Инфоурок Начальные классы Конспекты"Сөйлем мүшелері" (4 сынып)

"Сөйлем мүшелері" (4 сынып)

Скачать материал

Сабактың тақырыбы:  Сөйлем мүшелері

Сабақтың мақсаты: 1.Сөйлем мүшелеріне түсінік беру бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшелері екенін ұғындыру. Бастауыш пен баяндауыштан баска сөйлем мүшелері тұрлаусыз мүшелер екенін ұғындыру.

2.Сауатты көркем жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорые байыту, байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту.

3.Өз ара ынтымақтастыққа сыйластық, экалогиялық тәрбие беру.

 

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, шығармашылық ізденулер.

Сабақтың көрнекілігі: АҚТ-да слайдтар жинағы.

 

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру.

 

Психологиялық дайындық.

 

Біз бақытты баламыз,

Ойнап-күліп аламыз.

Жалқаулықтан қашамыз.

Оқып-білім аламыз. 

 

2. Өткен сабақты пысықтау.

 

Үйге берілген жаттығуды сұрау талдау.

Сөйлем неше түрге бөлінеді?

Сөйлем екі түрге бөлінеді жай сөйлем және құрмалас сөйлем.

Жай сөйлем дегеніміз не?

Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері қандай?

 

3. Жаңа сабақ.

 

-Балалар қазір қай мезгіл?

-Күз мезшілі. Күз айларын атайық.

-Осы күздің белгісі неде?

-Күзде күн салқындайды жаңбыр жауады. Жапырақтар сарғаяды. Жеміс-жидектер, егін піседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

-Ал кейбір құстар қыстап қалады, отырықшы құстар да  бар. Соларды білесіңдерме?

-Сауысқан,қарға, торғай, суық торғай, көгершін, тоқылдақ.

-Міне, бүгінгі сабақта осы құстардың тапсырмасы бар екен.

Торғай:

 

Мен торғаймын торғаймын,

Суықтанда тоңбаймын.

Құрт құмырсқа шіркейден,

Бау-бақшаны қорғаймын.

Онда торғай сендерге тапсырма беріпті.

Қар жауды.

Бүгін жапалақтап қар жауды.

-Не берілген ?

-Сөйлем. Сөйлем дегеніміз не?

-Бұл оқығанымыз қандай сөйлем?

-Салыстырайық. Сұрақтар қоялық. (Ұқсастығы екеуіде сөйлем, хабарлы сөйлем.)

-Өзгешелігі барма? (Өзгешелігі бірінші сөйлем бастауышпен баяндауыштан тұрады. Екінші сөйлемнің бастауышпен баяндауыштан басқа да тұрлаусыз мүшелері бар.

 

Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз. 

Сөйдем мүшелері.

Бастауыш, баяндауыш.

Бастауыш: Қимыл,  іс-әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш дейді. Бастауыштарға кім? кімдер? не? нелер? кімі? несі? деген сұрақтарға жауап береді: Жәния дайындалды. Боран соқты.

 

Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейді.

Баяндауышқа не істеді? неғылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: Әсем биледі. Найзағай жарқылдады.

Бастауыш та, баяндауышта зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша (-) қойылады. Мысалы, Әмір күйші. Алматы-сәулетті қала.

 

Тұрлаулы мүше. Тұрлаулы мүшеге бастауыш, баяндауыш жатады. Тұрлаулы мүшелер сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді. Бірінші сөйлем тек тұрлаулы мүшелерден тұрса, екінші сөйлемде бастауышпен баяндауыштан басқа да сөздер қолданылған.

Мысалы: Бүгін жапалақтап қар жауды.

 

Тұрлаусыз мүше. Сөйлемдегі бастауыш,  баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүше деп айтады? Оларға: қандай? Кімге? неге? нені? қашан? қайда? т.б

сұрақтар қойылады.

 

Енді. Ойна да, ойла . Ұйқасын тап.

Орыннан орынға ауысқан.

Ұшқалақ қара ала (сауысқан)

Сауысқан тапсырмасы.

Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу.

Ш ш Ш ш  

Шабадан, шабандаз, шалғай, шарбақ, шатқал, шәйнек, шежіре.

Сауысқанның тапсырмасы жақсы орындалды. енді жұмбақ шешейік.

Қара түсті қарқылдақ.

Ұшып-қонып жалпылдап.

Қоқыстарды шоқиды.

Жем іздейді там-тұмдап. (қарға)

 

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Бастауышпен баяндауышты тауып астын сыз.

Адамдар санауды ертеде үйренген. Олар алғашқыда саусақтарын санаған. Кейін есептеу үшін ұсақ тастар қолданған. Адамдар әлгі тастарды жіпке тізіп қоятын. Кейін жіптің орнына таяқша қолданылды. Бұл есепшоттың  алғашқы түрі еді. техника өсті.Есептер қиындай түсті.Оларды шешу үшін машина керек болды. Электронды есептеу машиналары  осылай шықты.

 

Сергіту сәті.

Әрі қарай бойымызды сергітіп, Ұйқас айтайық.

Тақ-тақ-тақ

Айтамыз біз не? (тақпақ)

Рақ-рақ-рақ

Күзде түсер не? (жапырақ)Қол-қол-қол

Күзде егін  (мол)

Тоқ-тоқ-тоқ

Шыбын-шіркей (жоқ)

Келесі мына өлең жолының ұйқасын табайық.

Тұмсығымен шымшып,

Құрт тереді. (шымшық)

 

Онда шымшықтың тапсырмасын орындайық.

2-жаттығу. Жұмбақтарды көшіріп жаз. Тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қой.

Мейіріммен сүйеді ол бар адамды,

Өзіне жаратпайды  қарағанды.

 

Көкшіл айна үйдегі,

Корсетеді киноны.

 

Қанатсыз құс маңып барады,

Көзінен жас тамып барады.

 

Қандай құс хат тасушы аталған. (көгершін)

-Көгершін қандай құс? Көгершіннің тапсырмасы

3. Шығармашылық тапсырма.

Суретке қарап әңгіме құрастырып жаз.

 

4. Орман емшісі қай құс? Тоқылдақ.

 Тоқылдақ тапсырмасы.

 5-жаттығу.Берілген сөйлем мүшелерінен мақалдар құрастырып жаз.

Өмірдің, бақытты, нан, бастауы.

Атын, шығарар, еңбек ердің.

5.Көшіріп жазу. Баяндауыштың сұрақтарына жауап беретін сөздерді тап.

Қоян түнде тіршілік етеді.Жайылуға қараңғы түскенде шығады. Қараңғыда оны байқау қиын. Қысқа қарай қояндардың жүні түседі. бұрыңғы ескі дүннің орнына қалың, жаңа түбіт өсіп шығады.

 

Қорытынды.

-Міне балалар, бүгін құстардың тапсырмалары арқылы сөйлем мүшелері туралы білімдеріңді толықтырдыңдар. құстар адамға дос, табиғат көркі дейміз. Қыстап қалатын отырықшы құстарға қамқор болуымыз керек.

Бүгінгі сабақты қорытындылау мақсатында ережелерді сұрау.

Бағалау.

Үйге тапсырма  6- жаттығу.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Сөйлем мүшелері" (4 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Художественный руководитель

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 624 920 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.03.2016 5749
    • DOCX 37 кбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сактаганова Перуза Куатбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сактаганова Перуза Куатбаевна
    Сактаганова Перуза Куатбаевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28854
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 254 человека из 50 регионов

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 108 человек из 31 региона

Мини-курс

Hard-skills современного педагога

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 29 регионов

Мини-курс

Современные технологии в образовании (робототехника)

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы искусствознания

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе