Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Конспекты / «Сүйем сені туған ел» (Тарихи саяхат ойыны)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

«Сүйем сені туған ел» (Тарихи саяхат ойыны)

библиотека
материалов

«Сүйем сені туған ел»

(Тарихи саяхат ойыны)

Мақсаты: Оқушылардың Отан, туған жер, өскен өлке, атамекен және Қазақстан туралы ой өрісін кеңейту. Еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімізбен таныстыру мақсатында білімдерін кеңейту. Бізге жеткен халқымыздың тарихын дәріптей отырып, жас ұрпақтың бойына ұлттық сана-сезім көзқарасын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, атамекеніне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу арқылы оқушылардың патриоттық сезімін ояту, тыңдай білуге өз ойын жеткізе білуге дағдыландыру.

Дамытушылық: Оқушылардың өз Отанын қызғыштай қорғауға, елін жерін, тілін, дінін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. Қазақстан жерінің байлығын мақтан ете отырып, халық игілігін дұрыс пайдалана білуге баулу. Жаңа заман талабына сай жан-жақты, білімді де жігерлі тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат ойыны

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, пікірталас, ойын.

Қатысушылар: 5 сынып оқушылары.

Жауапты класс: 8 «А»

Сабақтың барысы: а) Сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру. ә) Ойынға қатысушы оқушылармен таныстыру. б) Әділ қазылар тобымен таныстыру. в) Ойын шартымен таныстыру. (Әрбір турдағы сұрақтар 5,10,15 ұпаймен бағаланады)

1-жүргізуші: Армысыздар,қадірменді ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары. «Сүйем сені туған ел» тақырыбына арналған тарихи саяхат ойынына қош келдіңіздер. Сайысты бастамас бұрын сіздерді әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік: мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары Сұлтанова Жанна Қибатқызы, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әбдікова Гүлшат, Тарих пәнінің мұғалімі Нұртаева Айнаш Әленқызы

2-жүргізуші: Бүгінгі біздің тарихи саяхат ойынымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналады. Тәуелсіздік.Қандай қасиетті, қастерлі ұғым десеңізші. Ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікті алғанымызға міне, биыл тура 22 жыл толады.

1-жүргізуші: Тәуелсіздік бізге оңай келмеді, Жұртым менің не қиындық көрмеді. Жылап тұрып аналарым бұл жолда, Сан перзентін қара жерге жерледі.

«О, Тәңірім, бақыт құсы қонып бір,- Деп тіледік бізді баққа жолықтыр!... Бүгін, міне, Тәуелсіздік, ағайын, Әр қазақтың жүрегінде соғып тұр!-дей келе баршаңызды алда келе жатқан біз үшін аса қасиетті, қымбатты мереке Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттыққтаймыз!

«Сәлем саған туған ел» әнімен 5 «А» класс оқушысы Әлқуат Азизаны қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші: Оқушыларды 2 топқа бөлеміз.(Бәйтерек және Елтаңбаны құрастыру арқылы) І топ: Бәйтерек ІІ топ: Елтаңба

Сайыстың барысы V кезеңнен тұрады: І. кезең «Көкпар» ІІ. кезең «Палиглот» ІІІ. кезең «Маңызды жеті сұрақ» ІV. кезең «Шешендік» V. кезең «Бәйге» (Әрбір турдағы сұрақтар 5,10,15 ұпаймен бағаланады)

1-жүргізуші: Әрқашанда алды бол, Артыңдағыны ұмытпа! Болашағыңды бүгіннен ойла, Тарихыңды ұмытпа!-дей келе сайысымызды бастаймыз. Қатысушыларға сәттілік тілейміз.

І-кезең. «Көкпар» (Шартты сұраққа тез, толық жауап беру керек) 1. Қазақстан Респубьликасы қашан тәуелсіздік алды? Тәуелсіздікке неше жыл? (16 желтоқсан 1991 жыл, 22 жыл) 2. Қазақстанның Елбасшысы Президент қай жылы сайланды? (1 желтоқсан 1991 жыл) 3. Қай жылдары Қазақстанның астанасы Қызылордадан Алматыға. Алматыдан Астанаға көшірілді? (1929 жылы, 1998 жылы) 4. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата және олар қай жылы қабылданды? (Туы, Елтаңбасы, Әнұран. 1992 ж.4 маусым) 5. Қазақстан Республикасының әнұранының авторлары кімдер, ол қай кезде орындалады? Әнұранның бір шумағын айт? (Сөзі: Жұмакен Нәжімеденов, Нұрсылтан Назарбаев, Әні: Шәмші Қалдаяқов, салтанатты жиындарда) 6. Қазақстан Республикасының туының авторы кім, ту туралы әңгімеле? (Шәкен Ниязбеков) 7. Қазақстан Республикасының елтаңбасының авторлары кімдер? Елтаңба туралы әңгімеле? (Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов) 8. Қазақстан қандай елдермен шектеседі? (Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан).

2-жүргізуші: Отан-әр адамның туып өскен жеріі, туған - туысқандармен, жақындармен бірге тұратын атамекені ел-жұрты. Адамның жақсы бақытты өмір сүруі көп жағдайда отанға деген сүйіспеншілігіне байланысты. Отанын сүйе білген жағдайда құрмет те, атақ та, арман да болады. Отан адамның отбасынан туып - өскен жерінен басталады.

1-жүргізуші: Иә, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ер болады.Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан егеменді» ел болып, дүние жүзіне танылды. Халқымыздың азаттық жолындағы сан ғасырлық тарихы бар. Ерлік пен елдіктің талай үлесін көрсете білген ата-бабаларымыздың табанды күресінің арқасында бірлігін сақтай отырып, «Қазақ» деген іргелі елдің шаңырағы көтерілді. Отан кіндік қаның тамған жерің. Біздің отанымыз Қазақстан.

Сіздердің назарларыңызға 5 «А» класс оқушыларның «қазақ» биін ұсынамыз.



2-жүргізуші: Тауды биік деме сен, Талаптансаң шығарсың. Жауды мықты деме сен, Білімді болсаң шығарсың!-дей келе 2-ші кезеңді бастаймыз.

ІІ-кезең. «Палиглот» (Кім көп біледі) Шарты: сұраққа қазақша-орысша-ағылшынша жауап береді. 1. Республика басшысын кім деп атайды? (Елбасы-Президент-the President) 2. Әр адамның несі бар? (Отан-Родина-Mоtherland) 3. Қазақстан Республикасының негізгі заңы не? (Конституция-Соnstitesоn) 4. Одақ құрамындағы мемлекеттер1990 жылдан бастап не алды? (Тәуелсіздік-суверенитет-sаwerenity) 5. Ұзындығы екі метр, ені 1 метр, көгілдір түсті, ортасында күн сәулесі шашыраған, астында қалықтап ұшқан қыран сурет бейнеленген, ол не? (Ту-флаг-biug) 6. Салтанатты жиындарда жанды дауыспен айтылатын не? (әнұран-гимн-) 7. Көгілдір түсті, шаңырақ бейнеленген, оны айнала күн сәулесіндей уықтар шаншылып, оны қанатты пырақтар көмкерген, ол не? (Елтаңба-герб-enthem) 8. Қазақстан Республикасында Астана қаласы не болып есептелінеді? (Астан-столица) 9. Заң шығаратын мемлекеттік орган не деп аталады? (Парламент) 10. Заңдарды кімдер жүзеге асырады? (Үкімет-правительство)

1-жүргізуші: Өзіндікі елің де, 
Өзіндікі жерің де, 
Жаса,Қазақстаным, 
Тәуелсіздік төрінде!-дей келе өз елін мақтанышпен жырлаған ақын-жазушылар қаншама?! Келесі кезекте өлеңді мәнерлеп оқуға береміз. Сіздердің назарларыңызға 5 «Ә» класс оқушысы Тілеулиева Жадыраның «Тәуелсіздік монументі» мәнерлеп оқуын ұсынамыз.

ІІІ-тур. Маңызды жеті сұрақ: 1. Математика. Әл-Фараби 873 жылы туып, 950 жылы қайтыс болды. Ол қазір неше жаста, неше жыл өмір сүрді? ( жаста, 77 жыл өмір сүрді)

2. Қазақ тілі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай тіл? Ол Конституцияның нешінші бабымен бекітілген. Конституциясының деген сөз қай септікте тұр? (Қазақ тілі, 7 бабымен, ілік септікте)

3. География. Қазақстан территориясының көлемі дүние жүзі бойынша нешінші орында? Онда неше облыс бар? Қазақстан немен шұғылданады? (9-орында, 14 облыс бар, ауыл шаруашылығы және саудамен айналысады)

4. Биология. Қазақстанда қандай қорықтар бар? Қандай аңдар мен құстар мекендейді? (Барса-келмес, Алматы, Баянауыл, Қорғалжын, Ерементау. Арқар, Елік, ақбөкен, аю, қасқыр, аққу, қаршыға қырғи, қарлығаш)

5. Әдебиет. Ғабит Мүсірепов кім? Оның жазушылығымен қатар тағы қандай қырын білесіңдер? Еңбектерін ата? (Ол жазушы. Аудармашы, драматург, «Ананың арашасы», «Қазақ солдаты»)

6. Муыка. Қазақтың қандай әнші-композиторларын білесіңдер? «Атамекен» әнінің авторы кім? Әнді орында (Е.Хасанғалиев)

7. Тарих. Қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ жазушыларын ата? (М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жанансүгіров)

2-жүргізуші: Қазақстан көп ұлтты бауырына басқан, татулық пен ынытымақты ту еткен бейбіт сүйгіш ел. Бүгінде елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Сондай - ақ Қазақстан алуан түрлі ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрін тоғыстырған кең байтақ өлке. Келесі кезеңге көшелік.

ІV-кезең. «Шешендік». Тәуелсіздікке арнап өлең шығару. (7минут беріледі) сайыскерлер дайын болғанша 8 «А» класс оқушысы Ықсан Алтынбектің .... күйін тамашалайық. Топтар дайын болса сөз кезегін берейік.

1-жүргізуші: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы, ең алдымен бәсекеге қабілетті болу тиіс. Қазақстанға сендер жасампаз еңбектерің, сендердің күш жігерлерің және сендердің білгендерің қажет... дегендей соңғы турды бастаймыз.

V-кезең. «Бәйге». Әр топтың капитандары сайысы. 1-нұсқа. 1. Алматы қаласы дүние жүзіне несімен танымал? (апортымен, Медеу мұзайдынымен) 2. Қазақстанның ең биік шыңы (Хантәңірі). 3. Астана қаласы қай жылдан бастап ҚР-ның астанасы? (1998 жыл) 4. Қазақстанда неше өзен бар? (85 мыңға жуық). 5. Алматы қаласы қандай таудың бөктерінде салынған? (Алатау бөктерінде) 6. Төл теңгеміз қашан дүниеге келді? (1993 жылы, 15-қарашада) 7. Жылқының сүтінен не жасалады? (қымыз) 8. Қазақстан күміс, қорғасын шығарудан нешінші орында? (2-орын) 9. Сүттен не жасалынады? (құрт, ірімшік, сүзбе, қаймақ, май) 10. Қойдың басын кімдерге таратады? (сыйлы қонақтарға) 11. Киіз үйдің сүйегіне не жатады? (кереге, есік, шаңырақ, уық) 12. Қазақтың ұлттық ойындарын ата? (көкпар, бәйге, ат жарыс, алтыбақан, қыз қуу т.б.) 13. Бала туғаннан жүргенге дейінгі тойлардың түрін ата? (Шілдехана, тұсау кесу, қырқынан шығару) 14. Мына мақалды аяқта. Отан оттан да ...

ІІ-нұсқа. 1. Астана қаласының бұрынғы атаулары. (Ақмола, Целиноград) 2. Алматы қаласы қай жылдары Қазақстан Республикасының астанасы болды? (1929-1998 жылдары) 3. Алтай тауларын кандай төрт мемлекет өзара бөліседі? (Қытай, Ресей, Қазақстан, Монғолия). 4. Астана қаласы қай өзеннің жағасына салынған? (Есіл өзенінің) 5. Қазақстанда көлемі 100 шаршы шакырымнан асатын көлдер саны (21). 6. Көкшетау, Баянаула, Қаркаралы, Ұлытау Қазакстанның қай өңірінде орналасқан (Сарыарқа өңірінде). 7. Түйенің сүтінен не жасалынады? (Шұбат) 8. Қазақстан Республикасы мырыш шығарудан нешінші орында? (1-ші) 9. Еттен не жасалынады? (Қуырдақ, қазы, қарта,ет) 10. Төрге кімдер отырғызылады? (Жасы үлкен және сыйлы қонақтар) 11. Киіз үйдің жабуларына не жатады? (Түндік, есік, туырлық) 12. Қазақтың ұлттық киімдерін ата? (Тақия, сәукеле, тон, шапан, шекпен, етік, кебіс, мәсі) 13. 1-жастан бастап мектеп аралығындағы балаларға арналған тойларды ата? (Тоқым қағу, сүндет тойы, тілашар тойы) 14. Мына мақалды аяқта? Туған жердей жер ...

2-жүргізуші: Сайыстың қорытындысын жасауға әділқазылар алқасына уақыт береміз. Сіздердің назарларыңызға 5 «Ә» класс оқушыларының қазақ биін ұсынамыз.

1-жүргізуші: Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту-қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған. Біздің ұшан – теңіз ертегі аңыздарымыз, ұзақ дастандарымыз бен жырларымыз, мақал-мәтелдеріміз, ұлы жырауларымыз бен шешендеріміздің нақылдары туған жерді, Отанды ардақтауға толы. Олардың өзі қандай терең мәнді, көркем сөз маржандары десеңізші! Келесі кезекті Отан, туған жер, ел және батыр туралы мақал-мәтелдердің жалғасын табуға береміз.(Көрермендерге беріледі)

І- оқушы: Отан қадіріне жетпеген, Өз қадіріне жетпес.

ІІ-оқушы: Туған жердің күні де ыстық, түтіні де ыстық.

ІІІ-оқушы: Отаныңның ойраны, Өміріңнің тозғаны.

ІV-оқушы: Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.

V-оқушы: Өзге елдің оты, Өз еліңнің түтініне де татымас.

VІ-оқушы: Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.

VІІ-оқушы: Отан оттан да ыстық, Жалыны бар шоқтан да ыстық.

VІІІ-оқушы: Ердің ісі – елдің мойнында, Елдің ісі – ердің мойнында.

ІХ-оқушы: Отанға опасыздық еткенің, Өз түбіңе өзің жеткенің.

Х- оқушы: Елінен безген оңбайды, Көлінен безген қонбайды.

ХІ- оқушы: Отан үшін күрес, Елге тиген үлес.

ХІІ- оқушы: Ел үмітін – ел ақтар, Ер атағын – ел сақтар.

2-жүргізуші:Қазақстан-өзенім, көлім, Қазақстан кең байтақ жерім. Қазақстан еңселі елім, Қазақстан Республикам менің-дей келе 5 «А» класс оқушысы Асылхан Ерасылды «Жаса Қазақстан» әнімен ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші: Міне біз «Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» шыққан озық ойлы оқушыларымызды анықтайтын да кезге жеттік. Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

2-жүргізуші: «Білекке сенер заманда ешкімге есе бермедік», «Білікке сенер заманда қапы қалып жүрмейік» деп даналарымыз айтқандай «Келешек білімді ұрпақ қолында» екендігін Елбасымыз халқына жолдауында атап көрсеткен болатын. Еліміздің ертеңі, Тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағын келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағы бар елдің жалауы ешқашан да еңкеймек емес. Алдағы уақытта тек қана биіктерден көріне бер деген ізгі ниетпен біз сайысымызды аяқтаймыз. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.



Дайындаған: Тілепова Л.Қ.









































Благодар орта мектебі











«Сүйем сені туған ел»

(Тарихи саяхат ойыны)







Ұйымдастырушы: 8 «А» сыныбы

Жетекшісі: Тілепова Л.Қ.













Ақтөбе 2013 жыл.

Тәуелсіздік-бұл менің Парасатым, Күншілмен де тіл тауып жарасатын. Қорғайтын Елдігіңді ерлігімен, Қазақтың шығаратын Алаш атын. Тәуелсіздік-Арымдай аңсар әнім, Тау-тасындай аңсаған жан самалы. Қазақтың жанына жат пиғылдарға, Қамығып қара судай қарсы аламын

1- оқушы: «Тәуелсіздік» Тәуелсіздік-таң нұрысың арайлы, Бабалардың араманысың талайғы. Ғасырлардың құшағында ер жеттің, Халқым сені өз бақыты санайды. Сен әкелдің шаттығымды, күлкімді, Ата-бабам армандаған бұл күнді. Тәуелсіздік өркендесін өрісің Бақытпенен қауыштырған жұртымды!

2- оқушы: Тәуелсіздік-бұл менің Парасатым, Күншілмен де тіл тауып жарасатын. Қорғайтын Елдігіңді ерлігімен, Қазақтың шығаратын Алаш атын. Тәуелсіздік-Арымдай аңсар әнім, Тау-тасындай аңсаған жан самалы. Қазақтың жанына жат пиғылдарға, Қамығып қара судай қарсы аламын.

ІІ-жүргізуші: Қыран бүркіт көмкерген, Күлімдеген күні бар. Әсем бейне сен көрген, Жай бейне емес біліп ал. Мағыналы, сымбатты, Бізде осындай бар белгі. Маған, саған қымбатты, Елтаңбасы ол елдің.















І-оқушы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көгілдір түсті. Онда алтын күн бейнесі, шарықтай ұшқан дала қыраны және ұлттық ою-өрнек нақышталған тік жолақ бар. Тудың көгілдір түсі – бұлтсыз ашық аспан, бейбітшілік белгісі. Күннің нұр шұғыласы – байлық пен берекенің, тыныштық пен жылылықтың белгісі. Қыран бүркіт – тәуелсіздіктің белгісі. Өрнек салт – дәстүріміздің белгісі.



ІІ-оқушы: Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бастысы - шаңырақ. Шаңырақ киіз үйдің күмбезі. Ол күн бейнесін, ал уықтар одан тарап жатқан алтын сәулелері. Қазақта «Ат – адамның қанаты» деген мақал бар. Елтаңбадағы тұлпар бейнесі дала пырағы, оның шапшаңдығы ер жігітті тәуелсіздікке жетелейді. Бесбұрышты жұлдызы әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы сияқты. Күн мен айды, жұлдызды кие тұтатын халқымыз «жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманын айтып тұрғандай.









































Аяулы Астана

Кең байтақ даламыздың білегіндей

Ақжарқын болашақтың тірегіндей

Тыңдайды тынысыңды әлем бүгін

Астана еліміздің жүрегіндеі?..

Тәуелсіз бұл өмірдің мәні болшы?

Ұрпақтан ұрпақ айтар әні болшы?

Бұлыңғыр ғасырлардың шаңын қаққан

Көркейген даламыздың сәні болшы?























Ұлағатты сөздер:

Отаншылық ең-ізгі сезім.

(Л.Н.Толстой)

Отан үшін отқа түс, күймейсің.

Опасызда Отан жоқ.

Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп, қызмет етуден аянба!

(Б.Момышұлы)

Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ,-деп, ер қайратыңа мін-дағы, өрге бас.

(М.Әуезов)

Өз Отаныңның перзенті бол, туған жер топырағымен байланысыңды терең сезіп, оған перзентіңше қара, одан алғаныңды үш еселеп қайтар. Дүние жүзінде біздің елімізден басқа да алауан түрлі мемлекеттер мен аймақтар көп, бірақ адамның туған анасы да біреу,оның Отаны біреу ғана.

(К.Д.Ушинский)

Ізгі ниетті адамның қай-қайсысы да туған жер мен өзінің қандас туыстығын, өзінің жан-тәнімен байланысты екенін терең сезінеді.

(В.Г.Белинский)

Өз еліңді әрбір ұсақ-түйегіне дейін ерекше де өте қымбат, сүйікті сезінбесең, адамдық мінез де жоқ.

(К.Г.Паустовский)

Өз елін сүймеген адам ештеңені де сүйе алмайды.

(Д.Байрон)

Өзінің Отанынан безінген адамдар санасымен өзінің ар-ожданын да безінеді.

(Я.Галан)

Отаншыл-Отанның абыройы үстем болуы жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын, өмірін аямайтын жан.

(Мирза Ахундов)

Өтелмейтін қылмыс бар, ол-Отанға опасыздық жасау.

(П.Буаст)

ІV. Жаңа сабақты қорытындылау:

Сонымен Отанды шексіз сүйіп, ардақтауға қоса, оны жауларынан жан аямай қорғау-әр перзенттің парызы, міндеті де.

































Отан қадіріне жетпеген, Өз қадіріне жетпес.

Отаныңның ойраны, Өміріңнің тозғаны.

Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.

Өзге елдің оты, Өз еліңнің түтініне де татымас.

Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.

Отан оттан да ыстық, Жалыны бар шоқтан да ыстық.

Отанға опасыздық еткенің, Өз түбіңе өзің жеткенің.

Отан үшін күрес, Елге тиген үлес.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 13.04.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров186
Номер материала ДБ-030456
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх