Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Сынып жетекшісінің ата – аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Сынып жетекшісінің ата – аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

Сынып жетекшісінің ата – аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері


В.А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», - дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше.


Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:


1. Ата–аналармен тұрақты байланыс орнату.


2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.


3. Ата–аналар ұжымын құру.


4. Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру..


Ата–аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі


1. Ата–аналарды сыныптағы оқу тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру.


2. Ата–аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.


3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру.


4. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру.


5. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі.



















АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫН ӨТКІЗУ ҮШІН, СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА


1. Есте сақтаңыздар, ата-аналар жиналысын өткізу – өте үлкен жауапкершілік. Жиналыс туралы ұмытып кету дұрыс емес – оған залал әкелумен бірдей. Жиналысты әр тоқсан сайын бір рет өткізіп тұру қажет.


2. Ата-аналар жиналысы туралы ата-аналарға ертерек хабардар етуді ұмытпаңыз, оны оқушылардың күнделігіне жазуға болады. Ата-анларыдың сол хабарламаға қолдарын қойғанын тексеріңіз. Оқушылардан сұраңыз, егер ата-аналары жиналысқа қатыса алмайтын болса, онда ертерек себебін қағазға жазып, баласы арқылы беріп жіберсін.

Ата-аналардың жиналысқа келуі – мектепті және мұғалімді құрметтеуі болып табылады.

3. Егер сіз жаңа ғана сынып алсаңыз, онда жиналысты танысумен және өзіңіз туралы қысқаша айтып кетумен бастаңыз.

4. Ата-аналарға өзіңіздің алдыңызға қойылған және сынып ұжымына қойылған осы оқу жылындағы тапсырмалар мен міндеттер туралы айтыңыз.

5. Жиналыста ата-аналар қандай сұрақтарды көтергілері келетінің және қандай қосымша тапсырмаларды іріктеп алғылары келетінің келісіп алыңыз.

6. Әрі қарай ата-аналарды жыл бойында болатын негізгі істермен, сонымен қатар 1 тоқсандағы басты дәстүлі жұмыс жоспарымен таныстырыңыз. Олар жағынан көмектесулерін сұраңыз.

7. Ата-аналарға мектептің жұмыс тәртібін, сынып сағатының өтетін күнін, сізді қай күндері мектепте көре алатының хабардар етіңіз және пән-мұғалімдерімен қатынасуларының тәртібімен таныстырыңыз.

8. Ата-аналарға мектепте осы жастағы балаларға арналған қандай үйірмелер, факультативтер, секциялар, болатынын, олардың жұмыс уақытысын, әрі қандай да бір факультативке міндетті түрде қатысуы керектігі туралы, шет тіліне, сонымен қатар дене шынықтыруға міндетті түрде қатысу керектігі жөнінде айтыңыз.

9. Міндетті түрде ата-аналар жиналысында төмендегі сұрақтарды шешіп алыңыз:

- тамақтану туралы;

- аяқ киім ауыстыру туралы;

- мектеп формасы туралы;

- күнделікті бастау туралы;

10. Ата-аналар комитетіне 3 адамды сайлап алыңыз.

11. Жиналыстан кейін уақыт тауып, келмеген ата-аналармен кездесіңіз.

Егер бәрі алғашқыдан болмай жатса, қамықпаңыз. Сізге табыс тілеймін!


Ата-аналар жиналысы:

Оқу қызметіндегі оқушыларға үй тапсырмасын тапсыру жөнінде.

Талқылайтын сұрақтар:

1.Үй тапсырмасы және оның маңыздылығы оқушы санасының еңбегі.

2. Тапсырылған үй жұмысы оқушының өздігінен орындайтын жұмысы.

3. Үй тапсырмаларының орындалу ерекшеліктері жекелеген пәндердің болуы.

Оқушыларға сауалнама жүргізу.

1.Үй тапсырмасын орындауға қанша уақыт жұмсайсың?

2.Басқаларына қарағанда қай сабақтан үй тапсырмасын орындағанда көп уақытың кетеді?

3. Саған үйге берілген тапсырма түсінікті ме немесе біреуден қайталап сұрап аласың ба?

4. Сен үй тапсырмасын өзің орындайсың ба, әлде үлкендерден көмек күтесің бе?

5. Сен орындаған тапсырманы үлкендер тексере ме?

6. Сен ылғи үй тапсырмасына алған бағаға көңілің тола ма?

7. Қандай көңіл-күймен үй тапсырмасын орындайсың?

8. Үнемі сабақта үй тапсырмасын жазып алуға үлгересің бе?

9.Сенде үй тапсырмасын сабақтың алдында жолдастарыңнан көшіріп алатын жағдай болып тұра ма?


Ата-аналарға сауалнама жүргізу.

1. Сіздің балаңыз үй тапсырмасын орындауға қанша уақыт жұмсайды?

2. Қандай пәндерге көп уақытын кетіреді?

3. Сіздің балаңыз үй тапсырмасын орындағанда, не істеу керектігін біледі ме?

4. Балаңыз үй тапсырмасын орындағанда көмектесесіз бе?

5. Қай пән бойынша балаңызға үй тапсырмасына көмектесесіз?

6. Әрқашан сіздің балаңыздың орындаған үй тапсырмасына баға қойылады ма?

7. Әрқашан сіздің балаңыз пәндер бойынша берілген тапсырмаларды біледі ме?

9. Сіздің балаңыз күнделіктегі үй тапсырмасының жазылмағанын, не айтып түсіндіреді?

Пайдалы ақпарат.

Үй тапсырмасына қалай дайындалу керек:

1. Сабақта белсенді жұмыс істеу керек: назар қойып тыңдап, сұрақтарға жауап беру керек.

2. Егер бір нәрсе түсініксіз болса, қайта сұраудан ұялмаңыз.

3.Әр пәннен тапсырманы мұқият және нақты жазып алу керек.

4.Түсініксіз сөздердің мағынасын білу үшін, анықтамалар мен сөздіктерді пайдалануды үйрену керек.

5. Қызықты керекті ақпараттарды компьютердің көмегімен табуды үйрену керек.

6. Сабақта өткен қиын материалда сол күні қайталап, бекітіп, түсініп алу керек.

7.Үй тапсырмасын орындаған кезде тек ойлап қана қоймай, оны басқа да заттардың көмегімен, мысалдармен шешуге талпыну керек.

8. Үлкендерден, сыныптастардан көмек сұрауға ұялмаңыз.

9. Үй тапсырмасын орындар алдында күнделікте барлық тапсыманың жазылып тұрғанына көз жеткізіңіз.

10. Қандай жүйелілікте тапсырманы орындау керектігін және әр қайсысына қанша уақыт кететінің шешіп алу керек.

11. Жазу үстелінің үстінде тек бір тапсырманы орындауға қажетті нәрселер жатуы керек. Одан кейін келесі пән тапсырмасын орындауға қажеттілерді қалдырып, қалғандарын алып тастау керек.

12. Үй тапсырмасын орындау барысында үзілістің болғаны тиімді болады.

13. Материал деректерін оқығанда, бірінші оны түсіну керек, сосын есте сақтау керек.

14. Жазба жұмысын орындар алдында өзіне керекті ереженің барлығын ұғынып алып, сосын орындау керек.

15. Оқулықты оқығанда, мәтін бойынша өзіңе сұрақ қой.

16. Жаңа ұғымдарды құблыстарды білген кезде, бұрын білгеніңізбен баланыстырыңыз.

17. Үлкен тапсырманы екіге бөліп, оның әр қайсысын жеке-жеке орындаған дұрым болады.

18. Шығарма жазуды, баяндама жасауды ең соңғы күнге қалдырмай, жүктемелерді бөліп алып, мұндай жауапты жұмысқа ертеректен дайындалған жөн болады.

19. Аызша сабақтарға дайындалғанда картаның, тізбенің қолдану тәсілін білу керек.

20. Ауызша жауаптарға жоспар құрып, әрі өзіңді тексеруің керек.





Отбасыошақтың үш тағаны сияқты, олар: әке, ана, бала. Үшеуінің бірлігі отбасының берекесі. Қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай, мемлекетіміз мықты болуы мүмкін емес.


Бала – ата-ананың игі істерін жалғастырушы болашағы. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ал келешекте оның өміріне қауіп әкеледі».-деп ұлы ғалым –философ Әбу Насыр Әл-Фараби айтқандай , балаларға жан-жақты тәрбие беріп жетілдіріп отыруымыз парыз. Қазіргі кезде баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ананың тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдеріп отырып, қарым-қатынас ортнату және ұлттық сананы бойына сіңіру мақсатында ана-аналар жиналысын өткіздім. Жиналыстың міндеті ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру және бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.






















Ата- аналар жиналысы.

Тақырыбы:“Баланың бас ұстазы — ата-ана“.


Мақсаты: 1. Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиелік ықпалының ерекшеліктерін ашып көрсету. 2.Тәрбиенің ең тамаша жері - отбасы екенін,олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екендігін және бүгінгі заман талабынан шығатынын дәлелдеу.


«Отбасы –шағын мемлекет Мен-президент, сен-премьер.». Қ.Аманжолов


Отбасы- ол да бір шағын мемлекет.Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі, өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, басқару тәртібі, міндет-қызмет бөлінісі, кіріс- шығыс бюджеті, қасиеттеп, қастерлеп ұстанатын рәміздері т.б болмыс-тіршілік жақтары болады. Адамдардың жақсы өмір сүруі отбасы құрамындағыларға байланысты. Сондықтан отбасы құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерінің бір-біріне адал, қамқор болуына тәрбиелеген. Жас жеткіншектеріміздің тәрбиесінің негізі отбасында қалыптасады. Демек,баланың келешекте қандай адам болуы ең алдымен өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесіне,ондағы қарым-қатынасқа байланысты екені күмәнсіз.Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті,саналы,иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды.Олай болса,әрбір ата-ана бала тәрбиесінің нәзік тұстарын білуі шарт. "Жапырақ тамырдан нәр алады" дейді халқымыз. Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақта үйренеді. Егер ата-ана,басқа да отбасы мүшелері өзара жақсы қарым-қатынаста болса,олардың балалары да әдепті,тәбиелі болып өседі. Сондықтан әрбір ата-ана бабаларымыздың әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерін ұлықтап,аңыз,ертегі немесе жұмбақ түрінде балалардың санасына сіңіре беруі тиіс. Яғни, олар сол арқылы балаларын еңбекке, жақсылыққа үндейді,адал болуға және Отанын сүюге шақырады. Халқымыз "Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі"деп бекер айтпаған. Жақсы тәрбие баланың санасында мәңгі мөрленіп қалады. Ол кейін оның бүкіл өміріне азық болады.


Баланың бас ұстаз — ата-ана. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер»


Жанұяда жақсы қасиеттер балаға сөзбен, үлкендердің үлгісімен сіңеді, дамыйды:


адамгершілік инабаттылық


Еңбекпен тәрбиелеу


Бала ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді


өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызу; оның үйренуіне көмектесу берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулын төзімділікпен бақылау; істеген ісін ұқыпты , тындырымды орындауына бағыт беру; жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіру.



Бала тәрбиесіндегі басты тұлға- әке мен шеше


ӘКЕ менШЕШЕ: Баланың жан дүниесіне үңілу; мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білу; әңгімелескенде олардың пікірімен санасу; сенген сырын жарияламай, сақтай білу, ашық сөйлесе алу.


Балаға теріс әсер етеді: Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы,балалардың көзінше арақ ішу, үсті-үстіне темекі тарту т.б.


Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады.Кейде сабақты жиі қалдыруға және әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін. Сондықтан Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту,сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік беру дұрыс білім алуына жағдай жасау


Ата-анаға ұсыныс:


1.Оқушыда сапалы білім мен тәрбие болу үшін мектеп және ата-ана тығыз байланыста болуы қажет. 2.Бала үшін ата-ана тек асыраушының рөлін атқармай, оның білім мен тәрбие алу жолындағы нағыз серіктесі болуы қажет, баламен көзбе-көз сөйлесіп оған әр түрлі жағдайда ақыл-кеңес беру. 3.Ата-ана баласына көбірек уақыт бөліп қадағалау, бағыттау, бағалау, білім олқылықтарын анықтап дер кезінде көмектесіп отыру. 4.Ата-ана баласына педагогикалық көмек көрсететіндей дәрежеде болуы керек. 5.Ата–ана өзін-өзі жетілдіру бағытында жұмыс істеу (газет, журнал, теледидар).


Ой толғанысы ...

Егер баланы үнемі сынап отырса , оқуға құлқы болмайды

Балаға үнемі күлсе , бұйығы болып өседі

Баланы қолдап отырса , білімге деген ынтасы артады

Балаға сенім артса , ол батыл болады

Бала төзімділікте өссе , адал болып жетіледі

Бала қауіпсіз жағдайда өссе , ол адамға сеніммен қарайды

Бала кекшілдікте өссе , ол қатыгез болып өседі

Бала адалдықта өссе , әділ болып жетіледі

Бала түсіністікте және сүйіспеншлікте өссе, бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді



Қорытынды:Бала ата-ана өмірінің жалғасы.Бала тәрбиесі-қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.Отбасы ұшқан ұя-жылы лықтың,жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ,ошағымыздың түтіні түзу болу үшін баламыздың жан дүниесіне үңілейік! Бала тәрбиесі оңай емес,бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер!Сіздердің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін!




Хаттама № 1



2 «А» сыныбында өткізілген жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы.


Жалпы ата-аналар саны – 20


Қатысқаны – 14


Қатыспағаны – 6


Себептісі – 3


Себепсізі - 3


Қаралған мәселелер:


1. Баяндама «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және мектеппен байланысы »


2. “Жақсы тәрбиеші, үлгілі ата-ана бола аламыз ба?”


деген сауалнама өткізу.


3. Ағындағы мәселелер.


1- Мәселе


Баяндама «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және мектеппен байланысы»


“Отбасы –шағын мемлекет


Мен-президент, сен-премьер...”


Қ. Аманжолов


Отбасы- ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі, өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, басқару тәртібі, міндет-қызмет бөлінісі, кіріс- шығыс бюджеті, қасиеттеп, қастерлеп ұстанатын рәміздері т.б болмыс-тіршілік жақтары болады. Адамдардың жақсы өмір сүруі отбасы құрамындағыларға байланысты. Сондықтан отбасы құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерінің бір-біріне адал, қамқор болуына тәрбиелеген.


Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз — ата-ана.


Жанұяда жақсы қасиеттер балаға сөзбен, үлкендердің үлгісімен сіңеді, дамиды:

адамгершілік

бауырмалдық

татулық

қайырымдылық

әдептілік

инабаттылық


өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызу

оның үйренуіне көмектесу

берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулын төзімділікпен бақылау

істеген ісін ұқыпты , тындырымды орындауына бағыт беру

жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіру


Балаға теріс әсер етеді:

Жанұядағы жанжал,

үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы,

баланың көзінше басқа біреуді сөгуі,

біреудің сыртынан өсек айтуы

балалардың көзінше арақ ішу,

үсті-үстіне темекі тарту т.б.


«Балаңда өсер, көкейіңді тесер»


Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады


Кейде сабақты жиі қалдыруға және әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады.


Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін.


Сондықтан

Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту,

тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру,

табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту,

сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік беру

дұрыс білім алуына жағдай жасау


Ата-анаға берілетін кеңес:


1. Балаға мектеп, мұғалім туралы көбірек мағлұмат беріп, дайындық жұмысын алдын ала жүргізіңіз.


2. Балаңызды өзіне-өзі қызмет етуге дайындаңыз.


3. Жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер.


4. Балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз, орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда дұрыс түсінік беріңіз.


5. Баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік беріңіз (бермеген жағдайда бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі).


6. Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.


Ой толғанысы ...


1. Егер баланы үнемі сынап отырса, оқуға құлқы болмайды

Балаға үнемі күлсе, бұйығы болып өседі

Баланы қолдап отырса, білімге деген ынтасы артады


2. Балаға сенім артса, ол батыл болады

Бала төзімділікте өссе, адал болып жетіледі

Бала қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамға сеніммен қарайды


3. Бала кекшілдікте өссе, ол қатыгез болып өседі

Бала адалдықта өссе, әділ болып жетіледі

Бала түсіністікте және сүйіспеншлікте өссе, бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді.


Баяндама бойынша оқушының талаптары, ережесі, оқу-құралдары, мектеп, ата-ана арасындағы байланыс, түсіністік ортақ нәтиже туралы құнды ой-пікірлер айтылды, қоштайтындығын білдірді.


2- мәселе


“Жақсы тәрбиеші, үлгілі ата-ана бола аламыз ба?”


деген сауал төңірегінде бір сәтте болсын, ойланып көрдік пе екен?


Олай болса, келіңіз, бірігіп табуға тырысалық. Төмендегі сұрақтарға


“Иә”, “Кейде” немесе “Жоқ” деген жауаптардың біреуін беру арқылы өзіңізді тексеруден өткізуіңізге болады.


1) Балалар тәрбиесі туралы газет-журнал беттерінде жарияланған мақалаларды, немесе теле-радио хабарларын көріп, тыңдап отырасыз ба? Осы тақырыптағы кітаптарды оқисыз ба?


2) Балаңыз бір оғаш нәрсе істеп қойды делік. Сіз мұндай жағдайдың өз тәрбиеңіздің нәтижесі екендігі жөнінде ойланып көрдіңіз бе?


3) Балалар тәрбиесінде қасыңыздағы қосағыңыздың пікірімен үнемі санасып отырасыз ба?


4) Егер балаңыз сізге жәрдем берсе, осы кезде оның өз жұмысы бұдан кедергіге ұшырап немесе мүлдем тоқтап қалуы мүмкін екендігіне қарамастан қабылдар ма едіңіз?


5) Бұйыру немесе тыйым салу сияқты шараларды сіз тек қажет кезінде қолданасыз ба?


6) Жүйелік, реттілік – педагогиканың маңызды принциптерінің бірі деп санайсыз ба?


7) Балаға оның айналасындағылардың үлкен әсер ететіндігін сезінесіз бе?


8) Спорт пен дене шынықтыру баланың жан-жақты, үйлесімді дамуында маңызы зор екенін ескеріп отырасыз ба?


9) Сіз балаңыздан бір нәрсені орындау жөнінде талап тұрғысынан емес, өтініп сұрап көрдіңіз бе?


10) “Менің уақытым жоқ” немесе “тоқтай тұр, әуелі жұмысымды бітіріп алайын” – деген тәрізді сылтаулармен балаңыздан “құтылуға тырысу” сізге ыңғайсыздық туғызбай ма?


Әрбір мақұлдау жауаптарыңыз үшін – 2 ұпай


Ал кей кезде орындалатын болса – 1 ұпай


Ал қарсы болсаңыз – 0 ұпайдан қойып отырыңыз.


6 ұпайдан төмен ұпай жинасаңыз, бала тәрбиесі туралы түсінігіңіз көмексі екендігін дәлелдейді. “Ештен кеш жақсы” деген ғой, сіз бұл мақалға көп иек арта бермей, жеткіншектер тәрбиесі төңірегінде өз біліміңізді жетілдіре түсуге асыққаныңыз абзал.


7 –ден 14- ке дейін ұпай жинасаңыз, Сіз бала тәрбиесінде әрине үлкен қателік жасап жүрген жоқсыз, әйтсе де өзіңіздің осы бағыттағы іс-әрекетіңіз жөнінде тереңірек ойланып көріңіз. Ал тіпті былай істеуге де болады: алдағы жексенбінің бірін балаңызбен көңілді өткізуге арнаңыз.


3- мәселе


Сынып жетекшісі Кинибаева Бибігүл Төлегенқызы оқу бағдарламасы, оқулықтар, кітап, дәптермен жұмыс жүргізілуі туралы айтылды.


а) мекенжай, ата-ананың қызмет орны;


ә) оқушы денсаулығы;


б) оқушы формасы;


4- мәселе


Жалпы сыныпты жөндеу.


а) сыныпты безендіру


ә) гүл өсіру


б) терезе жабу


5- мәселе


а) екінші аяқ киімді тастамау, дене шынықтыру киімін өздерімен алып келу


ә) аула клубы «Балғыншақ» баланың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау


б) әдеби кітапшалар алып беру (сабақ алдында 2-3 минуттық оқу)


в) түрлі концерттерге қатысуға балаға кедергі болмау


г) форма міндетті түрде киеді


д) лампочка, сабын, порошок тапсыруға қажет


Қаулысы:


1. «Мектеп, оқушы, ата-ана» атты баяндама тыңдалды.


2. «Жақсы тәрбиеші, үлгілі ата-ана бола аламыз ба?»


деген сауалнама өткізілді.


3. Ағындағы мәселелер ата-аналар тарапынан қарсылықтар болған жоқ.





Ата – аналар тізімі



Ата – аналар тізімі

Жұмыс орыны


Телефоны


1


Сарсенбаев Бекболсын


Сарсенбаева Гулнар


жүргізуші «Темірлан»


кіржуышы « Бөбек» б/б


95 – 4 -15


2

Мырзахметова Шолпан


тәрбиеші « Бөбек» б/б


95- 4 -57


3


Ран Хурмет


Ран Гүлжихан


пешжағушы « Бөбек»б/б


медбеке « Бөбек» б/б


95 – 4 -13


4


Агадилов Бекболат


Бектемисова Сауле



жұмыссыз


мұғалім Т.О.М.


95 - 4 -8




Ата - аналарға арналған сауалнама.


1.Балаңыздың аты-жөні._____________________________________


__________________________________________________________


2.Балаңыздың туған жылы,күні ______________________________


__________________________________________________________


3.Әкесінің аты-жөні.________________________________________


__________________________________________________________


4.Туған жылы,күні._________________________________________


5.Жұмыс орны._____________________________________________


6.Анасының аты-жөні.______________________________________


__________________________________________________________


7.Туған жылы, күні._________________________________________


8.Жұмыс орны._____________________________________________


9.Мекен жайыңыз, телефон _________________________________


__________________________________________________________


10.Жанұядағы бала саны.___________________________________


11.Қай сабақтарды нашар меңгереді? ________________________


__________________________________________________________


12.Қай сабақты сүйіп оқиды? _______________________________


__________________________________________________________


13.Үйде сабақты қадағалайсыз ба? ___________________________


__________________________________________________________


14.Балаңызды қандай үйірмеге қатысқанның қалайсыз? ________


__________________________________________________________


Ата-ананың аты-жөні _________________________________


РАХМЕТ.



Ата- аналарға арналған сауалнама.


«Сіздің балаңыздың қызығушылығы»



1.Балаңыздың аты-жөні._____________________________________


__________________________________________________________


2.Балаңыз қандай ойындарды қалайды? ______________________


__________________________________________________________


3.Спроттық ойындардың қандай түрлерін жақсы көреді? _______


__________________________________________________________


4.Кіммен жиі ойнайды? ____________________________________


__________________________________________________________


5.Балаңыз ұжымда өзін қалай ұстайды? ______________________


__________________________________________________________


6.Отбасында бала тәрбиесімен кім айналысады? ______________


__________________________________________________________


7.Сізді бала тәрбиесіндегі қандай жақтары қинайды? ___________


____________________________________________________________________________________________________________________


8.Тәрбиенің қандай әдісін қолдайсыз? _______________________


____________________________________________________________________________________________________________________


/көндіру, түсіндіру, қатал тәртіп қою, мадақтау, жазалау т.б. /



Ата-ананың аты-жөні _____________________________________



Жауабыңызға рахмет.



Ата-аналарға арналған сауалнама



1.Балаңыздың ең қызықты оқу пәні _________________________


__________________________________________________________


2.Балаңыз үшін ең қиын оқу пәні ___________________________


__________________________________________________________


3.Қандай кәсіби мамандыққа балаңыз икемсіз? _______________


__________________________________________________________


4.Мінез –құлық ерекшеліктерін атаңыз? ______________________


__________________________________________________________


5.Балаңыз не нәрсеге әуес? _________________________________


__________________________________________________________


6.Балаңыздың оқу дәрежесі қандай? _________________________


__________________________________________________________


7.Балаңыздың бойынан мына қасиеттерді көре аласыз ба?


/адал, ұстамды, сабырлы тәртіпті т.б./ _______________________


__________________________________________________________


8.Үлкендерге балаңыздың көзқарасы қалай? __________________


__________________________________________________________


9.Балаңызды қалай бағалайсыз немесе қандай баға бересіз? ____


__________________________________________________________


10.Балаңыз мұғалім берген тапсырманы міндетті түрде орындай


ма? ______________________________________________________


__________________________________________________________



Ата-ананың аты жөні: ______________________________________


Ата -аналарға арналған сауалнама



1. Балаңыздың аты-жөні: ____________________________________________


2.Туған жылы,күні: ________________________________________________


3.Балаңыздың қандай өнері бар? _____________________________________


__________________________________________________________________


4.Немен шұғылданғанды жақсы көреді? _______________________________


__________________________________________________________________


/сурет салу, мүсіндеу т.б./


5 .Балаңыздың жұмыс ынтасы қалай? ________________________________


__________________________________________________________________


/тез, жай, ынта қойып, тез жалығады/


6. Қай қолымен жұмыс істейді? _____________________________________


__________________________________________________________________


/жазады, сурет салады, тамақтанады/


7. Әңгіме айтқанды ұната ма,ертегіні, мультфилмді, көрген киносын әңгімелеп айта ала ма? ____________________________________________


__________________________________________________________________


8.Дыбысты дұрыс айта ала ма? ______________________________________


__________________________________________________________________


9.Қандай дыбысты айта алмайды? ____________________________________


__________________________________________________________________


10.Балаңыз қалай тамақтанады? ______________________________________


__________________________________________________________________


/жақсы, жаман, тез, ақырын/


11.Қалай ұйықтайды? _______________________________________________


__________________________________________________________________


/тыныш, мазасыз, тез, жай/


12.Достарымен қандай қарым-қатынаста? ______________________________


__________________________________________________________________ /жылы шырайлы, дөрекі, бірқалыпты, ашуланшақ/


13.Топпен немесе жеке ойнағанды ұната ма? __________________________


__________________________________________________________________


14.Мектепке дейін жиі ауырды ма? __________________________________


__________________________________________________________________


/ескі ауруы бар ма?/


15.Өз балаңыздың тәртібі мен мінезінде қандай өзгешілікті көріп


жүрсіз?___________________________________________________________







Жауабыңызға рахмет.









Ата-ананың аты-жөні _______________________________________________







Ата- аналарға арналған сауалнама



1.Сіз өз балаңызды көбіне қалай атайсыз? _____________________________


__________________________________________________________________


2.Қалай ойлайсыз,сіздің қалай атайтыныңыз балаңызға ұнайды ма? ________


__________________________________________________________________


3.Әдетте балаңыз мектептен нешеде келеді? ___________________________


__________________________________________________________________


4.Балаңыз бос уақытында немен айналысады? __________________________


__________________________________________________________________


5.Балаңыздың достары кім екенін білесіз бе? __________________________


__________________________________________________________________


6.Балаңыз бұл балалармен бұрыннан дос болып келе ме? _________________


__________________________________________________________________


7.Неліктен сол балалармен дос болып жүр? _____________________________


__________________________________________________________________


8.Балаңыздың сүйікті ісін атаңыз. ____________________________________


__________________________________________________________________


9.Балаңызға ұнайтын түсті атаңыз. ____________________________________


10.Қандай киноларды көргенді ұнатады? _____________________________


__________________________________________________________________


11.Қандай кітаптарды оқиды? _______________________________________


__________________________________________________________________


12.Кім болғысы келеді? _____________________________________________


__________________________________________________________________


13.Сіз балаңызбен бірге болуға қанша уақыт бөлесіз? ___________________


__________________________________________________________________


14.Сіз балаңыздың қандай екенін айтып бере аласыз ба? _______________


__________________________________________________________________


15.Сіз балаңыздың өз бойында нені өзгерткенін,түзегенін қалар едіңіз? _____


__________________________________________________________________


16.Сіз балаңыздың болашақта кім болғанын қалайсыз? _________________


__________________________________________________________________


17.Сіз бір айға , балаңызға шамамен қанша ақша қажет екенін білесіз бе? ___


____________________________________________________________________________________________________________________________________




Ата-ананың аты-жөні _____________________________________



РАХМЕТ.


















Ата-аналарға арналған сауалнама.

Сұрақтар

иә


+

кейде


0

жоқ


-


1

Сіз жанұяның барлық мүшелері толық құқықты болуы керек деп санайсыз ба?


2

Балаңыз сізбен бірге үй шаруашылық істеріне араласа ма?


3

Баланы физикалық жазалау-тәрбиелеу әдісіндегі ең қолайлы (эффективті) әдіс дегенге келісесіз бе?


4

Баланы жиі мадақтау пайдалы ма?


5

Сіз балаңызбен әлемдегі болып жатқан жаңалықтармен және жанұялық мәселелерді жиі талқылайсыз ба?


6

Кейбір тақырыптарды балаларға жария ету аса қажет емес деп санайсыз ба?


7

Сіздің ойыңызша педагогтар сіздің балаңызға әділетсіз қарай ма?


8

Сіз жетпеген нәрсеге балаңыздың жетуін қалайсыз ба?


9

Баланың ата-анасын сынауға құқығы бар ма?


10

Балаңыздың жанұялық кеңестің шешімін бұзуғы құқысы бар ма?


11

Жанұяның әрбір мүшесі өз көзқарасын білдіруге құқысы бар ма?


12

Балаларыңыз сізбен сырласа ма және жеке бас мәселесіне байланысты сізден кеңес сұрай ма?


13

Баланы дұрыс бағытта тәрбиелеу үшін принциптерге жүгінесіз бе?


14

Баланың өткен қателіктерін есіне түсіру беру пайдалы ма?


15

Жанұямда балаларыммен өзара түсінушілік бар деп ойлайсыз ба?



Ата-ананың аты-жөні: _______________________________________________


Ата-ана мен баланың қарым-қатынасындағы қаталдық көріністерін зерттеу.



1. Бала сізді тыңдамаса, не істейсіз?


а) оған айғайлайсыз;


ә) әңгімелесесіз, көндіресіз;


б) оның ақталғанына мән бермейсіз, үндемейсіз;


в) оны ұрып тастауыңыз мүмкін;


г) желкесінен ұрасыз;


д) оның кінәсін түсіндіруге ұмтыласыз;


е) басқаша іс-әрекет жасаймын (қандай) ___________________________________________


2. Сіздің көңіл-күйіңіз болмаса, өшіңізді балаңыздан аласыз ба?


а) жиі;


ә) сирек;


б) ешқашан;


в) айту қиын;


г) басқаша (қандай) ____________________________________________________________


3. Сіздің балаға айғайлауыңызға, қорқытып-үркітуіңізге, ұрып-соғуыңызға әкелетін себептерді көрсетіңіз:


а) тәрбиелеуге ұмтылу;


ә) балаға қатысты емес ашу туғызатын жағдайдан құтылу үшін;


б) әйеліммен (күйеуіммен) ұрысып қалғаным себепті;


в) балам бір нәрсені талап етеді, сұрайды;


г) балам мені ренжіткенде;


д) ұрып-соғу үшін;


е) өзімнің көзқарасыма оны сендіру үшін;


ж) түсіндіре алмаймын;


з) басқа себептер (қандай) _______________________________________________________






4. Сіздің кейде баланы ұрып-соғып, үйден қуып, қараңғы бөлмеге қамап қойғыңыз келген сәттер бола ма?


а) иә;


ә) жоқ;


б) ешқашан;


в) айту қиын;


г) басқа (қандай) _______________________________________________________________


5. Баланың күнәсі ауыр болған жағдайда қандай жаза қолданасыз?


_____________________________________________________________________________


6. Жазып көрсетіңіз:


Жасыңыз қаншада? ____________________________________________________________


Отбасыңызда неше бала бар? ____________________________________________________


Олардың жасын көрсетіңіз? _____________________________________________________


7. Сіз бала кезіңізде ата-анаңызды тыңдамаған сәттерде, олар:


а) көндіргісі, сендіргісі келетін еді;


ә) үндемейтін;


б) желкемнен соғып қалатын;


в) ұрып-соғатын;


г) күш қолданатынын айтып қорқытатын;


д) басқаша ____________________________________________________________________


8. Үйдегі мерекелерді, қуанышты сәттерді жазып көрсетіңіз: ______________________


_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Ата-ананың аты-жөні: __________________________________________________________








Ата-аналарға арналған сауалнама.




Мақсаты: Баланың эмоционалдық ерік-жігерін бақылау және зерттеу.



Балаңыздың аты-жөні: ______________________________________________


Сыныбы: _________________________________________________________



1. Ұйқы.


а) баланың ұйқыға жатуы; баяу, ұйықтар алдында оның қасында отыру; жарықты сөндірмеуі және т.б. ________________________________________


ә) баланың ұйықтауы: қатты, тыныш немесе аунақшып; түнде ұйықтап жатып сөйлейді; ____________________________________________________


б) баланың оянуы: бірден әлде жоқ; қандай көңіл күйде тұрады; ___________


__________________________________________________________________


2. Тамақ ішу тәбеті: тамақты өз еркімен ішеді; таңдап ішеді, бірден ішеді.


__________________________________________________________________


3. Балада қандай жағдайда қорқыныш сезімі туындайды?


жазалау кезінде, үлкендер ұрысқанда, қорқыныштың пайда болуы


__________________________________________________________________


4. Балаңыз ренжігенде қандай жағдайда болады және оның ұзақтығы?


__________________________________________________________________


5. Баланың жақындарына жаны ашуы ______________________________


__________________________________________________________________


6. Үй тапсырмасын орындаудағы ұзақтығы __________________________


__________________________________________________________________


7. Өзінің пікірін қорғап шыға ала ма? Дәлелді табу ерекшелігі (сұрайды, талап етеді, жылайды. т.б.) ___________________________________________


__________________________________________________________________


8. Ойын сәтінде, оқу әрекетінде өз құрбыларына мейірімділігі __________


__________________________________________________________________


9. Жетістік немесе жолы болмаған жағдайда өзін ұстауы _______________


____________________________________________________________________________________________________________________________________


10. Бала тәрбиелеуде ең басты мақсатыңыз ___________________________


____________________________________________________________________________________________________________________________________






Ата-ананың аты-жөні: ______________________________________________

























Сіз қандай ата-анасыз?


Сауалнама



1. Кез-келген ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?


2. Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?


3. Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?


4. Өз қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?


5. Балаңыздың ісі ашуландырған кезде, өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?


6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?


7. Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге болады ма?


8. Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?


9. Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?


10. Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?


11. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік бересіз бе?


12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе көңіл аудармайсыз ба?


13. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?
















Жауабы:


1. Әрқашан жасаймын,келісемін - 3 ұпай


2. Кейде ғана келісемін - 2 ұпай


3. Келіспеймін - 1 ұпай


0-16 - Бала тәрбиесі - сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру


үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.

17-30 - Балаға қамқорлық жасау - бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда


тәрбиелік қабілет бар, тәжірибеде әрқашан бір қалыпты, бір бағыттағы мақсатпен


әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.

31-39 - Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек


түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.






















Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді. Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды.


Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жұріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шешеғе үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз.


Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?! Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақты жиі қалдыруға әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырған аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.




Тасөткел орта мектебі






Баяндама: «Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері»










Дайындаған: 5 – сынып жетекшісі


С.Қ. Бектемісова





2013 – 2014 оқу жылы











Білім бұлағы кітапты сүйіңіздер! Горький.


Өсіп келе жатқан балаға кітаптың берері мол. Оның ой-өрісін дамытуда. сөз байлығын көбейтуде, сонымен қатар еңбекқорлыққа және адамгершілікке әсемдікті түсіне ,сүйе білуге үйретуде, экологиялық білім беруде де орны бөлек ұстаз кітап болып табылады. Жас кезінен кітап оқуды серік етіп оқығанының дұрыс немесе бұрыстығын өзі ұғып сараптай білуге, оны өзгеге де дәлелді түрде жеткізе білуге үйренудің алғашқы сатысын мектеп қалайды.


Балалар өте әсершіл. Алған әсерлерін көпке дейін ұмыта алмай әңгімелеп жүреді және жағымсыз кейіпкерлердің қылықтарына шын көңілмен ренжіш білдіріп отыратынын өздеріңіз де білесіздер ғой. Олар еліктегіште. Кітаптан жақсылықтың үнемі жеңіске жетіп, жамандықтан басым түсіп,т салтанат құратынын ұғып, өздері де жаман қылық көрсетуден аулақ болады деп ойлаймын. Балаларға арналған кітаптардың түрлі - түсті болып келуі және мазмұнды да , әсем безендірілген суреттерге толы болуы да кітап құмарлықты оятады.


Кітаптың тек қана суретін көріп қою жеткіліксіз . Бұл суреттердің не үшін салынғанын анықтап айтып, сен қалай ойлайсың деп қызықтыра білген абзал. Салынған суреттермен дұрыс жұмыс түрі ұйымдастырылса ғана оқыған кітаптың мәні ашылып, мағынасы санасына жететін болады.


Барлық әдет атаулының бала жастан бастап қалыптасатынын ғалымдар дәлелдеген. Таңертеңгі тазалық талаптарын орындаудан бастап, дене қимылдарымен айналысуды да осы кезде бастайды. Адам өміріндегі ең маңызды нәрсе- күн тәртібін сақтау.


Күнделікті жасалатын жұмыстардың ретін сағатына, минутына дейін дәл есептеп үйренуге бала кезінен бастап әдет қалыптастырады.


Өмірі көрмеген аң не құс туралы да ең бірінші болып кітап таныстырады.Жер бетіндегі тамаша жерлердің сұлулығын сипаттауда кітапқа жететін көмекші жоқ..Кітапты тек қана бала оқу керек деген ұғым түбірімен қате. Балаңызбен бірге өзіңіз де қолыңызға кітап алып, ондағы оқиғаларға араласып кетіңізші. Сіз бір жұмбақ әлемге еніп кеткен сияқты болып, одан бас көтере алмай қаласыз.


Кітаптың назарынан ешбір тақырыптың да тыс қалмайтынын сіз жақсы білесіз. Бүгінгі күні белең алып келе жатқан жаман әдеттермен күрестің де белсенді мүшесі кітап екенін ұмытпаңыз. Егер балаңыз жат қылықтан бойын алыс ұстап , емін-еркін шат өмір сүрсін десеңіз осыны ескеріп қойыңыз


Осындай тамаша досты балаңызға таныстырып, оған кітап оқып беріп жүрсіз бе? Кеш қалмаңыз! Әлде…



































Ата-аналар жиналысының өтілу жоспары


Мазмұны

Мерзімі

Жауапты


1 мәжіліс



1.



2.


3.


4.

Тақырып: «Баланың бас ұстазы- ата-ана»


Ата-аналар комитетін сайлау


І тоқсан қорытындысы


Әр түрлі мәселелер




қыркүйек

Сынып жетекшісі


2 мәжіліс



1.



2.


3.

Тақырып: «Мектеп, ата- ана, оқушы арасындағы байланыс»


ІІ тоқсан қорытындысы


Әр түрлі мәселелер




қазан

Сынып жетекшісі


3 мәжіліс



1.



2.


3.

Тақырып:«Отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі»


ІІІ тоқсан қорытындысы


Әр түрлі мәселелер





наурыз



Сынып жетекшісі


4 мәжіліс



1.



2.


3.

«Жазғы каникул кезіндегі еңбек пен демалыс»


ІV тоқсан қорытындысы


Әр түрлі мәселелер







мамыр




Сынып жетекшісі







Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

В.А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», - дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше.

АТА-АНАЛАРЖИНАЛЫСЫНӨТКІЗУҮШІН, СЫНЫПЖЕТЕКШІЛЕРГЕАРНАЛҒАНЖАДЫНАМА

Отбасыошақтыңүштағанысияқты, олар: әке, ана, бала. Үшеуінің бірлігі отбасының берекесі. Қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай, мемлекетіміз мықты болуы мүмкін емес.

Общая информация

Номер материала: 328326

Похожие материалы