Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс сабақ.Әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі бар.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Сыныптан тыс сабақ.Әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі бар.

библиотека
материалов

Әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі бар. Оны музыка мәдениетінен, би өнерінен, қол өнерінен, тұрмысынан байқаймыз. Ән,күйлерді тыңдай отырып, билерін,ою-өрнектерін,зергерлік әшекей заттарын көре отырып, оның қай ұлтқа тән екенін ажырата білуге болады. Осылайша қазақ ұлтын да оңай ажыратуға болады. Қазақ халқының бұрыннан пайда болған салт-дәстүрлері басқа көршілес жатқан ұлттардың салт-дәстүрлеріне ұқсас болып келеді. «Қырғыз, қазақ бір туған» деген мақал қазақ халқы мен қырғыз халықтарының бір-біріне өте ұқсас екенін көрсетеді. Сонымен қатар, түркі тілдес халықтар да қазақ халқымен бір қандас болып келеді.

Қандай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін таныта алады. Мысалы:қазақтарға тән бауырмалдық,ақжарқындық, қонақжайлық. Әрине, бұл қасиеттер басқа халықтарда да кездеседі. Бірақ бұл қасиеттер әрхалықта әр қырынан көрініс береді. Сонымен ұлттардың салт-дәстүріндегі мінездері мен қасиеттері бір-біріне ұқсап,бірін-бірі толықтырады.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері осы ұлттың мінез-құлқын,қасиеттерін көрсетеді. Кейбір салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары сол халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезіне, сеніміне,ырымына, қарай қалыптасып, келеді. Қазақта «Алты жыл аш болсаң да,атаңның салтын ұмытпа» деген мақал бар. Той-думандарда, жиындар мен мерекелерде орындалатын осы қазақ халқының салт-дәстүрлері оның ұмыт болмағанын паш етеді.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері тіршілік кәсібіне, наным сеніміне, өмірге деген көзқарастарына байланысты, ұрпақтан-ұрпаққа берілгенде ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Қазіргі уақыттың өмір ағымына байланысты кейбіреулері түрленіп қана қоймай, жаңадан еніп те жатыр.

Салт-дәстүрлердің ұрпақ тәрбиесіндегі мәні зор. Ол бала тәрбиесіне байланысты, тұрмыс-салт және әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер болып үш түрге бөлінеді.

Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлім-тәрбиелерінен бастап, есейіп азамат болып кеткенге дейінгі кезеңі кіреді. Мысалы: шілдехана, сүйінші, балаға ат қою, бесікке салу,қырқынан шығару, тілін дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет той, тіл ашар,ұл бала мен қыз баланы жанұя болуға, шаруашылыққа, еңбекке,өмірге бейімдеу.

Тұрмыс-салт дәстүрлеріне қазақтың киіз үйі, киіз үйдің немесе тұрғын үй жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдар; мал бағу, егіншілік, аңшылық, балықшылық, бағбаншылыққа қатысты кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері енеді.

Ал, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлерге:қазақ ауылы, ауыл-адамдарының туыстық қатынасы, шешендік сөз өнері, қазақтың ұлттық әуен аспаптары, үйлену-үй болуға байланысты, қонақ күту, ұлттық мерекелерді өткізу сияқты түрлері кіреді.

Қазақ халқының қолөнері

 Қазақ халқы өнерлі халықтардың бірі.Баспанасы киіз үйден бастап, оның ішіндегі тұрмыста қолданатын барлық заттарын, әшекейлі бұйымдары мен киім-кешектерін шебер жасай білген ұста халық болған.

Көшпенді болған қазақ халқы киіз үйді көшіруге ыңғайлы етіп, өмір сүруге жазда салқын, қыста жылы болатындай, қолайлы етіп жасаған.Оның ішіне қажетті сан алуан кілемшелер мен төсеніштерін, түс киіздерін, жеріне төсейтін киіздерін, алаша,шилерін, текемет, сырмақ,тулақ, жер жастық, құрақ көрпеше, киіз үйді жабатын түндігі мен басқа да киіздерін шебер жасаған.

Кілем тоқу өнері қазақ халқында кеңінен тараған. Оны әр түрлі етіп тоқиды: түкті кілем, тақыр кілем, шашақты, шашақсыз етіп түрлендіре білген.

Киіз үйдің қабырғасына ілінген кілемнің үстіне бас киімдері мен шапандары, ал бір жағына қамшылары мен домбыралары ілінеді.

Көрпе-төсек, жастық жиналатын керуеттері мен жүк сандықтар жасаған. Көрпешелер мен көрпелерін көрнекі етіп құрау, ішіне жүн салып жасау әлі күнге дейін қолданылып келеді.

Ағаштан ойылып жасаған ыдыстары: күбі, ожау, қымыз құятын кеселері, қасықтары қазіргі күні қолданылатын ағаш ыдыстарының бірі.

Мыстан,күмістен жасаған шәйнек, самаурын, леген тағы басқа тұрмыста қолданатын майда-шүйде заттары өте көп.

Қазақтың ұлттық киім-кешектеріне келсек, оның да басқа ұлттар сияқты ,өз өзгешеліктері бар. Алдымен, ұлттық киім-кешектерді жергілікті ерекшеліктерге бейімдеп тіккен. Екіншіден, киімдерді екі бағытта: ерлерге және әйелдерге арнап тіккен. Мал бағып, аңшылықпен айналысқан қазақ халқында тері мен неше түрлі жүндердің түрі көп болып, оны жақсылап өңдеуді білген. Теріні илеп, тон немесе басқа киімдер тігуге әзірлейді.Жүнді жуып, тарап,иіріп әр түрлі киімдер мен төсейтін алаша, ілетін кілемдер тоқиды.

Тігілетін киімдер адамның жас ерекшеліктеріне байланысты болған. Жастарға арналған киімдердің әшекейлері көп болса, кәрі кісілердің киімінің өрнектері аз немесе мүлдем болмаған.

Киімдер, негізінде, сәнді және жай күделікті киетін киімдерге бөлінген. Сәнді киімдерді Той-думандарға және қонаққа барғанда киген. Киімдерге бас киімдері, тақия, сәукеле,орамал,кимешек, бөрік,тұмақ,малақай жатады. Оған жарасымды етіп шапан, тонішек, қамзол, тон, кебіс, мәсі, етік, көйлек киілген.

Дөңгелектеніп тігілген бас киімдердің бірі- тақия қазіргі күні ер кісілердің үлкені мен кішісі киетін бас киімнің бірі. Оны бір түсті пұлыш матадан немесе бархат матадан оюлап тігеді. Оюсыз, сырып тігілген тақияны сырмалы тақия деп атайды. Жұқа ақкиізден өрнектеп тігілген айыр қалпақты жасы үлкейген адамдар киеді. Қыздар киетін тақия асыл тастар мен моншақтармен безендіріліп, зер жіптермен кестеленеді. Тақияның төбесіне үкі тағылады. Осындай тақияларды мерекелерде қазақша көйлек пен камзолмен бірге киеді.

Сәукеле-қыз ұзатылғанда киілетін бас киім. Қыз сәукелені күйеу еліне киіп барарда тіктірген. Ұзынша етіп жасалған сәукеленің жиегіне құндыз немесе басқа қымбат аң терісімен жиектеледі. Ұшына ұзын, желбіреген ақ жаулық ілініп, төбесіне үкі қадалады. Оның екі жағына маржанды моншақтар немесе арнайы жасалған зергерлік әшекейлер ілінеді. Сәукеле қыз-келіншектердің киетін бас киімі. Үйлену тойларының кейбіреулерінде, қалыңдыққа қазақша киім кигізгенде, сәукелесімен бірге кигізеді.

Зергерлік бұйымдарына күмістен,алтыннан, мыстан жасалған әр түрлі білезіктер, сырғалар, жүзіктер,белбеулер  т.б. нәрселерін жасаған. Қазақ  халқында он саусағынан өнер тамған адамдар қыз-келіншектер тағатын әшекейлі бұйымдарын, бәйбішенің тағатын жүзігі мен білезігін соққан. Бұдан басқа шаш бау, шолпы, алқа,қаптырма жасай білген.

Қазақтың зергерлік заттарында жан-жануарларға байланысты мифтік ұғымдағы өрнек түрлері: қошқар мүйіз, түйе табан, құс мұрынды етіп және көкөріс өрнектер жапырақша,гүл, сабақша, етіп оюлап әсемдеген. Зергерлердің әр түрлі металдарды қолданып жасаған зергерлік бұйымдары бағаланған. Қазақ халқында осындай өнер түрлері кеңінен тараған.

Заманға сай етіп, өнер адамдары қыз-келіншектердің әшекейлі заттарын көркейте түсуде. Қазіргі кезде қыздар оюланып жасалған алқа, жүзік, білезіктер тағады. Құдағилар арнайы құдағи жүзіктерін бір-біріне сыйлайды. Қапсырмаларды әлі күнге дейін жастар мен үлкен кісілер пайдаланып келеді. Ұсталар ат-саймандарын, қару-жарақтарды шебер жасай алған. Қазақстанның ауылдық жерлерінде осындай қолөнерлік заттарды жиі кездестіруге болады. Қолөнер заттардың көшілігін ұсталар сувенир етіп жасайды. Бұндай әшекейленіп жасаған әдемі заттар қазақ халқының өнерлі халықтың бірі екендігін білдіреді.

Музыкалық аспаптарына қобыз, домбыра, шаңғауыз, сыбызғы,дағыра, үскірік,қылқобыз, саз сырнай,асатаяқ кіреді. Біздің уақытымызда кеңінен тарағандары домбыра мен қобыз түрлері. Қазақ халқының әрбір отбасынан домбыраны кездестіруге болады деп айтуға болады. Домбырашы өнер адамдары күй тартып, қосылып, ән айта алады және басқа елдердің әуендерін домбыраға салып, тарта алады. Қазақ халқының сөзге шешен ақындар айтысы да домбыраның сүйемелдеуімен өтеді.Бұрыннан ата-бабамыздан қалған дәстүр-домбырамен күй шерту, ән айту, айтыс түрлері біздің уақытымызда да етек жайған.

Келін түсіргенде орындалатын салт-дәстүрлер

 Келін түсіруге байланысты орындалатын салт-дәстүр ежелден келе жатыр. Бұрынғы қазақ халқының салт-дәстүрінің бәрі мағыналы түрде орындалатын болған. Ауылға келін кіре бере, жасаулы көштің алдынан әйелдер шығып, шашу шашқан. Көш бастап келген әйелді «Мұрындық ана» деп атап, оған арнайы сый берілген. Ауыл адамдары жүкті дереу түсіріп, отауды тігуге кіріскен. Шаңырақты көтеру балалы-шағалы, үрім бұтағы өскен, елге беделді, салиқалы адамға жүктелген. Бұл жерде жаңа түскен жас келінге «осы ананың жолын берсін» деген ырымды көздеген. Отау ішінің жиһаздары жиналған.

Қалыңдықты ауыл келішектері мен жастары күтіп алып, шашу шашып, құрылған шымылдықтың ішіне келген келінді кіргізеді. Шымылдықты құрғаны үшін сый алады. Абысындары басына орамал салып, тағы басқасы отқа май құйғызады. Сол қызметтері үшін енелері сыйлық сыйлайды. Орамал салғаны енді келін болды дегенді білдіреді. Жас келінді көргісі келгендер үлкен келіндеріне, немесе,жеңгелері мен апаларының біріне көрімдіктерін береді. Келіннің бөлмесіне апарып, келінмен таныстырады. Танысқан адам келінге шашу шашып, «қадамың құтты болсын!» деп тілегін айтады.

Беташар болмайынша, келін шымылдықтан шықпай,іске араласпай отырады. Келінді көруге келгендерге ол ізеттілік білдіріп, орнынан түрегеледі.

Жаңа түскен келінді туыстарымен көпшіліктің алдында таныстыратын беташар болады. Келіннің бетін ашатын ақынды дайындап қояды. Суырып салма ақын әншілер келіннің келу құрметіне арнап өлеңдер айтады. Келіннің бетін ашпас бұрын, асаба жиылған қонақты орналастырып, беташарға дайындайды.

 Беташар

 Жаңа түскен келіннің бетін ашып, көпшілікке таныстыру-халқымыздың құрметтейтін, ежелден келе жатқан дәтүрі. Келіннің бетін ақын жігіт өлеңменен ашады. «Беташар» айтар жігіт, ақындығына қоса, әншілігі де бар, әзіл-оспаққа жүйрік болғаны жөн. Беташар әр жерде әр түрлі өтеді. Кейбір жерлерде, күндіз туған-туыстарына той жасалып, барлық туыстары жиналған соң, беташар жасайды. Ақын жігіт той басқарушы мен той иелерімен ақылдаса отырып, келінге сәлем салғызатын адамдардың тізімі мен отбасындағы орындарын жазып алады. Өлеңге қосып, әрқайсысының атын шатастырмай айту үшін, дайындалып алады. Басына, бетін көрсетпей, орамал жапқан келінді екі абысыны екі жағынан сүйеп, алдын ала дайындап қойған жерге алып шығады. Екі жағында тұратын келіндер жас келінге ең жақын абысындары болуы қажет. Мұның өзі абысындарының өзінен кейінгі келінге көрсеткен өнегесі, әрі абысындар арасындағы сыйластықты бір-біріне білдіру жолы болып табылады. Өйткені «келіннің бетін кім ашса, сол ыстық»деген сөздер алғаш келген келін сәлем салғанда демеген абысындарға да қатысты. Бұл кезде келінді сүйеп ұстап тұрған жас абысындары да келінмен бірге сәлем жасап, келінге үлгі көрсетеді. Бет ашуға дайын тұрған ақын, көпшілік алдында келінге және көпшілікке арнап өлең айтады. Келіннің жанұядағы орнын айта келе, жаңа түскен жеріндегі жігіттің жақын туыстарымен таныстырып, сәлем бергізеді. «Беташардың» мағынасы-енді қыздың жаңа жанұяға келіп, қызметінің өзгергенін білдіреді. Қыз күнінде жасаған қылықтарын тастап, әдепті келін болуы жайлы осы жерде айтылады. Айтылатын өлеңнің мазмұны-жалпы үлкендер алдындағы инабаттылық,әдептілік міндеттерін сипаттап, ақыл айту. «Беташар» айтатын адам, жанұяға жаңа келген келінге, осы екі жастың қуанышын тойлауға келгендердің қайсысының кім екенін, қандай туыстық жақындығы бар екендігін айту. Ата-енесімен, қайын аға,қайын апа, қайын сіңлі, қайын інісінің беделін, қадір-қасиетін таныстырады да, тізе бүктіріп сәлем салғызады. Жақын ағайындарының атын атап, оларды да таныстырады. Ата-енесінің айтқандарын екі еткізбей, құрметтеуін айтады. Туған-туыстары қонаққа келгенде, қабақшытпай, қонақжайлылық танытуын, қадірлеуін де айтып кетеді. Сәлем алған адам жас келінге беретін сыйын атайды да, сәлем салғызған ақынды да құр қол қалдырмайды.

Келіннің бетін ашқан ақын жігітке үлкендер мен келіннің ата-енелері ризашылықтарын білдіріп, сыйларын сыйлайды.Келіннің бет-жүзін отырғандар көріп, тілектерін айтып, шашу шашады.

Беті ашылған келін, енді жас келіннің қолынан шай ішкісі келген қонақтарға шай құяды.



Краткое описание документа:

Сыныптан тыс сабақ жоспарларын құрастырғанда қазақ халқының өзіне тән ерекшеліктерімен таныстырып өту үшін дайындық үшін материал іздеп осы жоспарды таңдадым .Бұл сіздерге де керек болар деген оймен жазып отырмын.Әрине басқа ұлттың өкілдеріне қазақтың салт -дәстүрімен танысу өте қызықты деп санаймын. Өйткені менің оқушыларым әр уақытта өздері дәстүрлерді көрсетіп,қазақша киім киіп сахнаға шыққанды жақсы көреді.Біздің ауылымызда ән-күй мектебі бар, көптеген оқушыларымыз мектепке қатысып  қазақша әндерді шырқатып айтады.Өз дәстүрімізді өзіміз құрметтейік,сонда басқаларда құрметтейді.

Автор
Дата добавления 13.01.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров600
Номер материала 295589
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх