Инфоурок Классному руководителю Рабочие программыСыныптан тыс шара Бастауышым-балбұлағым

Сыныптан тыс шара Бастауышым-балбұлағым

Скачать материал

Тақырыбы. Бастауышым-балбұлағым

Мақсаты:

v    Білімнің  бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

v   Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

v  .Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру.

v  Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Слайдтар, плакат,  суреттер, қанатты сөздер , шарлар, гүлдер.

Кіріспе бөлім:(Көңілді музыка ойнап тұрады)

Ерте, ерте ерте ме екен, әлде мүлде келер күн бе екен, әлемде мектеп деген мықты патшалық болса керек. Оның тұрғындары сондай ақылды, білімді, өнерлі болыпты. Ол патшалыққа жамандық атаулы мүлде жоламаған екен.  Ол патшалық үш хандықтан тұрады екен. Ең кіші «Балбұлақ» хандығында кішкене бүлдіршіндер өмір сүріпті. Уақыт өте келе 10 жасқа толған «балбұлақтықтар»

  « Орталық» хандыққа өтеді. Ол хандықта алған білімдерін жалғап, сапалы білім мен өнерге баулитын Жоғары хандығына өтіп отырыпты. Бүгін міне, 2013 жылдың  22 мамыры да айтулы күн болып қалмақ. Дәл осы күні «Балбұлақ» хандығының қарлығаштары өз хандықтарындағы өмірлерінің соңғы сәттерін өткізіп «Орталық» хандыққа ұшқалы отыр.

Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі күн барлығымыз үшін ерекше күн! Бұл күннің ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттаған балаларыңыз ақыл-ойы толысып, оң мен солын айырып, жаман мен жақсыныны ажырата білуді үйреніп, ең қызық шағы бастауышпен қоштасқалы тұр. Ендеше осы қуанышты да, қайталанбас күндеріңізбен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер!

Бүгінгі тойдың иелері бастауыш сыныптан түлеп ұшқалы отырған қарлығаштарымызды ортаға шақырайық.

(Ду қол шапалақпен оқушылар ортаға шығып, слайдтар көрсетіле береді)

 

Болатбек : Құрметті ұстаздар мен ата-аналар,

Кез келді сіздерден ақ бата алар,

Ұл-қыздарың көрсетпекші өнерін,

Бар қауым тамсана таңдай қағар.

 

Айымгүл: Добрый день, дорогие друзья,-
                 Гости, родители, учителя!
                 Мы очень рады видеть вас,
                 В этот день и в этот час.

 

Мейірлан:Білім алған өзіңнен,

 Шәкірттердің бірімін.

Бақытты етіп өсірген,

Анама басты иемін.

 

Гүлзат:Гүлзат  қызбын әдемі,

 Көркіне сай әдебі.

Есепке де жүйрікпін,

Ұстаз болғым келеді.

Айдос: Тез үйрендік әділ мен адамдықты ,

Жирендік, ажырыттық жамандықты.

Ата-анамның қуанышы Айдоспын,

Ел қорғаны,  мен ертең болам мықты.

 

Жомарт: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

            Жомарт  атты сымбатты ұлың ардақтап,

Бар пейілмен басын саған иеді.

 

Райымбек: Гүлге толы жан-жағым,

Асыр салып жүгірдім.

Өсті талап-талғамым,

Көп нәрсені ұғындым,

Маңғазданып, аз сөйлер,

Райымбек  деген ұлыңмын.

 

 

Болатбек: Ақ сүтін емген ананың,

Еркелеп өскен баламын,

Балғын үнім тербетсін,

Отанымның алаңын,

Кітапты жүйрік оқыған ,

Болатбек  ұлың боламын.

 

Айымгүл: Адал қызбын халқыма,

Адал болам антыма.

Әнімен әуелеген Айымгүлмін,

Дақ салмайтын елімнің мен даңқына.

 

Бәрі : Жұп жазбастан жүреміз,

Біздің сынып мақтаулы ,

Өйткені біз сүйеміз.

Дәйім тәртіп сақтауды,

Біздің сынып – мақтаулы.

Оқуда да алдамыз,

Біздің сынып осындай.

 

    Айымгүл  : Достарым , тоқтаңдар, құр сөзбен мақтана бергеннен ешкімге ештеңе дәлелдей алмаймыз.

Гүлзат : Дұрыс айтасың,  Айымгүл. Мына отырған ата-аналарымыз бен ұстаздарға өз білімімізді көрсетудің жолын таптым. Достарым, біз қонақтарға әр пән бойынша өз білімдерімізді көрсетіп жіберелік.

Барлығы: Дұрыс, дұрыс. Ендеше іске сәт!

Қоңырау соғылады. Слайдтан математика сабағы деген жазу шығады.

Мұғалім: Балалар қане айта қойыңдаршы, сендер оқыған 4 жылда қанша рет математика сабағы болды?

Жауап : 1 сынып 4 рет х 33 апта = 132

               2 сынып 4 рет х 34 апта=136

   3 сынып 5 рет х 34апта =170

               4 сынып  5 рет х 34апта=170

132 + 132 + 170 + 170 = 608 математика сабағы

Мұғалім : Сендер оқыған 4 жылда қанша рет қоңырау соғылды?

Жауап: 1 сынып -  707 сағат

2 сынып –  748 сағат

3 сынып –  850 сағат

4 сынып-  850 сағат

Барлығы : 70 7 + 748 + 850 + 850 = 3155 сағат

Соғылған  қоңырау  саны: 3155 сағат   х 2 = 6310 қоңырау

Мұғалім: Тамаша.

Қоңырау соғылады (Слайдтан Ана тілі сабағы басталғандығы туралы жазылады)

Мұғалім: Құрметті оқушылар ана сүтімен бойымызға дарыған тіліміздің сонау  тереңнен келе жатқан мұрамызбен танысуға үлкен мүмкіндік жасаған ана тілі сабағы болғаны анық. Кәне не білдік, нені үйрендік ортаға салайықшы.

 Айымгүл:     Мұғалім , рұқсат етіңіз!

Маған 4-ші сыныптағы ана тілінен ең керемет әсер қалдырып, ұнаған шығарма                                                                                                                                                                                              

Мұғалім: Жақсы                            , ендеше сол өлеңді мәнерлеп айтып бере ғой!

Өлең мәнерлеп айтылады

Мұғалім: Сонымен бірге қандай әдеби шығарма түрлерімен оқып таныстық.

Мұғалім: Өте жақсы, балалар. Әлі де тамыры тереңге кеткен қазақ әдебиетінің жаңалықтарымен танысып, сусындай берулеріңе тілектеспін.

Мұғалім: Иә, балалар, қазақ тілінің құдіреті осында. Бір ауыз сөзбен жадыратып, балаша қуантса, бірде бір ауыз сөзбен көңілге мұң ұялатар тіл кереметі осы. Әркез өз ұлтының тілін сүйетін, қадірлейтін және достарын өз соңынан ілестіре білетін азамат болып өсіңдер!

Қоңырау соғылады. Оқушылар үзіліске шығады.

Қоңырау соғылады. Қазақ тілі басталғаны туралы слайдтан көрінеді.

Ойлы болсаң озып көр.

«7 сұрақ»

1.Ақылды   сөзіне мәндес сөздерді ата (зерек, дана, данышпан, ақылгөй, ....)

 2. Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріп беру :

Бетінің оты шықты  -                                                                                                      

Жаны мұрнының ұшына келді –                                                                      

Төбе шашы тік тұрды -                                                                                       

3.Артық сөзді тап

Сулы, балықты, оқушы, білім, асқазан (Асқазан сөзі себебі ол күрделі сөз, екі сөздің бірігуі арқылы жасалған)

4. Қате жазылған сөзді тап.

Мектеп, ұстаз , қоштасу, жұмышшы (Жұмышшы сөзі, себебі, жұмысшы деп жазылуы керек.)

5. 5 етістік ата                                                                                                                   

6. «Саяхат»  сөзінде неше дыбыс бар?

7 . Жеті септікті ата :                                                                                                      

 

Мұғалім: Түнде бағытынан жаңылып , адасқан адам аспандағы Темірқазыққа қарап, бағытын анықтаған екен, ендеше қазақ тілінен алған білімдерің сендердің өмірлеріңнің Темірқазығы болсын.

Қоңырау соғылады. Дүниетану сабағы басталады.

Асықтың көмегімен ойын  «Кім жылдам» Ойын шарты: Жылдам құс пен жануардың атын кезектестіріп айтып шығу керек немесе мемлекет пен қалалардың атын кезектестіріп айту. Аз уақытта 10 асықты жинап үлгеру керек.

Интермедия            Тақырыбы: Оқушы арманы

Ортаға  Жомарт  шығады. Ортаға үлкен қорап келеді.

      Жомарт: Мынау не қылған қорап.? Жаңа жылда аяз атаға менің тілектерімді орындайтын жын  жіберші деп сұраған едім. Сол орындалды ма?Ашып көрсем бе екен?

Ары, бері жүреді.  Санамақ ойнап жүреді ашайын, ашпайын, ашайын, ашпайын, ашайын: Әй, қойшы, ашып көрейін!

Қораптың ішінен жын – Айдос  шыға келеді

 Айдос : Тақсыр, қош көрдік. Сенің үш тілегіңді орындаймын.

Жомарт : Түу, шошыттың ғой. О, сиқыр деген осы екен ғой! Расымен орындайсың ба? Түу, не армандасам екен? Армандарым көп еді! «Әншейінде ауыз жаппас, той дегенде өлең таппас» демекші, сөзге жүйрік Жомарт едім, маған не болды?

Айдос: Апырай-ай, болсаңшы! Жаңа жыл кезінде сен сияқты қанша жалқаудың аяз атаға сиқыршы жібер деп хат жазғанын білесің бе? «Түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айрылдық қой!

Жомарт : Жарайды, жарайды. Дәп қазір үйге берілген барлық тапсырмалар орындала қалса екен!

Жын сақалын жұлып алады да, «Сим, салабим, рахатум» үзіп қалғанда барлық тапсырма орындала қалады. (Слайдтан дәптері шыға келеді)

Жомарт: Ойбай, мынауың не? Мынау менің жазуым емес қой!

Айдос: Сен маған менің жазуым болсын демедің ғой! Қойшы оны кім біліп жатыр!

Жомарт : Қайдағы, сен біздің мұғалімді білмейсің ғой! Ол мұғалім болмағанда, атақты ізкесуші болар ма еді, кім білсін.! Ол кісі ұйықтап жатқанда оятып, мынаны көрсетсең, мынау менің жазуым емес екенін айтады. Қой, мынауың келмейді,

Айдос: О! Балақай, тездет, тездет! Мен саған тек 10 минутымды ғана жұмсауым керек. Үлгермесең, өз обалың , өзіңе! Тез, екінші тілегіңді айта ғой!

                               : Туү, сен де болмадың ғой! Тез, тез деп. Ал онда екінші тілегімді орында! Маған Біздің сыныптағы   Айымгүлдің   ән салғаны ұнайды. Өзі де сүп-сүйкімді. Дәп қазір                             осы жерде бола қалсын!

Айдос сақалын жұлып алып, «Сим, салабим, рахатум» дегенде

 сыныпқа Айымгүл ұрсып кіреді

Айымгүл: А – а, сен  осында екенсің ғой! Сен үшін мұғалімнен сөз естігім келмейді, осы жолы үй тапсырмасын орындамадың, мені ұятқа қалдырдың, Тез жылдам черновигіңді ал, есепте. Жылдам, Жылдам. Түу, болсаңшы, мына есептің бәрі қате, үш алудан шаршамадың ба? Сені емес дәптеріңді аяймын. Тез бесінші есепті орында. Жоқ бірінші диктант жазайық. Бірінші сөйлемді тыңда: «бірінші мамыр халықтар достығы күні. Енді жазамыз. Бі-рін-ші

Жомарт : Ей, жын , Мынаны әкет, тез, тез!

Айымгүл кетіп қалады.

Жомарт:  Уһ! Кетті –ау әйтеуір! Сен қандай Жынсың  өзі! Бәрін бүлдіресің ғой!

Айдос: Сен маған  Айымгүл алдыңда күліп тұрсын деген жоқсың ғой. Өзің кінәлісің! Тез үшінші тілегіңді айт. Ойланып айтсаңшы, шаршатып жібердің ғой өзің!

Жомарт: Не ойласам екен! Көп ақша сұрасам ба екен? Бірақ апам өз адал еңбегіңмен

тапқан нан тәтті деуші еді. Бұным жарамас. Бәрі менен қорықса десем бе екен? Жоқ-жоқ !                                     

Ойланып тұрады да, кенет қуанып кетеді.

Жомарт: Таптым, таптым! Әй, жын тыңда. Сыныбымдағы барлық достарым аман есен болып, бірлігіміз мызғымастай берік болсын. Орта буынға мектеп мақтанышы ретінде аттайық! Елімде сәбидің шат күлкісі естіліп, әрдайым тыныштық болсын!

Айдос сақалын жұлып алып, «Сим, салабим, рахатум» дегенде, сыныптың барлық оқушылары  шығады, «Қайдасыңдар , достарым» әнін хормен айтады.

 

Айымгүл:  Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.

  Гүлзат: Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,
                 Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
               Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
              Алдымен адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек ау.


Мейірлан :Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,
                       Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.
                      Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,
                      Мәпелеген  баласын, аман  болсын  анашым!

Ән: «Әкешім, анашым»

 

Айдос :Армысың сен , алтын ұя мектебім
            Саған айтар жыр- алғысым көп менің
            Жүректерге жаққан білім шырағын ,
            Мектебіме арналады бұл әнім!


Айымгүл
: Дұрыс айтасың  ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің  әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.

 

Мейірлан: Мектеп деген білім кені , жыр кені,
                      Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
                     Мектеп деген тәрбиеші адамға.
                       Мектеп деген даналардың мекені.
Жомарт: Мектебім- білім берер алтын ұям.
                   Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
                   Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.
                   Әрқашан қасиетті атың маған.
                    Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,
                    Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
                    Өзіңе борыштармын өмір бойы
                     Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

Хормен: Мектеп – кеме , білім – теңіз,
                 Барар жерге тез жетеміз.
                 Төрт жыл алған білім нәрін ,
                 Азық етіп ер жетеміз.
                  Ән : «Учать в школе» - хор

Мектебім  - Айымгүлдің орындауында

 

Болатбек :Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
                      Бар асылын бізге жиып , мол береді.
                      Қанатымен су себелеп асыл жан,
                      Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

 

Гүлзат:Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
               Жирендік , ажыраттық жамандықты.
               Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
               Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.

 

Райымбек : Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,
                        Басталған ақ батаңнан жас талабым.
                         Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
                         Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

 

Мейірлан:Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,

                       Бейнеңіз жүректерде сақталады,

                        Біз әлі биіктерден көрінеміз ,

                        Үмітпен сеніміңіз ақталады.

Хормен: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

                  Мың алғыс мына отты жүректерден.

Ұстазым әні -Хормен

Айымгүл : Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік. Енді міне сауатымызды ашып,  білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына  қосылғалы тұрмыз.

 

Болатбек : Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.


Мейірлан: Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
                     Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
                      Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
                     Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

 

Райымбек : Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
                        Ақылға келе алмадық ерте көніп.
                         Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.
                         Мектептің ережесін үйрендік кеп.


Жомарт: Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,
                 «А»әрпін алғаш сенен бастадым.
                   Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,
                  Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.

 

Айдос:Бастауышым- балбұлағым ,
             Алдым сенен балдың дәмін.
              Әріп танып, білім алып
              Рахметімді жаудырамын.
              Бастауышым- балбұлағым
             Лаулап жанған шам шырағым.
             Өзің берген біліміңмен,
             Самғап ұшар тау қыраның.

 

Гүлзат :Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,
                Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
                Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
                Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.
               Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
               Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
               Бастауышта алған білім, жырларым,
              Азық болар , мәңгі талай жылдарға.

Хормен:Өтті сенде қызық шағым,
                 Бастауышым- бал бұлағым.
                 Қоштасар күн жетті міне,
                 Қимастықпен қол бұлғаймын.

«Қош бол мектебім»  әні – хормен

Ант беру рәсімі

Айымгүл: Біз 4 сынып  оқушылары ұстаздар мен ата-аналарымыздың алдында бұдан былай

        да мейірімді, тәртіпті, шыншыл болуға, бүгінге дейін алған білімімізді одан әрі 

       толықтыруға, өзімізге білім берген ұстаздарымызды ұмытпауға,  өз Отанымызды сүюге

                 Хормен:  АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ !

 

Мұғалім: Құрметті, шәкірттерім ! 2010 жылы 1-қыркүйекте өздерің алғаш рет 6 жастағы бүлдіршіндер болып, алдыма келген болатынсыңдар. Содан бері міне 4 күз, 4қыс,4 көктем, 3 жаз өтті.  Кешегі қолдарына қалам да ұстай алмайтын бүлдіршіндерім бойлары маған жақын 10 жасқа толып, менің алдымнан ұшып, өмірдің жаңа баспалдағына шыққалы отыр. Алғаш мектепке келіп, әріп танып, жазуға үйреніп, «Әліппемен қоштасқан» сәттерің мектептегі алған алғашқы асуларың болса, бастауыш сыныпты бітіріп, негізгі сатыға көшу ол өмірдің келесі жаңа белесі, жасөспірімдік шақтарың болады. . Ол белестің де өзіндік қиыншылықтары болады, бұдан бұлай сендерге әр пәннен әртүрлі мұғалімдер білім береді, ол кісілерге үйренісіп, жаңа ортаға үйрену оңай болмайды.  Мен өздеріңе денсаулықтарыңның зор болып, оқуда да, өмірде де  алда болуларыңа, мектепте сендердің аттарыңа  жақсы деген сөздер естілсе екен деп тілеймін. Мұғалім шын мәнінде мұғалім болады, егер ол шәкірттерін өз баласындай жақсы көрсе, олардың жақсылығына шын қуанып, жамандығын көрсе шын мәнінде ренжісе. Мен сендерге  ақ жол тілеп орта буынға шығарып салып тұрып,өмірлеріңде үнемі жақсы адамдарға кездесіңдер  деп тілеймін. Егер 4 жыл бойы сендерге қатты сөз айтсам, маған ренжімеңдер, мен сендерді тек жақсы болсын деген тілектермен, өз баламдай көргендіктен қатты айтқанымды есте сақтаңдар және кешіріңдер. Ал , балалар , сәт сапар сендерге!

  Осы қоштасар сәтте «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп бір-бірімізге жақсы тілек айтайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс шара Бастауышым-балбұлағым"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Патентовед

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы. Бастауышым-балбұлағым
Мақсаты:
      Білімнің  бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
     Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
    .Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру.
    Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Слайдтар, плакат,  суреттер, қанатты сөздер , шарлар, гүлдер.
Кіріспе бөлім:(Көңілді музыка ойнап тұрады)
Ерте, ерте ерте ме екен, әлде мүлде келер күн бе екен, әлемде мектеп деген мықты патшалық болса керек. Оның тұрғындары сондай ақылды, білімді, өнерлі болыпты. Ол патшалыққа жамандық атаулы мүлде жоламаған екен.  Ол патшалық үш хандықтан тұрады екен. Ең кіші «Балбұлақ» хандығында кішкене бүлдіршіндер өмір сүріпті. Уақыт өте келе 10 жасқа толған «балбұлақтықтар»
  « Орталық» хандыққа өтеді. Ол хандықта алған білімдерін жалғап, сапалы білім мен өнерге баулитын Жоғары хандығына өтіп отырыпты. Бүгін міне, 2013 жылдың  22 мамыры да айтулы күн болып қалмақ. Дәл осы күні «Балбұлақ» хандығының қарлығаштары өз хандықтарындағы өмірлерінің соңғы сәттерін өткізіп «Орталық» хандыққа ұшқалы отыр.
Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі күн барлығымыз үшін ерекше күн! Бұл күннің ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттаған балаларыңыз ақыл-ойы толысып, оң мен солын айырып, жаман мен жақсыныны ажырата білуді үйреніп, ең қызық шағы бастауышпен қоштасқалы тұр. Ендеше осы қуанышты да, қайталанбас күндеріңізбен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер!
Бүгінгі тойдың иелері бастауыш сыныптан түлеп ұшқалы отырған қарлығаштарымызды ортаға шақырайық.
(Ду қол шапалақпен оқушылар ортаға шығып, слайдтар көрсетіле береді)

Болатбек : Құрметті ұстаздар мен ата-аналар,
Кез келді сіздерден ақ бата алар,
Ұл-қыздарың көрсетпекші өнерін,
Бар қауым тамсана таңдай қағар.

Айымгүл: Добрый день, дорогие друзья,-
                 Гости, родители, учителя!
                 Мы очень рады видеть вас,
                 В этот день и в этот час.

Мейірлан:Білім алған өзіңнен,
 Шәкірттердің бірімін.
Бақытты етіп өсірген,
Анама басты иемін.

Гүлзат:Гүлзат  қызбын әдемі,
 Көркіне сай әдебі.
Есепке де жүйрікпін,
Ұстаз болғым келеді.
Айдос: Тез үйрендік әділ мен адамдықты ,
Жирендік, ажырыттық жамандықты.
Ата-анамның қуанышы Айдоспын,
Ел қорғаны,  мен ертең болам мықты.

Жомарт: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
            Жомарт  атты сымбатты ұлың ардақтап,
Бар пейілмен басын саған иеді.

Райымбек: Гүлге толы жан-жағым,
Асыр салып жүгірдім.
Өсті талап-талғамым,
Көп нәрсені ұғындым,
Маңғазданып, аз сөйлер,
Райымбек  деген ұлыңмын.


Болатбек: Ақ сүтін емген ананың,
Еркелеп өскен баламын,
Балғын үнім тербетсін,
Отанымның алаңын,
Кітапты жүйрік оқыған ,
Болатбек  ұлың боламын.

Айымгүл: Адал қызбын халқыма,
Адал болам антыма.
Әнімен әуелеген Айымгүлмін,
Дақ салмайтын елімнің мен даңқына.

Бәрі : Жұп жазбастан жүреміз,
Біздің сынып мақтаулы ,
Өйткені біз сүйеміз.
Дәйім тәртіп сақтауды,
Біздің сынып – мақтаулы.
Оқуда да алдамыз,
Біздің сынып осындай.

    Айымгүл  : Достарым , тоқтаңдар, құр сөзбен мақтана бергеннен ешкімге ештеңе дәлелдей алмаймыз.
Гүлзат : Дұрыс айтасың,  Айымгүл. Мына отырған ата-аналарымыз бен ұстаздарға өз білімімізді көрсетудің жолын таптым. Достарым, біз қонақтарға әр пән бойынша өз білімдерімізді көрсетіп жіберелік.
Барлығы: Дұрыс, дұрыс. Ендеше іске сәт!
Қоңырау соғылады. Слайдтан математика сабағы деген жазу шығады.
Мұғалім: Балалар қане айта қойыңдаршы, сендер оқыған 4 жылда қанша рет математика сабағы болды?
Жауап : 1 сынып 4 рет х 33 апта = 132
             2 сынып 4 рет х 34 апта=136
             3 сынып 5 рет х 34апта =170
             4 сынып  5 рет х 34апта=170
       132 + 132 + 170 + 170 = 608 математика сабағы
Мұғалім : Сендер оқыған 4 жылда қанша рет қоңырау соғылды?
Жауап: 1 сынып -  707 сағат
            2 сынып –  748 сағат
            3 сынып –  850 сағат
            4 сынып-  850 сағат
Барлығы : 70 7 + 748 + 850 + 850 = 3155 сағат
Соғылған  қоңырау  саны: 3155 сағат   х 2 = 6310 қоңырау
Мұғалім: Тамаша.
Қоңырау соғылады (Слайдтан Ана тілі сабағы басталғандығы туралы жазылады)
Мұғалім: Құрметті оқушылар ана сүтімен бойымызға дарыған тіліміздің сонау  тереңнен келе жатқан мұрамызбен танысуға үлкен мүмкіндік жасаған ана тілі сабағы болғаны анық. Кәне не білдік, нені үйрендік ортаға салайықшы.
 Айымгүл:     Мұғалім , рұқсат етіңіз!
Маған 4-ші сыныптағы ана тілінен ең керемет әсер қалдырып, ұнаған шығарма                                                                                    
Мұғалім: Жақсы, ендеше сол өлеңді мәнерлеп айтып бере ғой!
Өлең мәнерлеп айтылады
Мұғалім: Сонымен бірге қандай әдеби шығарма түрлерімен оқып таныстық.
Мұғалім: Өте жақсы, балалар. Әлі де тамыры тереңге кеткен қазақ әдебиетінің жаңалықтарымен танысып, сусындай берулеріңе тілектеспін.
Мұғалім: Иә, балалар, қазақ тілінің құдіреті осында. Бір ауыз сөзбен жадыратып, балаша қуантса, бірде бір ауыз сөзбен көңілге мұң ұялатар тіл кереметі осы. Әркез өз ұлтының тілін сүйетін, қадірлейтін және достарын өз соңынан ілестіре білетін азамат болып өсіңдер!
Қоңырау соғылады. Оқушылар үзіліске шығады.
Қоңырау соғылады. Қазақ тілі басталғаны туралы слайдтан көрінеді.
Ойлы болсаң озып көр.
«7 сұрақ»
1.Ақылды   сөзіне мәндес сөздерді ата (зерек, дана, данышпан, ақылгөй, ....)
 2. Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріп беру :
Бетінің оты шықты  -                                    
Жаны мұрнының ұшына келді –                           
Төбе шашы тік тұрды -                               
3.Артық сөзді тап
Сулы, балықты, оқушы, білім, асқазан (Асқазан сөзі себебі ол күрделі сөз, екі сөздің бірігуі арқылы жасалған)
4. Қате жазылған сөзді тап.
Мектеп, ұстаз , қоштасу, жұмышшы (Жұмышшы сөзі, себебі, жұмысшы деп жазылуы керек.)
5. 5 етістік ата                                           
6. «Саяхат»  сөзінде неше дыбыс бар?
7 . Жеті септікті ата :                                    

Мұғалім: Түнде бағытынан жаңылып , адасқан адам аспандағы Темірқазыққа қарап, бағытын анықтаған екен, ендеше қазақ тілінен алған білімдерің сендердің өмірлеріңнің Темірқазығы болсын.
Қоңырау соғылады. Дүниетану сабағы басталады.
Асықтың көмегімен ойын  «Кім жылдам» Ойын шарты: Жылдам құс пен жануардың атын кезектестіріп айтып шығу керек немесе мемлекет пен қалалардың атын кезектестіріп айту. Аз уақытта 10 асықты жинап үлгеру керек.
Интермедия            Тақырыбы: Оқушы арманы
Ортаға  Жомарт  шығады. Ортаға үлкен қорап келеді.
      Жомарт: Мынау не қылған қорап.? Жаңа жылда аяз атаға менің тілектерімді орындайтын жын  жіберші деп сұраған едім. Сол орындалды ма?Ашып көрсем бе екен?
Ары, бері жүреді.  Санамақ ойнап жүреді ашайын, ашпайын, ашайын, ашпайын, ашайын: Әй, қойшы, ашып көрейін!
Қораптың ішінен жын – Айдос  шыға келеді
 Айдос : Тақсыр, қош көрдік. Сенің үш тілегіңді орындаймын.
Жомарт : Түу, шошыттың ғой. О, сиқыр деген осы екен ғой! Расымен орындайсың ба? Түу, не армандасам екен? Армандарым көп еді! «Әншейінде ауыз жаппас, той дегенде өлең таппас» демекші, сөзге жүйрік Жомарт едім, маған не болды?
Айдос: Апырай-ай, болсаңшы! Жаңа жыл кезінде сен сияқты қанша жалқаудың аяз атаға сиқыршы жібер деп хат жазғанын білесің бе? «Түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айрылдық қой!
Жомарт : Жарайды, жарайды. Дәп қазір үйге берілген барлық тапсырмалар орындала қалса екен!
Жын сақалын жұлып алады да, «Сим, салабим, рахатум» үзіп қалғанда барлық тапсырма орындала қалады. (Слайдтан дәптері шыға келеді)
Жомарт: Ойбай, мынауың не? Мынау менің жазуым емес қой!
Айдос: Сен маған менің жазуым болсын демедің ғой! Қойшы оны кім біліп жатыр!
Жомарт : Қайдағы, сен біздің мұғалімді білмейсің ғой! Ол мұғалім болмағанда, атақты ізкесуші болар ма еді, кім білсін.! Ол кісі ұйықтап жатқанда оятып, мынаны көрсетсең, мынау менің жазуым емес екенін айтады. Қой, мынауың келмейді,
Айдос: О! Балақай, тездет, тездет! Мен саған тек 10 минутымды ғана жұмсауым керек. Үлгермесең, өз обалың , өзіңе! Тез, екінші тілегіңді айта ғой!
 Жомарт: Туү, сен де болмадың ғой! Тез, тез деп. Ал онда екінші тілегімді орында! Маған Біздің сыныптағы   Айымгүлдің   ән салғаны ұнайды. Өзі де сүп-сүйкімді. Дәп қазір осы жерде бола қалсын!
Айдос сақалын жұлып алып, «Сим, салабим, рахатум» дегенде
 сыныпқа Айымгүл ұрсып кіреді
Айымгүл: А – а, сен  осында екенсің ғой! Сен үшін мұғалімнен сөз естігім келмейді, осы жолы үй тапсырмасын орындамадың, мені ұятқа қалдырдың, Тез жылдам черновигіңді ал, есепте. Жылдам, Жылдам. Түу, болсаңшы, мына есептің бәрі қате, үш алудан шаршамадың ба? Сені емес дәптеріңді аяймын. Тез бесінші есепті орында. Жоқ бірінші диктант жазайық. Бірінші сөйлемді тыңда: «бірінші мамыр халықтар достығы күні. Енді жазамыз. Бі-рін-ші
Жомарт : Ей, жын , Мынаны әкет, тез, тез!
Айымгүл кетіп қалады.
Жомарт:  Уһ! Кетті –ау әйтеуір! Сен қандай Жынсың  өзі! Бәрін бүлдіресің ғой!
Айдос: Сен маған  Айымгүл алдыңда күліп тұрсын деген жоқсың ғой. Өзің кінәлісің! Тез үшінші тілегіңді айт. Ойланып айтсаңшы, шаршатып жібердің ғой өзің!
Жомарт: Не ойласам екен! Көп ақша сұрасам ба екен? Бірақ апам өз адал еңбегіңмен тапқан нан тәтті деуші еді. Бұным жарамас. Бәрі менен қорықса десем бе екен? Жоқ-жоқ!                               Ойланып тұрады да, кенет қуанып кетеді.
Жомарт: Таптым, таптым! Әй, жын тыңда. Сыныбымдағы барлық достарым аман есен болып, бірлігіміз мызғымастай берік болсын. Орта буынға мектеп мақтанышы ретінде аттайық! Елімде сәбидің шат күлкісі естіліп, әрдайым тыныштық болсын!
Айдос сақалын жұлып алып, «Сим, салабим, рахатум» дегенде, сыныптың барлық оқушылары  шығады, «Қайдасыңдар , достарым» әнін хормен айтады.

Айымгүл:  Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.

  Гүлзат: Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,
                 Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
               Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
              Алдымен адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек ау.

Мейірлан :Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,
                       Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.
                      Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,
                      Мәпелеген  баласын, аман  болсын  анашым!
Ән: «Әкешім, анашым»

Айдос :Армысың сен , алтын ұя мектебім
            Саған айтар жыр- алғысым көп менің
            Жүректерге жаққан білім шырағын ,
            Мектебіме арналады бұл әнім!

Айымгүл : Дұрыс айтасың  ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің  әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.

Мейірлан: Мектеп деген білім кені , жыр кені,
                      Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
                     Мектеп деген тәрбиеші адамға.
                       Мектеп деген даналардың мекені.
Жомарт: Мектебім- білім берер алтын ұям.
                   Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
                   Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.
                   Әрқашан қасиетті атың маған.
                    Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,
                    Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
                    Өзіңе борыштармын өмір бойы
                     Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

Хормен: Мектеп – кеме , білім – теңіз,
                 Барар жерге тез жетеміз.
                 Төрт жыл алған білім нәрін ,
                 Азық етіп ер жетеміз.
                  Ән : «Учать в школе» - хор
Мектебім  - Айымгүлдің орындауында

Болатбек :Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
                      Бар асылын бізге жиып , мол береді.
                      Қанатымен су себелеп асыл жан,
                      Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

Гүлзат:Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
               Жирендік , ажыраттық жамандықты.
               Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
               Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.

Райымбек : Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,
                        Басталған ақ батаңнан жас талабым.
                         Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
                         Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

Мейірлан:Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,
                       Бейнеңіз жүректерде сақталады,
                        Біз әлі биіктерден көрінеміз ,
                        Үмітпен сеніміңіз ақталады.
Хормен: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
                  Мың алғыс мына отты жүректерден.
Ұстазым әні -Хормен
Айымгүл : Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік. Енді міне сауатымызды ашып,  білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына  қосылғалы тұрмыз.

Болатбек : Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.

Мейірлан: Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
                     Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
                      Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
                     Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

Райымбек : Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
                        Ақылға келе алмадық ерте көніп.
                         Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.
                         Мектептің ережесін үйрендік кеп.

Жомарт: Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,
                 «А»әрпін алғаш сенен бастадым.
                   Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,
                  Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.

Айдос:Бастауышым- балбұлағым ,
             Алдым сенен балдың дәмін.
              Әріп танып, білім алып
              Рахметімді жаудырамын.
              Бастауышым- балбұлағым
             Лаулап жанған шам шырағым.
             Өзің берген біліміңмен,
             Самғап ұшар тау қыраның.

Гүлзат :Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,
                Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
                Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
                Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.
               Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
               Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
               Бастауышта алған білім, жырларым,
              Азық болар , мәңгі талай жылдарға.

Хормен:Өтті сенде қызық шағым,
                 Бастауышым- бал бұлағым.
                 Қоштасар күн жетті міне,
                 Қимастықпен қол бұлғаймын.
«Қош бол мектебім»  әні – хормен

Ант беру рәсімі
Айымгүл: Біз 4 сынып  оқушылары ұстаздар мен ата-аналарымыздың алдында бұдан былай да мейірімді, тәртіпті, шыншыл болуға, бүгінге дейін алған білімімізді одан әрі толықтыруға, өзімізге білім берген ұстаздарымызды ұмытпауға,  өз Отанымызды сүюге
                 Хормен:  АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ !

Мұғалім: Құрметті, шәкірттерім ! 2010 жылы 1-қыркүйекте өздерің алғаш рет 6 жастағы бүлдіршіндер болып, алдыма келген болатынсыңдар. Содан бері міне 4 күз, 4қыс,4 көктем, 3 жаз өтті.  Кешегі қолдарына қалам да ұстай алмайтын бүлдіршіндерім бойлары маған жақын 10 жасқа толып, менің алдымнан ұшып, өмірдің жаңа баспалдағына шыққалы отыр. Алғаш мектепке келіп, әріп танып, жазуға үйреніп, «Әліппемен қоштасқан» сәттерің мектептегі алған алғашқы асуларың болса, бастауыш сыныпты бітіріп, негізгі сатыға көшу ол өмірдің келесі жаңа белесі, жасөспірімдік шақтарың болады. . Ол белестің де өзіндік қиыншылықтары болады, бұдан бұлай сендерге әр пәннен әртүрлі мұғалімдер білім береді, ол кісілерге үйренісіп, жаңа ортаға үйрену оңай болмайды.  Мен өздеріңе денсаулықтарыңның зор болып, оқуда да, өмірде де  алда болуларыңа, мектепте сендердің аттарыңа  жақсы деген сөздер естілсе екен деп тілеймін. Мұғалім шын мәнінде мұғалім болады, егер ол шәкірттерін өз баласындай жақсы көрсе, олардың жақсылығына шын қуанып, жамандығын көрсе шын мәнінде ренжісе. Мен сендерге  ақ жол тілеп орта буынға шығарып салып тұрып,өмірлеріңде үнемі жақсы адамдарға кездесіңдер  деп тілеймін. Егер 4 жыл бойы сендерге қатты сөз айтсам, маған ренжімеңдер, мен сендерді тек жақсы болсын деген тілектермен, өз баламдай көргендіктен қатты айтқанымды есте сақтаңдар және кешіріңдер. Ал , балалар , сәт сапар сендерге!
  Осы қоштасар сәтте «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп бір-бірімізге жақсы тілек айтайық.









Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 407 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.06.2015 701
    • DOCX 27.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Иманкулова Айгуль Балтабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Иманкулова Айгуль Балтабаевна
    Иманкулова Айгуль Балтабаевна
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7041
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 170 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 549 человек

Мини-курс

Введение в экономическую теорию и практику

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Современные методики базальной стимуляции и развивающего ухода для детей с тяжелыми множественными нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Прямой эфир Загрузка...

Прямо сейчас в эфире

Инфофорум: «Всё, что волнует педагогов»