Инфоурок Классному руководителю Рабочие программыСыныптан тыс шара "Ұл ұятымен , қыз қылығымен ардақты"

сыныптан тыс шара "Ұл ұятымен , қыз қылығымен ардақты"

Скачать материал

Тақырыбы: «Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты»


Мақсаты:

1)    Сыныптың ұл - қыздарын әдептілікке, адамгершілікке, жаман әдеттен аулақ болуға үйрету.
2) Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыта, тіл байлығын, таным білімділігін арттыру.
3) Әдептілікке, сыпайлыққа, тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: Слайд, мақал – мәтелдер, нақыл сөздер, «Ержетер ұл ережесі, бойжетер қыз ережесі» атты флип – чарт.

Барысы


I. Ұйымдастыру.


II. Кіріспе бөлім.


Мұғалім:

 15 сәуір - Ғашықтар күні. Махаббатқа тұнған жүректер лүпіл қағып, осы бір аяулы мерекені асыға күтіп жүрген шығар. Әлбетте. Жылына бір рет келетін Ғашықтар мейрамында сүйген адамын қуанту үшін он ойланып, мың толғанып жүргендер де бар-ау. Ғашық жүректерге шуақ сыйлайтын мерейлі мерекеге арқау болған Қозы Көрпеш - Баян Сұлудың тағдырынан сыр шерте отырайық.

Бұл екі ғашық шамамен 12-13 ғасырларда ғұмыр кешкен. Сарыбай мен Қарабайдың төл перзенттері. Аң аулап жүріп құдаласқан бұл екеуі ұл-қыздарының кейінірек махаббат жолында түрлі қиыншылықтарға ұрынатына куә болады. Дүниеқоңыздық пен көре алмаушылық, кек пен ашуға тап болған қос жүрек иесі өле-өлгенше бір-біріне деген нәзік сезімдерін сақтай білген. Олардың махаббаттары осымен құнды.

Жырдағы Көрпештің Баянға арнап айтқан мына сөздерін оқыған кім-кімнің де жүрегі тебіренері хақ:

Дүниеде ғашық қатты екен,

Көңілді бұған бұрғызды.

Бере ме тәңірім, бермей ме

Ынтық болған бір қызды?

Қосылғанша мен оған

Ішіме қайғы толғызды...

Әлкей Марғұлан "Мәңгілік жыр" деп атаған бұл жыр қазақ халқының төбеге көтерер мақтанышы, қос жүректің ұраны іспетті.

Қос ғашықтың махаббаттарын ұғынып, осы екі жүрек иелерінің атына күн белгілеп, махаббатты дәріптеуді ұсынып, бастама көтерген Дархан Мыңбай атты Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген ел ағасы. Мереке халық арасында 1999 жылдан бері тойланып келеді.

Махаббат - дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі болса, ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шынайы махаббаттың символы іспетті.

Құрметті қонақтар, бойжеткен мен бозбалалар бүгінгі сабақ барысында біздер қыз балалар мен ер балаларға ұнамды қылық пен ұнамсыз қасиеттер туралы айтып, ең сүйкімді жұпты анықтайтын боламыз, оларды өздерің тандайсыңдар, ер балалар тобы, әр айналымда 1 қызда, қыз балалар әр айналымда 1 ер баладан шығарып отырады, ойыннан шығып қалған қатысушылар, көрермендер ортасына орналасады.

Баяндаманы ер балалар оқиды:

«Әдет – ғұрпын білмейтін ауылға әйеліңді апарма» – деп кетіпті аталарымыз. Сол мақалды ұмытып, батыс елінің жылтырағына қалай алданып екі жүзділердің ықпалына қалай ғана ерік беріп қойғанымызды байқадыңдар ма? Жақсы мен жаманның, пайда мен зиянның, ұят пен мияттың, қуаныш пен қайғының арасындағы шегараның тас-талқанын шығарып, періште өмірден, пері тірлікке қарай кіріп кеткенімізді байқамай қалдық емес пе? Ой-қиялы қорғасындай балқып тұрған жас ұрпағымыз, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан ұлылық әдет, ибалы салт-дәстүрге бір түкіріп тірлік кеше бастадық.

Қыздарымыз шаштарын жайып жіберіп, ауыздарына темекі, үлкеннен именуді білмей, кіндігін көрсетіп, балтыры мен сандарын елге көрсетпесе көңілдері көншімейтін болып барады.

Осылайша өз халқының ғасырлар бойы қалыптасқан асыл қасиеттерін тәрік етіп, өзгенің жылтырағына, тілдеріне, атыс, шабыс, төбелес, зорлық-зомбылық, ерлі- зайыптылар арасындағы қатынасты көре көзге бал-шағаның алдында көрсетуді модаға айналдырып, адам мен малдың айырмашылығын таба алмай жүрген жайымыз бар емес пе?

 

Европада білімді жұрт осы күнде,

Айырмасы хайуандықтан болмай мүлде.

Терең ойлап сезімнің түбін біл де,

Іштен жыла шырағым, сырттан күл де.

Ойлаңдаршы, осы ақылға жараса ма?

Көріп жүрсе ержетпеген бала – шаға?

Көріп адамдар болашақты болжамайды,

Қойдыруға осыларды бар ма шара?

 

III. Негізгі бөлім.

Осы кезде қыздырдың өз пікірлері айтылады.

 

Мұғалім:  Адам бойында жақсы, жаман қасиеттер болады екен. Жақсы адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінездерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысу керек. Сендерге адалдықты, ақылдылықты, қарапайым – кішіпейілділікті, шыншылдылықты үлкендер үйретеді. Үйде ата-аналардың, мектепте мұғалімдердің сендер міндетті түрде орындайтын тәртіп ережелер бар.

 

Ол- «Ержетер ұл ережесі, бойжетер қыз ережесі» ережелерді толтыру, флип – чарт, ер балалар қыздарға, қыздар – ер балаларға тәртіп ережесін жасайды.

 

Өте жақсы, екі жақтың да ойларын тыңдадық, ендеше кезек 1 айналымға да келіп жетті, қыз балалар ер балалар арасындағы ережелердің ішіндегі ұнамаған ережені атап айтып, ереженің авторын ортаға шақырып шығарып салады, ал ер балалар қыз балалардан бір қызды шығарады.

 

Әр жасөспірім өзіне ұнаған әнші немесе басқа да танымал адамдарды өз өміріндегі арманы, идеалы, кумирі қылып алады, ол өзіне кездескен адам осы армандаған әншісіне ұқсаса ғой, шіркін деп ойлайды. Ал біздің бойжеткендер мен жігіттеріміздің армандаған адамы қандай?

 

Екінші айналым: Оқушылардың кумирлері тақтаға шығарылады, қыздар ер балалардың кумирлерінің ішінен бір адамды шығарып тастайды. Ер балалар бір қызды шығарып тастайды.  (Себебін түсіндіреді)

 

Біздің әлем әртүрлі иістерге толы, өзімізге ұнамды

Үшінші айналым: Духилерді және одеколондарды қарап ішінен жағымсыз иісті одеколонды шығарып тастау. (Себебін түсіндіру, ішіндегі ең жақсысын атау)

 

Төртінші айналым: Тақтаға қолдардың суреттері шығарылады, ер балалар да қыз балалар да ішінен бір суретті алып тастайды.

 

Бесінші айналым: ер балалардың беторамалдары және қыз балалардың шашқа тағатын әшекейлері беріледі, ішінен бір затты алып тастау керек.

(Себебі мен ең жақсы бұйымды атау)

 

Алтыншы айналым: Жақсы көретін өлең жолдары көрсетіледі. Соның ішінен біреуін шығарып тастау керек.

 

Жетінші айналым: Әр қатысушының бір заты ортаға берілген, соның ішінен бір затты алып тастау керек. Қыз балалар (әшекей, бояу, аксесуарлар тапсырады), ер балалар (сағат, наушник, тарақ, ремень,қалам т.б.) заттарды тапсырады.

 

Сегізінші айналым: Сүйікті әндері тыңдалады. Соның ішінен бір әнді шығарып тастайды.

 

Тоғызыншы айналым: Алдарыңыздағы жүрекшелерде сіздерге арналған жылы лебіздер, тілектер жазылған. Солардың ішінен бір тілекті алып тастау керек.

 

Жүргізуші: Мінекей біздің алдарымызда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып шыққан жұп анықталды, «Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты» деп өздерінің ақылына көркі сай жандар деп айтуға болады, қазіргі замандағы бойжеткендер мен бозбалардың талғамдары туралы көп нәрсе білдік деп ойлаймын.  Абайдың он сегізінші қара сөзінде «Адамды адам етіп өсіретін, ұлғайтатын ақыл, ғылым, ар, мінез» деген ой түйеді.

Естеріңде болсын.

Әдемі болыңдар , әсем болыңдар , сонымен бірге ақылды болыңдар.

Сұлу болыңдар , сымбатты болыңдар , сонымен бірге саналы болыңдар.

Сабырлы болыңдар , салиқалы болыңдар , сонымен бірге салауатты болыңдар.

 

Қорытынды.

Еліміздің ардақты азаматтары болу үшін үйдегі, мектептегі айтылатын ақыл – кеңестерді , үйреткен тәрбиені ақыл – кеңестерді , үйреткен тәрбиені бойларыңа сіңіріп , шебер , өнерлі, өнегелі, білімді , тәртіпті, батыл, байсалды азамат пен азаматшалар болыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ембі қаласы

№2 орта мектебі

 

 

 

 

Тақырыбы:

 

 

 

«Ұл ұятымен, 
қыз қылығымен ардақты»

 

10 қазақ класы

 

 

 

 

                       Өткізгендер:

 

Мектеп психологі: Курманова Г.М.

Класс жетекшісі: Казиханова Д.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2013 – 2014 оқу жылы

 

«Әдет – ғұрпын білмейтін ауылға әйеліңді апарма» – деп кетіпті аталарымыз. Сол мақалды ұмытып, батыс елінің жылтырағына қалай алданып екі жүзділердің ықпалына қалай ғана ерік беріп қойғанымызды байқадыңдар ма? Жақсы мен жаманның, пайда мен зиянның, ұят пен мияттың, қуаныш пен қайғының арасындағы шегараның тас-талқанын шығарып, періште өмірден, пері тірлікке қарай кіріп кеткенімізді байқамай қалдық емес пе? Ой-қиялы қорғасындай балқып тұрған жас ұрпағымыз, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан ұлылық әдет, ибалы салт-дәстүрге бір түкіріп тірлік кеше бастадық.

 

Қыздарымыз шаштарын жайып жіберіп, ауыздарына темекі, үлкеннен именуді білмей, кіндігін көрсетіп, балтыры мен сандарын елге көрсетпесе көңілдері көншімейтін болып барады.

 

Осылайша өз халқының ғасырлар бойы қалыптасқан асыл қасиеттерін тәрік етіп, өзгенің жылтырағына, тілдеріне, атыс, шабыс, төбелес, зорлық-зомбылық, ерлі- зайыптылар арасындағы қатынасты көре көзге бал-шағаның алдында көрсетуді модаға айналдырып, адам мен малдың айырмашылығын таба алмай жүрген жайымыз бар емес пе?

 

Европада білімді жұрт осы күнде,

Айырмасы хайуандықтан болмай мүлде.

Терең ойлап сезімнің түбін біл де,

Іштен жыла шырағым, сырттан күл де.

Ойлаңдаршы, осы ақылға жараса ма?

Көріп жүрсе ержетпеген бала – шаға?

Көріп адамдар болашақты болжамайды,

Қойдыруға осыларды бар ма шара?

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс шара "Ұл ұятымен , қыз қылығымен ардақты""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор риск-менеджмента

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты»

Мақсаты:

1)    Сыныптың  ұл - қыздарын  әдептілікке, адамгершілікке,  жаман  әдеттен  аулақ  болуға үйрету.
2) Адам  бойындағы  ұнамды,  ұнамсыз  қылықтарды ажырата  отырып,  әдеп  әліппесін  бойына  дарыта, тіл  байлығын,  таным  білімділігін  арттыру.
3) Әдептілікке, сыпайлыққа, тәрбиелеу.

 

 Көрнекілігі: Слайд, мақал – мәтелдер, нақыл сөздер, «Ержетер ұл ережесі, бойжетер қыз ережесі» атты флип – чарт. 


Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 334 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.11.2014 2647
    • DOCX 22.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Казиханова Дина Кидиргеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Казиханова Дина Кидиргеновна
    Казиханова Дина Кидиргеновна
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 4982
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 94 человека из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 120 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 405 человек из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 536 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: методика, технологии и практика

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление спортивными событиями и организация деятельности в спортивной сфере

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Продвижение экспертной деятельности: от личного сайта до личного помощника

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе