. Арғы жағындағы қағаз көрінбейді. Бірақ гуашь бояуларды бір-бірімен араластыруға болады. Мен сендерді суретшінің шеберханасына шақырамын.


4.Бояулармен тәжірибе.

-Бұл бояулар қалай аталады?

-Құтыларда қандай түсті бояулар бар?

-Қараңдар, мен сары бояуды көк бояумен араластырамын. Не пайда болды? (жасыл түсті бояу пайда болды).

-Ал енді өздерің араластырыңдар. Естеріңде болсын бояу тез араластырғанды ұнатады.


5.Мысықтың мияулаған үні естіледі.


6.Ойыншық мысық кіргізіледі.

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, мысық неге мияулады? (балалардың жауабы).


7.Ойын әрекеті:

-Шынында, міне себет, Ол бірақ бос жатыр. Барлық мысықандар шығып кетіпті.

-Енді не істейміз? Мысыққа мысықандарын табуға қалай көмектесеміз? (суретін саламыз).

Мысығымыз бірдеңе айтқысы келетін тәрізді. (мысықты тыңдау).

-Ол мысықандарым бір-біріне ұқсамайтын әртүрлі еді дейді.


8.Мысықандардың түрлі-түсті суреті бар кітаптар кіргізу. (балалар түрлі-түсті суреттерді тамашалайды).

-Суреттерге қарап тұрып сендер мысықтардың сырт келбеті туралы не айтар едіңдер?

-Шынында, суреттердегі мысықтар терісінің түсі, тұмсықтары мен құлақтары, көздерінің қиықтары арқылы ерекшеленеді екен...


9.Өлең оқып беру.

Мияулайсың несіне,

Ұйықта, шық та пешіңе,

Уәдеңдң тұрмайсың,

Аямайсың тырнайсың.

Енді қайтып, тегі, мен,

Ойнамаспын сенімен.

Қыспай-ақ қой көзіңді,

Жек көрдім мен өзіңді.

Ойнамаймын бәрібі,

Тырнауықсың, әрі жүр.

Өтепберген Ақыпбеков.

Сендердің де осындай мысықтарың бар ма? Олар да кейде сендер сияқы бұзық болады екен. Біздің мысығымыздың да балалары аналарына еркелеп, ойнап кеткен ғой. -Енді мысықандардың суретін салып мысығымызға балаларын жинауға көмектесе аламыз ба? Ендеше сендер орындарыңа отырыңдар. Ал мен әйнек тақтаға таянып сендерге көмектесейін.


10.Қимылмен көрсету.

-Қылқаламдарыңды алыңдар. Мен құрғақ әйнек бетіне қылқаламды тез-тез жүргіземін. Сендер соны қағаз бетінде қайталаңдар. Байқадыңдар ма? Міне, тамаша! Ал енді осы қимылды бояулармен қайталаймыз.


11.Алдымызға парақты қоямыз. Өзіміз қалаған бояуды аламыз. Олай да бұлай жүргіземіз. Көлденең, жоғарыдан төмен сызықтар жүргіземіз. Көрдіңдер ме, қандай әдемі сызықтар пайда болды.


-Енді шамалы демалайық


12.Сергіту жаттығуы «Мысық».

Күн шуаққа жылынып,

Мысық жонын күдірейтті

Аяқтарын кезекпен, созғылады.

Сосын қайта жата кетті.


13.Жекеленген көрсетулер.

- жіңішке қылқаламмен құлағын, көзін, мұрнын, мұртын саламыз.


Балалардың дербес жұмыстарын орындау кезінде музыка жіберіледі. Балалар орындаған жұмыстарын себетке салып мысыққа береді. Мысық оларға ризашылығын білдіреді..




Анамның портреті


Мақсат: Балалардың портрет жанры туралы білімдерін бекіту. Өнерге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезім қалыптастыру. Балаларда өз анасының портретін ( шашын, көзінің түсін) салуға деген құштарлық ояту. Бетінің бөліктерін дұрыс бере білуге үйрету.

Сөздік: Портрет, автопортрет, кеудеге дейін, миниатюра, профиль, анфас, фас, қуанышты, мейірімді, ұзын шашты, қысқа шашты, дөңгелек жүзді, қиғаш қасты, аққұба, үлкен көзді, т.б.

Жабдықтар: Тәрбиешіде кеудесіне дейін түскен әйел адамның портреті, сурет салуға арналған бор, бет пішінінің .

Балаларда: парақ (А-4). Қарындаштар, гуашь және акварель бояулар (ішінде беттің түсін беруге арналған қызғылт-сары, ашық сарғыш түсті бояулар бар), палитра. Жалпақ және жіңішке қылқаламдар,, су құйылған құты, салфеткалар.

Алдын-ала жұмыс: Суретшілер мен ақындардың портреттерін тамашалау. «Адам әлемі» сериясынан «дене бөліктері» топтамасын көру.



Дидактикалық ойын: «Бастың бөліктері», «Адамда не нәрсе екеуден?»


Сабақтың барысы.

Мәпелейсің мені, анам,

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

Үмітіңдей көзіме,

Көп қарайсың үңіліп.

Еркелеген сөзімде

Ертеңіңіз тұр күліп!


-Балалар, біз бүгін өмірдегі ең қымбат адамымыз, өз аналарымыздың суретін саламыз. Сендер өз мамалырыңның көзі, шашы, , қандай киімдері бар екенін жақсы білесіңдер.

Біз портрет туралы өткен сабақтардан білеміз:


  • Тұтас бойды

  • Кеудеден жоғары

  • Бет пішінді

  • Белге дейін көрсететін түрлері болады. Портретті өлшеміне қарай да ажыратады. Сонымен бірге автопортрет те болатынын тәрбиеші балалардың көмегімен еске түсіреді.

Аналарымыздың портретін салуға кіріспес бұрын, біз көз, мұрын, ауызды дұрыс орналастыру үшін мына портретке көз салайық.

-Бас қандай пішінді ( басты саусақпен дөңгелете сызып көрсету).

Қолдарыңды маңдайға қойыңдар. Адамның көзі маңдайдан төмен, беттің ортасына орналысқан.

-Оның пішіні қандай? (сопақша, шеті қысыңқы келген).

Тәрбиеші тақтаға сопақша сызып, оның ортасына көздің суретін салады, екі көздің арасы тым алшақ болмауы керектігін ескертеді. Көздің ортасындағы кішкене дөңгелек қарашық деп аталады.

-Сандуғаш, сенің анаңның көзі қандай?

-Қоңыр.

-Дамир, сенің анаңның көзі ше?

-Менің анам қара көзді.

-Бақыттың анасының көзі қандай екен?

Апамның көзінің түсі көк.

-Көздің үстіңгі жағына не орналасқан? (қас).

Олар доғаланып келген сызықтар.



Адамның мұрынының түсі бет терісінің түсімен бірдей. Сондықтан көз бен иектің ортасына мұрынның ұшын ғана саламыз. Ал мұрыннан төмен еріндер бар.

-Балалар, бір-біріңе қараңдаршы. Жоғарғы еріндерің төменгі еріндеріңе ұқсамайды екен. Жоғарғы еріндерің екі толқын тәрізді, ал төменгісі бір сызықпен бітеді. (еріндердің суретін салып көрсету). Иектеріңді қолмен таяныңдар.

-Ал енді көздерің қайда орналасқанын айтыңдар? (беттің ортасында).

-Мұрындарыңның ұшы қайда? ( көз бен иектің ортасында).

-Еріндерің? (мұрын мен иектің арасында).

Дидактикалық ойын «Көпше айт».

Көз – көздер Қас - қастар

Мұрын – мұрындар Шаш – шаштар

Маңдай – маңдайлар Құлақ – құлақтар

Ауыз – ауыздар Самай – самайлар т.б.




-Аналарыңның портретін иықтан жоғары саласыңдар – басы, мойны, иығы. Мойын беттен жіңішке, ал иықтар бастан гөрі жалпақ екенін ұмытпаңдар. (портреттен көрсетіледі).

-Көздерінің түсін, шашын, көйлегінің иығын апаларыңдікіндей етіп салуды ұмытпаңдар.

Дидактикалық ойын «Қандай?».

Анықтауыш – сөздер:

Мейірімді, көңілді, шымыр, сымбатты, сұлу, жас, мәдениетті, тәрбиелі, жақсы, қамқор, инабатты, бақытты, ұстамды т.б.

Дидактикалық ойын: «Не істейді?».

Етістіктер (қимылды білдіретін сөздер).

Жұмысқа барады, тамақ дайындайды, дүкенге барады, іс тігеді, ыдыс жуады, киім үтіктейді , ән салады, ертегі оқиды, би билейді, демалады, қыдырады, серуендейді, ойнайды, ұйықтайды т.б.

Дидактикалық ойын «Қандай?».

Анамыз күлімдесе – жайдары,

Анамыз ойланса – ойлы,

Анамыз үндемесе - сабырлы

Анамыз күлсе - көңілді

Анамыз ренжісе – ашулы т.б.

Ал, енді өз аналарыңда естеріңе түсіріп, сурет салуды бастаңдар.


Сабақ барысында парақ бетінде беттің суретін үлкенірек етіп салуды, беттен жоғары шаштың суретін салуға орын қалдыруды, бетті бояп болғаннан кейін, бояу кепкенше мойын мен иықтың

суретін салуды, беттің бөліктерін қылқаламның ұшымен бедерлеуді ескертемін.

Аналарының қандай әседік бұйымдары бар екенін естеріне саламын.

Сабақ соңында балалар өз суреттерін тақтаға орналастырады.

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, аналарың өздерін таныр ма екен?

Балалар өз суреттері туралы әңгімелейді.

-Балалар, сендер өте әдемі суреттер салдыңдар. Себебі біз бәріміз аналарымызды жақсы көреміз. Сөз жоқ аналарың сендерге риза өте болады.

Сабақ соңында балалар «Қуанышым сен» әнін орындайды.



«Көктем көріністері»


Бағдарламалық мазмұны: Балаларда табиғатқа деген сүйіспеншілік қалыптастырып, жыл мезгіліндегі өзгерістерді қағаз бетіне түсіруге талпындыру, ақындардың жыл мезгілдері туралы өлеңдерімен таныстыру.

Құстарға қызығушылықты тереңдетіп, оларды ажырата білуге, ерекшеліктерін атауға үйрету. Құстар туралы жалпы түсініктерге сүйене отырып, бұрынғы сабақтарда үйренген сурет салудың әдістерін пайдаланып, құстың суретін салуға талаптану.



Сурет салу барысында қарындашты еркін пайдалану икемін қалыптастыруды жалғастыру.

Табиғатқа деген қамқорлыққа, құстарға көмектесуге тәрбиелеу.


Алдын-ала жұмыс: Құстарды бақылау, түрлі-түсті суреттер қарап, өлеңдер, жүмбақтар, мақалдар жаттау. Қыста құстарға жем салып, көктемде қараторғайларды бақылау.

Картиналар мен әдеби-көркем шығармаларды, қажет музыканы іріктеу.

Жабдықтар:

-Альбом парағы, түрлі-түсті қарындаштар,

-Жыл мезгілдері, жыл құстары бейнеленген суреттер,

-Бала санына жеткілікті сопақша сәбіздер мен жаужұмырлар.

-Қара қарындаштар, тұғырлар.


Сабақтың барысы:

Ой, балалар, балалар,

Жылы-жылы жел соқты,

Жылғалардан су ақты,

Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті,

Жер қарайды жаз кепті.

Балалар, қазір қандай жыл мезгілі? (Көктем).

-Дұрыс. Бүгін біз ерекше сабақ өтеміз. Біз осы залға көктемгі күншуақ, жылылық, оралған құстарға бірге қуану үшін жиналдық. Біз көшеден барлық құстардан бұрын ұшып келетін ұзақ қарғаларды, қараторғайларды байқадық. Олар өздерінің әндерімен адамдарды қуантуда.

Кім жылдың осы мезгілі туралы өлең біледі?


  1. Көкте бұлттар күркіреп

Жерге төкті өрмегін,

Жауды жаңбып сіркіреп,

Мейірленіп жерге күн.


  1. Көктем күйін бастады,

Өз өнерін асыра,

Қысты қуып тастады,

Асқар таудың басына.


Тәрбиеші: енді бәріміз қосылып көктем туралы ән шырқайық

Музыка жетекшісінің сүйемелдеуімен ән орындалады.

Енді, балалар, жыл мезгілдері туралы өлеңдерді еске түсірейік. Сендер мұқият тыңдап, онда жылдың қай мезгілі суреттелгенін анықтаңдар



  1. Көтеріле аспандай,

Көкте сұрша бұлт көшіп,

Жерге інжу шашқандай,

Күміс моншақ шық түсіп,

Қайың, терек басынан

Сарғылт тартып жапырақ

Жерге түсіп шашылған

Жел үрсе тек қалтырап

Тайыр Жароков


  1. О, керемет, керемет!

Бейне аппақ көбелек.

Ақша қар жай көлбеңдеп,

Қонып жатыр жерге кеп.

Қонып жатыр тауға кеп,

Бақшаға кеп, бауға кеп,

Қонып жатыр көлге кеп,

Кетті ұласып жер мен көк.

Мүбәрәк Жаманбалинов


  1. Тырна келді тыраулап,

Тіліп өтіп аспанды

Қаздар көлде жүр ойнап,

Көктем тойы басталды

Тас төбеден күн келді.

Қошеметтеп оларды,

Қараторғай былтырғы

Ұясына оралды.

Тұманбай Молдағалиев


  1. Сылдырласа бұлақтар

Әсем күлкі, назбенен,

Қырға шықса лақтар

Міне осы жаз деген.

Оттай жанса топырақ,

Үйшік салсаң сазбенен,

Өзен жатса жарқырап,

Міне, осы жаз деген.


Б.Алдамжаров.


Өлеңдерді тыңдай отырып балалар әр өлеңнің соңында қай жыл мезгілі туралы айтылғанын анықтайды.

Тәрбиеші: Міне, жылдың төрт мезгіліне арналған суреттер. Оларды зерделей отырып, көктем келбетін бейнелеген суретті табыңдар. Оны қалай анықтағандарыңды әңгімелеңдер.

(Балалар суретті таңдап алып өз пікірлерін дәлелдейді).

Тәрбиеші: Ал, қазір біз құстар туралы әңгімелейміз. Біз қандай құстарды білеміз.

Балалар: Қарға, торғай, көгершін, қарлығаш, торғай, сауысқан т.б.

Тәрбиеші:Біз қыста қалатын құстарды қалай атаймыз?

Балалар: Оларды қыстап қалатын құстар деп атаймыз

Тәрбиеші:Суреттен қыстап қалатын құстарды тауып, атаңдар.

(Балалар тапсырманы орындайды, жекеленген балалар жауап береді).

Тәрбиеші: Бізге көктемде ұшып келетін құстарды қалай атаймыз?

Балалар: Оларды жыл құсы деп атаймыз

Тәрбиеші: Суреттен жыл құстарын тауып, атаңдар

(Балалар тапсырманы орындайды, жекеленген балалар жауап береді).

Тәрбиеші: Құстар несімен ұқсайды?

Балалар: Тұмсығы, аяқтары, қанаты, қауырсындары.


Тәрбиеші: Ал өзгешеліктері қандай?

Балалар: Көлемімен, қанатаның өлшемімен, қауырсындарының түсімен, құйрығының пішінімен.

Тәрбиеші: Балалар, біз құстарды қайдан көріп, бақыладық?

Балалар: Серуен кезінде, саяхатта, суреттерден көрдік.

Тәрбиеші: Біз қыста құстарға қандай қамқорлық көрсеттік?

Балалар: Оларғы жем салдық, нанның қиқымын, дәндер бердік.

Тәрбиеші: Бізде жыл құстары қонақта. Ол қай құс екенін жұмбақтардан білеміз.

Тал басында ағаш үй,

Терезесі тамаша үй,

Соны мекен етеді,

Қыста алысқа кетеді. (Қараторғай).

Үй ішінде үйі,

Жем тасиды жиі. (Қарлығаш).

Көкте ұшады тізіліп,

Біз қараймыз қызығып (Тырналар).


(үш бала тырнаның, қараторғайдың, қарлығаштың бетпердесін алады).

Тәрбиеші: Қазір «Өз құсыңды тап» деген ойын ойнаймыз. Үш шеңбер жасаймыз. Әркім өз құсын есте сақтауы керек. Музыка әуенімен дән шоқимыз. Музыка аяқталғаннан кейін 1-2-3, 1-2-3- өз құсыңа ұш деген белгі бойынша дереу өз құсымызды табамыз.


Ойын екі рет қайталанады.


Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, Тамаша ойнадыңдар.

Енді орнымызға отырып жыл құстарының суреттерін саламыз. Қазіргі кезде тек қараторғай ұшып келді. Оған көңілсіз болмас үшін қалған жыл құстарының суретін салуымыз керек. Оларды әртүрлі қалыпта салуларыңа болады. Алдырыңдағы материалдарды пайдаланып өздерің қалаған құсты бейнелеңдер.


Сергіту жаттығуы: Тербеледі ағаштар

Тәрбиеші: Орындадыңдар ма? Барлық құстар әдемі және бір-біріне ұқсамайтын болып шыққан екен. Сендер жұмыспен айналасып отырғанда бізге қонақ келді.

Сауысқан: Мен қайде келдім?

Балалар: «Ертегі» балалар бақшасына.

Сауысқан: Ал мен қай құспын?

Балалар: Сауысқансың.

Сауысқан: Сауысқан қандай құс.

Балалар: Сауысқан қыстап қалатын құс.

Сауысқан: Шынында соай ма? Сендерге келгеніме өте қуаныштымын. Ал, мен қарлығашты білемін. Ол қандай құс. Ол сендерге сәлем айтып, сәлемдеме беріп жіберді.

(Балаларға тәттілер таратады).

Тәрбиеші: Сауысқанға көп рақмет. Біз қыстап қалатын құстарды ұмытпаймыз. Оларға қамқор болып жүреміз.

Торғай отыр томпиып,

Құйрықтары шолтиып.

Сауысқаның сақ отыр,

Жапалағың тағы отыр.

Үнсіз бір сәт тұрмайды,

Әнші бұлбұл жырлайды.

Көкек:кө-кек, кө-кек! – деп,

Өз атын көп бұлдайды.

Адамзаттың жақыны,

Қарлығаш та ақылды.

Көгершінмен екеуі,

Жайлайды бір шатырды. (М.Зайтов).




Гжельдің көгілдір кереметі


Бағдарламалық мазмұны:

«Сәндік-қолданбалы өнер» ұғымын түсіндіту. Гжельдің халықтық кәсібімен, оның өзіндік ерекшелігі және сәнмен таныстыру. Ортада өсімдік элементтерін қолдана отырып өрнек жасау. Заттың өзіне тән ерекшелігін бақылай отырып, сапасын, өрнек бедерлерін, мәнерлеу ерекшеліктерін байқау. Балаларға орыс халық өнерін тамашалату.

Жабдықтар: Ойын «Ыдыс жина» (гжель ыдыстарының сынықтарын құрастыру), гжель керамикасы, гжель өрнектерінің үлгілері. Көк гуашь, палитра, қылқаламдар, ақ қағаздан папье-маше әдісімен жасалған ыдыс, су құйылған құты. салфеткалар.

Алдын-ала жұмыс: гжель бұйымдарымен танысу, сурет, кітап, ыдыстарды тамашалау.

Сабақтың барысы:


Тәрбиеші: Балалар, бүгін сендерге әдемі ыдыс алып келе жатып, жолда сындырып алдым. Ол неден жасалған деп ойлайсыңдар? Ыдыс неден жасалады? Темірден немесе ағаштан жасалған ыдыс сына ма? Пластикадан жаалған ыдыс ше? Әйнек ыдыс сына ма? Дұрыс! Сынуы мүмкін. Менің ыдысым мөлдір емес және ауырырақ болатын. Мен саздан жасалатын ыдыстарды білемін. Саз берік болу үшін не істейді? (балалардың жауабы). Дұрыс, оларды пеште қүйдіреді. Сендер қалай ойлайсыңдар, ондай ыдыс сынуы мүмкін бе? Менің ыдысым да саздан жасалған болатын. Енді міне сынықтары ғана қалды (ыдыс сынықтарын көрсету). Қане, қандай ыдыс сынғанын білу үшін сынықтарды біріктірейік. Біз құрастырған ыдыс қалай аталады? Дұрыс гжель ыдыстары. Барлық ыдыстардың сынбағаны дұрыс болды. Міне, тағы қандай түрлері бар екеніне көз салайық.

-Мұндай ыдыстарды қайда дайындайтынын білесіңдер ме? Гжель шеберлері ыдыстармен қатар түрлі ойыншық мүсіндер де дайындайды. Қазір бәріміз гжель қышының барлық ерекшеліктерін еске түсірейік, мүмкін сендердің үйлеріңде де осындай мәнерлі ыдыстар бар шығар.

Балалар гжель ыдысын жасау жолдарын еске түсіреді:

1 – текше ақ балшық, 2 – текше безендіру түстері, 3 – текше өрнек элементтері, 4 – текше жасалған заттар.

Балалардың алдына қойылған өрнектерде бірнеше әдіспен жасалған өрнектер болады, соның ішінен гжель өрнегін қателеспей табулары керек. Тәрбиеші: Бүгін біз шебер болып, ыдыстарға гжель өрнектерін саламыз. Бізге қажет көгілдір бояуды алу үшін, көк бояуды палитрада арқылы ақ бояуға араластырамыз. Байқап қарасаңдар, көгілдір бояудың бірнеше реңктері бар екен. Біз оны өз қалауымызша ыдыс өрнектеуге пайдаланамыз. Балалар жұмысты бастайды. Оларға ең үлкен өрнектен бастап салу керектігі ескертіледі.

Сергіту сәті

Мына үлкен әйнек шәйнек. (Ішке ауа жинап, бір қолдарын бүйірге таянады.). Бастықтардый тым маңғаз. (Келесісі иілген). Ал мына фарфор ыдыстар (бір қолдарын бүйірлеріне таянып отыру). Өте нәзік байғұстар. Мына фарфор табақша (Қолмен шеңбер сызып айналу). Сынуға дайын дегенмен. Қасық бар күміс бедермен. Платмасса табақша, Бізге ыдыс әкелген.(үлкен шеңбер жасайды).

Сабақтың қорытындысы:

Балалар дайындаған ыдыстар сарғылт дастарханның үстіне қойылады. Дайындалған заттарды тамашалап, олар өз пікірлерін айтады.





Жапалақ

(Ю.А.Васнецовтың шығармалары бойынша).

Бағдарламалық мазмұны: Юрий Алексеевич Васнецовтың балаларға арналған көркем шығармаларымен таныстыруды жалғастыру.

Дене пішінінің тепе-теңдігін дұрыс сақтай отырып, өздеріне таныс құстың бейнесін салуға үйрету.

Өз еңбектерінің нәтижесіне қанағаттану және қуана білу сезімін қалыптастыру.

Сөздік: иллюстрация, жапалақ, қауырсын қанаттар.

Жабдықтар: Әртүрлі реңкте боялған А-3 көлемді парақтар, Ю.А.Васнецовтың портреті, Құстардың үні жазылған үнтаспа, жапалақтың суреті салынған 3 үлгі, 2 түрлі қылқалам, акварель, гуашь бояулар, әр балаға 2 су құйылған құты, фломастерлер.

Алдын-ала жұмыс: Кітапқа сурет неге керек (әңгімелесу), Ю.А.Васнецовтың шығармасымен танысу.

Сабақтың барысы: Ю.А.Васнецовтың безендірген кітаптарынан көрме ұйымдастырылып, суретшінің портреті қойылады.

  1. Көрме алдындағы әңгіме.

Тәрбиеші: Балалар, біз сендермен тамаша суретшінің еңбектерімен таныстық. Ол адамның портреті көз алдарыңда ілулі тұр.

-Бұл суретшінің кім екені естеріңде бар ма?

-Васнецов суреттерді кімге арнап салды?

Ол қандай шығармаларды суретпен безендірді?

-Бүгін біз оның тағы бір шығармасымен танысамыз.

2.Жапалақ туралы жұмбақ жасыру

Күндіз тіпті ұшпайды,

Түнде тышқан ұстайды,

Көзі шамға ұқсайды. (Жапалақ).

Осы құс туралы шығарма көріп тұрсыңдар ма?

Орындарыңа отырыңдар. Естеріңе түсіріңдерші, өткен сабақтарымызда кәрі қарағайды, ағаштың етегіндегі шөптерді, жемістер өскен бұтаның суретін салған едік.

3.Жапалақтың суреттері бар үлгілерді тарату.

Енді осы суретте не жетіспейтінін түсіну үшін суретші салған суретті жақынырақ көріп, анықтап қарап алыңдар.

4.Сурет бойынша сұрақтар:

-Жапалақ немен айналысып отыр?

-Ол қайда отыр?

-Қанаттары, денесі, басы қандай пішінге ұқсайды?

Сопақшаларды бір-бірінен қалай ажыратуға болады?

Жапалақтың басында не бар?

Көзі қандай?

Қастары неге ұқсайды?

Қанаттарын суретші қалай салған?

Сурет салу үшін қандай қылқаламды пайдаланамыз?

5.Желісін сақтай отырып, құстың суретін салу әдісін көрсету.

а). жапалақтың түгі жалпақ қылқалам және ашық қоңыр бояумен боялады:

  • Денесі – үлкен сопақша (тігінен);

  • Басы – денесінің үстінде орташа сопақша (көлденеңінен);

  • Қанаттары – денесінің екі жағына орналасқан сопақшалар (басы мен денесі түйіскен жерде біріктіріледі).

ә). Жіңішке қылды қаламмен салу:

  • Көздері (екі қара дөңгелек)

  • Қастары көздерінің үтіңгі жағына орналасқан екі доға

  • Тұмсығы үшкір жағы төмен қаратылған үшбұрыш

  • Тырнақтары (бір жерден үш сызық болып жүргізілген) денесінің астыңғы жағынан салынады.


6. Сергіту жаттығуы

Жапалақ-ау, жапалақ.

Басың үлкен қазандай (қолмен ауада үлкен шеңбер сызу)

Отырып-ап бұтаққа (отыру),

Оңға, солға қарадың (басын екі жаққа бұру).

Ұстай алмай денеңді (оңға, солға иілу),

Орға оңбай құладың! (бір орында айналу).


7.Балалардың дербес жұмыстары. Жапалаққа жан кіргізу үшін түрлі сызықтар жүргізу.

8.Сурет салуда сендерге не ұнады? Сендердің салған жапалақтарың әртүрлі болды. Олар бір-біріне тіпті ұқсамайды. Енді жұмыс орындарыңды ретке келтіріңдер.


Балаларды ойын арқылы тәрбиелеу және

бейнелеу өнеріне үйрету.


Екі-төрт жастағы баланы оқыту формасы әртүрлі жастағы балаларға арналған бағдарламалық мазмұны әртүрлі бір тақырыптағы сабақтар.

Бұл түрдің негізгі артық жері басқа түрлердің алдында сабақтарды кіріктіріп (топ топпен; барлық баламен бірге, бірақ әр жасқа әртүрлі қызметтің түрімен) тұратыны, бұл тәрбиешінің өз зердесін жинақтап, белгілі қызметте жұмыс жасай алады. Сонымен бірге, материалдар мен құралдардың дайындалуы жеңілдетіледі, күн тәртібіндегі сабақ уақыты азайтылады. Бейнелеу өнерінің бағдарламның топтық құрылымы әр түрлі жастағы баланың оқу барысында объект ретінде қайталанатын заттарды және қоршаған ортаның құбылыстары (оқытудың мақсаты және бығдарлама мазмұны әр топқа әртүрлі болады).

Сонымен қатар бір тақырыптағы сабақтардың кемшіліктері бар екенін айтып өтпеуге болмайды. Өте жиі бағдарламалық мақсат «орташаланады» және әр жастағы топтың балаларына ортақ нәрсе қарастырылмайды. Бұл нәтижелі үйретуге қарама-қайшылық әкеледі. Өнертапқыштығы мен икемділігі жоғары деңгейлі балаларда бағдарлама талабының төмендеуі қабілеттің дамуын жасанды тоқтатады. Ал оқу және икемділік деңгейі төмен балалар қиын тапсырманы орындай алмағасын, олардың айналысып отырған нәрсеге қызығушылығы жоғалады. Сөйтіп келе, баланың тәрбиешіге деген қатынасы теріс жаққа өзгереді, өйткені ол баланы мақтап, қолдаумен қарсы алмайды.

Оқу барысында тәрбиеші баланың жасына сай есептерді құрастырып және олардың өнертапқыш білімі мен икемінің шынайы деңгейіне сай болу керек. Дегенмен жасы бірдей балалардың арасында да даму деңгейі өз құрдастарынан төмен не жоғары деңгейде дамығандары кездеседі. Ондай балаларды анықтау үшін педагог бінеше арнайы диагностикалық сабақ өткізеді.Алынған нәтижелер қорытындысы оған балалардың даму деңгейіне (төмен, орташа, жоғары) көз жеткізіп, әр баланың бейнелеу икемі мен дағдысын қандай деңгейге жатқызуға болатынын анықтауға мүмкіндік береді. Әр жасты балалар қамтылған топтағы білім беру табысты болу үшін, әр сабақта жаңа тапсырма тек жастары бірдей балаларды қамтиды. Қалған балалар қарындаш, саз, және бояумен жұмыс жүргізудің бұрыннан алған дағдыларына жаттығады. Егер екі, үш, төрт жастағы балалар қамтылған топтағы сәбилер мүсіндеу не сурет салуға талпынбай, ойнап немесе өздерінен үлкендердің жұмыстарын бақылағылары келсе, оларға бөгет болуға болмайды. Ақырында ересек балалардың арасында әртүрлі себептермен бейнелеу өнерімен айналысуды қаламайтындар болса, оларды да мәжбүрлеуге болмайды.

Кітапшада берілген барлық сабақтар өзара байланысты болғандықтан, оларды жеке дара қарастыруға болмайды.

Қажетіне қарай тәрбиеші сабақ мазмұнына балалардың айналамен танысудан алған білімдері, жинаған тәжірибелері, бейнелеу икемі және дағдысына сүйеніп түзетулер енгізіп, олардың санын өсіріп не қысқарта алады. Осылайша балалардың пішін бейнелеу қимылдарын меңгеруге бағытталған сабақтардың санын да көбейтіп не азайтуға болады. Мысалы, қояндарға арналған шөптерді бейнелеуде балалар бірінші сабақта-ақ сызықтар салуды табысты жүзеге асырса, осыған ұқсас жаңа тапсырмаларды (бұталар мен щетка салу) орындатудың қажеті жоқ, себебі балалар үйрету мақсатына жету орындалды. Өзге жағдайда балалардың пішінді бейнелеу қимылдарын меңгерулеріне үш сабақ та аздық етсе, онда қосымша сабақтар ұйымдастыруға тура келеді. Ең бастысы мұнда асықпау және балалардың көпшілігі оқу материалын меңгерулеріне қол жеткізу.

Сабақ кезінде балаларды сурет салу, мүсіндеу немесе жапсыру сабақтарында жұмыс барысында ғана үстел басына отырғызу абзал. Тәрбиешінің әңгімесін балалар түрегеліп тұрып немесе кілемде отырып тыңдай алады, ал суреттерді тақтаның жанында не тәрбиешінің қасына келіп тамашалай алады. Бастысы балаларды бір-біріне қамқор болып, бойы аласаларды алға жіберуге дағдыландыру.

Жапсыру сабақтары төрт және бес жасар балалрмен өткізіледі. Кішкентайлар өз қалаулары бойынша ғана оған ат салысады.



Балаларды сабақтарда оқыту және тәрбиелеу


Бейнелеу қызметі бағдарламасын талдау тәрбиешінің екі топ өзара байланысты міндетті шешуі қажет екендігін көрсетеді.

Бірінші топқа балалардың туған табиғатқа, ойыншықтар мен суреттерге қызығуларын оятуға бағытталған міндеттер жатады.

Екінші топтағы міндет сурет салуда, мүсіндеу мен жапсыруда балалардың бейнелеу икемдері мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған.

Әуелі балалардың түйсігі мен әсер алуын дамытуға арналған күрделі міндет тобын қарастырайық.

Психологтар мен педагогтардың зерттеулерімектепке дейінгі жастағы кішкентайлар тобындағы балаларда көзге елестету мен қабылдауды дамытудың үлкен мүмкіндігі бар. Екі-төрт жас аралығындағы балалардың айналадағы дүниеге деген қызығушылықтары өте зор. Балаларды табиғаттың дыбыстары мен бояулары өте еліктіреді. Сәбилер ойыншықтар мен түрлі-түсті суретті кітапшаларды өте жақсы көреді. Бірақ, қажетті дайындықсыз, ересектердің көмегінсіз, соларды жеткілікті және терең түсіне ала ма? Өкінішке орай, жоқ.

«Балалардың көзін мына әлемге ашып, олардың жандарына қуаныш ұялату үшін, балалар бақшасында тәрбиешінің, үйде ата-ананың және мектепте мұғалімнің көмегі қажет. Баланың рухани өміріндегі жетіспеушілікті, әсіресе эстетикалық тәрбие аясындағы кемшіліктің орнын толтыру жастық шақта да, оның үстіне ұлғайған кезде мүмкін емес. Егер табиғатқа деген сүйіспеншілік, оның сұлулығына таңданубүлдіршінге бала күнінде берілмесе, ол кейін қанша әуреленсе де мүлдем қалыптаспайды, қалыптасқан жағдайда үстірт сипатта болады» (Смольяников И.Ф. Природа в эстетическом воспитании: Кн. для учителя –М., 1984. –С63).

Сондықтан да баланың түйсігі мен қабылдауының дамуы тек қана ата-ана мен тәрбиешілерге байланысты. Олар сәби өзін қоршаған әлемнің сұлулығын көріп, оған сүйсіне білуі үшін бар мүмкіндікті жасаулары тиіс.

Баланың қабылдауын дамытудағы жұмыстың ең қиыны, мұны режим кезеңдерінің тар аясына сыйғызып, немесе тек қана бейнелеу сабақтарына таңып қоюға болмайды.

Бұл міндетті табиғатты түйсіну тәжірибесі арқылы сұлулықты сезінуді мақсат еткен тәрбие жағдайында шешуге болады. Сонда ғана әрбір тәрбиеші өзінің қалауы және лайықты біліктілігі арқылы ауа-райының кез-келген жағдайына баланың таңырқауын туғыза алады. Тәрбиешімен бірге балалар күнге, жаңбырға, тұманға және желге қуана алады. Күн «сәулелерін» аулап, жаңбыр тамшыларын «жинап», жасыло жапырқтардың арғы жағындағы өз аулаларын «ғажайып патшалықтай» көздеріне елестете алады.

Бәрінен бұрын бұл жұмысты ұдайы жүргізу керек. Бала қабылдауына ересектердің («Қандай әдемі гүлдер!», «Не деген көркем ағаштар!»).

Бала қабылдауы тұтас болуы керек. «Сұлулықтың өзі түсіндірмесіз жанға әсер береді. Біз тұтас раушан гүлді тамашалаймыз. Егер біз оның



жапырақшаларын жұлып алып тамашаласақ сұлулықта не мән болады». (Сухомлинский В.А. О воспитании. –М., 1973. –С.187.

Балаларда табиғатқа деген эстетикалық қабылдауды тәрбиелей отырып, балаларды жасанды мейірленуге мәжбүрлеуге болмайды. Бала табиғатты шын көңілімен қабылдап және сонымен қатар эстетикалық ғана емес, сенсорлық тәжірибе де жинасын (ағаштардың бұдырын, жас шөптің жұмсақтығын, жаңа түскен жапырақтардың салқын ылғалын т.б.).

Бірақ баланың түйсігінің даму жұмысы тек қана табиғатпен танысуы шектелмеу керек. Ойыншықтар өзінде үлкен мүмкіндіктерді қортындылап, балалардың ойынында олар үнемі қатысып отырады. Осы кітаптың авторларына екі-үш жасар балалардың жұмсақ ит ойыншығымен ойнағанын бақылап отыруға мәжбүр болды. Бұл жәй ғана ойыншық емес еді. Суретшінің талабының арқасында өте мейрімді, дүниеге сенімді түймедей көзедерімен қарап, оған қуанып, күлімсіреген нәзік иттің бейнесі жасалды. Көзінің қарасы, тұмсығының бұралғаны, құлағы мен құйрығының қондырысы өзінің достығымен, қандай уақытта болмасын көмекке келетінін айтып тұрды.

Бірақ балалар оны көрген жоқ, оны өздері көре алмайтын еді. Балалар итпен кезек-кезек ойнайтын, бірақ ол шкафтың ойын бұрышында жиірек отыратын.

Бір күні, тәрибеші топты жинастырып жүргенде, итке қарап оның қандай тамаша екенің түсінді. Тәрбиеші ойыншыққа балалардың назарын аудартып, оған есім қоюды ұсынды. Балалар күшіктің жұмсақ терісін сипап, күлкілі құлағы мен қысқа құйрығын ұстап, оның түймедей көздеріне қарап, бұл өте мейрімді, рақымды және жақсы ит ененің түсінді. Оған Тузик деген ат қойылды.

Енді таңертең тәрбиеші аналарын жібергісі келмеген балаларды қолындағы итімен қарсы алатын. Тәрбиеші жылап тұрған балаға күшікпен таянып айтатын: «Қарашы, балақай, Тузик сенің келгеніне қалай қуанып тұр. Ол сені қатты сағынды. Көрдің бе ол күлімсіреп тұр...» - сонда қоштаса алмай тұрған бала алданып қалатын. Тузикті бауырына басқанда, бала оның терісінің жұмсақтығын сезініп, өзіне қарап тұрған түймедей сенімді көздерін, оның күлімсіріген жүзін көргенде, күшіктің шынымен оны күткені және оны жақсы көретініне сеніп, жұбанатын.

Ары қарай ойыншықты қарай отырып тәрибеші өзіне және балаларға ойыншықтың басқа ерекшеліктерін «аша» бастады: «Тузиктің жүні жібектей жұмсақ», - деп айтып, оны сипауға беретін. Саусағын иттің терісіне тигізгенде, бала итке деген қатынасын ғана көрсетпей, ол фактурамен танысып, алғаш сенсорлық тәжірибе алды. Ойыншықтың күлкілі тұмсығы балаларға көтеріңкі көңіл-күйдің не екенін түсінуге көмектесетін. Тәрбиеші: «Біздің Тузик көңілді, ал қонжық көңілсіз», - десе, оны үлкен балалар түсініп, екі ойыншықтың көздерін және тұмсықтарын салыстыратын.




Әңгімелеген кезде балалардың ойыншық түрінің анықтылығына жауап қайтаруға қабілеттілігі, кішкентайлар оған өзінің қарым-қатынасы, іс-әрекеті немесе ымдау арқылы көрсетсе, ал үлкендер сөзбен жеткізетіні дәлел. Бірақ осы Тузикті немесе басқа жақсы ойыншықты әр бала бақшаларға көбейтіп жіберуге болмайды. Сондықтан әр тәрбиеші тобындағы ойыншықтардың арасынан әдемі ойыншықты таба білу керек. Олар әртүрлі бола алады (халық қәсібі, өнеркәсіптік бұйымдар) және әртүрлі ағаш, жүннен, пластмассадан жасалған. Пластмасса лақты балалар жақсы көреді, егер ол әртүрлі қимылдар жасай алса (отырса, жатса және т.б.). Ал богородтық ағаш ойыншық міндетті түрде өзіне назар аудартады: тұмсығымен тоқылдатып тұрған қызықты тауықтар, даңғара қағып тұрған қояндар т.с.с.

Ең бастысы тәрбиешінің балалармен жұмыс істегенде не болу керек - ол өзінің де таңқалып және қуануы. Өйткені үлкен адамның эмоциялық үндесуі («Қандай әдемі!») баланың есін шектен шығарып және эстетикалық қатынасты қосады. Тәрбиешінің балалардың көңілін Тузикке аударғанға дейін, кішкентайлар оны көрген жоқ. Күшік оларға қарапайым ойыншық болатын, оған жіп байлап бөлменің ішінде сүйрететін. Бірақ тәрбиеші балалардың ойыншыққа деген қатынасын өзгерткенде, олардың күшікке көз-қарасы өзгерді. Жаңадан келген Алеша итке отырып алғанда, оны сол мезетте итеріп тастады. Содан кейін Тузикті біраз уақыт аяп, үстін қағып, оған мейірімді сөздер айтты.

Сөйтіп келгенде, балаларда ойыншыққа деген эмоциялық үндестік пайда болу үшін алдын ала қабылдап алуын қалыптастып (бұл не нәрсе?) және тәрбиеші жағынан эмоциялық әсер болу керек (Тузик қандай кермет!). Одан кейін баланың эстетикалық уайымы ойыншыққа деген көз-қарсының қалыптасуына байланысты (Тузик жақсы, ол мені жақсы көреді т.б.) және ұқсастық пен ойын негізінде дамып, оның өміріне сай келетін тәжірибе (Тузик далаға шықысы келеді. Ол біздің өзін далаға алып шығатынымызға қуанып жатыр және т.б.).

Балалардың қабылдау түйсігінің дамуына түрлі-түсті кітапшалардағы суреттер де үлкен үлес қосады.

Кітаптағы суреттер баланың танысуына ең алғаш бейнелеу өнерінің шығармалары болып келетіні сөзсіз. Баланың бейнелеу өнерін жақсы көріп кетуі тәрбиешінің берілген жұмысты қалай ұйымдастырып, өткізетініне байланысты. Біздің елде және шет елде мына кітап графика шеберлерінің жұмысы танымал, олар Ю.А.Васнецов, В.В.Лебедев, В.Г.Сутеев, В.М.Конашевич, Е.И.Чарушин, Е.М.Рачев және т.б., иллюстрациялары балалар көркем әдебиет шығармаларының алтын қорына кірген.

Жоғарыда айтылған суретшілердің шығармашылығы жоғары дәрежедегі шеберлігімен ерекшеленіп, балаға арналған кітап суретінің жанрына нәзік сезіммен қарау мен баланың жас ерекшеліктерін білуі. Олардың суреттері кітап графикасының классикалық шығармалары болып, екі-төрт жастағы балаларды оқытуда қолдануға болады.

Қазіргі уақытта аудандық, облыстық, республикалық шығарылымдар жергілікті суретшілердің иллюстрациясымен балалар кітаптарын көптеп шығарады. Көптеген суреттерде халық дәстүрлері, жергілікті реңк табылатыны өте маңызды. Суретшілер ертегі кейіпкерлерін халық киіміне «киіндіріп», балаларға таныс табиғатты суреттейді. Мысалы, Корелияда тұратын балаларды Т. мен Р.Юфаның, ал Хабаров өлкесінде тұратындарда Г.Павлишиннің суреттері қызықтырады.

Сонымен бірге айтпай кетпеуге болмайды, қазіргі заманның суретші-иллюстарторлардың жұмыстары арасынан балаға эстетикалық дамуына үлес қоспайтын суреттер кездесіп қана қоймай, оған қері әсер тигізетіндері де кездеседі. Келеңсіз пішіндер, көріксіз бояулар – міне осылар мұндай жұмысқа тән. Сондықтан суреттерді таңдау тәрбиешіден ойланатын, салмақты қадам талап етеді.

Міне тәрбиешіге бірнеше кеңес:

1.Суреттің мазмұны балаға қызықты да, түсінікті болу керек . Әр бала суретші бейнелеген көркем шығармамен таныс болу керек (ертегі, сықақ).

2.Суретте мәнерлеудің әртүрлі құралдарының көмегімен белгілі бір көңіл-күй берілу керек (көңілді, көңілсіз) және кейіпкерлердің мінез-құлықтары (жақсы, жаман). Мысалы, «Мысық сәкімен жүр» сықағындағы суретте Ю.Васнецов түс арқылы және балаға түсінікті қимылдармен (мысық мыршымды қолынан ұстап тұр, ал кішкентай мысықандар айналасында секіріп жүр), жасанды бұйымдар (әдемі гүлдер, бөлменің қабырғасы, терезе, орындық әдемі оюлармен әшекейленген) балалардың көңіл-күйін көтеріп, оларға кейіпкерлер өте мейірімді және жақсы тұратынындығынан түсінік береді.

Балаларды иллюстрациямен қалай таныстырады? Кітап суреті – бейнелеу өнерінің шығармасы екенін есте сақтаған жөн, сондықтан әдістемелік жұмысқа қарағанда сюжеттік суретпен, балалармен жұмыс жүргізу әдісі басқаша болу керек.

Біріншіден, балаларда суретшінің суретінен эмоциялық пікір тудыртып, сосын олардың әсерін тындау қажет.

Егер де сурет баланың қызығушылығын тудыртпаса немесе бала оның мазмұнын түсінбесе, оған көмекке ересектер келуі керек. Суретке деген қызығушылығын, суретшінің шеберлігінің алдында бас иетінін, тәрбиеші тағы да өзінің эмоциялық әсерімен сездіртіп, баланың көңілін суретке аудартады, мазмұнын түсіндіреді. Мысалы, Ю.Васнецовтың «Ақбауыр сауысқан» ойын әңгімесіндегі суреттеуде тәрбиеші былай әңгімелейді:

-«Карр, карр», - шықылақтады Сауысқан. Ол аулаға секіріп келіп, қанатымен қағып, тұмсығын ашып қонақтарды шақыра бастады. Балалар суретке қызыға бастағанда, олармен бірге сауысқанды және оның қонақтарын көруге болады, олар аулада шалқайып және тәтті нәрсе бергенін күтіп отыр.

Егер де балаларды сурет қызықтырса, оны олардың алған әсерінен көруге болады. Олар тәрбиешіге кітаптың бетін аударпайды. Олар Сауысқанның үйін қарауға ынтығады («Мына жерде неге жидектер? Ал мынау не?»). Балаларды қонақтардың мінез-құлқы да қызықтырады: қоян ағаш орындықта шалқайып, қолында тостағанын және үлкен ағаш қасық ұстап отыр. Үйрекке жеуге ыңғайлы болсын деп, Сауысқан оның тостағанын аласа орындыққа қойды. «Ал тиін қайда кетті? Ол да Сауысқанға қонаққа келіп еді ғой?» - деп тәрбиеші сұрайды, сонда кішкентай балалар жеміс жидектердің арасынан тиінді іздей бастайды, ал үлкен балалар ол туралы айтып тұрады.

Балалармен қандай да болмасын суретті қарап отырғанда, оларға қандай кейіпкер ұнағанын анықтап сұрау керек. Кішкентай баланың жауапты сөзбен қайтаруы міндетті емес. Ол өзінің жауабын ымдап немесе іс-әрекетпен (итті сипап) айтуына болады.

Баланы кітаптағы суретпен бір жағдайда ғана әртүрлі суретшілер салған түрлі шығармаларды, онымен бірге жүйелі түрде қарастырып отырып қызықтыруға болады, Суреттерді тіл дамытуға, бейнелеу өнерінде, ән сабағында енгізуді қарастыруға болады.


Оқыту және ойын


Бұл кітаптағы жоспарлар негізгі екі міндетті шешуге пайдаланылады. Біріншіден – бейнелеу қызметі негізіне үйренуді балаға қызық және ойлы іске айналдыру. Екіншіден- оқуды ойынға айналдырудың үйлесімді жолын табу.

Кішкене сәби сурет салуды үйрену үшін ол әуелі басты «пішін бейнелеу» қимылдарын (әртүрлі сызықтарды, дөңгелек пішіндерді т.б.) меңгере білуі керек. Бұл үдеріс баладан нақты жүйеде орындалған жаттығуды талап етеді.

Қазіргі заманғы бейнелеу іс-қимылын үйрету әдістемесінде «пішін бейнелеу» қимылдарын меңгеруге мүмкіндік беретін заттар анықталған. Мысалы, сызықтар жүргізуді үйрену үшін жауынның суретін, дөңгелек пішіндер үшін домалақ жіптің суретін салады. Балалардың мұндай оқу мазмұнына қызығушылық танытпайтыны белгілі. Олар суретте өздеріне қатты әсер қалдырған заттарды бейнелеуге талпынады. Балаға әсер бермейтін заттар мен құбылыстарды бейнелеудің еш қызығы жоқ болғандықтан, сәби оны талпыныссыз және еш қызығушылықсыз орындайды. Баланың оқуға деген мұндай ниеті әуел бастан түсінікті. Оқу тапсырмасын орындауды қалайша түсінікті және қызықты ұйымдастыруға болады?

Ол үшін ересек адам тәрізді балаға да өз еңбегінің еріккеннің ермегі емес, біреу үшін керек іс екенін түсіну қажет және өте маңызды. Олар бейнелеген жаңбыр мен домалақ жіп ертегі әлеміндегі «кейіпкелер» қояндар, аюлар мен ойыншықтар үшін өте қажет. Ойыншықтармен ойнау барысында сәби жапсырған, мүсіндеген, бейнелеген заттар ықыласпен іске асырылады.

Сан-алуан және бай ойын әлемін біріктіре отырып, біз бала пікірінше еш мағынасыз оқу тапсырмасын орындауды қызықты және мәнді ете аламыз.Үйрету үдерісіне ойынды енгізу балаларды ұсынылған оқу мазмұнын игеруге талаптандыруға, қиялын одан әрі дамытуға, оқу әрекетін мазмұндауға, олардың жұмысын ойын арқылы басқарып, баға беруге, баланың алынған нәтижеден қанағаттанғандық әсер алуына, сондай-ақ мүмкіндігінше сабақ аяқталғаннан соң ойынды одан кейін де өз қалауынша жетілдіріп, тіпті жаңадан кейіпкерлер қосып, пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жерде көзделетін басты мақсат баланың сабақ барысында еркін ойнап, соның қызығымен жалғастыра беруге қызығушылық білдіруінде.


Ойын салдарлары


Балада оқу тапсырмасын орындау ниеті пайда болуы үшін, тәрбиеші ойынға қажеттілікті қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыс жүргізуі керек. Осы мақсатта ол қысқаша, бірақ жеткілікті түсінікті етіп ойын кейіпкерлерінің қажеттілігі мен оларға қамқорлық туралы оқиғаны баяндап, оларға балалардың көмектері қажеттілігін түсіндіреді. Бірақ бір нәрсені ескерген дұрыс, кішкентай бала жалпы бәріне көмектеспейді, ол өзінен көмек сұраған белгілі бір кейіпкерге көмек көрсетеді. Сондықтан, әр бала өзі көмектесетін, міндетті түрде «өз» ойын кейіпкерін алу керек.

Орынды түрде, тәрбиешінің әңгімесінде қайталанатын кейіпкерлер ойнаған дұрыс. Сонда балалар да оларды жақсы көріп, солардың өміріне тұрақты қызығушылық танытып және өмірлерінде болып жатқан жайттарға қатысып отырады. Мұндай әңгімелерді айтқанда топта жұмсақ немесе жалпақ ойыншықтырдың саны жеткілікті болу керек. Тәрбиеші әңгімесіндегі басты кейіпкер етіп, әртүрлі аңдарды ала алады: қоян, тиін, тышқан, кірпі т.б. Осындай бағытты ұстанып, өзінің де әңгімелерін құрастыруға болады. Ең бастысы – балаларды ойын кейіпкерлеріне жылы қабақ танытуға үйретіп, соларға көмек көрсетіп немесе психологияда айтқандай, салдарын тудырту. Ал бұл салдар ойыншықпен байланысты болса, онда ол ойын салдары болып келеді.


Ойын және оқыту мақсатын құрастыру.


Тәрбиеші ойын құрастыру мақсатында арнайы жұмыс өткізбейді. Ондай мақсат әр әңгіменің соңында қойылады. Бұл, ойын кейіпкерлері кішкентай баладан көмек сұрайтын бөлімнің бірі болып келеді. Бірақ тәрбиеші балалардан сұрау керек, олардың көмек көрсеткілері келе ме? Жауапты алғаннан кейін, тәрбиеші оқыту мақсатын құрастыруға көшеді. Педагог балалардан, оларға керекті заттарды сурет салып, жапсырма жасап үйретуін ұсыныс жасайды. Көмекші және әлсіздердің қорғаушысы ретіндегі өзінің игіліктерін, бала өзі жаңа бір нәрсені үйренгеннен кейін жасай алады. Сонымен, біз балаға бір нәрсе үйренуге қажет екенін айта отырып, бұл мақсатты балаға белгілі адамгершілік қасиеттерін сіңіруге де пайдаланамыз. Бүлдіршін ойнай отырып үйренгенін өзі де байқамайды, тәрбиеші ойната отырып баланың білім дағдысын, бейнелеуге икемділіктерін жетілдіріп, одан әрі тереңдетеді.

Бейнелеу әдісін көрсетіу


Сурет салу, мүсіндеу, жапсырудың әдістерін тәрбиеші балалар бақшасында дәстүрлі бейнелеу өнеріне үйрету әдісін пайдаланып түсіндіреді. (Комарова Т.С. Занятие по изобразительной деятельности в детском саду. –М., 1991; Казакова Т.Г. Изобразительная деятельность младших дошкольников. М., Казакова Т.Г. Развивайте у дошкольников творчества. –М., 1986).

Педагогтың тек жаңа материалды түсіндіргені абзал. Қалған уақыттарда түсіндіру және бейнелеу әдісін көрсетуге ересек балаларды тарту керек. Мұндай көмекті балалар бір-біріне көрші отырған жағдайда да көрсете алады.


Тапсырманы орындауды басқару.


Тапсырманы орындауды жүзеге асыру барысында тәрбиеші балаларға ойын арқылы әсер етуді кеңінен пайдаланғаны жөн. Балаларға жұмысындағы кемшілікті көрсете отырып, оның ойын кейіпкеріне кері әсері туралы түсіндіру қажет. Мысалы, үйшікке терезе салуды ұмытып кетсе, көжектің қараңғы жерде қорқып отырғанын түсіндіру керек. Төменде берілген жоспарларда балалар жұмысын мұқият талдау жайдан-жай беріліп отырған жоқ. Себебі сәбилерге теріс баға өте терең әсер етеді. Өзіне ересектер тарапынан берілген ескертуді бала тәрбиеші өзін ұнатпайды екен деп түсінеді («Сара Серікқызы мені жек көреді»). Біздің байқауымызша жұмысты сабақ соңында емес, сабақ барысында бағалаған дұрыс. Мұндайда ескерту мен (қалай түзетуге) кеңес беру ертегі кейіпкерінің атынан айтылады. Көжек үйшікке терезе салып беруді сұрайды.


Ойынның жалғасуын ұйымдастыру


Бұл сабақтардың мақсаты сабақ соңынан да ойынның жалғаса беруін көздейді. Сабақтың басынан-ақ ойын әлеміне енген бала, оның жалғасын шынайы сеніммен қабылдайды. Сабақтың негізгі бөлімін келесі ойынмен қисынды тұтастыру үшін тағы да кейіпкер енгізіледі. Біздің жағдайымызда бұл жаңағы көжектердің мамасы. Ол әуелі балалардың жұмыстарын тамашалайды, сосын өзі келгенше балалардың көжектерге қамқор бола тұруларын сұрайды. Тәрбиеші осындай кейіпкердің атынан қажетті машық пен дағдыны қалыптастыру немесе бекітуге арналған ойын қызметін орындауды өтінеді.

Балалардың ортақ желіс аясында ойнауы (өз қорғандарын дәрігерге апарулары т.б.), бір-бірімен әртүрлі ойын қимылдарын байланыстыруларына, ойынның жаңа оралымдарының пайда болуына және оның даму нәтижесіне әсер етеді.

Ойынды басқалардан бұрын аяқтағандармен тәрбиеші жеке әңгіме жүргізеді.


Балалармен әңгіме


Сабақ жоспарларында тәрбиешінің әр баламен жеке жүргізетін әңгімелері қарастырылған (бір сабақта 3-4 әңгіме). Мұндай әңгімелер тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасында сенімді қарым-қатынас орнатуымен маңызды. Сабақтың ұзақтығы қысқа болғандықтан, әңгімені балалардың басым көпшілігі ойынға алданып тәрбиешінің көз алдында болған кезде жүргізу абзал.

Тәрбиешінің әңгімесі сабақтың және ойынның мазмұны қатысты болғаны дұрыс. Тәрбиешімен өзінің жұмысын орындауда алған әсерін бөлісе отырып, бала нені үйреніп, қандай жақсылық істегенін, алда қандай жұмыстар атқаратынын түсінеді.

Ойынның дамуына ықпал ету үшін әңгімені көжек пен мамасының атынан жүргізген дұрыс. Мамасын тәрбиеші, көжегін бала сөйлетеді. Әңгіме барысында бала рөлдік ойын үшін маңызды диалогпен сөйлесудің машығын, өзара әңгімеде байланыстыра сөйлесудің тәжірибесін меңгереді.

Мұндағы әңгімелесулер баланың тілін дамытуды мақсат етпейтінін атап өткен абзал. Сондықтан бала жауап беруге қиналса одан толық жауап беруді талап етудің қажеті жоқ. Балаға өз кейіпкерінің атынан сөйлеуі керек екенін ескерту жетіп жатыр. Ең бастысы қызықты әңгіме желісін құрастырып, балалармен сенімді қарым-қатынас жасай білуде.





Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 25.10.2015
Раздел ИЗО, МХК
Подраздел Конспекты
Просмотров5255
Номер материала ДВ-094591
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх