Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Сыныптан тыс жұмыс "Ана - өмірдің нұры"

Сыныптан тыс жұмыс "Ана - өмірдің нұры"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Кайсарова Гулдаурен Тураркызы

Тарих пәнінің мұғалімі

Қазақстан Республикасы

Ақтөбе қаласы №10 жалпы білім беретін орта мектеп

Екінші санатты мұғалім



Тақырыбы: Ана - өмірдің нұры

Мақсаты: Ана - өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту: Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көріністер, әндер, суреттер, ойынға қатысты көрнекіліктер, буклет. Плакатқа жазылған нақыл сөздері.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сахна төріне тұрғызу.
1 - жүргізуші: Құрметті асыл аналар, әжелер мен қыздар!
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын
8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.
2 - жүргізуші: Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер!
1 - жүргізуші: Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейіріміне жетпейді.
2 - жүргізуші: Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың.
1 - жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың. Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзиз жан оланамыз.
2 - жүргізуші: Бүгінгі 8 - наурызаналар мерекесіне арналған «Ана - өмірдің шуағы»
атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Барлық өнеріміз аналар сіздер үшін.
1 - жүргізуші: Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын оқушыларымыздың аналарға арнап жазған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.
1 - оқушы:
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!
2 - оқушы:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап.
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана дегенбәйтерегі өмірдің
Ана дегеналтын қазық, алтын бақ.
3 - оқушы:
Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.
4 - оқушы:
Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар жанары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
5 - оқушы:
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың.
6 - оқушы:
Ақыл құйған санама,
Күннен артық, расында.
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.
7 - оқушы:
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
2 - жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, меніңше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай оқушымыздың орындауындағы «Аяулы анашым» әнін, қабыл алыңыздар.
Ән «Аяулы анашым»
2 - жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белгедемекші, ендігі кезекте қазақтың «Қазақ биі», қабыл алыңыздар.
Би «Қазақ биі»
1 - жүргізуші:
Дүние ойдан шығалы,
Өзімді өзім ұмытып.
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып, – дей отырып, ендігі кезекті әнге берейік.
«Асыл әже» әні
2 - жүргізуші:
Ойын «Ананың алақанын сипап сезу» Үш баланың көздерін жауып байлаймыз. Аналардың орны ауысқаннан кейін, балалар көздері байлаулы күйде барлық аналардың алақанының арасынан, өз анасының алақанын сипап сезу арқылы табу керек.
2 - жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл күйлер.
Алдарыңызда қазіргі үнді биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте «Үнді биі», қабыл алыңыздар!
«Үнді биі»
2 - жүргізуші:
Ана ол біздің елде ардақты адам,
Кішісі де, үлкені де ардақтаған.
Өзінің аяулысы да Отанын да,
«Ана» деп біздің халық текке айтпаған, – деп кезекті көрініске береміз.

Көрініс «Әжесі мен немересі» «Дүниеде не қымбат
Немересі: - Әже деймін, әже,
Сұрақ қойғым келеді сізге.
Мен түсінбейтін бір жәйт бар.
Түсіндірші соны бізге.
Бірінші сұрағым сізге:
Дүниеде не қымбат?
Әжесі: - Адам қымбат, қалқам.
Немересі: - Адамға не қымбат?
Әжесі: - Бала қымбат, қалқам.
Немересі:- Балаға не қымбат?
Әжесі: - Ана қымбат, қалқам.
Немересі: - Иә, десеңші әже!
Түсінбеппін осы жайды.
Тағы бір сұрағым бар сізге,
Қатты мен жұмсақ жайлы.
Әжесі: - Сұрай ғой, қалқам. Не сұрасаң да жауап берейін.
Немересі: - Әже дүниеде не тәтті?
Әжесі: Ананың сүті тәтті.
Немересі: - Дүниеде не қатты?
Әжесі: - Атаның жүрегі қатты.
Қарағым, сауал қойдың көп маған.
Бір ақыл айтайын саған
Тату болсаағайын жақын,
Ақылшы болса - апайың жақын.
Бауырмал болса - інің жақын,
Алдыңа тартқан адал асың,
Қимас жақын қарындасың.
Немересі:- Түсіндім, әже. «Дүниеде не қымбат екеніненді мен айтайын:
Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт берекең - атаң қымбат.
Аймалайтын - анаң қымбат.
Мейірімді - әжең қымбат.
Асқар тауың - әкең қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат!
2 - жүргізуші:
Ойын «Жылы сөздер». Аналар өз балаларына берілген әріптерден басталатын жылы сөздер айтады.
1 - жүргізуші:
Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер!
Сахнада «Вальс биі» қабыл алыңыздар.
1 - жүргізуші:
Жан анам, құттықтаймын мереке күніңмен,
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен, – деп, ендігі кезекте «Апатайыманашым» әні, қабыл алыңыздар!
Хор «Апатайыманашым»
8 - оқушы:
Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесің тойлаймыз - дей отырып, біздің сыныптың ер жігіттері қыздарды құттықтап жіберсек дейік.
2 - жүргізуші: Ардақты, аналар, әжелер мен апалар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.
1 - жүргізуші: Дендеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құтбереке дарысын! Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын!








Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Мақсаты: Ана - өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту: Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көріністер, әндер, суреттер, ойынға қатысты көрнекіліктер, буклет. Плакатқа жазылған нақыл сөздері.
 Ойын «Ананың алақанын сипап сезу» 
Үш баланың көздерін жауып байлаймыз. Аналардың орны ауысқаннан кейін, балалар көздері байлаулы күйде барлық аналардың алақанының арасынан, өз анасының алақанын сипап сезу арқылы табу керек.

 

Автор
Дата добавления 23.07.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров204
Номер материала 588419
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх