Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Видеоуроки / Сүйек типтері және олардың байланысуы.

Сүйек типтері және олардың байланысуы.


  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Бекітемін: _________

Күні: 30.11.2015ж. Пәні: Биология. Сыныбы: 8а

Сабақтың тақырыбы: Сүйек типтері және олардың байланысуы.


Сабақтың мақсаты:

І. Білімділік мақсаты: Оқушыларды сүйек типтерімен және олардың байланысын түсіндіру.

ІІ. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың танымдылық қабілетін арттыру.

ІІІ. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өзін ортада сыпайы ұстауға, адамгершілікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.


Сабақтың өтілу әдісі: Ауызша әңгімелеу, сұрақ – жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, плакаттар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  3. Оқушыларды сабаққа дайындау.

  4. Оқушылардың субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі.

  1. Сүйек ұлпасы қандай құрылым құрайды?

  2. Сүйек қандай заттардан түзілген?

  3. Сүйектің бейорганикалық заттарын атаңдар.

  4. Сүектің органикалық заттарын атаңдар.



  1. Жаңа сабақты оқып – білу кезеңі.

Жаңа тақырып: Қаңқаның негізгі бөлімдері: бассүйек, тұлға қаңқасы, иық және жамбас белдеулерінің қаңқасы, қол-аяқ қаңқасы. Омыртқа жотасының бөлімдері. Адам қаңқасының ерекшеліктері.

Адам қаңқасының сүйектері қысқа, жалпақ және ұзын (түтік тәрізді, қуыс) сүйектер болып жіктеледі. Қысқа сүйектерді омыртқа, білезік, алақан, табан сүйектері құрайды. Жалпақ сүйектерге жауырын, бассүйектің ми сауыты және бет сүйектері, қабырғалар, төс жамбас сүйектері жатады. Ұзын, түтік тәрізді сүйектерге жіліктер жатады . Бұл сүйектердің қуысы сүйектің сары жілік майына толы келеді. Жілік басы сүйекті нығайтатын кемік заттан және қан түзу мүшесі — сүйектің қызыл кемігінен тұрады.

Сүйектердің байланысуы. Сүйектер өзара қозғалмайтын, жартылай қозғалатын, қозғалатын (буынды) болып байланысады. Сүйектердің қозғалмайтын болып қосылуы олардың қиысып бітуі арқылы түзіледі. Осылай құйымшақ және сегізкөз сүйектері өзара байланысқан. Жік арқылы қозғалмайтын болып байланысу бас сүйектеріне тән. Жік арқылы байланысу үлкен беріктікті қамтамасыз етеді, мысалы, миды қорғайды.

Көптеген сүйектер созылмалы және иілгіштігі жоғары, шеміршекті астармен омыртқа дискісін түзіп байланысқан. Бұл — омыртқа жотасының иілгіштігін қамтамасыз ететін сүйектердің жартылай қозғалатын болып байланысуы. Буын — сүйектердің қозғалатын болып байланысуы. Буын тұтас сүйектерден тұрады. Олардың біреуінде басқа сүйектің буын басы кіретін буын ойысы болады. Басы мен ойысы иілгіш шеміршекпен қапталған және мөлшері мен пішіндері сәйкес келеді. Оларды дәнекер ұлпасынан тұратын буынішілік байлам байланыстырады.

Байланысқан сүйекті буын қабы жабады. Буын қабының ішкі беті үйкелісті азайтатын және байланысқан сүйектер арасындағы қозғалысты қамтамасыз ететін аз мөлшерде тұтқыр сұйықтық бөледі. Шеміршек сүйек қабына ұқсас жұқа ұлпамен жабылған және ол сүйектің өсуін қамтамасыз етеді.

Дұрыс отырмаған кезде адамның омыртқа жотасы қисайып, иығы бүкірейіп қалуы мүмкін. Ал ұзақ уақыт аяққа күш түскенде, тар және өкшесі биік аяқкиім кигенде жалпақтабандылық пайда болады.

Қаңқаның сүйектену проесі дене өсуі тоқтағанда, 22-25 жасқа қарай аяқталады. Ересектерде сүйек затының жарқырауы баяу жүреді.


  1. Жаңа білім және іс – әрекет амалдарын алғашқы тексеру кезеңі.

  1. Адам қаңқасының қысқа сүйектерін атаңдар.

  2. Қысқа сүйектердің құрылысы қандай?

  3. Қаңқаның жалпақ сүйектерін атаңдар. Олардың құрылысы қандай?


  1. Жаңа білімді және іс – әрекеттер амалдарын бекіту кезеңі

  1. Қаңқаның қандай бөлігі қозғалмайтын болып байланысқан?

  2. Жік арқылы байланысудың ерекшелігі неде?

  3. Жартылай қозғалмалы байланыс қалай жүзеге асады?


  1. Үй тапсырмасы жайында мәлімет беру кезеңі.

Сүйек типтері және олардың байланысуы.

  1. Сабақты қорытындылау кезеңі.

Жаңа тақырыпты сұрақ – жауап арқылы қорытындылау.

  1. Рефлекция кезеңі.

Мен бүгін сабақтан қандай қызық мәлімет алдым.


Автор
Дата добавления 15.01.2016
Раздел Биология
Подраздел Видеоуроки
Просмотров651
Номер материала ДВ-342830
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх