Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Сөйлем". Қазақ тілі 2 сынып. Сабақ жоспары.

"Сөйлем". Қазақ тілі 2 сынып. Сабақ жоспары.

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ жоспары

Пәні: Қазақ тілі 2 «А» сынып.

Күні:15.11.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сөйлем туралы түсінік беру. Сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру. Сөйлемдегі айтылып отырған ойды анықтай алу. Сөйлем соңына тиісті тыныс белгіні қоя алу.
Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу тілдерін, ойлау жүйесін дамыту. Жылдам, әдемі жазу дағдыларын қалыптастыру. Өз пікірін дәлелдей білуге үйрету.
Тәрбиелік: Бір - бірімен қарым - қатынасқа түскен кезде орынды сөйлеуге, әр сөзді дұрыс қолдана білуге үйрету, ана тілін құрметтеуге, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, жеке және жұптық жұмыс.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ.Жаңа сабақ.
- Балалар бүгінгі тақырыбымыз сөйлем туралы болады.
- «Сөйлем» дегенде алдымен ойларыңа не келеді?
Ереже:Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнен соң не нүкте(.), не сұрау(?), не леп белгісі (!) қойылады.

Оқулықпен жұмыс.
164 - жаттығу.Сөздерді салыстырып оқыту.

165-жаттығу.Жақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп жазу.

Ажар (кітапхана) барды. (Кітапхана) адам көп.Ол (кітапхана) кітап алды.

(Ажар кітапханаға барды. Кітапханада адам көп. Ол кітапханадан кітап алды.)

Сергіту сәті. «Қарлығаш»

167-жаттығу. Сөйлемдерді соңына қойылған тыныс белгісіне сай ырғақпен оқыту. Бұл сөйлемдердің айтылу мақсаты әр түрлі екенін дәлелдету.
166 - жаттығу.Берілген сөздерден сөйлем құрап жазу.
Сырғанақ, бірнеше, бала, теуіп жүр.(Бірнеше бала сырғанақ теуіп жүр)
Ақан, сырғанады, шанамен.(Ақан шанамен сырғанады)
Ол, айырылып, қалды, шанадан, абайсызда.(Ол абайсызда шанадан айырылып қалды)

«Сөйлем» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Қорытынды:
Сөйлем нені білдіреді?
Сөйлем неден құралады?
Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
Сөйлемнің соңынан не қойылады?
Үйге тапсырмасы: 168-жаттығу 63-бет ребусты шешу,шешуіндегі сөзге әңгіме құрау.

Бағалау.


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 22.11.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров19
Номер материала ДБ-380284
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх