Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Математика / Рабочие программы / Сыныптан тыс іс шара "Жүзден жүйрік" спорттық математикалық эстафета
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Математика

Сыныптан тыс іс шара "Жүзден жүйрік" спорттық математикалық эстафета

библиотека
материалов

« Прииртышский жалпы орта білім беретін мектеп » КМММ










Спорттық- математикалық эстафета



hello_html_m2dd1cdec.gif







Искакова Жанар-

математика пәні мұғалімі












Семей

2014 ж

Мақсаты: Танымдық шығармашылық қабілеттерін дамыту, ой - өрістерін кеңейту. Оқушылардың математика пәніне қызығушылықтарын арттыру. Ұйымшылдыққа, табандылыққа, өз ара сыйластыққа тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын насихаттау.


Керекті құрал-жабдық: баскетбол добы, скакалка, шар, дротиктер, плакаттар.


Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық!
Бәріне жар салайық,
Бүгінгі ойын төрінде,
Математика еліне, математика тілінде, есеп шешіп жарысып, шабыт тасып шалқысып, көңілді ойын жасайық!
Бүгінгі өткізілетін спортты математикалық эстафетаға «Қош келіпсіздер!» Құрметті ұстаздар, көрермен қауым және тікелей осы эстафетаға қатысушылар!
Біреу озса жарыста, біреу артта қалады.
Ренжімей тараса, озбағандар жарады
Жарыс заңы ежелден, жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол, еңбектену жалықпау.
Сәт - сапар тілеп бәріңе, сайысты біздер басталық.

Ойынға қатысушы командаларды шақырайық.

8 «А» сыныбы:

9 «А» сыныбы:

10 «А» сыныбы:

Ойын ережесі:

8 «А», 9 «А», 10 «А» сыныптарынан құралған 3 ойыншы қатысады. Ойыншылар тізбектеліп тұрады. Ойын екі бөліктен тұрады спорттық және математикалық. Эстафетаны бірінші аяқтаған команда 5 балл және есептің дұрыстығына байланысты тағы да қосымша балл алады. Эстафета барысында ең көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.

Әділқазылармен таныстыру.

Ойын барысы:

Балалар эстафета дегеніміз ол спорттық командалардың жарысы. Әрбір этап сайын ойыншы ауысып отырады. Ойыншы ауысқан кезде эстафета таяғын береді. Ал біздің эстафета таяғы ретінде қаламсап болады. Сондай ақ ол математикалық тапсырмаларды орындау үшін де қажет.

Қалай ойлайсыздар Күш пен ақылдың қайсысы маңызды?

Қатысушылармен диалог.


І конкурс - үй тапсырмасы.

Әрбір команда өздеріне атау, команда девизін ойлап табу, қарсыластарына құттықтау сөз айтуға алған болатын. Конкурс 5 балдық жүйе бойынша бағаланады.

ІІ конкурс: “Бой қыздыру”.

Команда мүшелері Кезекпен кезек шарларды жарады. Эстафетаны келесі ойыншыға береді. Бүкіл команда жиналғанда үстелге жетіп тапсырманы орындайды. Капитан жауабын әділқазы алқасына беріп. Өзінің алғашқы орнына жылдам келіп тұруы қажет.

ІІІ конкурс: Ой гимнастикасы

Келесі эстафетаның барысы туралы мәлімет тыңдаймыз. Бірінші ойыншы скакалкамен секіріп, кегельдерді айналып өтіп тапсырмалар орналасқан столға дейін барып, скакалканы столға қойып карточкадағы есепті шығарады. Есепті шығарып болған соң, карточканы алып, скакалкамен секіріп қайтадан келген жолымен келеді, келесі ойыншыға скакалканы табыс етеді. Карточкасын есептеушілерге апарып береді, сосын өз тобының соңына барып тұрады. Эстафета осылай жалғасын тауып соңғы ойыншы орындап болғанша жалғасады. Ең соңында соңғы ойыншы алға шығып қолын жоғары көтереді. Бұл эстафетаның аяқталғанын білдіреді. Алға!

IV конкурс: “Математикалық ақыл құрылымы”.

Баскетбол добын еденде ойнатып, шығыршыққа доп лақтырып түсіруге тырысады, содан кейін столдағы әріптің біреуін алып келеді. Допты еденде ойнатқан күйі артымен жүріп орнына қайтып келеді. Команда біткен соң әріптерден математикалық термин құрастырып тұру керек.


Vконкурс: «Суретші»

Ойыншылар алдымен, артымен, оң және сол жанымен кезек-кезек жүгіріп, плакатқа барады. Жазылып тұрған сөздің суретін салады. Салып болған соң орнына келеді.

Мінекей, біздің спорттық мерекеміз де мәресіне жетті. Біз жарысқа қатысушылардың барлығын жеңістерімен құттықтаймыз.

Краткое описание документа:

Танымдық шығармашылық қабілеттерін дамыту, ой - өрістерін кеңейту. Оқушылардың математика пәніне қызығушылықтарын арттыру. Ұйымшылдыққа, табандылыққа, өз ара сыйластыққа тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын насихаттау.

Керекті құрал-жабдық: баскетбол добы, скакалка, шар, дротиктер, плакаттар.

8 «А», 9 «А», 10 «А»  сыныптарынан құралған 3 ойыншы қатысады. Ойыншылар тізбектеліп тұрады. Ойын екі бөліктен тұрады спорттық және математикалық. Эстафетаны бірінші аяқтаған команда 5 балл және есептің дұрыстығына байланысты тағы да қосымша балл алады. Эстафета барысында ең көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.

Автор
Дата добавления 10.02.2015
Раздел Математика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров436
Номер материала 377673
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх