Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Сынып сағаты «Конституця – негізгі заң» Сынып сағаты «Конституця – негізгі заң»
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям рекомендуем принять участие в Международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

СЕГОДНЯ (15 ДЕКАБРЯ) ПОСЛЕДНИЙ ДЕНЬ ПРИЁМА ЗАЯВОК!

Конкурс "Я люблю природу"

Сынып сағаты «Конституця – негізгі заң» Сынып сағаты «Конституця – негізгі заң»



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Сынып сағаты

«Конституця – негізгі заң»

 Мақсаты:  Оқушыларға Конституцияның сипаты, маңызы туралы түсінік беру. Ата заңның қалыптасу тарихының кезеңдері және оның ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету. Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік Заңдық ережелерді бойларына сіңіру және негізгі заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.

Барысы:

Ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздікке қол жетіп, Егемендігіміздің еңсесі нығайып, көпұлтты Қазақстанымыз көркейіп, ел экономикасы өсіп-өркендеп, халқымыздың әл-ауқаты артып, дамудың даңғыл жолын таңдадық. Қыруар қайратты, еңселі еңбекті қажет етер күрделі де, қиын өмір өткелдерінен өтіп, алуан асуларды, биік белестерді бағындырдық. Елбасымыздың салихалы саясатының арқасында әлем халқын мойындатқан Егемендігі еңселі, Тәуелсіздігі тұғырлы, саяси тұрақтылығы орныққан көпұлтты мемлекетке айналдық. 1991 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынып, оны Қазақстан халқы 1995 жылы 30 тамыздағы Республикалық референдумда бір ауыздан мақұлдады.

ҚР Конституциясы – мемлекетіміздің іргесін нығайтудағы қарышты қадамдардың қалыптасуы мен жаңа жүйенің орнығуына, саясат сахынасында Қазақстан Республикасының қанат жаюы жолындағы  бірден-бір бастаушы заң, серпінді сенім, ҚР Конституциясы — әділет жолын көрсетер мемлекетіміздің Ата заңы, айшықты құжаты.

Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның Ата (негізгі) заңы.
Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз – мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланды.
Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы.
(1937, 1978, 1993, 1995)
Оның құрылымы кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.
Конституция – барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары – басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі.
Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң.

Конституцияның бірнеше баптарын таныстыру
1 – бап

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
7 – бап
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
27 – бап
1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.
3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.
30-бап
1. азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.

36 – бап
Қазақстан Республикасын қорғау –
оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

V. Суреттермен жұмыс ( мемлекеттік рәміздер туралы оқушылар білімін саралау)
VІ. Қорытындылау: оқушылардын бүгінгі өтілген сабақтын қорытындысы ретінде сұрақтар қою:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы  Қай жылы және қалай қабылданды?

1995 ж. 30 тамыз, Бүкілхалықтық Референдум;

2. Азаматтықты куәландыратын құжат? Куәлік, төлқұжат.

3. Заң дегеніміз не? Ең жоғарғы құқықтық күші бар нормативтік құжат.

4. ҚР-ның құқық қорғау органдарын ата?

 Прокуратура, ішкі істер органы, ұлттық қауіпсіздік органы,

5. Құқық дегеніміз не? Белгілі бір мемлекетте қабылданған және қолданылып жүрген барлық құқықтық нормалардың жүйесі.

6. Мемлекеттің негізгі нышандарын ата? Ту, Елтаңба, Әнұран.

7. « Қылмыс» деген сөздің анықтамасын айтыңыз.

Заң жүзінде танылған, қоғамға қауіпті іс-әрекет.

8. ҚР-ның Конституциясына  анықтама бер. ҚР-ның Конституциясы Демократиялық, өркениетті даму жолына  түскен мемлекет пен қоғамның негізгі нормативтік актісі.

9. Жасөспірімдер қылмыстық жауапқа қанша  жастан бастап тартылады?

16 жастан, өте ауыр қылмыс істеген  жағдайда 14 жастан;

10. Әрбір азаматтың Отан алдындағы қасиетті борышы не?

Отан қорғау, әскери борышты өтеу.

11. Егер адам 16 жасқа толмаса, оның азаматтығы немен расталады?

Туу туралы куәлік, ата-анасының төлқұжаты;

12. Киднэпинг, бипатрид деген  сөздерді естулерің бар ма? Естісеңдер мағынасын айтып беріңдер.Киднэпинг-кісі ұрлау, балаларды ұрлау қылмысы. Бипатрид –қос азаматтығы бар адам.

  1. Қылмыскердің кінәсін жеңілдететін жағдайлар және жауапкершілігін ауырлататын  жағдайларды  ажыратып бер.

- Қылмыс жас балаға, қарт адамға қарсы жасалса;

- Бір адам екінші адамды қарызымды бермедің деп ұрып, өлтіруі;

- Дүкеннің терезесін  байқаусызда сындырып қойып, бірақ  орнына әйнек салып береді;

- Жасаған қылмысы үшін қатты уайымдап, өзі полицияға барып айтты;

- Ұшақты басқа жаққа ұшуға қарудың күшімен мәжбүр етті.

  1. Жеке адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын атап бер.? (Өмір сүру, ождан мен қадір-қасиетті сақтау, ар-ұят бостандықтары, қажетті қорғаныс құқығы, және т.б.)

  2. «Жеті жарғы» атты заңдар жинағы қай ханның тұсында болды? Тәуке хан

  3. Республиканың ең жоғары өкілді органы? Парламент

  4. «Адвокат» сөзінің қазақшасы? Қорғаушы

  5. Мына мақалды аяқта «Ұрлық түбі…» Қорлық

  6. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан алды? 1991 ж. 16 желтоқсан

  7. Біреудің меншігіндегі затын жасырын жолмен алу не деп аталады? Ұрлық

  8. Ең жоғарғы құқықтық күші бар нормативтік құжат? Заң

  9. Әркімнің өмір сүруге құқы бар деген сөздер қай баптан алынған? 15 бап

  10. Парламент қанша және қандай палатадан тұрады? 2- сенат және мәжіліс

  11. Конституцияның  қай бабында мемлекеттік рәміздерді қастерлеу керек екені айтылған? 34 бап

  12. Басқа бір адамның ожданы мен қадіріне  тіл тигізу, масқаралау не деп аталады? Қорлау

  13. Қазақ халқының сот жүйесін кімдер басқарған? Билер

  14. 2.                 Әрбір адамның құқықтары мен  бостандықтары қай орган арқылы қорғалады?  Сот

  15. «Указ» сөзінің қазақшасы? Жарлық

  16. Мына мақалды аяқта «Ұры байымайды…» Сұқ семірмейді

  17. «Қазақстан-2030» Жолдауы қай жылы шықты? 1998ж

  18. Біреудің меншігін ашықтан-ашық алып кету не деп аталады? Тонау

  19. Әркімнің ар ождан бостандығы құқы бар деген  сөздер Конституцияның қай бабынан?22-бап

  20. Конституция қанша бөлімнен тұрады?  Тоғыз

  21. Конституцияның қай бабында әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқы бар делінген? 13-бап

  22. Жасалған қылмысы үшін қылмыскердің жазаға тартылуы не деп аталады? Жазалау

  23. Заң жүзінде танылған, қоғамға қауіпті іс-әрекет не деп аталады? Қылмыс.




ҚР Конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар. Әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін конституция, оның нормаларын пайдалана алады. Сонымен, ҚР-ның Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Заңға бағыну – тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер қоғам дамуына негіз болады. Өз Отанын танып, сүюі, оның заңдарына бағынуы – бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы.


































Ақмола облысы

Бурабай ауданы

Сакен Сейфуллин атындағы орта мектебі











Сынып сағаты

Конституция – негізгі заң

9 сынып

Мұғалімі: Аманбаева Ж.О.















2014-2015 оқу жылы

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздікке қол жетіп, Егемендігіміздің еңсесі нығайып, көпұлтты Қазақстанымыз көркейіп, ел экономикасы өсіп-өркендеп, халқымыздың әл-ауқаты артып, дамудың даңғыл жолын таңдадық. Қыруар қайратты, еңселі еңбекті қажет етер күрделі де, қиын өмір өткелдерінен өтіп, алуан асуларды, биік белестерді бағындырдық. Елбасымыздың салихалы саясатының арқасында әлем халқын мойындатқан Егемендігі еңселі, Тәуелсіздігі тұғырлы, саяси тұрақтылығы орныққан көпұлтты мемлекетке айналдық. 1991 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынып, оны Қазақстан халқы 1995 жылы 30 тамыздағы Республикалық референдумда бір ауыздан мақұлдады.

Общая информация

Номер материала: 161703

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>