Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Сурет және сұлба" Дүниетану

"Сурет және сұлба" Дүниетану

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Сурет және сұлба

Сабақтың мақсаты: Сурет және сұлба туралы түсінік беру.

Ой-өрісін дамыту.

Жауапкершілікке тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру.

Көрнекілігі: суреттер, карта, интерактивтік тақта, ребус.

Түрі: аралас.

Сабақтың барысы: Сабаққа даярлық

І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Психологиялық дайындық:

ІІІ. Сабақтың мақсатын хабарлау:

а) Үй тапсырмасын тексеру

ә) сұрақ-жауап ретінде ойындар ойнату.

ІY. Сынып жұмысы:

- Балалар, бүгін біздің сыныпымызға қонақтар келіп отыр. олар сендердің білім деңгейлеріңнің қаншалықты терең екенін көрмекші.

Сондықтан ойланып дұрыс жауап беріңдер.

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (күз)

- Дұрыс.

- Күз қандай мезгіл? (өте жақсы)

- Неліктен?...

- Дұрыс күзде барлық жеміс-жидектер, дәнді дақылдар, көкөністер пісіп жетіледі, қамбамыз астыққа толады, молшылық кезеңі.- Балалар, мұны айтып отырған себебім, қазір осыған байланысты -

-"Бидай жинау" ойынын ойнаймыз. Ойнай отырып өзіміздің білім деңгейіміздің қаншалықты көп екенін көрсетеміз. - Балалар бидай

қай мезгілде егіледі? Көктемде

Қазір біз көктем деп ойлап, тұқымдық бидайларды жерге себеміз. Сендер сол тұқымдық бидайдың артындағы сұрақтарға жауап барсеңдер бидайымыз өсіп жетіледі. олай болатын болса біз жыл басынан бері отілген тапсырмаларды еске түсірейік. (Сұрақ-жауап)

Бидайымыз өсіп жетілді, әрине бұл да болса сендердің арқаларың, еңбектерің. Рахмет, балалар өте жақсы! Жарайсыңдар!

Енді куз түсті, бидайымыз пісіп жетілді. Оны жинап алуымыз керек. Ол үшін өсіп жетілген бидайдың артындағы жасырын сұрақтарға жауап барсек, бидай жиналады. Бұл кезеңде өткен сабақтағы , яғни үйге берілген тапсырма сұралады.

Міне, балалар бидайымызды да жинап алдық

Балалар енді кішкене серігіп алайық. Сергіту жаттығулары:

Енді оны элеваторға апарып ұн қылып тарттыруымыз керек.

Ол үшін Ребус шешеміз:

Қандай сөздер шықты "Сурет және сұлба"

Яғни бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбымыздың аты келіп шықты.

Бидайымыз ұн болды. енді оны илеп ыстық пеште пісіру жұмысы ғана қалды. Оған сендердің шамаларың жетпейді. Ондай жұмыстарды тек үлкен кісілер, аналарымыз, апаларымыз пісіреді. Сондықтан нанды пісіру бұл жеоде менің жұмысым. сондықтан апайды мұқият тыңдаймыз.

Интерактивті тақтаны пайдалана отырып түсініндіремін.

Сурет деп кез келген заттың бейнеленген көрінісін айтады.

Сен сурет деген не екенін жақсы білесіңдер. Бйнелеу сабағында суоет саламыз, бояймыз. Мысалы, мына суреттерде жазу үстелі мен дөңгелек үстелдің көрінісі айнытпай салынған -- дей отырып, суретті көрсету. Сонымен мұны не дейміз? (Сурет)

Сұлба деп бір нәрсенің үстінен қарағандағы көрінісін айтамыз.

Яғни.мысалы біз ұшаққа мінген кезде жерге қарасақ, кетіп бара жатқан жеріміздің сұлбасын көреміз.

Дәптермен жұмыс.

Сұлбаны сызудың реті.

1. Сіріңке қорабын қағаз бетіне қой.

2. Оны қарындашпен айналдыра сыз.

---- Қандай заттың бейнесі шықты? ---- Сен сіріңке қорабының сұлбасын сыздың.

Анықтамаларды жазып алу.

Енді өзіміз жазып отырған үстел не үйіміздің, не мектептің сұлбасынн сыза адамыз ба? Әрине жоқ ол қағаз бетіне сыймайды. Ендеше ондай ірі заттың сұлбасын сызу үшін оның көлемін кішірейтеміз.

Яғни затты үлкейтіп, кішірейту үшін масштаб қолданылады екен.

Масштаб деп белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін санды "масштаб" дейміз.

Y. Түсінгендерін тексеру: - Балалар нанымыз пісті., енді оның қаншалықты еңбекпен келгенін білдік пе? "Еңбек түбі -- зейнет" деп халқымыз бекер айтпаған екен.

Берілген мәтінді бірнеше балаға кезекпен оқыту.

YІ. Бекіту кезеңі: Бүгін не өттік? Сурет, сұлба дегеніміз не? екеуі де бір нәрсе ме?

Сұрақ-жауап алу.

YІ. Үйге тапсырма: түсініп оқу. Үйде өзіңнің үстеліңнің сұлбасын салу.

Оқушылардың еңбегін бағалау.

Хош сау болыңдар!







Автор
Дата добавления 15.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров248
Номер материала ДВ-343034
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх