Инфоурок Другое Другие методич. материалыСүйінбай мен Жамбыл мұрасы- таусылмас қазына

Сүйінбай мен Жамбыл мұрасы- таусылмас қазына

Скачать материал

Сагадиева Бакытгул Лебековна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Алматы облысы, Қарасай ауданы

«Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп»

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі




Сабақтың тақырыбы : Сүйінбай мен Жамбыл мұрасы – таусылмас қазына


Сабақтың мақсаты: 1. Жыр алыбы Жамбыл мен ұстазы Сүйінбай Аронұлы ақындар шығармашылығына мағлұматтармен таныстыру, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалау білуге үйрету.

2. Өлеңді мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

3. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елін, өнерді сүюге тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: Ақын портреті, Интерактивті тақта, жазылған сөздер.

Буклет.


Сабақтың барысы


1-жүргізуші: Бата берген Сүйінбай, –

Жырдың тіккен туындай…

Ақындардың ақыны

Айдын көлдей ақылы,

2-жүргізуші: Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбыл,

Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл,

Тілекке көл аңсаған бүгін жеттің,

Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл.

1-жүргізуші. Халық үшін төрге төсеп төсек етер,

Ағарған сақалы мен шашы Жамбыл.

Көтерген көкке төбе тірелгенше,

Иеді көпшілікке басын Жамбыл.

2-жүргізуші. Жамбыл мерекесі халық мерейі. Жамбыл биіктеген сайын қазақ та биіктей бермек. Сол биікктен көз жазбау – біздің парызымыз да қарызымыз.

1-жүргізуші. Біз бүгінгі тәрбие сағатымыз Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығы мен ұстазы Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына арналмақ.

Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармаларына байланысты мағлұматтар. «Жақсы мен жаманның адамның қасиеттері» өлеңін жатқа оқу.

1-жүргізуші. Ақын шығармадларының ішіндегі ерлік пен елдіктің гимні іспетті «Бөрілі менің байрағым» өлеңінің орны бөлек.

2-жүргізуші. Бір тайпа елдің ғана емес, бүкіл қазақтың, түпкі тегі – көк бөріге сиынған, оның басын ту етіп, тұлпар мініп, елін қорғаған заманнан қанына сіңген халық рухы есіп тұр.

«Бөрілі менің байрағым» өлеңін жатқа оқу.

«Кәрілік» өлеңін жатқа оқу.

Көрініс «Сүйінбайдың Жамбылға бата беруі»

2-жүргізуші: Екейден шыққан Аронұлы Сүйінбай Ұлы жүзде теңдесі жоқ ақын саналатын. Оны айтыста ешкім жеңіп көрмеген деседі

1-жүргізуші. Бұл күні оның шашы буырыл тартқан. Аясы мол, әлі күнге жанары таймаған көзінде өткір от бар. Соңғы кезде айтысты сиретіп, өзімен – өзі оңаша қалып, ой толғап, көңіл тереңінен жыр тербететін жайы бар.

2-жүргізуші. Ымырт үйіріле, үй іші қараңғы тартты. Тоя жеген кешкі астан кейін құс жастыққа жантайған Сүйінбайдың құлағына бір үн естілді.

/ Сырттан шыққан дауыс/. Жамбыл

Өлеңім келді жол шегіп,

Осынау елге алыстан.

Түн болды үйге кір дейтін

Табылмай тұр таныс жан.

Ардақты үйдің иесі,

Рұқсат ет кіруге,

Бата бер менің жырыма,

Қуат бітіп үніне

Көңілін тапсын елімнің.

Жар бол да өзің жәрдем ет,

Жібер мені бір демеп.

/Сүйінбай орнынан көтеріледі/

Сүйінбай. -Қош келдің бозторғайдай әнші құсым!.. Кел, келе ғой, қарағым! Көзің отты, түлеп ұшар мұзбалақ болармысың, әлде....

/Есіктен бұтында жыртық шалбары бар, қолына қобыз ұстаған бала кіріп келеді/

  • Қош келдің, қарағым, төрлет!

/орнына тұрып Жамбылды құшақтай алды/

-Отыра ғой, балам. Сенің өлеңіңде от бар, ал мына аспабыңның үнінен шамырқанған шабыт серпінін байқадым. Жырыңа лайық тартуымды ал, қарағым.

/Сүйінбайдың бәйбішесі шапан әкеліп жабады./

Сүйінбай. - Ақындық жолға түскен адам , алақанымен су толтырып алып, жапан түзде шөлден қаталап өлгелі жатқан сорлыны құтқару үшін сапарға аттанған көзсіз ерге ұқсайды. Айналайын, сен осы қиын сапарға шығуға бел буғанда кімнен бата алып едің?

Жамбыл. - Сүйеке, әкем өлеңді жек көреді. Сол үшін тала таяқ та жедім. Ол менің ақын болуыма қарсы. Сондықтан маған батасын берген адам тарту-таралғыдан мақұрым қалары хақ. Сол себепті өз шапаныңызды өзіңізге жапсам деп едім. Батаңызды беріңіз маған.

/Жамбыл қолы дірілдеп, шапанды Сүйінбайдың тізесіне қойды./

-Сүйінбай. - Ұлым, мұндайда өз үйіңнен бір нәрсе әкелгенің абзал.... Бірақ мен мұныңа ренжімеймін. Өйткені сенің әкеңді білем, сен туралы да естігем. Сен маған өзіңнің жырыңды сыйладың бүгін, Соның өзі де жетіп жатыр. Қолымды жайып ақ батамды берейін ұлым! Бірақ есіңде болсын: домбыра – садақ та, өлең – жебе, ақылмен пайдалана білгейсің. Шын ақынның ар ұяты өлеңінде. Оны көзіңнің қарашығындай сақтағайсың, ақылмен іс қылғайсың. Әділ де батыл бол. Сенің өлеңің халқыңа медет берсін, ісің өнеге болсын.

О, Жамбыл, бата дедің – бердім саған,

Бақытты өмірі боп жүргін аман.

Батасын ат орнына берді ғой деп,

Қоймағын былай шығып кінә маған

Соңынан Сүйінбайдың орнын басып,

Тіліңнен балың тамсын сорғалаған.

Жапаға риза болсын айта барғын,

Осымен өкпелемей жүрсін маған

/Жамбыл шығып кетеді. Соңынан Сүйінбай да шырып қарап тұрады/



1-жүргізуші. Жамбыл шығармашылығының тақырыбы әр алуан. Ендеше Жамбыл жырларына кезек берейік.

2-жүргізуші. Ақын өлеңдеріне ақыннның өмір жолымен танысайық.

Менің өмірім

Шағым

Әкеме

Менің пірім – Сүйінбай

Ұлы Заң

Алатау

Халықтың сәлемі

1-жүргізуші. Қисса айту өнерімен, өткір, уытты өлеңдерімен айтыскер ақындығымен Жетісу өңірінде, көршілес қырғыз елінде атағы жайылып, ақын деген атаққа ие болады. Жамбыл Жабаев хат танымаған. 1930 жылдарға дейінгі өлеңдері ел аузынан және есінде қалғандарын өз айтуымен жазылып алынған, барлығы – елудей. Жамбыл шығармаларының тақырыбы әр алуан. Ол бірлігі күшті елді, тасыған халық табысын, Отанды сүюді, Халық алдындағы борышты, жалынды жастықты жырлады.

2-жүргізуші Ол өз өлеңдерінде ел өміріндегі өзгерістерді сол кездегі ел саңлақтарының көпшілігі сияқты халық арманының жүзеге асқандығы деп білді. Соған шабыттанып шаттанған қарт жырау небір тамаша өлеңдер, жыр-толғаулар шығарды. Ел өміріндегі әрбір тарихи оқиғаға үн қосып, асқан шабытпен жырлады.

Балаларға

Абайдың суретіне

Қымыз

Жамбыл өлең айтпайды жантайған соң

Мен бір шал тоқсан жасты құрдас еткен

Туған елім

2-жүргізуші. Қай өлеңінде, дастандарында болмасын Жамбыл ел мүддесін мұрат етті.

1-жүргізуші. «Ленинградтық өренім», «Алынбас қамал», «Москваға» сияқты өлеңдерінде халықтар достығын жырлап, еліміздің ірі қалаларын қорғауға үн қосты. Жамбылдың соғыс тұсындағы өлеңдері дұшпанға қарсы күресте қаһарлы құрал болды.

2-жүргізуші.Жамбыл Жабаев қоршауда қалған Ленинградтықтарға жолдау жазып, оларға күш-қуат берді. Назарларыңызға «Ленинградтық өрендерім» өлеңінен сахналық көрініс ұсынамыз

1-жүргізуші. Соғыс, аштық, қасірет, арпалысқан қиыншылық кезінде Жамбыл жырлары Ленинград халқының рухын көтерді

Ленинград шайқасын,

Ұмыта алмас көргендер.

Кейінгі өскен жас ұрпақ,

Сұмдықты мұндай көрмеңдер.

Тау-тау болып үйілді,

Бомба түсіп өлгендер.

Ыңырсып жатты талай күн

Жаралы болып өле алмай,

Жартылай жанын бергендер.

Қалада бүтін бір үй жоқ

Терезе мен есіксіз.

Өртенген үйдің қаңқасы

Бықсып жатыр үйіліп.

Жүргендейсің тамұқта

Төңірегің түгел от болып

Көз алдыңда бар адам,

Кетіп жатыр жоқ болып.

Міне, біз қоршауда қалғалы тағдыр талай сынын алға тартты. Азық-түлік өте аз. Жұмыс істегендерге 250 гр, ал жай адамдарға 150 гр нан беріледі. Ет пен май аз мөлшерде, сирек бөлінеді.

Үйлерге жіберілетін су тоқтатылды. Су жүретін құбырлар істен шықты. Отын атымен жоқ.

Электр жарығы да нашар. Қаладағы көп үйлерде электр жарығы мүлде болмады.

Жау оғы қалаға үздіксіз жауып тұрды.

Ленинград өрт пен өлім құшағына енді.

/Оқ атылған гүрсіл естіледі/

Шыда. шыды, боташым,

Шегінсін түнек,

Ағарып аппақ таң атсын.

Табамын, бір үзім нан табамын.

Жаратқан ием, жар олып өзі қолдасын.

Жарығым , сәулем, ашшы көзіңді,.Үмітім менің, өмірімнің жалғасы. Мен, анаңмын ғой. .. Ашпайды көзін. Шынымен ақ үзілгені ме? Бермеймін сені ажалға!

/Орнынан шып тұрады./

Ленинградқа көктем келіпті ғой. Сәулем менің тұршы. САңырауқұлақ теруге барайық. Майға қуырып берем.

/жындану сәті . баланың үстіне құлайды/

Қазір, ботам...

Мінеки таң атады...

Жазыласың құлыным....балапаным!

Қасиет!

О, қасиет!

Осындай ма ең?!

Сорымның қалыңдығы шашымдай ма ең!..

Қасірет!

Қасымдағы досымдай ма ең!..

Қасиет... Қасірет...

Қасірет.. қасиет..

/Сырттан радио дауысы шығады/

-Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған жергілікті қалалық радио торабы. Қазақ елінің ақыны Жамбыл Жабаевтың Ленинград тұрғындарына арнауы.

«Ленинградтық өренім» өлеңі оқылады.

-Беріліңдер! Ленинградты қорғап қаламыз десеңдер қателесесіңдер.

-Қираған үйлер астында қалып, текке қырыласыңдар!

Неміс бомбалары мен зеңбіректерінің жемі боласыңдар!

Біз Ленинградты жермен-жексен етіп, Кронштатты су бетімен бірдей қыламыз!

  • Жамбыл

  • Жамбыл!

  • -Біз жалғыз емеспіз-

  • Қазақ, қазақ елі.

  • -Жамбыл ата! Сіздің жалынды жырларыңыз бізге қуат берді.

Соғыста бірақ заң бар мен білетін,

Я өліп,, Я болмаса өлтіретін

Жүректе жұлдызыңды жанып тұрған,

Жандыратын, болмаса сөндіретін.

Соғыста бірақ заң бар мен білетін,

Кеудеңмен қорғап қалу жердің бетін.

Жас қаның туған женрге босқа ақпасын

Онсыз сен көре алмайсың елдің бетін.

Құдірет күші, жер жаханның,

Қанатын бер қыран құстың.

Ашуын бер арыстанның

Жүрегін бер жолбарыстың.

Күллі әлемнің ашу кегі,

Орна менің кеудеме кеп.

Жау жолында атам сені.

Момба бол да жарыл жүрек.

Бәрі

-Өлеміз!

Ленинградты Жауға бермейміз!

Күй әуенімен

Өлең сөздің туын ұстап жырлаған,

Жамбыл бабам, жалын бабам, жыр бабам.

Алатаудың ақиығы – Сүйінбай,

Шыңға бастап саған ұстаз , пір маған.

Ұлы ұзтаздың сен дәстүрін жалғадың,

Шыңға шықтың, құламадың, таймадың.

Қазақ емес, жырларыңмен әлемді,

Қыран құстай самғадың да шарладың.

«Соңғы сөз» өлеңін жатқа оқу.

1 –жүргізуші. Жамбыл жалық шығармаларын жатқа жырлаған эпик-жыршы.

2-жүргізуші. Жамбыл шығармаларын жинақтап қарағанда, бізге жеткені- отыз шақты өлең, он екі айтыс, екі дастан.

1-жүргізуші. Жамбыл Жабаевтың шығармашылығында айтыс қомақты орын алады. Ол-айтыстың асқан шебері. Әсіресе оның «Жамбыл мен Айкүміс», «Жамбыл мен ҚҰлмамбет» айтыстары халақ арасында кең тараған.

2-жүргізуші. 1881 жылы Іле бойындағы бір үлкен жәрмеңкеде айтыста алдына жан салмайтын «Құнанаян Құлмамбет» атанған ақын Құлмамбетпен айтысып, жеңіске жетеді.

Қорытынды

Ұлылықпен сырласу

Қанипа Бұғыбай

Таңғы күннің қабағын қарап, танып,

Өлеңіңмен өзіңнің қанаттанып,

Туған айың ақпанның боранымен,

Ғасыр бетін үшінші парақтадық.

Жүзінде тұр... уақыт ұстараның,

Ашып-жауып, ақпанның қыс парағын,

Нұрғисадай жаныңда жатыр балаң,

Сағынышпен сызылтып құстар әнін.

Ұлылықтың ұсынсаң, алам, кілтін,

Жеңіл-желпі, өтпелі қалар күлкім,

Рухымның биіктеп жүргендігі











Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сүйінбай мен Жамбыл мұрасы- таусылмас қазына"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель страховой организации

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 949 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.03.2016 2307
    • DOCX 25.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сагадиева Бакытгул Лебековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сагадиева Бакытгул Лебековна
    Сагадиева Бакытгул Лебековна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11622
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой