Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сөйлем мүшелері 3 сынып

Сөйлем мүшелері 3 сынып

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 3

Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер

Сабақтың мақсаты:

а/ оқушылардың тұрлаусыз мүшелердің өзіндік белгілері мен анықтамасы туралы алған білімін тиянақтау;

ә/ тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді ажыратуды, анықтауды үйрену;

б/ сөйлемдегі негізгі мүшелерді анықтай отырып, сөздерге сұрақты нақты қоюда, мысал келтіруде сөздік қорларын молайту;

Міндеті: Тұрлаусыз мүшелерді меңгерту

Сабақтың түрі: бекіту сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, венн диаграммасы, ой түрткі, дөңгелек үстел стратегиялары

Сабақтың көрнекілігі: сөйлемдер, кесте т.б.

І. Қызығушылықты ояту.

Психологиялық дайындық.

Балалардың назарын сабаққа аудару.

Қатар – қатар тізіліп,
Оқушыға лайық.
Қолымызды жіберіп,
Түп – түзу болып тұрайық.
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау сәніміз
Отыруға нақпа – нақ
Дайындалдық бәріміз.

- Қазір балалар, сендермен мынадай көріністі тамашалайық: (Бәйтерек туралы видео)

Бәйтерек туралы сендер не білесіңдер? (Оқушылар бәйтерек туралы айтады)

- Ендеше, балалар, біз бүгін сендермен бәйтерекке саяхатқа барамыз. Бәйтеректің әр баспалдағына көтеріле отырып, ең жоғарғы шыңына жетуге тырысамыз.

Ең бірінші тапсырма – «Бәйтерекке жолдама алу». Жолдаманы алу үшін сөзжұмбақты шешейік.

Өткен материалды қайталау.

Сөзжұмбақ

4 х 5 С
20: 4 Ө

6 х 4 Й
24: 4 Л
3 х 4 Е
5 х 5 М
М-25
Ө-5
С-20
Л-6
Е-12
Й-24



4 х 4 М

Е-27

6 х 6 Ү

40:8 Ш

9 х 9 Е

48:6 Л

3 х 9 Е

32:8 Р

7 х 7 І

М-16

Е-81

Л-6

Ү-36

Ш-5

І-49

Р-4

-Қандай сөйлем мүшелерін білеміз?

-Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?

Ережемен жұмыс.

1. Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімі? несі? деген сұрақтарға жауап береді.

2.Баяндауыш сөйлемдегі ойды тиянақтайды.

3.Баяндауыш бастауыштың қимылын, іс-әрекетін, жай-күйін, заттық, сындық, сапасы мен санын білдіреді де не істейді? не қылды? қайтеді? деген сұрақтарға жауап береді.

4.Баяндауыш дара және күрделі болады.

ІІ. Мағынаны тану.

Миға шабуыл

Ақмарал кеше кітапханаға барды.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін тап. Қалған сөздер не үшін керек деп ойлайсың?


Күннің жадын, сабақтың тақырыбын жазу.

Көркем жазу минуты.
Қолға қалам алайық,
Дәптерімізді ашайық.
Көркем етіп жазайық.
Тт Тт Тт
Талаптыға нұр жауар.

1-жаттығу. Сөйлемдерді керекті сөздермен толықтырып жаз. Кітапта берілген және өзің толтырған сөйлемдерді салыстыр. Қай сөйлемнен ақпарат алуға болады?

1.Дәурен келді. 2. Мұғалім түсіндірді. 3. Талғат сөйледі. 4. Диқан суарды.

Керекті сөздер: егінді, сабақты, ауылдан, ұзақ.

Ережемен жұмыс.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш пен баяндауыштан тұратынын білесің. Сөйлемнің қалған мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Оларға кімнің? ненің? кімге? неге? қайда? кімді? нені? кімнен? неден? кіммен? немен? қалай? қанша? неше? нешінші? қайдан? қашан? қай? деген сұрақтар қойылады.


Қосымша: Тұрлаусыз мүшелер жеке тұрғанда сөйлем жасай алмайды. Тек сөйлем жасауға көмектеседі.


2-жаттығу. Сұрақтарға жауап жаз. Бұл сөздер сөйлемнің қандай мүшелері болады?

  1. Азат (нені?) тазалады?

  2. Оқушылар (неге?) қатысты?

  3. Қайсар (қандай?) велосипед сатып алды?

  4. Әлия (немен?) сурет салды?


3-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Қалам

Кімнің? ненің? деген сұрақтарға жауап беретін тұрлаусыз мүшелерді теріп жаз.


4-жаттығу. Мәтінді оқы. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.

Мектепте шахматтан жарыс болды. Жарысқа Нұрбол қатысты. Жарыста Нұрбол қарсыластарын жеңіп, жарыстың жүлдесін иеленді. Сөйтіп, Нұрбол жарыстан сыйлықпен оралды.


Сергіту сәті

Бастауыш.                                    Баяндауыш.hello_html_m2f251547.jpg

Бастауышпын                                         Баяндауыш

Бәрінің иесімін.                                      Не болғанын баяндайды

Маған қарап құрайсың                          Жазған бала нүкте қойып,

Ой жүйесін.                                            Сөйлемді аяқтайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Венн диагрммасы:

Тұрлаулы мүше Тұрлаусыз мүше








Пирамида

Оқушылар келді.

Оқушылар ерте келді.

Оқушылар бүгін ерте келді.

Оқушылар мектепке бүгін ерте келді.


Семантикалық карта

«Астана – Бәйтерек» монументінің жоғарғы деңгейінде шар орналасқан. Шардың ішінде панорамалық зал бар.

  Панорамалық зал ортасында 17 жапырақтан тұратын, 17 әртүрлі әлем діндерінің уәкілдері қолы қойылған ағаш глобусы орналасқан. Ал қасында монументті жасау ойы туындаған Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алақанының ізі бар. Егер алақанға қолды қойып, арман-тілек тілесе орындалады деп айтылады. Оның алақанынан мемлекетке ұқыпты және қасиет тұтатын қарым-қатынасын және осы елдің тұрғындарына деген тату-тәтті өмірге, достық пен жарасымдылықа деген ниеті көрінеді.

Балалар, біз Бәйтеректің шыңына жеттік пе?

Оқушыларды бағалау, мадақтау.

Үйге тапсырма: Ережелерді қайталау. 81-бет.5-жаттығу

Сөйлемдерге тұрлаусыз мүшелерді қосып жаз.

Жаңбыр басылды. Аспан ашылды. Күн жылынды. Су ақты.


Автор
Дата добавления 27.11.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров4
Номер материала ДБ-393469
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх