Инфоурок Информатика Конспекты"Сынып көшбасшысы" сайыс сабағы (7-сынып)

"Сынып көшбасшысы" сайыс сабағы (7-сынып)

Скачать материал

«Сынып көшбасшысы»

интеллектуалдық ойыны

 

Сабақтың тақырыбы: «Компьютердің аппараттық құралдары»

Мақсаты: Компьютердің аппараттық құралдары тарауы бойынша оқушылардың білімін толықтыра отырып, жан-жақты ізденуге баулу. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Түрі: ойын сабағы

Әдісі: тест жұмысы, жұмбақтар, сұрақ-жауап

Көрнекілігі:  плакаттар, проекциялық аппарат, экран.

 

Сабақ барысы:

1-кезең.        Дода. (Тест жұмысы)

2-кезең.        Бәйге. (Әр саладан оқушының таңдауымен сұрақтар қойылады)

3-кезең.        Көкпар. (Жұмбақтар әлемі)

4-кезең.        Жорға. (1 минутта 15 сұраққа жауап беру)

 

1-жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!

2-жүргізуші:

«Сынып көшбасшысы» атты интеллектуалдық ойынымызға хош келдіңіздер!

 

1-жүргізуші:             Бәріңіз маған қараңдар!

Ойынымызды бастайық.

Алуан түрлі ойларды,

Ортамызға тастайық.

 

2-жүргізуші:             Информатика пәнінен,

Көрсетіп біздер батырлық.

Ой толғалық жүйелі,

Таңдайымызға татырлық.

 

1-жүргізуші:

Ойын шартын біліп ал,

Құлағыңа құйып ал.

Кәне мұнда кім батыр?

Кәне мұнда кім тапқыр?

Бағымызды сынап көрейік,

Ол үшін керек батылдық.

 

2-жүргізуші:

Ой сананы арттыру,

Бүгінгі күн талабы.

Біле білсең бұл дәуір,

Информатика заманы

 

1-жүргізуші:

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кеміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

 

2-жүргізуші:

Болашақтың ұрпағымыз білімді
Информатикадан алған ілімді
Өмірде пайдаланамыз тиімді

 

Әділ баға беруші қазылар алқасын тағайындап алайық.

1.

2.

3.

 

1-жүргізуші:

Білім теріп, бейнетінен қашпаймыз,

Оқу жылын бестікпенен бастаймыз.

Жыл бойына жақсы оқимыз біз сонда,

Білімменен достасамыз жастай біз.

 

2-жүргізуші:  Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, ойынымызды бастайық!

1-жүргізуші:

1-кезең. «Дода». Оқушылар 7-сыныптың электронды оқулығынан «Аппаратттық құралдар» тақырыбы бойынша тест жұмысын орындайды. Бұл кезеңде оқушылардың барлығы қатысады. Тест нәтижесі бойынша жоғары ұпай жинаған 6 оқушы әрі қарай ойынды жалғастыратын болады

 

2-кезең. «Бәйге».   

1-жүргізуші:

«Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік,

Білімге сенер заманда – қапы қалып жүрмейік» – деген  Абылай ханның сөзімен ойынымыздың келесі кезеңін бастайық.

2-жүргізуші:

Мұнда ұсынылған тақырыптар бойынша нөмірленген ұяшықтарға жасырылған сұрақтарды оқушы өзі таңдайды және сұраққа дұрыс жауап берсе, сол ұяшықтағы ұпайды иеленеді.

1.      ЕТ әлемі

2.      Тұлғалар

3.      ДК құрылғылары

4.      Пернелер сыры

 

Есептеуіш техника әлемі

 

10. Бұл құралдың дәл қашан пайда болған уақытын осы кезге дейін ешкім айта алмайды. Деректерге қарағанда, оның жасы 2 мың – 5 мың жылдар шам асында, ал пайда болған жері Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Оның өзгертілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді. Ол кұрал Ресейде XVI-XVII ғасырларда пайда болған. Осы құралды көбейту кестесімен біріктіру жолымен жетілдіруге соңғы талаптану 1921 жылға жатады.

Сұрақ: Бұл құрал қазір қалай аталады?     (Есепшот)

 

20. 1944 жылы американ математигі Говард Айкен Гарвард университетінде программамен басқарылатын, релелік және механикалық элементтерге негізделген автоматты есептеуіш машинасын құрастырды.

Сұрақ: Бұл автоматты есептеуіш машинасы қалай аталады?    (Марк - 1)

30. 1694 жылы атақты неміс математигі Блез Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын құрастырды.

Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Кейін бірнеше рет жетілдірілді. Осы машинаның пайда болуымен есепші мамандығы пайда болды. 1969 жылы бұрынғы кеңестер одағында бұл машинаны шығару ең жоғары деңгейге 300 мың машинаға жетті.

Сұрақ: Бұл машина қалай аталады?     (Арифмометр)

Қосымша көмек: XX ғасырдың 70-ші жылдары бұл машинаны элементтік базасы интегралдық схемаға негізделген калькулятор ығыстырды.

 

40. Бірінші электрондық есептеуіш машинасы. Ол соншалықты үлкен болғандықтан, оны әуелі орнынан қозғау мүмкін емес еді. Оның салмағы 30 т және оның 18000 электрондық шамдары болды, ол бір секундта 5000 қосу, азайту амалдарын, 300 көбейту амалын орындай алды. Жұмыс кезінде тез қызатын болғандықтан, ол арнайы суытуды талап етті. Релелік машиналарға қарағанда, оның амал орындау жылдамдығы мың есе жоғары болды.

Сұрақ: Бұл машина қалай аталады?     (Eniac)

 

50. Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ 1947-48 жылдары академик Сергей Алексеевич Лебедевтің басшылығымен жасалды. 1951 жылы ол ресми түрде пайдалануға енгізіліп, бұл машинада әр түрлі есептеулер жүргізіле бастады. Ол секундына 50 амал орындайтын болған, ал жедел жады (оперативті жад) электрондық шамдардағы 100 ұяшықтан тұрды.

Сұрақ: Бұл машина қалай аталады?   МЭСМ (Малая Электронная Счетная Машина)

 

Тұлғалар

 

10. 1642 жылы дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалык есептеу машинасын француз математигі құрастырды.

Сұрақ: Ол француз математигі кім? ( Блез Паскаль)

 

20. 1791 жылы жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған сызғыш жасалды. Мұндай құрал жасау идеясын 1660 жылдары Исаак Ньютон ұсынған болатын. Соңғы кезге дейін логарифм сызғыштары инженерлердің бірден-бір есептеуіш құралы болып келеді, бірақ электронды калькуляторлар соңғы кезде оларды қолданудан ығыстырды.

Сұрақ: Сызғышты кім жасады? (Робертсон)

 

30:    XVII   ғасырдың басында шотландиялық математик логарифм түсінігін   енгізді және өзінің логарифм кестесін жариялады. Екі ғасыр бойы әр елдің оқымыстылары логарифм функциясының негізінде жасалған есептеу құралын жетілдірумен шұғылданды. Тек 1761 жылы ғана жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышы жасалды.

Сұрақ: Логарифм түсінігін енгізген математик есімі?    (Джон Непер)

Қосымша көмек: Бұл математик есептеу таяқшалары арқылы есептеу тақтасын енгізді.

 

40:  XIX ғасырдың соңында американдық оқымысты есепші-перфорациялық машина құрастырды. Перфокарталар программаны көрсету үшін емес, сандық ақпараттарды колдану үшін колданылды. Есепші-перфорациялық машиналар перфорациялауды сұрыптауды, қосуды және сандық кестелерді басылымға шығаруды орындады. Ол 1880 жылы АҚШ-та жүргізілген халық санағының құжаттарын өңдеуге пайдаланылды.

Сұрақ: Бұл оқымыстының есімі кім?    (Герман Холлерит)

Қосымша көмек: Ол – есепші-перфорациялык машинаны жасап шығаратын фирманың негізін қалады, кейін ол дүние жүзіне әйгілі компьютер шығаратын ІВМ фирмасына айналды.

 

50. Бұл ағылшын оқымыстысы 19 ғасырдың бірінші жартысында әмбебап есептеуіш машина құрастыруға талаптанады. Бұл машина перфокартада жазылған бардарламаларды қолдануы керек еді. Ол бағдарламалық басқару принципін қолданып, кез-келген алгоритмді шешуге арналған аналитикалық машинаны құрудың негізгі идеясын зерттеп дайындады. Бұл Жаккардтың тоқыма станогі сияқты, нағыз механикалық машина болуы тиіс еді. Бірақ сол кездегі техниканың дамуы жеткілікті дәрежеде болмауы бұл жобаның іске асуына мүмкіндік жасамады.

Сұрақ: Бұл оқымыстының есімі кім?    (Чарлъз Бэббидж)

Қосымша көмек: Ол кісі дүние жүзіне «компьютердің атасы» ретінде танымал адам.

 

Компьютер құрылғылары

 

10. Телефон немесе байланысқан басқа желілер арқылы компьютерге ақпарат алуға мүмкіндік беретін құрылғы. (модем)

 

20. Бұл компьютердің ішкі жады. Ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенде ондағы барлық ақпарат жойлады.  Бұл қандай құрылғы? (Жедел жад)

 

30. Компьютердің басты бөлігі. Оны компьютердің – «миы» деп те атайды. Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және программалардағы барлық командаларды орындайды.  Бұл қандай құрылғы? (процессор)

 

40. Мәліметтерді өңдеуді қамтамасыз ететін ДК-нің барлық маңызды құрылғылары, электр қоректендіру көзі, қосымша құрылғыларды қосу мүмкіндігі жинақталған құрылғы. (жүйелік блок)

 

50. Ақпаратты әртүрлі қатқыл немесе иілгіш дискілерге жазуға және шығарып оқуға мүмкіндік беретін электрмеханикалық құрылғы  (дикіжетек)

 

Пернелер сыры

 

 – болдырмау пернесі

 – кескінді экраннан алмасу буферіне көшіруге мүмкіндік беретін перне

 – бұл перне меңзердің сол жағындағы символды өшіру үшін қолданылады. 

 

 Сандық бөлікті іске қосатын перне 

 

 н/е  пернелеренің комбинациясы –   пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне ауыстыру үшін қолданылады.

 

 

1-жүргізуші:

«Көкпар». «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы», - деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов сөздеріне сүйеніп, «Көкпар» атты кезеңді бастайық. (Жұмбақтар әлемі)

2-жүргізуші:

«Көкпар» кезеңінде оқушыларға инфороматика пәніне қатысты жұмбақтар оқылады. Кім бірінші болып қол көтерсе, сол оқушы жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай иеленеді.

Жұмбақтар:

  1. Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын.

Ең қажетті құралмын.  (тышқан)

 

  1. Экранда оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (меңзер)

 

  1. Бұтақ орнына мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені. (кактус)

 

  1. Биологияда бұл паразит,

Көзге зорға көрінер.

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпараттарды өлшер. (бит)

 

  1. Егер білсең айта ғойшы,

Бұл қандай құрылғы.

Ақпаратты қағаздағы,

Компьютерге енгізеді. (сканер/мәтіналғы)

 

  1. Ақпарларды қағазға шығарады,

Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер/басып шығарғыш)

 

  1. Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның балалары.

Қыдырмашы біреуі,

Бір күн барда, бір күн жоқ.

Соны есепке алсақ,

Ұзын саны жүз жеті. (пернетақта)

 

  1. Пернетақта ауылында тұратын,

Пернелік деген атаның,

Бар екен 12 ағайынды,

Немерелері алғашқы.

Есімдері де өздерінің бір қызық,

Тек қана «F» (эф) әрпінен басталады. (функционалдық пернелер)

Ұзынтұра Жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды          (бос орын)

 

 

1-жүргізуші:

 «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім» деген екен шығыс ғұламасы Әбу Райхан әл-Бируни. Ендеше білім байлығы саудаға түсер ойынымыздың  «Жорға» кезеңін бастаймыз.

 

2-жүргізуші:

  Мұнда алдын ала 15 сұрақтан тұратын тапсырмалар 2 конвертке салынып дайындалған. Ойыншыларымыз конверт таңдауға мүмкіндігі бар.

1 минутта 15 сұрақты тыңдап, оған мүмкіндігінше дұрыс әрі жылдам жауап беруіміз керек.

 

1-жүргізуші:

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

 

 

1-нұсқа

 

1.      Қоршаған ортадан таңбалар мен сигналдар түрінде алынатын мәліметтер тобы (ақпарат)

2.      Морзе әліппесінде қандай таңбалар бар? (сызықша, нүкте)

3.      Адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын физикалық процесс (сигнал)

4.      Ақпараттың  негізгі өлшем бірлігі (байт)

5.      Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал (компьютер)

6.      Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі (интерфейс)

7.      Аты бар байттар тізбегі (файл)

8.      Бэббидждің машинасына алғаш программа жазған кім? (Ада Лавлейс)

9.      ЭЕМ-нің екінші буынының элементтік базасы (транзисторлар, жартылай өткізгіштер)

10.  Меңзердің оң жағындағы символды өшіретін перне (Delete)

11.  Ең ұзын перне (бос орын / пробел)

12.  Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы (монитор)

13.  Дыбыс шығару құрылғысы (колонка)

14.  ҚР Тәуелсіздігін қашан алды? (1991 ж)

15.  ҚР елордасы (Астана)

 

 

2-нұсқа

 

1.      Адам қабылдайтын ақпараттың түрлері (таңбалы, бейнелі)

2.      Ақпаратпен орындалатын әрекеттер (Ақпараттық процесс)

3.      Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым (информатика)

4.      Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесі (код)

5.      Американдық ақпарат алмасудың стандартты коды (ASCII)

6.      Релелік және механикалық  элементтерге негізделген Марк-1 автоматты есептеуіш машинасын кім құрастырды? (Говард Айкен, Гарвард унивесритеті, 1944 ж)

7.      ЭЕМ-нің неше буыны бар? (5)

8.      ЭЕМ-нің бірінші буынының элементтік базасы (электрондық шамдар)

9.      1 килобайт қанша байтқа тең? (1024 байтқа)

10.  Ақпаратты тасымалдау құралдары (Компакт-диск, дискета, касета, флэш-жады)

11.  Жаңа жолға өту немесе енгізу пернесі (Enter)

12.  Жыпылықтап тұратын тік сызықша? (меңзер)

13.  Дыбыс жазу құрылғысы (микрофон)

14.  Ата Заңымыз қашан қабылданды? (1995 ж, 30 тамыз)

15.  ҚР рухани астанасы (Түркістан)

 

 

Соңғы «Жорға» кезеңінің қорытындысы бойынша жеңіске жеткен ойыншы «Сынып көшбасшысы»  атанады. 

 

1-жүргізуші:

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030 жылы барысқа апаратын –бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашанда жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей интеллектуалдық ойындарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік. Ендеше, марапаттау рәсіміне кезек берейік.

 

 

2-жүргізуші:

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының «Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу» стратегиясы бәрімізге мәлім. Осы стратегияны жүзеге асырудың басты шарты білім екені даусыз. Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма», - деген Н.Д.Зелинскийдің сөзімен бүгінгі интеллектуалдық ойынымызды аяқтаймыз.

 

Білім алудан кеш қалмаңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

 

 

 

1.     Жігітті компьютеріне қарап, бағала.

                                                                     (Жігітті досына қарап, бағала)

2.     Байт биттен құралады.

                                                                     (Теңге тиыннан құралады)

3.     Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас.

                                                                   (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

4.     Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім.

                                                                      (Аттың сыры, иесіне мәлім)

5.     Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасасада.

                                         (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарсада) 

6.     Білмесең, «анықтама»-дан сұра.

                                                              (Білмесең білгеннен сұра)

7.     Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы.

                                                              (Бір ақылдан, екі ақыл артық)

8.     Антивирусы күштіні – Вирус ала алмайды.

                                                              (Досы күштіні – жау алмайды)

9.     Күлсең ескірген компьютерлерге күл.

                                                               (Күлсең кәріге күл)

10. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.

                                                   (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Сынып көшбасшысы" сайыс сабағы (7-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:



«Сынып көшбасшысы»

интеллектуалдық ойыны

 

Сабақтың тақырыбы: «Компьютердің аппараттық құралдары»

Мақсаты: Компьютердің аппараттық құралдары тарауы бойынша оқушылардың білімін толықтыра отырып, жан-жақты ізденуге баулу. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Түрі: ойын сабағы

Әдісі: тест жұмысы, жұмбақтар, сұрақ-жауап

Көрнекілігі:  плакаттар, проекциялық аппарат, экран.

 

Сабақ барысы:

1-кезең.        Дода. (Тест жұмысы)

2-кезең.        Бәйге. (Әр саладан оқушының таңдауымен сұрақтар қойылады)

3-кезең.        Көкпар. (Жұмбақтар әлемі)

4-кезең.        Жорға. (1 минутта 15 сұраққа жауап беру)

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 359 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.12.2014 1399
    • DOCX 89.5 кбайт
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бекеева Гульжамал Мейркуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бекеева Гульжамал Мейркуловна
    Бекеева Гульжамал Мейркуловна
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 12562
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 101 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 805 человек

Курс профессиональной переподготовки

Создание и обеспечение электронного архива с использованием информационно-коммуникационных технологий

Специалист по формированию электронного архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Курс повышения квалификации

Теоретические и методологические основы преподавания информатики с учётом требований ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 151 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 717 человек

Мини-курс

Личностное развитие и отношения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фокусировка и лидерство: достижение успеха в условиях стресса и перемен

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов

Мини-курс

Жизненный цикл продукта и методология управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе