Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Конспекты / "Сынып биологі" сыныптан тыс шара

"Сынып биологі" сыныптан тыс шара

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Сынып биологі!

Армысыздар! Құрметті ұстаздар,оқушылар!
Бүгінгі 6 сынып оқушылары арасында өтілгелі отырған
«Сынып биологі» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Мына ғасыр білімдінің ғасыры
Сараланар адамзаттың асылы.
Қазақстан өркениет ел басы,
Заңды елімнің қуаныштан тасуы.
Мына заман білімдінің заманы,
Шәкірттердің таудай биік талабы.
Дарабозды анықтайтын сайыста,
Сайыскердің сәтті болсын қадамы,- деген тілекпен сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайысымыздың әділ қазы мүшелерімен таныстырып өтейін. 1
2.
3.

Нұр жаусын,таудай болсын талаптарың,
Білсем деп талай кітап парақтадың.
Сынайтын қиын сұрақ қойылса да
Дәл және айқын болсын жауаптарың –дей келе сіздерге бүгінгі сайыскерлерімізді таныстырып өтейін.
1.Жангүл
2.Мерей
3. Жасұлан
4 Маханбет
5.Дариға
6 Диана
Келесі кезекте сіздерді сайыс турларымен таныстырып өтейін.
1. «Бәйге»
2 «Ойлан тап»
3 . «Полиглот»
4«Суреттер сөйлейді»
5. Бау бақша
6. «Кім жылдам?»
Білген сайын келеді біле бергім
Біле беру емес пе тілегі елдің
Бүгін осы сайыста жеңіске жет
Білімді,әрі білікті жас жеткіншек,- деп сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз.
І .тур. «Бәйге».Бұл кезеңде әр оқушыға 2сұрақтан қойылады ,білмеген жағдайда басқа оқушы жауап беруге болады. Дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
1. Қысымды реттейтін органойд
Вакуоль
2. «Жануарлар» оқулығының авторы
Х.Досмұханбетов
3. Жасушаның көбеюіне қатысатын органоид
ядро
4 . Ұлпаның анықтамасы
Шығу тегі,құрылысы,атқаратын қызметі бірдей жасушалар тобы
5.1996ж жарық көрген Қазақс\ң қызыл кітабында балықтардың қанша түрі тіркелген?
16

6. Хлоропластың қызметі жасыл түс беру
7. Органикалық тыңайтқыштарға не жатады?
қи,шымтезек,қарашірік,құс саңғырығы
8. «Өсімдіктану » оқулығының авторы
Ж.Күдерин
9. Сабақтың сыртқы қабығы неше қабаттан тұрады.
өң,тоз,тін 10. Пластидтердің аттарын ата хлоропласт,лейкопласт,хромопласт 11. Жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір,желім тәрізді созылмалы қоймалжың зат. цитоплазма 12.Қызыл сары түс беретін пластид хромопласт

ІІ тур. Ойлан тап.
Бұл кезеңде тақтада ұпайы жазулы ұяшықтар берілген. Оқушылар кезекпен ұяшықты таңдап жауап беруі қажет. Жауап бере алмаған жағдайда басқа оқушы жауап беруге болады. Бұл турдан соң балы аз 1 оқушы сайыстан шығарылады.

Тамыр 5 ұпай.Тамыр типтерін ата(сурет) Негізгі,жанама,қосалқы
10 ұпай Тамыр жүйесінің суреті берілген. Тамыр жүйелерінің аттарын атаңдар., Пияз қандай тамырға жатады? Пияз шашақ тамырға жатады.
15 ұпай.Түрі өзгерген тамырларды ата және суреттегі қызылша мен сәбіз қандай түрөзгеріске жатады? Жемтамырға жатады. Ауатамыр,тіреу,түйнек тамыр

Сабақ 5 ұпай. Сабақтың түрлерімен таныстыру. Тік,өрмелегіш,шырмалғыш, қысқарған, жатаған (желі,мұртша)сабақ 10 ұпай Сабақтың ішкі құрылысын ата Қабық,камбий,сүрек,өзек 15 ұпай. Минералды тұздар сабақтың қандай қабаты арқылы өтеді? Органикалық заттар сабақтың қандай қабаты арқылы өтеді? Мин.тұздар сүрек арқылы,органикалық заттар тек қабықарқылы өтеді.

Жапырақ
5ұпай. Жапырақ тақтасының пішіндері мен күрделі жапырақтардың атауларын ата үшқұлақты,тақ қауырсын тәрізді, жұп қауырсын тәрізді,саусақ салалы, ромб, жүрек, бүйрек тәрізді

10 ұпай. Жапырақтың сабаққа орналасуына байланысты, жапырақтың сабаққа бекінуіне байланысты атауларын атаңдар қарама-қарсы,кезектесіп,қатарласа
15 ұпай.Фотосинтездің анықтамасы Күн энергиясының қатысымен болатын құбылыс

Қорықтар
5.Ұпай.Маңғыстауда қандай қорық бар? Қай жылы ашылды? 1984ж. Үстірт
10. Ұпай. Марқакөл қорығы қай облыстың қай ауданында орналасқан?
Ш.Қаз. Обл.Күршім ауданы
15 ұпай:Ең соңғы қорық қай жылы қай қалада құрылды? Қалай аталады?
Қаратау. 2004ж Түркістан қаласы

«Мені түсін» ойыны. Шарты ортаға 6-7 кластан 4 оқушыдан шығып 2 топ құрайды. Бұл кезеңде әр топ жеке жеке шығады. Топ басшысына бір сөзді айтамын ол тобындағы қатысушыға сол сөздің атын атамай балама сөздермен түсіндіруі қажет. Мүмкіндігінше биологиялық тілмен. Топ басшысынан басқа қатысушылардың құлақтарына құлаққап кигізіп қоямыз. 1,5 минут уақыт беріледі. Сөзді тапқан оқушыға 5 ұпайдан беріледі.Қолданылатын сөздер: пингвин,борсық т.б Жеңген топ өз балдарын таңдаған оқушысына береді.



ІІІ тур. Полиглот
Бұл кезеңде оқушыларға адасқан әріптер көрсетіледі.. Соның дұрыс жауаптарын тауып орыс,ағылшын тілдеріне аудару қажет. Толық аударылса 15 ұпай иеленеді. Бұл турдан соң тағы да 1 оқушы сайыстан шығарылады.
Құлпынай-клубника-stvawbeery
Қызанақ-помидор-tomato
Алмұрт-груша-pear
Қарақат-смородина-curranti
Жеміс-фрукты-gruit

ІV тур.«Суреттер сөйлейді»
Бұл кезеңде тақтаға суреттер шығарылады. Кім жылдам әрі дұрыс жауап берсе 5 ұпай иеленеді. Егер қол көтеріп бірақ толық жауап бере алмаса ,келесі суреттке жауап беру құқығынан айрылады. Сондықтан әуелі ойланып содан кейін ғана жауап береміз.Бұл кезеңнен кейін тағы да 1 оқушы ойыннан шығарылады

V кезең.Бұл кезеңде қалған 3 оқушымыз ортаға шығып 0,5 минуттың ішінде берілген тапсырманы рорындауы шарт. Тапсырма: Біреуі жемісті,екіншісі көкөністі,үшіншісі жидек тірізді жемісті айырып алуы қажет. Бұл кезеңнен кейін тағы да 1 оқушы ойыннан шығарылады

VІ кезең. «Кім жылдам?»
Бұл кезеңде әрбір оқушы 1 минут ішінде сұрақтарға жауап беру қажет.Барлық оқушыға қойылатын сұрақ бірдей.Сондықтан екінші сайыскеріміз сыртқа шыға тұруы қажет. Әрбір дұрыс жауап 3 ұпаймен бағаланады..
1. Биология грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?
Тіршілік
2. Қазақстанда қанша қорық бар?
10
3. Неше қызыл кітап бар?
4
4. Жасушаны тапқан ғалым?
Р.Гук
5. 1590-1610 жылдары жарық микроскобын ойлап тапқан ғалым
Янсендер
6.Пластидтер нешеге бөлінеді?
3
7. Микроскопты ойлап тапқан кімдер?
Әкелі балалы Янсендер
8. Микроскопта көру түтігінің жоғарғы жағында не орналасқан?
окуляр
9. Қазақстанда тұңғыш рет «қызыл кітап» қай жылы жарыққа шықты?
1978
10. Қазақстанның өсім\ге арналған «қызыл кітабында » қанша өсімдік түрі тіркелген
? 303
11. Қазақстанның өсімдікке арналған қызыл кітабы жарық көрген жыл 1
981
12. Камбийден кейін орналасқан қабат
сүрек
13. Гүлдің аналығының құрылысы
мойны,аузы,жатыны
14 Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған орыс ғалымы
Тимирязев
15.
Тостағанша жапырақшамен күлте жапырақшаның қосылуы гүлсерік
16
Қабықтың тоз қабатының қызметі ішке оттегін өткізеді.

Осымен сайыс кезеңдері аяқталды. Әділқазы мүшелері есептеп болғанша көрермен оқушыларға сұрақ қоя тұрайық. Қанша қорық бар? Олардың аттарын ата Қызыл кітаптың шыққан жылдарын ата Микроскоптың құрылысын ата Жасушаның құрылысын ата
Ендігі кезекті әділқазы алқасына береміз.Осымен
«Сынып биологі» атты сайысымызды аяқтаймыз. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет


Краткое описание документа:

 

6 сынып оқушылары  арасында өтілген «Сынып биологі» атты сайысы

Мына ғасыр білімдінің ғасыры
Сараланар адамзаттың асылы.
Қазақстан  өркениет ел басы,
Заңды елімнің қуаныштан  тасуы.
Мына заман білімдінің заманы,
Шәкірттердің таудай биік талабы.
Дарабозды анықтайтын сайыста,
Сайыскердің сәтті болсын қадамы
1. «Бәйге»
2 «Ойлан тап»
3 . «Полиглот»
4«Суреттер сөйлейді»
5. Бау бақша
6. «Кім жылдам?»
 Білген сайын келеді біле бергім
Біле беру емес пе тілегі елдің
Бүгін осы сайыста жеңіске жет
Білімді,әрі білікті жас жеткіншек деп оқушыларымызға сәттілік  тілей отырып сайыс сабағы басталады.

 

Автор
Дата добавления 09.04.2015
Раздел Биология
Подраздел Конспекты
Просмотров248
Номер материала 479064
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх