Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
1562383
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт проекта «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыСөйлемнің дара және күрделі мүшелері

Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері

Сабақтың мақсаты: 1. Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері туралы түсінік

бере отырып, жүйелі сөйлеу, сауатты жазу машықтарына үйрету.

2. Өз ойын тиянақтап, дәлелдеуге дағдыландыру. Шығармашылық ойлауын, тілін, сөздік қорларын дамыту.

3. Халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ;

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу;

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, слайд, ауыл сызбасы бар суреттер, парақшалар,сандық,ағаш үй,бейнеүзік;

Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу, ұлттық дүниетаным,музыка;

Сабақта қолданылатын технология: СТО

Сабақтың жүрісі:


І.Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлеметсіңдер ме?

- Сәлеметсіз бе!

- Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын, мына бейнеүзікті мұқият қарайықшы.

- Бейнеүзіктен не көргеніміз туралы не айта аласыңдар?

(Қазағымыздың салт-дәстүрі туралы.)

  • Өте жақсы!

  • Балалар, мен өткен сабағымызда сабақ жүргізгенімде «Жеті ата» ауылына саяхат жасаған болсақ, бүгін «Жеті мұраның» не екенін білетін боламыз.


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

  • Бірінші мұраны білу үшін , өткен сабағымызда қандай жаттығуды үйге берілгенін айта қойыңдар?

  • Бұл не? hello_html_m7dc72750.jpg










  • Жер. Яғни, 1-ші Мұра-жер екен. 

ІІІ. Жаңа сабақ

  • Ал, екінші мұрамызды білу үшін, күннің жадын жазып, оқулықтағы 22 – жаттығуға назар салайық.

22 – жаттығу

Бағанның екі жағындағы сөйлемдерді салыстырып оқып, қарамен жазылған сөйлем мүшелеріне сұрақ қой. Не байқадың?

Аптада жеті күн бар. Бір жылда он екі ай бар.

Айгүл мектепке келді. Дулат үйге келе жатыр.

Ақ көбелек гүлге қонды. Ақ сары балапан сүйкімді-ақ.


Сөйлем мүшесі бір сөзден де, бірнеше сөзден де жасала береді.

Жеке бір сөзден жасалған сөйлем мүшесін дара мүше деп атайды:

Марал мектепке келді.

Екі не одан да көп сөзден жасалған сөйлем мүшесін күрделі мүше деп атайды: Марал мектепке келе жатыр.


hello_html_2855be4d.png









2-ші мұра-шаңырақ екен.


3-ші мұраны білу үшін оқулығымыздағы 23-жаттығуды орындайық. 

Жаңылтпашты оқып,жатқа жаз.

Толағайдың торы ала аты бар,

Толағай, торы ала атыңды тағалатып ал.

  • Күрделі мүшені тап, оның қай сөзбен байланысқанын сызбамен көрсет.

  • Күрделі мүшенің айтылуы мен жазылуын салыстыр.

hello_html_m3c2eeffc.jpg




3-ші мұра, ол-бесік. 


ІV. Бекіту. 

24 – жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жаз.

  1. Болат екеуі қырманға барды.

  2. Марат Сабырұлы жақсы оқиды.

  3. Сәуле шай құя бастады.

  4. Жолаушылар жүріп кетті.

  5. Мен ініме сары ала доп сыйладым.

  6. Қар күні бойы жауды.

  • Сөйлем мұшелеріне талда. Күрделі мүшелердің қай сөз табынан жасалғанын айт.
    hello_html_27c0b393.png







4-ші мұра, ол-ұлттық ойындар

Сергіту сәті. 

  • Келесі мұраның атын білу үшін жұмбақ шешейік. 
    Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,
     
    Қонақтарды көңілдене сыйлайды.

  • Бұл не?

  • Ол – дастархан.

hello_html_47e7062a.jpg


5-ші мұра –дастархан. 



6-шы мұраны білу үшін 25 – жаттығудың берілгенін кім оқиды?

Мәтіннен күрделі мүшелерді тауып, неліктен күрделі мүше болып тұрғанын дәлелде.

Мамықтай майда бар. Тығыздалған ескі қардың бетін жаңартып, қалқып келіп түсіп жатыр. Ауаның да салқын, сергек лебі шарпып өтті. Қосман атын жетелеп қойына қарай аяңдайды.

Жауған қарды елең қылмай қой – ешкілер жайылып жүр. Жоталарына бір еліден аппақ қар тұрған.

Иесіне жауап қатқандай қара ала лақ маңырап қоя берді. Өзге қойлар да жерден басына алып, бақташысына қарады.

(Тахауи Ахтанов)

  • Ойыңды дәлелдеп үйрен.










hello_html_m1b508560.jpg


6 – шы мұра – қыран құс. 




Келесі 7-ші мұраның не екенін білу үшін 26 – жаттығуды қарайық.


Ешкі малын сипаттап жаз.
hello_html_m1be2ff80.png










  • Құраған мәтініндегі сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.

hello_html_63b915d4.jpg








7 – ші мұра - ою-өрнек екен.

























Қосымша тапсырма.

Сөзжұмбақ шешу.

hello_html_m28355add.jpg

  1. Зат есімнің сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесі.(бастауыш)

  2. -лар, -лер, -дар,-дер,-тар,-тер қандай жалғаулар? (көптік)

  3. Тұрлаулы мүшелерден басқа құрамында тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем қалай аталады?(жайылма)

  4. Екі не одан да көп сөзден жасалған сөйлем мүшесін жаз. (күрделі)

  5. Баяндауыш қай сөз табының сұрақтарына жауап береді?(етістік)

  6. Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлем. (құрмалас)

  7. Түбірге қосылған бөлшекті қалай атайды? (қосымша)

  1. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін ата. (түбір)

  2. Кімнің? ненің? нешінші? қанша? қандай? қай? сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесі (анықтауыш)

  3. Зат есім, етістік, сын есім түбір сөзден болса, қалай аталады? (негізгі)









МАҢҒЫСТАУ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ




Қазақ тілі пәнінен байқау сабағы


Тақырыбы: Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері

hello_html_m294b03d2.jpg









Практикант: Жәнгірова Асима

Тобы: ББ-41

Мектебі: № 21

Сыныбы: 4 «а»

Сынып жетекшісі: Байпақова Ж.

Әдіскер: Алтыбаева Р.А.

Күні: 19.10.2015

Бағасы:

Қолы:



Ақтау – 2015

Курс профессиональной переподготовки
Учитель начальных классов
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Возрастные особенности детей младшего школьного возраста»
Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы»
Курс профессиональной переподготовки «Тьюторское сопровождение обучающихся в системе инклюзивного образования»
Курс повышения квалификации «Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сурдопедагогика: организация обучения, воспитания, коррекция нарушений развития и социальной адаптации глухих, слабослышащих, позднооглохших обучающихся в условиях реализации программы ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Инклюзивное образование в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Современные тенденции цифровизации образования»
Курс профессиональной переподготовки «Оказание психолого–педагогической помощи лицам с ОВЗ»
Курс повышения квалификации «Формирование и развитие ключевых компетенций школьников в интересах устойчивого развития региона»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.