Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Сүйіспеншілік тілі" ата-аналар жиналысы

"Сүйіспеншілік тілі" ата-аналар жиналысы

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Сүйіспеншілік тілі
(ата-аналар жиналысы)
АТА-АНА МАХАББАТЫ БАЛАНЫҢ ҚАЛЫПТЫ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ШАРТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН ҚАНАҒАТТАНДЫРУДЫҢ НЕГІЗІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. Кейбір ОҚУШЫЛАРМЕН СӨЙЛЕСКЕН КЕЗДЕ ОЛАР АТА –АНА МАХАББАТЫН СЕЗБЕЙТІНІ СЕЗІЛЕДІ, АЛ АТА-АНАЛАРМЕН ӨТКІЗІЛГЕН КЕҢЕСТЕРДЕН ОЛАРДЫҢ ӨЗ БАЛАЛАРЫН ҚАБЫЛДАЙТЫНЫН, СҮЙЕТІНІН ЖӘНЕ ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАЙТЫНЫН БАЙҚАЙМЫЗ. МҰНДАЙ ТҮСІНБЕСТІК АТА-АНАНЫҢ ӨЗ БАЛАСЫНА СҮЙІСПЕНШІЛІГІН, ҚАМҚОРЛЫҒЫН БІЛДІРУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНБАЙТЫНДЫҒЫНДА.
Шаттық шеңбері
«Жылы сөздер» жаттығуы. Ата-аналар шеңберде қол ұстасып тұрып сол жағындағы көршісіне өз баласына айтатын жылы сөздерін айтады.
«Сыйлық» тренингі
Мақсаты: адамның қалағанын затын сыйлыққа алмауы қаншалықты көңіл күйіне әсер ететінін анықтау.
Ортаға төрт адам қалаулары бойынша шақырылады. Қағаз бен қалам ұсынылып, үстел үстіндегі сыйлықтардың (шемекі, шоколад, майлық қағаз, сабын) қайсысын алғысы келеді, соны қағазға жазады. Психолог қатысушылардың қалауларын ескермей сыйлықтарды үлестіреді және кімнің қалаулары сәйкес келгенін сұрайды.
Талқылау сұрақтары:
А) Кімнің қалаған сыйлығы келді?
ә) Сіздің тілегіңіз бен сыйлық сәйкес келгенде сезіміңіз қандай болды? (қуаныш, рахаттану)
Б) Сіздің тілегіңіз бен сыйлығыңыз сәйкес келмегенде қандай сезімде болдыңыз?(ренжу, көңіл күйдің түсуі, не сізді түсінбейтіндей сезімнің пайда болуы).
Америкалық психолог Гэри Чепмэн ата-ананың баласына сүйіспеншілігін білдіруде баланың жеке психологиялық ерекшелігімен сәйкес келуінің маңыздылығын айтады. Бұл баланың сүйіспеншілікке қажеттілігін қанағаттандырады, кейін өздік санасына және ата- анасына қатынасын және жалпы мінез-құлқы мен тәртібін қалыптастырады. Отбасында адекватты тәсілдер арқылы алған махаббаты, тәрбиесі ертең ер жеткенде өз ұрпағына
Г. Чепмэн «Жасөспірімге жақындастыратын бес жол» атты еңбегінде сүйіспеншіліктің тілдерін 5 түрге ажыратады:
1. Мадақтау;2. Уақыт;3. Сыйлық;4. Көмек;5. Жанасу, аймалау
Марк Твен «Жылы сөзге мен екі ай тоқ жүре алам» деген болатын. Соломон данышпан: «өмір мен өлім – тілдің билігінде» деген ой тұжырымдарынан сөз құдыретінің қаншалықты екенін көруге болады. «Сен менің күнімсің», «Киім қандай жарасып тұр», «Кеше мен кітап оқып отырып өз қызымды қаншалықты сағынғанымды ұқтым», «Қоқысты шығарып тастапсың, рахмет», «Ыдыс-аяқ жуғансың, жарайсың!» Бірақ мадақтауды ата-анасы өз мақсатына жету үшін ғана қолданатын боолса, ол махаббатқа жатпайды. Балаларды қуанту үшін мадақтау керек!
Олар:қолдау сөздері, жылы сөздер, өтініш
Уақыт тілі-әңгімелесу және біріккен қызмет болып табылады. Достыққа негізделген сұхбат арқылы ой, сезім, тілектер алмастырылады. Ал біріккен қызметте не баласына, не ата-анасына ұнайтын қандай ма болсын әрекетті жасау. Қандай әрекетті жасайтыны емес, не үшін жасайтыны маңызды. Мақсат-бірге болу.
Көптеген адамдар бала кезінде ата-анасының не айтқанын емес, нені бірігіп жасағандарын есіне түсіре алады.
Уақыттың тілі: әңгәмелесу, біріккен әрекеттер
Сыйлық-бұл сүйіспеншілік тілінде барлық ата-ана сөйлейді. Мүмкіндік жетсе балаға бәрін алып беруге болады, кейбір ата-ана бір ғана жолы деп түсінеді. Кейбіреуі өздері балалық кезде армандағанын орындауға тырысады. Егер баламен тіл табысудың жолы сыйлық болмаса, ешқандай сыйлық сіздің махаббатыңызды сезінуге септеспейді.
Сыйлық-баланың жасаған әрекеті үшін ақысы емес, ол ата-ананың баласын қаншалықты жақсы көретінін, баланың олар үшін маңыздылығын көрсету жолы.
Көмек-балаға үнемі қамқорлық пен көмек керек. Тамақтандыру, киіндіру, мектепке апару, үй тапсырмасын тексеру сияқты қамқорлықтарын әдетте міндет ретінде қабылдайды. Ал қайсыбір балалар ұсақ нәрсеге рахмет айтып, риза болатын болса, ол балаға ата-ананың көмегі маңызды.
Жанасу- балаға ата-анасының аймалауы, сипауы маңызды. Ал жасөспіріммен қиындау, ол балаша мәпелегенді ұнатпайды, яғни ұнатпайтындай болады, егер білегіңізден ұстап, ересектерше әрекет етсе, жақындасқанды ұнатқаны болып табылады.
Баланың тілін қалай анықтауға болады?
Біріншіден, балаға сұрақ қою. Кейде сіз жасөспірім жауап бергеннен гөрі, вербалды агрессия көрсетіп, не үндемегенді жөн көреді деп есептейсіз, бірақ орнымен қойылған сұрақ жасөспірімнің жан дүниесін білудің жалғыз ғана жолы екенін ұмытпаңыз.
Екіншіден, баланың мінезін, әрекетін мұқият бақылаңыз. Ол басқа адамдарға өз сүйіспеншілігі мен сыйластығын қалай көрсететінін байқасаңыз, олар көбіне “өз тілін” ұстанады.
Үшіншіден, сүйіспеншіліктің 5 тіліне эксперимент жүргізіп көріңіз, мысалы, бірінші аптада мадақтауды қолданыңыз, екінші аптада сыйлық, үшінші аптада жанасу...
Жағдаяттар:
1. «Менің ата-аналарымның мені жақсы көретінініне сенімді емеспін. Олар ешқашан Мараттың ата-анасы сияқты сыйлық жасап көрген емес, олар тіпті менің туған күніме қандай сыйлық алғым келетінін білмейді».
2. «Сіздер ешқашан үй тапсырмасын орындауға көмектескен емессіңдер, сондықтан менің бағаларым нашар».
3. Он екі жасар Әли әкесінен: «Әке, қашан табиғатқа демалуға шығамыз?»
4. «Менің анам кеше маған жауапкершілігің жоқ, егер өзгермесем, ешқанаша колледжге оқуға түспейсің деді. Ол маған инабатты емессің және бірбеткейсің деді».
5. «Мен сөйлескім келген кезде сен ешқашан маған көңіл бөлмейсің. Сен бірде тігіп жатасың, бірде теледидар қарап отырасың, бірде кір жуып жатасың, яғни ешқашан көңіл бөлмейсің. Сен әрдайым бос емессің. Мен саған кесел сияқты болып көрінем. Мен сенімен сөйлескен уақытта ешнәрсе жасамай тыңдағаныңды қалаймын»
6.Мәрзия, 15жас: «Менің әкем бұрынғыдай мені құшақтамайды. Ол мені үлкен, ол маған қажет емес деп ойлайды. Ал маған оның құшағы жетпейді. Олар мені ерекше сезімге бөлейді».

Құрметті ата –аналар сіздерге үлкен рахмет айта отырып, бала тәрбиесіне сіз болып, біз болып ат салыссақ, баламыз еліміздің абыройын асқақтатын азамат болып шығары хақ.





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-029288
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>