Инфоурок Другое Другие методич. материалыСуреттің үзінділерін ерекшелеу және жұмыс істеу.

Суреттің үзінділерін ерекшелеу және жұмыс істеу.

Скачать материал

Тақырыбы: Суреттің үзінділерін ерекшелеу және жұмыс істеу.

Күтілетін нәтиже:

Білім

·  Қарапайым графикалық редакторда сурет үзінділерін ерекшелеуді үйренеді.Paint графикалық редакторында сурет үзінділерін таниды.

Түсінік

·  Paint графикалық редакторының сурет үзінділерінің ерекшеліктерімен танысады.Суреттің үзінділерімен жұмыс істейді.

Қолданыс

·  Орындаушы Paint графикалық редакторының сурет үзінділерін түрлендіру әдісін меңгереді.

Анализ

·  Paint графикалық редакторында сурет үзінділерін ереушелеу тәсілдерін талдайды.

Синтез

·  Сурет үзінділерімен жұмыс кезінде Paint графикалық редакторының құралдарын қолданудың маңыздылығын көрсетеді.

Баға

·  Сурет үзінділерімен жұмыс істеудің маңыздылығын ерекшелейді.

Сабақ құрылымы:

І. Ақпарат алмасу (13 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (4 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (14 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).

V. Бағамдау - бағалау(4мин.).

Сабақ типі:   Сабақта жаңа білімді игеру

Оқыту әдісі: Түсіндірмелі - иллюстративтік, репродуктивті, топтық.

Мұғалім іс - әрекетінің тәсілі:

·        Оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру

·        Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында нақты мысалдар көрсету

·        Оқушыларға мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру.

·        Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру

Негізгі ұғымдар мен терминдер:

·          Алмастыру буфері, үзінді, фрагмент, инверциялау, фигуралы қайшы.

Оқушыда дағды қалыптастыру:

·        Жаңа өткен тақырыпты толық игеру

·        Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау

Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау

Ақпарат көздері:

1.      Paint графикалық редакторының құралдары. 7 - сынып. Ақпарат көзі: http://45minut.kz/?p=9055

2.      PAINT графикалық редакторы .Ақпарат көзі: http://45minut.kz/?p=14526

3.      Paint графикалық редакторының командалары. Ақпарат көзі: http://web.chitate.ru/docs/47/index - 17152.html

4.      Е. Балапанов, Б.Бөрібаев. Paint программасын пайдалану

 

 

Оқушы жетістігін бағалау:

·        Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.

Бонус - балл тапсырмасы:

Графикалық редактор Paint - та сурет үзінділерімен жұмыс істеуде басқа қандай түрлендірулер жасауға келеді?

Үй тапсырмасы:

Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы

1.      Анықтамаларды жаттау.

2.      Paint қарапайым графикалық редакторында сурет үзінділерін ерекшелеу тәсілдерін және жұмыс істеу ерекшеліктерін жаттау.

САБАҚ БЛОКТАРЫ s

 

 

і. аҚПАРАТ алмасу

 

 

Тақырып жоспары:

1.      Сурет үзінділерін ерекшелеу тәсілдері қандай?

2.      Сурет үзінділерін ерекшелеу кезіндегі командалар.

3.      Сурет үзінділерімен жұмыс істеу.

Слайдтар:

1 - слайд (титул)

 

2 - слайд Сабақтың мақсаты

 

3 - слайд Тақырып жоспары

 

4 - слайд 1 - тақырыпша. Сурет үзінділерін ерекшелеу тәсілдері қандай?

 

5 - слайд Фрагменттерді ерекшелеу және олармен жұмыс істеу

Көбінесе салынып біткен сурет бөліктерін, яғни оның фрагментін пайдалана отырып басқа суреттік бейнелерді салуға тура келеді. Paint редакторында сондай фрагменттерді ерекшелеп алып, басқа орынға ауыстыруға мүмкіндік беретін де аспаптар бар, ол фрагменттер уақытша алмастыру буферіне орналастырылып, басқа суретке бірнеше рет қойылуы мүмкін.

 

6 - слайд

 Аспаптар тақтасын фрагменттерді ерекшелеуге арналған Тіктөртбұрышты және Фигуралы қайшылар бар.

Тіктөртбұрышты қайшы арқылы фрагментті ерекшелеу экранда тіктөртбұрыш салу әдісін еске түсіреді. Ал, фигуралы қайшы көмегімен ерекшелеу Қылқаламмен жұмыс істеу сияқты орындалады (ерекшеленетін аумақты қисық тұйық сызықпен қоршап шығу). Ерекшеленген фрагмент экранда пунктирлі сызықпен қоршалып тұрады.

7 - слайд

 

8 – слайд  2 - тақырыпша. Сурет үзінділерін ерекшелеу кезіндегі командалар.

 

9 - слайд

Ерекшеленген фрагмент экранда пунктирлі сызықпен қоршалып тұрғанда басқа орынға ауыстыру үшін:

­курсорды ерекшеленген фрагменттің кез келген ішкі нүктесіне апарып, тышқан батырмасын басыңыз;

­батырманы басулы күйінде ұстап тұрып, фрагментті басқа орынға ауыстырыңыз;

­батырманы босатыңыз.

Фрагменттің алдыңғы тұрған жері жойылып, фондық түске боялады.

 

10 - слайд

 

11 - слайд

· Фрагмент жаңа орынға ауыстырылған соң да, оның ерекшеленуі алынбайды, яғни ол буферде қала береді. Егер фрагментті ауыстыру кезінде тышқан батырмасымен бірге Shift пернесі қатар басылатын болса, онда экран бетінде фрагменттің орын ауыстырып жылжыған ізі көрініп тұрады.

· Жаңа орында фрагменттің тек көшірмесін алу үшін (мұнда фрагмент бұрынғы орында да қалатынын ескерте кетейік) орын ауыстыруда көрсетілген іс - әрекеттер сол күйінде орындалып, тек «тышқан» батырмасы басылған сәтте онымен бірге Ctrl пернесі де басылуы тиіс.

12 - слайд

 

13 - слайд 3 - тақырыпша. Сурет үзінділерімен жұмыс істеу.

 

14 - слайд

Ерекшеленген фрагментпен мынандай түрлендіру жұмыстарын

атқаруға болады:

­        Түрлендіру → Көлденеңінен бұрау (Преобразования → Повернуть по Горизонтали) командасы арқылы орындалатын фрагментті көлденең бұрау;

 

15 - слайд

                  Түрлендіру → Тігінен бұрау (команда Преобразования → Повернуть по Вертикали) командасы арқылы орындалатын фрагментті тігінен бұрау;

 

16 - слайд

      ­            Түрлендіру → Инверсиялау (Преобразования → Инвертировать) командасы арқылы орындалатын фрагментті барлық түстерді қарама - қарсы (инверсиялық) түстерге ауыстыру.

 

17 - слайд

Ерекшеленген фрагмент мәзірдің Түзету (Правка)   командасының ішкі мүмкіндіктеріне сәйкес алмастыру буферіне ауыстырылуы немесе қиылып алынуы мүмкін. Бұдан кейін сол менюдегі Кірістіру (Вставить) командасын орындауға болады, ол буферге орналастырылған фрагментті экранның сол жақ жоғарғы бұрышына шығарып көрсетеді немесе Өшіру (Очистить) командасын басып жойса болады.

 

іі. алғашқы бекіту

 

Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Paint графикалық редакторындағы сурет үзінділері

дегеніміз не?

Сурет үзінділерін ерекшелеу тәсілдері қандай?

Сурет үзінділерін ерекшелеу кезіндегі командалар.

Сурет үзінділерімен жұмыс істеу.

 

 

 

 

Қорытынды:___________________________________________________________

 

ііі. құзырлылық қалыптастыру

 

Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1.      Инверциялау дегеніміз не?

2.      Алмасу буфері дегеніміз не?

3.      Суреттің бөлінген бөлігін қалай атаймыз?

4.      Суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге арналған құрал?

5.      Ерекшеленген фрагмент экранда қандай сызықпен қоршалып тұрады?

6.      Ерекшеленген фрагментті қалай жойса болады?

7.      Сурет үзінділерін ерекшелеу тәсілдері қандай?

8.      Ерекшеленген фрагмент экранда пунктирлі сызықпен қоршалып тұрғанда басқа орынға ауыстыру үшін не істеу қажет?

 

ІІ деңгей тапсырмалары

1.      Сәйкестендіру тесті: Әрекеттер мен Командалар

Үзіндіні көшіру үшін Белгілеу – Вырезать – Вставить

Үзіндіні жылжыту үшін Белгілеу – Повернуть

Үзіндіні көбейту үшін Белгілеу – Жанама меню – Удалить

Үзіндіні бұру үшін Белгілеу – Копировать – Вставить

Үзіндіні жою үшін Белгілеу – Shift пернесін басу

 

ІІІ деңгей тапсырмалары

1.    «Жалғасын тап» ойын элементтері арқылы үй тапсырмасын пысықтауға арналған сұрақтар беремін.

1.    Аспаптар тақтасын фрагменттерді ерекшелеуге арналған ........ және ......... қайшылар бар.

2.    Ерекшеленген фрагмент мәзірдің ........ (Правка)       командасының ішкі мүмкіндіктеріне сәйкес алмастыру буферіне ауыстырылуы немесе қиылып алынуы мүмкін.

3.    Ерекшеленген фрагмент экранда басқа орынға ауыстырылған кезде, Фрагменттің алдыңғы тұрған жері жойылып, ........ түске боялады

 

 

іV. шығармашылық әрекет

 

Топтық жұмыс.

1 - топқа:

Мұғалім берілген тапсырманы оқиды, ал оқушылар тапсырмаларды компьютерде орындайды.

«Сиқырлы балықтар әлемінің» тапсырмалары:

Тордағы балықтар.

Жұмыс аймағын төрт торға бөл

Бірінші торға шағын сурет сал

Үзіндіні белгіле

Оны әрбір торға көшір

Үзіндіні бейнеле де, қайталанбауы үшін әр түрлі бағыттарда бұр

Көрсетілген үзінділерден әрқайсысын алу үшін алғашқы үзіндімен қандай әрекеттер орындау керек екенін сәйкес төртбұрыштарға жаз.

2 - топқа:

 «Сұраққа жауап тап?»

1.Егер фрагментті ауыстыру кезінде тышқан батырмасымен бірге Shift пернесі қатар басылатын болса экранда не өзгереді?

2.Орын ауыстыруда «тышқан» батырмасы басылған сәтте онымен бірге Ctrl пернесі басылса не болады?

3.Түзету,кірістіру және өшіру командаларын түсіндір?

3 - топқа: Мына суретте көрсетілген түрлендірулерді түсіндір

 

V. бағамдау - бағалау

 

 

Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігін туралы эссе жаз.

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

5 938 898 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.04.2017 563
    • DOCX 937.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Толеубекова Фарида Джаймбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 53
    • Всего просмотров: 15494
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой