Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Презентации / "Сүйкімді жануар" (5 сынып)

"Сүйкімді жануар" (5 сынып)


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:


Мақсат : Топта достық қарым – қатынасты қалыптастыру, балаларды қол – қимыл, мимикамен, эмоция түсінігімен таныстыруды жалғастыру.

Жоспар:

  1. «Сүйкімді жануар» сабақты бастау рәсімі.
    2. Кел, амандасайық!
    3. Айтамыз және көрсетеміз.
    4. Сынып қалған суреттер.
    5. «Кішкентай балалар» ойыны.
    6. Рефлексия

    1. Сабақты бастау рәсімі «Сүйкімді жануар»

    2. Кел, амандасайық!
    - Балалар, күнделікті біз бір-бірімізбен қалай амандасамыз? Қане кім айтады? (балалар амандасу түрлерін айтады).

Сәлематсыз ба? , Қалайсың? , Привет! , Қал- қалай ? т.б
- Өте жақсы! Ал енді, мен сендерге амандасудың басқа да түрлерін үйретейін, басқа жолмен де амандасуға болады . Сендер қол алып амандасуды білесіңдер, мен бір рет шапалақтағанымда барлығың бір-біріңмен қол алып амандасыңдар, ал мен екі рет шапалақтағанда иықтарыңмен амандасыңдар, ал үш рет шапалақтағанымда арқаларыңды бір-біріңнің арқаларыңа тигізіп амандасыңдар, жарайды ма?
Осылайша біз ерекше амандасып үйренеміз.


Сергіту сәті.


3. Айтамыз және көрсетеміз.
Оң қолымды – иыққа,
Сол қолымды – беліме,
Қолдарымды жан-жаққа
Түсіремін төменге,
Оңға бұрыламын.

Сол қолымды – иыққа,
Оң қолымды – беліме,
Қолдарымды көтеремін
Түсіремін төменге,
Солға бұрыламын.



  • Ал балалар ,бұл амандасудың бұрынғы амандасулардан қандай айырмашылығы бар? Кәне , кім айтады ?

  • Сіздерге ұнадыма?

4. Сынып қалған суреттер.
- Балалар, үстел үстінде әртүрлі көңіл-күйді суреттейтін, бірақ сынып қалған суреттер жатыр.
Қазір біз осы суреттерді жинап, жөндеп қандай көңіл-күй екенін шешейік. Арқашан көңіліміздің көтеріңкі болып жүргені жақсы емес пе, балалар? Бірақ ол мүмкін емес, бір жағдайларға байланысты көңіліміз болмауы да мүмкін. Топта бір-біріміздің көңілімізді қала
й көтеруге болады? (Қызықты ойын ойнауға, жылы сөздер айтып, жылы көзбен қарап)

5. «Кішкентай маймылдар» ойыны.
«Кішкентай маймылдар» ойынын ойнайықшы. Ол үшін барлығың жұпқа бөлініп, біреуің – маймыл, біреуің – айна болу керексіңдер. «Маймыл» бізге түрлі-түрлі қимылдар жасап көрсетеді, ал «айна» қайталау керек. Осылайша өзіміздің көңілімізді де көтеріп қалдық. Жарайсыңдар, балалар!

6. Рефлексия.
Бүгінгі сабағымыз ұнады ма? Бүгін біз қандай жаттығулар орындадық, қайсысы сендерге қатты ұнады?

Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысқан оқушылар : Айша, Әсел, Рамазан, Нұрсылтан.

  • Жарайсыңдар! Сабақ өз мақсатына жетті деп ойлаймын.


Автор
Дата добавления 09.04.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Презентации
Просмотров87
Номер материала ДБ-018652
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх