Инфоурок Другое Другие методич. материалыСыныптан тыс шара "Бала мұраты-білім,тәлім талабы"

Сыныптан тыс шара "Бала мұраты-білім,тәлім талабы"

Скачать материал

Интеллектуалды марафон «Бала мұраты-білім, тәлім талабы»

Мақсаты: * Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып, биология мен химиядан,география, физика, информатика, математика пәндерінен алған білімдерін өмірде,тұрмыста қолдана білу дағдысын қалыптастыру

* Алған білімдерін дамыту, тұрмыста, еңбекте, өмірде қолдану.

 * Оқушыларды адамгершілікке, шеберлікке, сөз сөйлеу мәнеріне, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Жоспары:

І. бөлім. " Өзге емес, өзім айтам өз жайымды" таныстыру

ІІ. бөлім. "Сиқырлы ұяшықтар"

ІІІ.бөлім. "Тіл өнері"

ІV.бөлім. "Ең...ең...ең"

V. бөлім. "Өлеңім өнерім" өлең шығару

VІ.бөлім. "Ойлы болсаң озарсың" логикалық сұрақтар

ҮІІ бөлім: «Таңдаулы әріптер»

ҮІІІ  бөлім: «Физика ғажайыптары» тәжірибе көрсету

 

 

Жүргізілу барысы:

1-жүргізуші: “Сәлем сөздің анасы” демекші, сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, ата-аналар  мен оқушылар!

2-жүргізуші: Бала мұраты-білім, тәлім талабы ” атты интеллектуалдық ойынға қош келіпсіздер! Ойынымызды бастамастан бұрын ойыншыларымызды және олардың ойынын тең дәрежеде бағалап, әділ шешім беретін әділ-қызылар алқасымен таныстыра кетуге рұқсат етіңіздер.(Ойыншылар мен әділ-қазылар алқасымен таныстырылды ).

1-жүргізуші:

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер
Жастықтың оты қайдасың.
Жүректі түртіп қозғамай,
Ғылымның біліп пайдасын- демекші сайсқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші:Бүгінгі  «Бала мұраты-білім, тәлім талабы» сайысында алған білімдеріңізді мына бөлімдерде көрсете аласыздар.

І. бөлім. " Өзге емес, өзім айтам өз жайымды" таныстыру

ІІ. бөлім. "Сиқырлы ұяшықтар"

ІІІ.бөлім. "Тіл өнері"

ІV.бөлім. "Ең...ең...ең"

V. бөлім. "Өлеңім өнерім" өлең шығару

VІ.бөлім. " Ойлы болсаң озарсың "Логикалық сұрақтар

ҮІІ бөлім: «Таңдаулы әріптер»

 

ҮІІІ  бөлім: «Физика ғажайыптары» тәжірибе көрсету

Асып әсте саспайық,

Сайыс қызығын ей достар.

Осылайша шабытпен,

Қане енді бастайық

Жиналған ылғи дарындар,

Жүрегі от боп жалындар.

Жұптармен  енді  халайық,

Танысып қане  алайық.

І бөлім таныстыру

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап, жым отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,

Соқ қолыңды білімді жас талантқа. – деп кезекті 2 бөлімге береміз

ІІ бөлім « Сиқырлы ұяшықтар»

Бұл бөлімде алдарыңызда берілген ұяшықтарды таңдап, ұяшықтарда берілген сұрақтарға жауап беріп, ұяшықта берілген ұпай санын ала аласыздар.

1. Ғылымның әр түрлі салалары бойынша : химиядан, физикадан, ауыл шаруашылығынан, педагогикадан 400-ден астам еңбегі бар,периодтық кестені ұсынған, периодтық заңды тұжырымдаған орыс ғалымы.

Д.И.Менделеев

hello_html_m19af1c5e.jpg

2. Зат массасының сақталу заңын ашқан ғалым. (М.В.Ломоносов)

3. Атом дегеніміз.....(заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең кішкентай бөлшегі)

4. Химиялық таңбаның алдына қойылатын цифр (коэффициент)

5. Периодтық кестеде металдық қасиет қалай өзгереді?( период бойынша оңнан солға қарай, топ бойынша төменнен жоғары қарай артады)

6. Балықтарды зерттейтін ғылым саласы (Ихтиология)

7. -сурет Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген?

https://arhivurokov.ru/kopilka/uploads/user_file_56fcf3c489d7a/synyptan-tys-shara-zharatylystanu-g-azhaiyptary_1.jpeg

8.

https://arhivurokov.ru/kopilka/uploads/user_file_56fcf3c489d7a/synyptan-tys-shara-zharatylystanu-g-azhaiyptary_6.jpeg

Суретте Қалпағы бар ер адам бейнесінде қай мемлкет бейнеленген?

9. 1642 жылы бұл француз математигі 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу қосу машинасы деген атпен белгілі механикалық есептеу машинасын құрастырды (Блез Паскаль)

10. Бұл атау атақты араб математигі әл-Хорезми Әбу Абдулла Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми есіміне байланысты қойылған. Бұл қандай атау? (Алгоритм)

11. Геометрияның жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі (Планеметрия)

12. Көпбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы (периметр)

Сайыс – толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста.

ІІІ-бөлім: Тіл өнері

Үш тіл білу заман талабы дегендей  келесі бөлім сұрақтың жауабын үш тілде айту.

1.      Алғашқы есептеу құрылғысы (саусақ-пальчик-finger)

2.      Жоқ өзінде қас та, бас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында  ( сызғыш, ленейка, ruler)

3.      Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін  (тоқ, ток, energy)

4.      Өзінің табиғи арнасымен ағып жатқан тұщы судың табиғи жолы (өзен, река, river)

5.      Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді,

Дегенменен тұмсығынан өледі (қараындаш, карандаш, pencil)

6.      Үйдің негізгі бөлшегі немесе Операциялық жүйе (терезе, окно, windows)

7.      Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын біледі

Өлшемдерін қарасақ,

Ньютонға ол келеді (күш, сила, force)

8.      Компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы (тышқан, мышь, mouse)

9.      Өсімдіктің жасыл емханасы қай мүше ( жапырақ, листья, leaf)

10.  Кез келген элементтің оттекпен қосылысы(оксид, оксид, oxide)

11.  Жер бетінің маңайындағы жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан қатты тілімделген биік бөліктері (тау, гора, mountain)

12.  Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін сала (генетика, генетика, genetics)

ІV бөлім. « Ең...ең...»

Ең қиын жарыстың түрі келді.

Мықтылары ортаға, шықсын енді.

Тез жауап бер ,ойланып тұрып қалма,

Осы сайыстан көрейік ерен ерді.

Бұл бөлімдегі әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай

Сұрақтары:

1.      Ең жеңіл газ? Сутек Н2

2.      Ең қиын балқитын металл? Вольфрам W

3.      Ең суыққа төзімді құс – Пингвин.

4.      Әлемдегі ең суы мол өзен- Амазонка

5.      Ақпараттың ең кішкентай өлшем бірлігі- бит

6.      Ең үлкен үш таңбалы сан- 999

7.      Ең тез өсетін өсімдік- бамбук

8.      Ең ұзын жануар- керік

9.      Компьютердің ең негізгі құрылғысы- процессор

10.  Ең алғаш тартылыс заңын ашқан ғалым- И.Ньютон

11.  Ең алғаш ғарышқа ұшқан адам- Ю.Гагарин

12.  «Миллион» сөзін қазақ арасына жеткізуші ағартушы ғалым кім? Ы.Алтынсарин

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ тапсырма болса-деп

5-бөлімді бастайық  «Өлеңім-өнерім»  бұл бөлімде әр топ берілген сөзден  бір шумақ өлең құрастырады. Өлеңнің әр жолы ұйқас болып,  дұрыс құралған болса,  сол топқа 5 ұпай беріледі.

Айналайын алға ұмтылған Дарындар!

Айналайын жеңіс құшқан қырандар!

Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,

Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.-деп 6-бөлімді бастаймыз

VІ.бөлім. "Ойлы болсаң озарсың"Логикалық сұрақтар

Сұрақтары:

1.      4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады? (Үтір)

2.      Жылына төрт рет киінетін не? (Жер)

3.      Қараңғы бөлмеде май шам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағамыз? (шырпы)

4.      Егер шелектердің ішіндегі суды ішіп қойсаң, не қалды? (Ауа қалады)

5.      Елеуішпен су әкелуге бола ма? ( болады, мұз күйінде)

6.      Электр пойызы шығыстан батысқа қарай жүріп келе жатты. Ол сағатына 60 км шапшаңдықпен жүрді. Сол бағытта шығыстан батысқа қарай жел тұрды. Оның шапшаңдығы сағатына 50 км. Жел пойыздың түтінін қай жаққа қарай айдап әкетті. (электр пойызында түтін болмайды)

7.      Ұшып жүрген қала. ( Торғай)

8.      Бір аңшы құс атуға орманға келеді. Орманға келіп бір мылтықпен қарға атқанда қарға түседі. Сонда шыбын өле ме, қарға өле ме? (қыста шыбын болмайды)

9.      Қай айда 28 саны бар? (барлық айда)

10.  Қаз бір аяғымен тұрса салмағы 12 кг болады, ал екі аяғымен тұрса (12 кг)

Адамнан ғылым айла асырмаған

      Құпиясын құлыптап жасырмаған

     Кел, бәріміз ғылымның тілін зерттеп

     Бір жұмбағын ашайық ашылмаған –дей келе келесі тапсырма бойынша

әрбір оқушы берілген әріптердің ішінен әріп таңдайды. Қойылған сұраққа сол әріптен басталатын жауап қайтару керек.

ҮІІ бөлім: «Таңдаулы әріптер»

«А» әріпі

1.      Белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз. (ақпарат)

2.      Ток күшінің өлшем бірлігі ( Ампер)

3.      Ең ұзын тау (Анд)

4.      Ең иілімді металл (алтын)

5.      Түркияның астанасы (Анкара)

 

«С» әріпі

1.      Химиялық элемент (сутег)

2.      Физикалық құбылыс (судың қатуы)

3.      Қағаздағы ақпаратты компьютерге енгізетін құрылғы ( сканер)

4.      Судың агрегаттық күйі (сұйық)

5.      Өсімдіктің өсу мүшесі (сабақ)

«К»әріпі

1.      Сілтілік металл (калий)

2.      Компьютердің жанындағы өсімдік ( кактус

3.      Бунақденелілер класының өкілі (көбелек)

4.      Вольтпен өлшенетін шама (кернеу)

5.      Ең үлкен көл (Каспий)

«М» әрпі

1.      Периодтық кестенің авторы (Д.И.Менделеев)

2.      Атомдар нені құрайды (молекула)

3.      Жүректің бұлшықетті қабаты (миокард)

4.      Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы (модем)

5.      Ең ұзын бұғаз (Магелан)

 

«Т» әріпі

 

1.      Физика не туралы ғылым (табиғат)

2.      Компьютердің құрылғыларының бірі (тышқан)

3.      Ең терең мұхит (тынық)

4.      Екі қабырғасы паралелль болатын төртбұрыш қалай аталады? (трапеция)

5.      Ақиқаттылығы дәлелденетін сөйлем ( теорема)

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына.-деп 8 бөлімді бастайық.

 ҮІІІ  бөлім: «Физика ғажайыптары» тәжірибе көрсету

Қорытынды:

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ!

Ендігі сөз кезегін сарапшыларымызға береміз.

 «Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді.Сол білімді әжетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімен бағаланады.Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз – өмір тұл.Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны»

Марапаттау

Жеңіске жеткен топты құттықтаймыз!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс шара "Бала мұраты-білім,тәлім талабы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-консультант

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 210 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Презентация по МДК ПСО на тему "Государственное пенсионное обеспечение в РФ и проблемы его совершенствования""
  • Учебник: «Право (углублённый уровень)», Боголюбов Л.Н., Абова Т.Е., Матвеев А.И. и др./ Под ред. Лазебниковой А.Ю., Абовой Т.Е., Матвеева А.И.
  • Тема: § 19. Правовые основы социальной защиты и обеспечения
  • 01.10.2020
  • 1273
  • 24
«Право (углублённый уровень)», Боголюбов Л.Н., Абова Т.Е., Матвеев А.И. и др./ Под ред. Лазебниковой А.Ю., Абовой Т.Е., Матвеева А.И.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.10.2020 359
    • DOCX 128.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Куйкалакова Айгерим Елеусизкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7209
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Формирование здоровых детско-родительских отношений: влияние и преодоление сепарации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 159 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Мини-курс

Творчество и технологии в медиакоммуникациях

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы духовно-нравственной культуры народов России: особенности преподавания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека