Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Сынып сағаты Тақырыбы: "Мақал-мәтелдер"сайысы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Сынып сағаты Тақырыбы: "Мақал-мәтелдер"сайысы

библиотека
материалов

Мақал-мәтелдер сайысы

Сәріпова Р.Қ.

Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі


Мақсаты: Оқушыларға мақал-мәтелдер қазақтың қысқа әрі нұсқа даналығы, өмірден түйген қорытындысы, тұрмыс айнасы екеніне көздерін жеткізу, орынды пайдалана білуге үйрету.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен әдебиет,бейнелеу өнері

Көрнекілігі: мақал-мәтелдер жинағы, суреттер,флипчарт.
Түрі:сайыс
Сайыстың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Жүргізуші: - Бүгінгі сайыстың жақсы өтуіне тілектеспіз.Сайыстың алдында тіл туралы белгілі адамдардың айтқан сөздерін еске түсірейік.

Ш.Айтматов: «Тіл жоқ жерде, ұлт жоқ.»
М.Горький: «Тіл аспап сияқты,оны жақсы білу керек,оны меңгеру керек.»
Б.Момышұлы: «Тіл дегеніміз-қай халықтың болмасын,кешегі,бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры.»

М. Қашқари: «Игі істің басы-тіл, тәрбие басы-тіл.»
Н. Назарбаев: «Тілден артық қазына жоқ,тілден артық қасиет жоқ.»

Ал енді сайысымызды бастайық.

Қазақ тілі – туын биік ұстаған,

                           Қазақ тілі – кең далама ұқсаған.

                           Қазақ тілі – мәртебелі, еңселі,

                           Құрметтеп отыр бүгін ел сені!

     Иә, тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әр адамның мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес асыл мұра. Тілді қастерлеу, ізгілік пен мәдениеттіліктің белгісі.22 қыркүйек күні бүкіл Қазақстан халқы үлкен бірлік пен береке күні – Тілдер мерекесі күні тойлануда.Егеменді еліміздің Тәуелсіздігінің Туы желбіреп, тұғыры бекігеніне де биыл 20 жыл.«Ел боламын десең, бесігіңді түзе»,- деп заңғар жазушымыз М.Әуезов айтқандай, Алматы облысы, Қарасай ауданы, «Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталықпен» мемлекеттік мекемесіндегі «Тіл және мәдениет» атты мерекелік іс – шараға қош келдіңіздер!

Сайыс 6 кезеңнен тұрды:

1 - кезең. « Өзге емес өзім айтам өз жайымды» бөлімінде өздерің таныстыру.

2 – кезең. «Мақалды жалғастыр» .Тіл туралы мақал – мәтелдің басы айтылады, сайысқа қатысушылар жалғасын айтады.

3 –кезең.Тапқырлар сайысы. Тапқырлық, ой үндестігі
4- кезең  « Ойлан да, ойна». Тірек сөздер түрінде берілген сурет бойынша мақал ойлап шығару

5-кезең.Оқушы түйіні. Жырау шешендігіндегі негізгі ой


Негізгі бөлім:1 - кезең. « Өзге емес өзім айтам өз жайымды»  бөлімінде өздерің таныстыру. Сәлем берем халқыма,

Сәлем берем жалпыңа,

Сәлемдесу кіреді,

Ата-дәстүр салтына

Әр топ өз командасының аты, ұраны, төсбелгісімен таныстырып өтеді

І топ. «Сұңқар». Ұраны: Сұңқардай қалықтаймыз, Ізденуден жалықпаймыз!
ІІ топ. «Тұлпар». Ұраны : Тұлпардай жүйрік болу арманымыз, Жетуге соған тырысамыз!

ІІІ топ. «Тапқырлар». Ұраны : Тапқырмыз деп ұрандап, Өмірде біз келеміз жарқылдап

2 – кезең. Н.Назарбаев: «Тілден артық қазына жоқ,тілден артық қасиет жоқ.»

«Мақалды жалғастыр» . Тіл туралы мақал – мәтелдің басы айтылады, сайысқа қатысушылар жалғасын айтады.

1.Тіл тас жарады,Тас жармаса, бас жарады.

2. Адам көңілден азады, тілден жазады.

3.Адамға келген он пәленің тоғызы – тілден.

4.Адам көңілінен азады, Тілінен жазады.

5.Айтпас жерде тілің тарт.

6.Ана тілі – бәріміздің анамыз, Өйткені ол – ұлтымыздың анасы.

7.Ана тілің алпыс тілге татиды.

8.Ақынның тілі қылыштан өткір.

9.Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі қайырады.

10.Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл.

11.Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.

12.Ашынған тілді болар, Ашыққан ұры болар.

13.Ауызда жиек жоқ, Тілде тиек жоқ.

14.Әдеп басы – тіл.

15.Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты.

16.Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ.

17.Бал тамған тілден у да тамар.

18.Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле.

19.Басқа пәле – тілден.

20. Кісі қызыл тілден өледі, Түлкі қызыл жүннен өледі.


3 –кезең.Тапқырлар сайысы. Тапқырлық - ой үндестігі
Шарты : Мақалдардың жартысын сызба арқылы дұрыс құрастыру.
Отан - оттан да ыстық.
Отансыз адам ормансыз бұлбұл.
Опасызда Отан жоқ.

Отан үшін күрес – ерге тиген үлес.

Отанға опасыздық еткенің - өз түбіңе өзің жеткенің.

Отансыздың оты жанбайды.

Отанды сүю – отбасынан басталады.

Отан - елдiн анасы,Ел - ердiн анасы.


Отан -


ерге тиген үлес

Отансыз адам


күймейсің.

Опасызда


жанбайды.

Отан үшін күрес


Ел - ердiң анасы.

Отанға опасыздық еткенің


отбасынан басталады.

Отансыздың оты


Отан жоқ.

Отанды сүю


оттан да ыстық.

Отан - елдiң анасы,


елдің көркі ерімен

Отан үшін, отқа түс,


өз түбіңе өзің жеткенің.

Отан көркі жерімен,


ормансыз бұлбұл.


4-кезең.Ойлан да ойна. Суретке қарап мақал-мәтел құрастыру (гүл, ту, балық суреттерін таратып беру)

Ер – еліңде, гүл – жеріңде.

Туған жерге туың тік.

Бақа көлінде патша, балық суында патша, жігіт елінде патша.


5-кезең.Оқушы түйіні. Жырау шешендігіндегі негізгі ой.

Қазыбек бидің Бұқарға берген жауабы.

Бір дегеніңіз –бірлігі кеткен ел жаман,

Екі дегеніңіз-егесіп өткен ер жаман.

Үш дегеніңіз-үш бұтақты шідеріден шошынған ат жаман.

Төрт дегеніңіз- төскейге шыға алмаған кәрілік жаман.

Бес дегеніңіз-білікті адамнан белгілі азамат тумаған жаман.

Алты дегеіңіз-аймағын билей алмаған хан жаман.

Жеті дегеніңіз- жетем деген мақсатына жете алмаған хан жаман.

Сегіз дегеніңіз-серкесіз бастаған қой жаман.

Тоғыз дегеніңіз-толғаныңыз,

Он дегеніңіз-о дүниеге жеткеніңіз.


Оқушылырдың жауабы

1-топ Өзімше ой түйгенім:

1-дегенім-..........................................................

2-дегенім- ..........................................................

3-дегенім-............................................................

2-топ: Өзімше ой түйгенім:

4-дегенім-..............................................................

5-дегенім-...............................................................

6-дегенім-..............................................................


3-топ : Өзімше ой түйгенім:

7-дегенім-...........................................................

8-дегенім-.............................................................

9-дегенім-............................................................

10-дегенім-...........................................................


6-кезең.Қорытынды. (толғаныс)
Бүгінгі сайыс сендерге ұнады ма? Сайыс қалай өтті? Мемлекеттік тілді үйренуде мақал-мәтелдерді білу не үшін қажет?


Алматы облысы

Қарасай ауданы

Алмалыбақ ауылы










Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Мақал-мәтелдер сайысы

Сәріпова Р.Қ.

Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі

Мақсаты: Оқушыларға мақал-мәтелдер қазақтың қысқа әрі нұсқа даналығы, өмірден түйген қорытындысы, тұрмыс айнасы екеніне көздерін жеткізу, орынды пайдалана білуге үйрету.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен әдебиет,бейнелеу өнері

Көрнекілігі: мақал-мәтелдер жинағы, суреттер,флипчарт.
Түрі:сайыс
Сайыстың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Жүргізуші: - Бүгінгі сайыстың жақсы өтуіне тілектеспіз.Сайыстың алдында тіл туралы белгілі адамдардың айтқан сөздерін еске түсірейік.

Ш.Айтматов: «Тіл жоқ жерде, ұлт жоқ.»
М.Горький: «Тіл аспап сияқты,оны жақсы білу керек,оны меңгеру керек.»
Б.Момышұлы: «Тіл дегеніміз-қай халықтың болмасын,кешегі,бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры.»

М. Қашқари: «Игі істің басы-тіл, тәрбие басы-тіл.»
Н. Назарбаев: «Тілден артық қазына жоқ,тілден артық қасиет жоқ.»

Ал енді сайысымызды бастайық.

Қазақ тілі – туын биік ұстаған,

Қазақ тілі – кең далама ұқсаған.

Қазақ тілі – мәртебелі, еңселі,

Құрметтеп отыр бүгін ел сені!

Иә, тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әр адамның мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес асыл мұра. Тілді қастерлеу, ізгілік пен мәдениеттіліктің белгісі.22 қыркүйек күні бүкіл Қазақстан халқы үлкен бірлік пен береке күні – Тілдер мерекесі күні тойлануда.Егеменді еліміздің Тәуелсіздігінің Туы желбіреп, тұғыры бекігеніне де биыл 20 жыл.«Ел боламын десең, бесігіңді түзе»,- деп заңғар жазушымыз М.Әуезов айтқандай, Алматы облысы, Қарасай ауданы, «Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталықпен» мемлекеттік мекемесіндегі «Тіл және мәдениет» атты мерекелік іс – шараға қош келдіңіздер!

Сайыс 6 кезеңнен тұрды:

1 - кезең. « Өзге емес өзім айтам өз жайымды» бөлімінде өздерің таныстыру.

2 – кезең. «Мақалды жалғастыр» .Тіл туралы мақал – мәтелдің басы айтылады, сайысқа қатысушылар жалғасын айтады.

Автор
Дата добавления 14.01.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2095
Номер материала 301076
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх