Инфоурок / Другое / Конспекты / Сыныптан тыс-шара "Бастауышым - балбұлағым" 4 сынып
Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение на курсах повышения квалификации прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40%. По окончании курсов Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Открыт приём заявок на новые курсы повышения квалификации:

- «Профилактическая работа в ОО по выявлению троллинга, моббинга и буллинга среди подростков» (108 часов)

- «Психодиагностика в образовательных организациях с учетом реализации ФГОС» (72 часа)

- «Укрепление здоровья детей дошкольного возраста как ценностный приоритет воспитательно-образовательной работы ДОО» (108 часов)

- «Профориентация школьников: психология и выбор профессии» (108 часов)

- «Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе» (72 часа)

- «Патриотическое воспитание дошкольников в системе работы педагога дошкольной образовательной организации» (108 часов)

- «Психолого-педагогическое сопровождение детей с синдромом дефицита внимания и гиперактивности (СДВГ)» (72 часа)

- «Использование активных методов обучения в ВУЗе в условиях реализации ФГОС» (108 часов)

- «Специфика преподавания русского языка как иностранного» (108 часов)

- «Экологическое образование детей дошкольного возраста: развитие кругозора и опытно-исследовательская деятельность в рамках реализации ФГОС ДО» (108 часов)

- «Простые машины и механизмы: организация работы ДОУ с помощью образовательных конструкторов» (36 часов)

- «Федеральный государственный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку» (72 часа)

- «Организация маркетинга в туризме» (72 часа)

Также представляем Вашему вниманию новый курс переподготовки «Организация тренерской деятельности по физической культуре и спорту» (300/600 часов, присваиваемая квалификация: Тренер-преподаватель).

Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Сыныптан тыс-шара "Бастауышым - балбұлағым" 4 сынып

библиотека
материалов



«Молодежный кентінің № 23 орта мектебі» КММ









Тақырыбы:



hello_html_m20ad25b2.gif









Өткізген

А. Б. Кыздарбекова









2011-2012 оқу жылы









Сабақтың мақсаттары: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақыл,ой өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар тілеп табыстау.

Көрнекілігі: жазылған сөздер:

«Бастауышым- балбұлағым» - тақырып.

«Бастауышым –бастамам» - көрме тақырыбы.

«Білім кілті – бастауышта» - газет,бүктеме тақырыбы.

«Өнерлі бала -сүйкімді» - көрме тақырыбы.

«Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.»

«Оқусыз – білім жоқ,

Білімсіз – күнің жоқ»

«Оқу- білім бұлағы,

Білім- өмір шырағы.»

«Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген

Табиғаттану сабағы»- деген жазумен табиғаттанудан жасаған балалардың гербарийлері, табиғат тамашаларынан жинаған заттары.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар!

Сіздер «Бастауышым – балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын! Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балдырғандар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш сыныпта білім алып, аяқтап,жоғарғы сыныпқа өткелі отыр. «Талаптарына нұр жаусын» деп ертеңгіліктерін ашуға рұқсат етіңіздер.


Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4- сыныптарды ортамызға!


Оқушылар сахнаға шығып, вальс биін билейді.

Сахнада: Бекболат Тілеухановтың «Елім менің» ән күй табақта ойналып «Бастаушылар» тақпағы кезінде ақырын естіліп барып тоқтатылады.

1-бастаушы: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар! Білім іздеп инемен құдық қазғандар. Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан. Өмір деген үлкен жолда тарландар.

Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ әніменен жырына тарландарым сал құлақ.

Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан

Лаулап жансын болашағың шамшырақ.


2- бастаушы:

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Қош келіпсіз,өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай болашағын мәпелер.

Бүгін міне,бастауышпен қоштасады

Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.

Бастаушылар қосыла Қош келіпсіздер,құрметті қонақтар!

Хормен:Мектеп – кеме,Білім-теңіз,

Барар жолға тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда

Ұстаз берген білім қолда.

: Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!


Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар


Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!


Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!


Бастаушы: Дұрыс айтасың Айнұр ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.


Бастаушы: Олай болса Жандос алтын ұя мектебімізге арнап

бәріміз ән айтайық.

Ән: Мектебім.


Бастаушы: Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық


1 оқушы : Мектеп деген білім кені , жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға.

Мектеп деген даналардың мекені.


2 оқушы: Мектебім- білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4 жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.


3 оқушы:Армысың сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мақтан етем сені мәңгі мектебім.


4 оқушы:Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.


5 оқушы:Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.



6 оқушы: Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,

Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.

Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып , сан тарапқа тараған.


7 оқушы: Мектебім- сүйікті мектебім,

Бауырыңда түлеймін , көктеймін.

Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,

Өзіңнен нәр алып көктедім.


8 оқушы: Мектеп – кеме , білім – теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Төрт жыл алған білім нәрін ,

Азық етіп ер жетеміз.


Музыкальная пауза

Бастаушы: Дұрыс айтасың Жандос! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.


Бастаушы: Олай болса Алина алтын ұя мектебімізге осы концертті арнаймыз. «Алға, Қазақстан» би!


Бастаушы: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Жандос?


Бастаушы:Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.


1-оқушы:Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып , мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.


2-оқушы:

Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны

Бір мереке думан боп осы маңда

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.

Енді міне, сағымдай боп өте шықты

4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті,

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

3-оқушы

Үйретіп бізге алғаш әліппені,

Ұстазым ғылымға жол салып берді.

Адамның ой-арманы мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

4-оқушы:

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жаурынымнан қаққаның.

5-оқушы:

Жүзің жылы, құшағың кең

Сенен түлеп ұшамын мен.

Өзің берген біліміңмен

Биіктерге шығамын мен.

6-оқушы:

Ақылшы асыл ұстазым

Өзіңе мен де ұқсармын.

Жеткенше қайрат күш-әлім

Биікке самғап ұшармын.

Ән (хормен) «Ұстазым».

7-оқушы.

Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,

Менің де көкейімде із қалыпты.

Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің

Ерінбей үйреттің де әр әріпті .

Қоссаңдар бірді екіге үш болады-

Деуші едің,-біліммен күш толады.

Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол

Ақылмен іс істесең іс болады.

Беруші еді бізге айтып өлең, тақпақ

Таласып алушы едік біздер жаттап

Өзіңіз баға қойған күнделікті

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

Бастаушы

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға – деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз жыл бойы білім нәрімен сусындатты, хат танытты, еңбек ете білуге үйретті, білімге жетеледі, әдептілікке үйретті. Сондықтан да алғашқы ұстазымызға мың алғыс айтып, басымызды иеміз. (Ата салты бойынша бас ию үлгісін көрсету.

Келесі музыкалық нөмерді біздің мектептің ұстаздарына арнаймыз.

Қазақтың ұлттық биі.

Бастаушы: Бізді болашаққа не бастайды?

Хормен:

Ұстаздың көрсеткен жолы

Ата-ананың ақылы

Болашаққа деген сенім.

Ән (хормен) «Маленькая страна»

Бастаушы:

Ұстаздар жаққан шырақты

Өшірмейік, балалар.

Бәрін-бәрін білесің

Оқушы:

Бастауышым-бастамам

Білім жолын бастаған.

Білім шыңы биікте,

Беліңді бу жас данам.


Бастаушы:

Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген

Шәкірттерін сүйген таза көңілден

Тағлым беріп жас ұрпаққа қашанда

Өз соқпағын тапқан мынау өмірден.

Бастаушы:

Шәкірттердің тыңдап жауап сұраған

Жас санаға төгіп білім шуағын.

Хат танытып, жол сілтеген өмірге

Барша жанға құрметті жан- мұғалім.

Ұстаз сөзі: Қанаттарың қатайды

Биікке енді самғаңдар.

Білім жолы – сара жол

Ізденіңдер, талмаңдар.


Бастаушы: Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.


Бастаушы: Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.


Бастаушы: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.


Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар , мәңгі талай жылдарға.

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым- бал бұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.


Калиева Аида домбырамен музыкалық номер


Бастаушы: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.


Бастаушы:Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!


Бастаушы: Иә, дұрыс айтасыңЖандос. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?


1-оқушы:Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!


2-оқушы:Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем , еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!


Аналарымызға арналады

Ән «Анашым»: Раушан мен Жандос


1-оқушы:Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек ау.



2-оқушы:Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.

Ақылды балаларың оны білген.


Келесі музыкалық сәлем әкелерімізге арналады!

«Барби мен Кенн» биі


Бастаушы:Мына ағаштар неге әртурлі өскен?

Бастаушы: Соны да білмейсің бе? Біреуін суарып, күткен. Екіншісіне қарамаған.

Бастаушы: Ой, қойшы сонда тұрған не бар?

Бастаушы: Жоқ, адамдар да сол сияқты.

Бастаушы: Шын ба, қалайша?

Бастаушы: Тәрбиелеп, білім берсең, қатесі болса түзетсең. Ол да ақылды, білімді болып өседі!

Бастаушы: Олай болса, оқушыларды жоғары сыныпта білім беретін ұстаздарға таныстырып, табыстыру уақыты да жетті.


1 оқушы:Алия апай бағалы, қазақ тілдің маманы,

Қанша бала, бүгінде сізден білім алады.

Рахмет сізге айтамыз, жетілгенде санамыз.


2 оқушы: Алгебра келер төтелеп,

Қиындықты жетелеп.

Сол қиынның құпиясын

Қайрат ағай үйретер бізге жетелеп.


3 оқушы: Нәзгүл апай сабырлы

Үйретеді тарихты.

Тарихын жинап қазақтың,

Сабақ берер жан-жақты.


4 оқушы:Үйренеміз жалықпай,

Ағылшын тілін шарықтай.

Тіл сындырып,ән айтып,

Шаттанамыз қалықтай,

Айгерім апай тәлімі

Сәулесін шашқан жарықтай.


5 оқушы:Қазақ тілі пәнінен,

Білім алды балалар.

Сөйлемді, сөз таптарын,

Етістіктің шақтарын,

Жалғаулар мен жұрнақтар.

Ережесін жаттадым.

5-шіге барған соң,

Мейраш ағай бағалар.


6-оқушы: Арман апай құдіретті

Салатын май ағызып, суретті.

Суретші дарынын бойындағы

Қолға ұстап қыл қалам бізге үйретті.


7-оқушы: Айсұлу апай

Еңбекке бізді баулиды.

Қиындық ертең кездесер,

Әр баланың алдынан,

Еңбекпен жеңіп шығамыз,

Қиындықты кездескен.


8-оқушы: Өсу үшін шымыр боп,

Жасұлан, Ильяс ағаларға қараймыз.

Сабақтарды оқып болып,

Доп қуалап, ойнаймыз.

Осы мұғалімдерге мың алғыс және де музыкалық сәлем.

Ән «Қазақтың салт-дәстүрлері» Алина мен Жандос.


Жүресіз баршамызды сүйсіндіріп, даналықтан қазына жүрсіз жиып,

Ұстаздарды жетелеп ұлылыққа, тұғырында өмірдің тұрсыз биік,

Асыл қасиет жас жүрекке сенсеңіз, шәкірт бойына білім ннәрін септіңіз,

Мектептің абыройын биік ұстап, еліңізге адал қызмет еттіңіз, дей отырып келесі музыкалық сәлем мектеп директорына Макпал Баткеновнаға арналады.

Биге кезек берелік.

Мың бұралған қыздарымыздың

Өнерлерін көріп тамашалайық.


Өзбек биі


Бастаушы: Құрметті ұстаздар! Жасаған еңбектеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Және де сіздердің алдарыңызда ант береміз.

Бастауыш сыныпта оқытқан ұстаздарымыздың алдында, өсіріп тәрбиелеген ата-аналарымыздың алдында:

* Ең бірінші ұстаздарымызды ұмытпауға. Ант етеміз! (бірге)

* Бастауыш сыныптың түлегі деген атаққа лайықты болуға. Ант етеміз!


Бастаушы: Енді міне ең негізгі қобалжытатын кезең де келіп жетті. Сіздерге ең бірінші құжат болатын - диплом беріледі.


Бастаушы: Барлығы тырысты, оқыды, бірақ кейбіреулері ерекше көрінді. Біз бүгін сіздерді, құрметті оқу озаттары мектептің, сыныптың мақтанышы деп қуана айта аламыз. Оқуда көрсеткен еңбектерің мен талаптарың үшін құттықтаймыз!


Бастаушы: Сонымен қатар біз ең белсенді ата-аналарымызға көрсеткен көмектері мен құрметтері үшін алғысымызды білдіреміз және осындай алғыс хаттарды ұсынамыз.


Ән « Анамның тілі»


Оқушы: Білімнің қайнар бұлағы,

Өнердің жарық шырағы.

Тұрағы өзің, мектебім,

Шәкірттің асыл қырағы.

Мектебім – мәңгі бапкерім,

Қарызбыз саған бәріміз.

Өзіңе деген парызды,

Ақтаймыз талай әлі біз.


Бастаушы: Мен бүгін өте бақыттымын!

Бастаушы: Бақытты адам қандай болады?


Бастаушы: Бақытты адам қаласа,

Қар үстінде от жанар.

Бақытсыз адам адам қаласа,

Құрғақ үйде су тамар.


Бастаушы: - Біз қазір көрермендердің ойын тыңдасақ: Сіз бақыт сөзін қалай тусінесіз? (Көрермендердің пікірлері айтылады)


Монолог «Бақыт деген не өзі?»


Бастаушы: Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Қөңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй, - деп Абай атамыз айтқандай ортаға әнші қыздарымызды шақырайық: Иванова Анастасия «Школьные годы чудесные»


Қош бол, балғын балалық,

Қош бол, сүйікті бастауышым!

Ән (хормен). «Бастауышым-балбұлағым» (сөзі Гүлназ Жанғозинанікі, әні Мақсат Жетпісбаевтікі)

Бастаушым-балбұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып,

Рахметімді жаудырам.


Бастауышым – балқұрағым,

Лаулап жансын шам-шырағың.

Өзің берген біліміңмен

Самғап ұшты тау қыраным.


Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым – балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.


Келесі музыкалық сәлем біздің тойымызға келген көрермедерімізге арналады!

Ламбада!!!

Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар.

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан да ертеңгілік соңында,

Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар!






















Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

              4 сынып оқушыларымен өткізілген сыныптан тыс-шара. Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепте, яғни білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақыл, ой-өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланың өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар тілеп табыстау.        Осы сыныптан тыс-шара бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек ретінде ұсынылады.

 

Общая информация

Номер материала: 455611

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"