Инфоурок Классному руководителю Рабочие программыСыныптан тыс "Бұрымды қыз" сайысының жоспары

Сыныптан тыс "Бұрымды қыз" сайысының жоспары

Скачать материал

«Бұрымды қыз» байқауы

Мақсаты:

1)    Қазақ халқының ұлттық өнерін, салт – дәстүрін дәріптеуге үйрету;

2)    Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту;

3)    Көпшілік алдында өзін- өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мерекелік газеттер,  «Бұрымды қыз» фото – буклет, «Қыз өссе – елдің көркі», «Қыз - өмірдің гүлі», «Ою ойғанның ойы ұшқыр» сөздері, ұзын шаштың формуласы, оюдың түрлері, гүлге толы тоқылған ( еңбек сабағында оқушылардың өздері жасаған).

Барысы:

1-жүргізуші:

«Асыл тастан, өнер жастан

шығады» деп дарынды

Халық айтса, халық сөзі

Әрқашанда нанымды.

Сол өнердің жолын қуған

Жігіттердің атынан,

Қабылдаңыз шын жүректен

Мерекелік құттықтау!

2-жүргізуші:

Ақын боп әділдікті жақтап өтем,

Ананның ақ үмітін ақтап өсем.

Әдеп пен инабатты сақтап өскен

Қазақтың аруларын мақтап етем,

Ақын мен әнші деген- ел еркесі,

Қазақтың тарқамасын берекесі.

8- наурыз күні құтты болсын,-

Анарлар мен арулар мерекесі!

Мұғалім: Құрметті аналар, ұстаздар аналар, бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар! Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесімен – 8 – наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз! Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, шашы ұзын, басқан ізі білінбейтін жан елестейді. Қыз өссе- елдің көркі. Ал қызға көрік беретін – арқада тулап жүрген қос бұрым. Қыз бойындағы алғашқы көзге түсетін әсемдік те осы. Шолпысының күміс күлкісін ғана естіртіп, сонымен қазақ қызы бойындағы әдептілікті, инабаттылықты сездірген.

      Біздің мектебімізде   мақтанып айтатындай бұрымды қыздар көбейіп келе жатыр. Шашқа қысқарту жоқ деген мақсат қойған  сыныптың барлық қыздарының бұрымдары күннен - күнге ұзарып, бойларына көрік, нәзіктік беріп тұрғандай.

Жылдан - жылға бұрымды қыздарымыз көбейсін деп кезекті байқауымызды ұйымдастырып отырмыз.

 

 

1 - жүргізуші:

Уа, халайық халайық,

Мұнда назар салайық.

«Бұрымды қыз» сайысын

Рұқсат болса бастайық.

2- жүргізуші:

Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыцлаған, халқым менің.

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

(Арулар кезектен ортаға шығады.)

1 - жүргізуші:

Аңқылдаған ақ көңілмен,

Гүлдей жайнап әдемі қыз.

Озамын деп нық сеніммен

Шықты ортаға Келбетіміз.

2 - жүргізуші:

Шашы ұзын, көрікті қыз тағы бар,

Қанеки бәрің бері қараңдар.

Дидары атқан таңдай арайлы,

Қарсы алайық бұрымды қыз Гүлжанды.

1 - жүргізуші:

Қара шашты, қос бұрымы жарасқан,

Қыпша белі тал шыбықтай бұралған.

Қарсы алайық  Гүлзаданы қошеметпен,

Өнерімен көрерменді таңғалдырған.

2 - жүргізуші:

Көптен күткен қыздар келді арайлы,

     Келесісі кім деп жұртым қарайды.

Бұрымды қыз Ризагүлден әрдайым

Қуаныш пен шаттық күлкі тарайды.

Бірге:

Ал, халайық, аруларға тамсанайық,

Қыз қылықты дегенге ән салайық.

Атына заты сай аруларға

Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.

1 - жүргізуші:

Асқар анау аталар.

Салиқалы аналар,

Ұрпағың бұл тағы бір,

Бұрымды қыз атанар.

2 - жүргізуші:

Уа, арулар, арулар!

Ешкімің жоқ алалар,

Ару болу үлкен сын,

Оны қазың бағалар.

(Әділқазылар алқасымен таныстыру.)

1 - жүргізуші:

Ақ тілеуі ата- ананың аялаған,

Баласын шапағаты саялаған.

Ежелден қыз өсірген, қайран қазақ,

Ақ батасын арудан аямаған.

(Ауылымыздың үлкен әжесі аруларға бата беріп, шашу шашады.)

Мұғалім:  Бүгінгі сайысқа аруымыздың ата – анасы «Қазақ қыздары» атты өлеңін жолдап отыр. Осы өлеңмен «Бұрымды қыз» сайысының беташарын ашайық.

Қазақтың қыздары.

Желкілдеген тұлым менен бұрымды

Кие тұтқан ата- бабам бұрынғы.

Жаңартайық дәстүрлерін қазақтың

Жас ұрпаққа бүгін таңда білімді.

 

Ұзын шаштың әр талына бақ қонған,

Киесі оның тайдырмаған нақ жолдан,

Қазақ қызын жөргегінде әлдилеп,

«Алтын, Қара, Сұлушаш» деп ат қойған.

 

Ерліктерін әнге қосып жыр қылған,

Қару ұстап жауға қарсы жұлқынған.

Сүйген жарын жау қолынан, зыңданнан

Арқа қылып бұрымын, тартып алған құрдымнан.

 

Міне осындай қолың шаштар ерлігі,

Кейінгі ұрпақ ұмытпаған сен мұны,

Арқасында қыздарының жауынгер

Қазағымның сақталған ғой елдігі.

                     Советқан Мұсаев.

Ән: «Қыз сыны» (Арулар орындарына барып жайғасады.)

1-    бөлім. «Мен қазақтың қызымын дара туған»

1 - жүргізуші:

Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,

Бойындағы бар дарынды дарытуға.

Қорықпастан сахнаға келіп жетті,

Әдеппен, ізетпен танысуға.

2 - жүргізуші:

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты.

Сұлу қыздын көріп пе ең мұндай түрін, - деп

Абай атамыз жырлағандай байқауымызды бастайық.

1-    сайыс. «Таныстыру».

(Таныстырулар тыңдалып, бағалары айтылады.)

                                  2-сайыс. «Салт – дәстүрді білесің бе?».

 

1 - жүргізуші:

Қыз емес қыздың аты- қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

Халқымның сақтай білген игі салтын,-

Дегендей қыздарымыз қазақтың салт – дәстүрін қалай білетіндігін көрініс арқылы көрсетеді.

(Шілдехана, қырқынан шығу, бесік той, тұсаукесер.)

3-сайыс. «Өз өнері».

2 - жүргізуші:

Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда,

Өнерлінің ырысы.

Жарқырап жатыр жолында.

Сайыста ән салайық, би билейік,

Өнермен өрге басып кідірмейік.

(Арулар өнері тамашаланады.)

4-сайыс. «Менің қуыршағым».

1 - жүргізуші: Қыздардың жақсы көретін ойыншығы – қуыршақ. Осы бір жансыз дүниелер тәрбиенің бір құралы емес пе?! Қыздарымызды қызықтыратын қуыршақтар әлемі олардың ішкі сезімін оятады, әдептілікке, әсемділікке тәрбиелейді. Шеберлік пен еңбексүйгіштікке үйретеді.

     Ендеше, келесі сайыста қыздарымыз өз қуыршақтарымен таныстырады. Өздері тіккен қуыршақтың киім үлгісін көрсетеді.

                                     5-сайыс. «Таңғалмаңыз!».

2 - жүргізуші:

Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз!

Таланты талмай ұшар, таңқалмаңыз!

Таңғажайып әлемі - өнер аты,

Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз!

  «Таңғалмаңыз» сайысы. Аруларымыз көрермендерді қолөнерлерімен таңғалдыруға асығады.

1 - жүргізуші: Қыздарымыз жоқтан барды жасаса, таңғалмаңыз!

                          Бардан жоқты жасаса, тағы да таңғалманыз!

6- сайыс. «Ұзын шаштың формуласы».

(Шаш күтімі, сусабындарға жарнама жасау.)

2 - жүргізуші:

Сұлу қызға жарасқан

Өрілген қос бұрымы.

Ұзын бұрым кескенің-

Қазақтың жаман ырымы.

1 - жүргізуші:

Бұрымды қыз сайысы

Тәрбиелі, мәні де.

Шашты күтіп өсіру

Қыз баланың сәні де.

    Бұл сайыста  аруларымыз ұзын шаштың формуласымен таныстырып, ұзын шашты  өсірудің құпиясын ашады және сусабындарына  жарнама жасайды.

Жарнамалау:

Бұрымды қыз – сұлу қыз,

Әлбетте сіз сұлусыз.

Әрленсің десең шашыңыз,

«Утяменен» жуыңыз.

Өте жақсы шашыңызды күте білген,

Әр талын таза ұстаңыз  лас, кірден.

Қиялдағы арудай күйге енсеңіз,

Әрдайым «Утямен» бірге жүрсең.

                            7-сайыс. «Ою ойғанның ойы ұшқыр».

2- жүргізуші:

    Аңыз болған  жоламай бұл ғасырда,

Салт  дәстүрі халқымның жалғасуда.

Бұғы мүйіз оюы сәнділікпен

Көз тартып ұрпақтарға алмасуда.

 

1-жүргізуші:Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан

     Өнерлі шеберлер бал даңқы асқан.

     «Шеше көрген тон пішер» деген рас,

      Қыздарымыз шебер қолға араласқан,- дей отыра қыздарымыздың ою оюының кереметін тамашалайық.

    (Белсенділік танытқан көрермендерге қағаз бен қайшы таратылады. Олар да ою ойғанның кереметін көрсетеді.)

8 –сайыс. «Кезектен тыс сайысы».

(Көрермендер сайысы)

Мұғалім: Құрметті көрермендер, сіздердің араларыңыздан осы сәтті пайдаланып, ешқандай дайындықсыз, ешқандай құралсыз кім шаш үлгісін жасап көрсетеді? Қанеки кім батыл? Ортаға шақырамыз.

  Кеш қорытындысын әділқазылар шығаралы. Сайыскерлерге өнерлеріне қарай атақ беріледі, мадақтау қағаздарымен марапатталады.Жеңімпаз «Бұрымды қыз» лентасы мен тәжге ие болады. Демеушілер сыйлықтар табыс етеді.

1 - жүргізуші:

Бақытың бастан кетпесін,

Жамандық қуып жетпесін.

Әсем күлкі жүзіңнен

Өмір бойы кетпесін.

2 - жүргізуші:

Сау болыңдар, көргенше,

Қайта айналып келгенше.

Жиі келіп тұрыңдар,

Қоштасайық ендеше

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс "Бұрымды қыз" сайысының жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Тьютор

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Бұрымды қыз» байқауы

Мақсаты:

1)    Қазақ халқының ұлттық өнерін, салт – дәстүрін дәріптеуге үйрету;

2)    Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту;

3)    Көпшілік алдында өзін- өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мерекелік газеттер,  «Бұрымды қыз» фото – буклет, «Қыз өссе – елдің көркі», «Қыз - өмірдің гүлі», «Ою ойғанның ойы ұшқыр» сөздері, ұзын шаштың формуласы, оюдың түрлері, гүлге толы тоқылған ( еңбек сабағында оқушылардың өздері жасаған).

Барысы:

1-жүргізуші:

«Асыл тастан, өнер жастан

шығады» деп дарынды

Халық айтса, халық сөзі

Әрқашанда нанымды.

Сол өнердің жолын қуған

Жігіттердің атынан,

Қабылдаңыз шын жүректен

Мерекелік құттықтау!

2-жүргізуші:

Ақын боп әділдікті жақтап өтем,

Ананның ақ үмітін ақтап өсем.

Әдеп пен инабатты сақтап өскен

Қазақтың аруларын мақтап етем,

Ақын мен әнші деген- ел еркесі,

Қазақтың тарқамасын берекесі.

8- наурыз күні құтты болсын,-

Анарлар мен арулар мерекесі!

Мұғалім: Құрметті аналар, ұстаздар аналар, бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар! Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесімен – 8 – наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз! Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, шашы ұзын, басқан ізі білінбейтін жан елестейді. Қыз өссе- елдің көркі. Ал қызға көрік беретін – арқада тулап жүрген қос бұрым. Қыз бойындағы алғашқы көзге түсетін әсемдік те осы. Шолпысының күміс күлкісін ғана естіртіп, сонымен қазақ қызы бойындағы әдептілікті, инабаттылықты сездірген.

 

      Біздің мектебімізде   мақтанып айтатындай бұрымды қыздар көбейіп келе жатыр. Шашқа қысқарту жоқ деген мақсат қойған  сыныптың барлық қыздарының бұрымдары күннен - күнге ұзарып, бойларына көрік, нәзіктік беріп тұрғандай.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 870 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.01.2015 1230
    • DOCX 20 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аязбекова Зауреш Каримовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аязбекова Зауреш Каримовна
    Аязбекова Зауреш Каримовна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3768
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 769 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 842 человека

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Мини-курс

Развитие и воспитание: ключевые навыки для родителей маленьких детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детское развитие: ключевые моменты взаимодействия с детьми и подростками

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 305 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 168 человек

Мини-курс

Основы профессиональной деятельности эксперта в области индивидуального консультирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе