Инфоурок Начальные классы КонспектыСөйлем атты тақырыбына сабақ жоспар 3сынып

Сөйлем атты тақырыбына сабақ жоспар 3сынып

Скачать материал

Қазақ тілі – 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем

Сабақтың білімділігі: Сөйлем туралы теориялық түсінік беру,тірек сызба,суреттер және дидактикалық материалдарға сүйене отырып сөйлем құрай білуге,тіл дамытуға үйрету.

Сабақтың дамытушылығы: сөздік қорларын молайту,сөйлеу дағдысын жетілдіру,оқушылардың белсенділіктерін арттыру.

Сабақтың тәрбиелілігі: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрнекілік, талдау, жинақтау, ой қозғау, мағынасын ашу,топпен жұмыс,өзіндік ізденіс.

Сабақтың типі:жаңа мағынаны меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ (әдебиеттік оқу, қазақ тілі, дүниетану)

Көрнекілігі: суреттер, үлестірме қағаздар, үлестірмелі парақшалар,жекелей карточкалар

Сабақтың барысы:

I — Бағдарлау — мотивациялық кезең

а) сәлемдесу

ә) оқушы қызығушылығын ояту

Мұғалім:

Әрбір адам?

Әрбір сабақ?

Әрбір ісің?

Әрбір сөзің?  Балалар(хормен)

Туысым, досым, жұрағат.

Үйрену, ұғу, ұлағат.

Тірлік, тірек, адамдық.

Шындық, бірлік, адалдық.

— Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әрбір ісімізге мұқият болайық.

II — Өткен сабақ бойынша істелетін жұмыс

1. Кіріспе

— Оқушылар, біз сегіз сағат бойы оқыған «Мәтін» тарауын бітірдік. Олай болса, мен қазір сұрақтар арқылы сендердің осы тақырыпты қалай меңгергендеріңді тексеріп көрейін.

2. Сұрақ — жауап

— Қазақ тілінде қанша мәтін түрі бар?

— Мәтіндердің бір-бірінен айырмашылығы неде ?/ережелері  бойынша/

3. Ой қозғау (4 топқа парақша тарату) Оқушыларға мәтін түрлері беріледі.Олар жұптасып өздері мәтін түрлерін сұрақ қоя,ережесімен бірге талдайды.Және мәтін шеше сөйлемнен құралған,мәтін мәтіннің қай түріне жатады?Мәтінге ат қой.

    1-топ                                                              Күз

     Күз айының ашық күні шұғыласын аямай сеуіп тұр. Айналаның бәрі оның алтын шуағына шомылғандай. Сап-сары жапырақтар жер бетін жауып қалған. Құстардың көңілді дауысы естілмейді. Ұзын сырыққа отырып алып кішкентай жылқышы құс шықылықтайды. Оған таяу жерде –шалшық су. Оның аспан суреті түсіп тұрған сарғыш суының ортасында бөдене тұр.

 

 

2-топ                                                  Арқар

Арқар –ірі тау ешкісі. Бұл- аяқтары ұзын, сымбатты жануар. Мойны мен кеудесі жұмсақ үлпілдеген жүнмен жабылған. Еркек арқардың бойы екі метрге, салмағы екі жүз килограмға дейін жетеді. Жүнінің түсі қоңырқай сұр түсті. Басында шиыршықтала бұралған мүйіздері бар. Арқар таудың ашық жерлерін мекендейді. Мерзімдік қоныстарын ауыстырып жүреді. Қыста биік таудан аласа тауға түседі. Көктемде ұрғашы арқар бір, сирек екі лақ төлдейді. Енесі төлін күзге дейін емізеді.     

 

 

3-топ                                              Сырғанақ

Қыс мезгілі. Қар қалың жауған. Балалар үйдің артына қар үйді. Омар мен Қасен қарды тегістеді. Сәлім мен Төкен қардың үстін сулады. Ертеңіне сырғанақ дайын болды. Балалар түстен кейін сырғанауға келді. Олар шанамен сырғанады. Әлия мен Анар бір шанаға отырып сырғанады. Сырғанақтың маңы өте көңілді. Біреулер құлап жатыр, біреулері күліп жатыр.

 

4-топ                                          Аю мен бөдене

Қалың орманды аралап келе жатқан бір аю бал арасына кез болады.Ағаш басындағы бал арасына тамсана қарады.Оны жегісі келді.Ағаш басына өрмелеп,ұяға жақындады.Ілініп тұрған бөрене кедергі жасады.Ұяға ұмтылған аю бөренені итерді.Ары серпілген  бөрене өз салмағымен қайта оралды.Аюдың басына сарт ете қалды.Ештеңеден хабарсыз аю жерге топ ете қалды.

 

ІІІ.Жаңа сабақ.

-балалар бүгін бізде  ерекше сабақ өткелі тұр.Ендеше бәріміз бір-бірімізге қарап жақсы тілектер тілейік.

   «Әріптер әлемі» ертегісін баяндау арқылы проблемалық сұрақ қойып,сабақтың тақырыбын логикалық ойлату.

    Ерте заманда әріптер барлығы бірге өмір сүріпті.Олар барлығы бір түсті болыпты.Тату-тәтті өмір сүріпті.бір күні қатты дауыл соғады.Желдің қаттылығы соншалықты әріптердің барлығы жан-жаққа ұшыпты.

-а,ә.о,ө,е,е,ұ,ү,ы,і,я,ю,и,э (у)дыбыстары күнге күйіп қып-қызыл болыпты.

-Бұлар қандай дыбыстар?  /Дауысты/ 

-б,в,г,ғ.д,ж,з ағашқа қонып қандай болыпты?/ ұяң/

-к,қ,п,т,с,ф,х,һ,ц,ш,щ бұлқа қонып ...../қатаң болыпты/

Олар күні бойы жылап «не істейміз» дейді.ең жоғарыда тұрған дауыстылар болған соң,бәрін көріпті.Содан ортақ шешімге келіпті.

-Бұлардың бәрін біріктірейік деп келіседі.одан кейін олар әріптерден буындар,буындардан сөздер құрапты.Ал сөздерден не құраймыз?

-Сөйлем  

 

Тірек сызбалардан сөйлемдер құрау

 


                                                                   .

 

                                                                                                         

 

 

                                                                                                                                       

 

 

Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.Бас әріппен басталып жазылады.соңынан не нүте,не леп белгісі,не сурақ белгісі қойылады.Сөйлемдегі әр сөз бөлек-бөлек жазылады.

Жұмбақ

 Өзім сөзден тұрамын,

Аяқталған ойды құрамын.     (сөйлем)

Оқулықпен жұмыс.2-жаттығу.

Сөйлемде сөздер бір-бірімен қалай байланысады.

1.Кітап,оқы,көп.

2.Сендер,білім,кітап,көмектеседі,болу.

(осы сөздерден сөйлем құрап жазу)құраған сөйлемдерін көшіріп жазу және өзгеріске ұшыраған сөздердің астын сызу.)

 

Б –дегенісіз дыбыс

Ба -дегеніміз бұл буын

Балық –бұл сөз

Балық сусыз тіршілік ете алмайды.-бұл сөйлем

 

Ендеше, «Адасқан сөздер» ойынын шартын оқи орындайық.

Ойынның шарты:берілегн сөздерден  сөйлем құрастыру.

Ағам

Құдықтан

Балапандарға

Жарды

Су

Балтамен

Айнаш

әкеледі

Шашты

Дулат

Отын

Жем

 

Тепті.                Коньки                 Бала

 

Сұлу!                Неткен                Табиғат

 

Тұрады?            Қанша                Пияз

  

(сатылай-кешенді талдау жасау!Коньки,Сұлу,пияз

 

3-жаттығу.Жақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп,мәтінді көшіріп жазу.

     Адасқан хайуанаттар бағына келушілер тоғанда жүзіп жүрген (ләйлек)қызыға қарайды.(Ләйлек) сырттай көкқұтанға ұқсатады.бірақ (ләйлек) қауырсыны ашық болып келеді.Әрі бойы да биік.

 

Сигналдық карталармен жұмыс

-Мен сөйлем оқимын,сендер оның тыныс белгісін көтеріп отырасыңдар.

Мына сурет қандай әдемі салынған!

Бұны қазақтың атақты суретшісі Ә.Қастеев салған.

Қастеев атаңды білесің бе?

Күзде күн қысқарып,түн ұзарады.

Күз молшылықтың белгісі.

Қаладан анам келгеніне қатты қуандым!

Сабақ айтуға дайынсың ба?

Апам кеудеше тоқыды.

Мен әпкеме хат жаздым.

Адамдар күзгі еңбекке араласты.

Қандай құстар жылы жаққа ұшып кетеді?

 

Сабақты бекіту:

Оқушылардың түсінігін бақылау

          Қай бағандағы сөздер сөйлем ?

Қара бидай                                  Қара бидай себілді.

Қоңыржай аймақ                       Қоңыржай аймақта өседі.

Өзеннің суы                                 Өзеннің суы молаяды.

 

Бағалау.Үйге тапсырма беру

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сөйлем атты тақырыбына сабақ жоспар 3сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 820 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.10.2015 3017
    • DOCX 66.5 кбайт
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Исагалиева Айгуль Сабыржанқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25791
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1151 человек из 81 региона

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 28 регионов

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1215 человек из 82 регионов

Мини-курс

Основы классической механики

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовое моделирование и управление инвестиционными проектами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыка в мире: народные и культурные аспекты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе