Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Сынып жетекшілеріне арналған "Нашақорлық ғасыр дертті" (8-11 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Сынып жетекшілеріне арналған "Нашақорлық ғасыр дертті" (8-11 сынып)

библиотека
материалов

«Танысу» тренингі

1 наурыз Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімі бойынша бүкіләлемдік есірткі және есірткі бизнесімен күресу күні. Сіздер Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың есірткіге қарсы күресу міндетін қойғанын білесіңдер. Ресми тіркеу бойынша соңғы жылдары орта есеппен жастардың 30-40 пайызы есірткі және есірткі бизнесімен шұғылданады екен. Сондықтан онымен күресу үшін біз де өз үлесімізді қосуға тиіспіз. Бүгінгі іс-шарамыз да осы тақырыпқа арналады. Ал, енді алдымен белсенділігімізді арттыру үшін, өздеріңді бос та жайлы сезіну үшін бой жазу ретінде шағын ойын ойнайық.


(Тренингке қатысушылар бірін-бірі жақсы таныса да, міндетті түрде өткізіледі).

Мақсаты: топтың белсенділігін, қарым-қатынасын арттырады.

«Қарлы кесек»

1 – адам өз атын айтады. 2 – адам өзінің алдындағы адамның және өзінің атын қосып айтады. 3 – адам 1-2 адамның және өзінің атын қосады, ойын жалғасады, барлығы шартты орындайды.

«Екі шындық, бір өтірік» ойыны

Әрбір ойынға қатысушы өзіне байланысты екі шындық сөз және бір өтірік сөз айтады.

Мысалы: 1) Мен Тимирязев селосында тұрамын.

2) Балмұздақ жегенді ұнатамын.

3) Еңлік-Кебек фильмінде басты рольді

сомдаған мен болатынмын.


1 жүргізуші: «Нашақорлық» туралы шағын лекция

Ал енді балалар, біздің бүгінгі тақырыбымызға оралсақ – ол «Нашақорлық – ғасыр дерті» деп аталады. Ол бүгінде барлығымызды толғандыруы тиіс мәселе.

Есірткі грек тілінде «ұйқы» мағынасын білдіретін «нарке» сөзі ағылшын тілінде «наркотик» деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сенімсіздендіру деген мағынаны береді. Жалпы айтқанда, есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Бірақ дүние жүзінде күнделікті қолданыста стимулятор да есірткі ретінде қабылдануда. («стимулятор» - өсімдіктің дамуын жылдамдату үшін қолданылатын химиялық зат) Өйткені бұлардың құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар да бар.

Нашақорлық – бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, үй айналасын торып, ғасыр індеті жүр.


2 жүргізуші:

Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желіге ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі. Есірткі – аса қауіпті, айығуы үмітсіз әлеуметтік дерт.

Нашақорлық – күллі адамзат баласына төнген қауіп. Әсіресе, ел ертеңі саналар жастарымызды осы кесірлі дерттен арашалап қалу - аса өзекті мәселелердің санатына жатады.

Әр нәрсеге оңай еліктегіш, қызығушылығы басым жастарды оның улы шеңгеліне түсіру әккі нашақор мен есірткі саудагері үшін түкке де тұрмайтын іс. Өзінің «дертіне» өзгені де шалдықтырғысы келген нашақор көбінесе жекке басынан өткен оқиғаларды, есірткіні пайдаланғаннан соңғы «ләззат» жайды әдейі қызықты етіп айтып жаңа «құрбандықтың» ой-санасын жаулайды, дәлірек айтқанда улайды. Сөйтіп өзі сияқты ондаған, тіпті жүздеген нашақорды «іске» қосады. Осыдан-ақ, олардың қаншама адамды есірткіге үйір етерін шамалай беруге болады.

Есірткі түрлері. (ойын).

1.Анаша,2. апиын, 3.героин,4. кокаин, 5. Кендір (Конопля – марихуана, гашиш, пластилин, шөп, смола, дурь). 6. ЛСД (немесе қышқыл), 7. экстези.


1 жүргізуші:

1) Анаша – сұр түсті химиялық зат, ол ыстық және құрғақ аймақтарда өсетін көкнәр тұқымынан алынады.


2) Көкнәрдің барлық жапырағы түскеннен кейін, гүл тұғырындағы қауыз ішінде ақ сірне қалады. Міне осыны көкнәр өсіретіндер жасайды. Ақ сірне кепкен кезде ол қоңыр түсті қоймалжың затқа айналады. Бұл – апиын.


3) Апиыннан дәрі жасаушылар көптеген дәрілік заттар алады. Одан жасалған морфин, промедол, кодеин сияқты дәрілер медицинада ресми түрде қолданылады. Осы аталған дәрілердің қалдығынан жасалатын есірткі - героин.


4) Бұл иіскейтін немесе тістеріне жағатын ақ ұнтақ. Оны шегеді немесе егу арқылы денеге жіберіледі. Оны Оңтүстік Америкада өсетін каин ағашының жапырағынан алады. Ол өте қымбат есірткі, оны пайдалану атақты және дәулетті адамдардың арасында сәнге айналған. Бұл есірткі - кокаин.


5) Бұның шикізаты – Азияда өсетін, жасыл түсті өсімдік – үнді шөбі. Ол жұмсақ қоңыр қара түсті зат, оны темекіге қосып тартады. Бұл шөпті шеккен адам өзін-өзі билей алмайды, машина жүргізе алмайды, көшеден өте алмайды. Ылғи шөл қысып тұрады, сонымен қатар олар көбіне өкпе рагіне шалдығады.Ол – кендір (конопля).


6) Ол көзге әр нәрсе елестететін есірткі, ол адамның түйсіну қабілетін терістейді. Ақ ұнтақ зат, оны желатин капсуласына немесе қағаз пакетке салып жұтады. Ол 30 минуттан кейін әсер етеді. Бұл кезде адам ақыл естен айырылады, көзіне жоқтан өзге елестейді, көзі дұрыс көрмейді, құлағы дұрыс естімейді, мұрны есті сезбейді, бәрін басқаша қабылдап сезінеді, яғни «ұшу», «саяхаттау» деп аталатын галлюцинация пайда болады. Есірткі – ЛСД (немесе қышқыл) деп аталады.


7) Бұл есірткілер адамның көзіне құбыжықтар елестетеді, адам қозынып, еліріп тұрады, ол түрлі-түсті таблеткалар (ақ, қоңыр, күлгін, сары түсті капсула түрінде шығарылады). Ол дискотекаларда жиі сатылады. Адамға күш беретін бұл есірткіні қабылдаған адам шаршағанын сезбей бірнеше сағат бойы билейді. Бұл - экстези.


2 жүргізуші:

Есірткі сатуды табыс көзіне айналдырғандардың тасы өрге домалап тұрғаны жасырын емес. Жалпы есірткі бизнесі – пайдасы мол бизнес саналады. Оған салынған 1 АҚШ доллары бір жылда 12240 доллар табыс әкеледі деген дерек бар. Осыдан-ақ есірткі бизнесінің басындағылардың мұртын балта шаба қоймайтынын бағамдауға болады. Көп жағдайларда заң қармағына бұйрықты орындаушы майшабақтар ілініп, шортандар құтылып жатады. Әйтсе де, есірткі сатып пайда табуға дәніккендер өздері басқан кетпеннің сабы өз маңдайларына тиетінін ескере бермейді. Өзіне табыс әкелген улы зат ертеңгі күні өзінің ет жақын туысына, бала-шағасына бақытсыздық сыйлап жататын жағдайлар да өмірде кездеседі.

Есірткі қолдану жолдары және нәтижелері (оқушылардан сұрау).

Қолдану - Иіскеу, ингалятор, дәрі-дәрмек, шегу, егу.

Нәтижелері – Абақты, жалғыздық, депрессия, мөлшерден артық қолдану, есалаңдық, өлім.


1 жүргізуші:

Түрлі жағдайларды шешу

1-жағдай

Досыңның туған күніне өзіңнің ұнататын қызынды шақырдың.

Досын сенің қызыңа анаша шегуді ұсынды.

Сенің әрекетің?

2-жағдай

Досыңның анаша қабылдайтынын біліп қалдың.

Сенің әрекетің?

3-жағдай.

Би кешіне саған достарың наркотик қабылдауыңды ұсынады,сен қалай жоқ деп жауап бересің?


2 жүргізуші:

Есірткінің кесірі әйгілі адамдардың өмірін де айналып өтпеген. Мәселен, атақты әншілер Элвис Преслидің, Фредий Меркурийдің, велошабандоз Пантанийдің ажалы да нашақорлықпен байланыстырылады. Аргентина елінің мақтанышы, теңбіл доптың теңдессіз шебері – Марадонаның бағын да есірткі байлайды. Ол аз ғана уақыттың ішінде атақты футболшыдан есірткі бизнесінің қуыршақ құрбандығына айналып сала береді. Есірткі барондары әйгілі адамдарды да тәуелді етіп, өз мүдделеріне сәтті пайдалана біледі.

Бүгінде есірткі әлемнің барлық елдеріне тарайды десек қателеспейміз. Хан да, қара да тәуелді болып жататын есірткі атаулының дені жұмыр жердің бетіне соғыстан көз ашпаған ауғаныстан алқаптарынан тарайды деседі. Есірткілік заттардың ішіндегі ең бағалысы саналатын героиннің 50 пайызы ауған даласында дайындалады екен. Әлбетте, алдыңғы қатарлы есірткі тұтынушылар ауғандықтар болып табылса, одан кейінгі тізімде Пәкістан, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстан тұр. Есірткі тасымалдаушы алпауыттар соңғы төрт мемлекетті «транзиттік дәліз» ретінде пайдаланады екен.

Есірткі пайдалану себептері:

Жоқшылық, ұрлық, жаман әдет, кинодан әсерлену, татып көру, байлық, той-думан, қызығушылық.


1 жүргізуші:

Адамның ой-қабілетін оңай билеп алатын есірткі әртүрлі әсер беретінін айтады. Ол қандай да бір мөлшерде ми қабілеттілігін арттырып, адамның сезімін, көңіл-күйін және түйсігін өзгерте алады. Оның дәмін бір алған жан өмір бойы соны аңсап, сағына іздеп тұрады деуге болады.


Қойылым:

1 жүргізуші: Анаша шегушілер бара-бара өздерінің адамдық қасиетінен айырылады. Олар тек қана өзін ойлайды. Оқу, жұмыс жайына қалады.



2 жүргізуші: Олар өтірік айтады. Ұрлық істейді. Адам тонайды. Ал кейде анаша алатын ақша табу үшін кісі өлтіруден де шімірікпейді.


1 жүргізуші: Есірткіні шприц арқылы тамырына жіберулер бауыр ауруына және СПИД дертіне шалынады.



2 жүргізуші: Анаша шегушілер - өзін - өзі өлтірушілер


1 жүргізуші: Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, Ауғанстан мен Тәжікстанда бірнеше мыңдаған тонна апиын сақталып отыр.


2 жүргізуші: Сол апиын легі бізге келмесіне кім кепілдік береді.


1 жүргізуші: Олай болса,сақ болайық, ағайын!


2 жүргізуші: Ажал тарататын анашадан абай болайық!


1 жүргізуші: Егер ел боламыз десек, ұлт боламыз десек,

2 жүргізуші: Ата-анамызға қуаныш әкелгіміз келсе,


1 жүргізуші: Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі көркем болсын десек,


Екеуі қосылып:

- Ел болып, халық болып, анашаны ауыздықтайық! Ғасыр індетіне қарсы тізе қосып күресейік, бауырлар!


2 жүргізуші:

Нашақорлық қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу қажет. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Ал ол өз қолында. Салауатты өмір сүрейік, спортпен айналысайық.

«Салауатты өмір салтын ұстанайық» - деп бүгінгі Нашақорлық – ғасыр дерті деген шарамызды аяқтаймыз.

Краткое описание документа:

Мақсаты: топтың белсенділігін, қарым-қатынасын арттырады

Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желіге ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі. Есірткі – аса қауіпті, айығуы үмітсіз әлеуметтік дерт.

          Нашақорлық – күллі адамзат баласына төнген қауіп. Әсіресе, ел ертеңі саналар жастарымызды осы кесірлі дерттен арашалап қалу - аса өзекті мәселелердің санатына жатады.

          Әр нәрсеге оңай еліктегіш, қызығушылығы басым жастарды оның улы шеңгеліне түсіру әккі нашақор мен есірткі саудагері үшін түкке де тұрмайтын іс. Өзінің «дертіне» өзгені де шалдықтырғысы келген нашақор көбінесе жекке басынан өткен оқиғаларды, есірткіні пайдаланғаннан соңғы «ләззат» жайды әдейі қызықты етіп айтып жаңа «құрбандықтың» ой-санасын жаулайды, дәлірек айтқанда улайды. Сөйтіп өзі сияқты ондаған, тіпті  жүздеген нашақорды «іске» қосады. Осыдан-ақ, олардың қаншама адамды есірткіге үйір етерін шамалай беруге болады.

Есірткі грек тілінде «ұйқы» мағынасын білдіретін «нарке» сөзі ағылшын тілінде «наркотик» деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сенімсіздендіру деген мағынаны береді. Жалпы айтқанда, есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Бірақ дүние жүзінде күнделікті қолданыста стимулятор да есірткі ретінде қабылдануда. («стимулятор» - өсімдіктің дамуын жылдамдату үшін қолданылатын химиялық зат) Өйткені бұлардың құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар да бар.

 

          Нашақорлық – бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, үй айналасын торып, ғасыр індеті жүр.

Автор
Дата добавления 16.02.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров326
Номер материала 390859
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх