Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / "Сыңғырла, соңғы қоңырау!" сценарийі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Директору, завучу

"Сыңғырла, соңғы қоңырау!" сценарийі

библиотека
материалов

hello_html_64ebbf6f.gif

«№4 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі








САЛТАНАТТЫ ЖИЫН


hello_html_54607931.gif







hello_html_m281ff999.png



















Құрастырған: Джапанова Н.А.

Қарақия ауданы, Жетібай селосы, №4 орта мектеп








2013-2014 оқу жылы

Сазды әуен ойналып тұрады. Бейнекөрініс: «11 жылдық өмірбаяным».


Жүргізуші:

Армысыздар, құрметті қонақтар, аяулы ұстаздар, қадірлі ата-аналар және мектеп оқушылары!

Бүгінгі балалық шағын алаңсыз өткізген шәкірттің ұстаздарымен, «Әліппеден» бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздың шәкіртімен қоштасатын мектеп қабырғасындағы соңғы қоңырау салтанатына қош келдіңіздер!


Соңғы қоңырау салтанатын бастамастан бұрын құрметті орындағы қонақтармен таныстырып өтейін:




Биылғы жыл мектеп үшін, мектеп тарихы, мектеп түлектері үшін ерекше жыл. Өйткені,

Сәуледен сәуле туды сана көктеп,

Жұлдызға жұлдыз ерді «ала кет!» деп.

Ұрпаққа уыс-уыс лағыл шашты,

Сол жұлдыз –сонда туған «№4 орта мектеп»

Елу жыл өтіпті содан бері,

Көктеді «№4 орта мектеп» дана боп тек.


Әр елде алуан түрлі жария бар,

Әлемде алуан түрлі әз ұя бар.

Қарасаң - №4 орта мектебінен,

Бас алып, аққан екен дариялар.

Баладай бас иеді оған бүгін,

Жас түгел, еңкейген бар қариялар...

-дегендей ұлттық сана, ұлттық таным қалыптастыруды мұрат тұтқан, білімнің қарашаңырағы атанған мектебімізге-50 жыл. Алтын ұямыздың 50 жылдық мерейтойы құтты болсын!

Және де мектебімізден бүгін ұшқалы отырған түлектеріміз мектеп тарихындағы тұңғыш гимназия сыныбы.

Жас жүректің өмірлік құштары – гүл

Бағбан – ұстаз баулыған құстары – бұл,

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,

Тұңғыш гимназия түлектері ұшқалы тұр,


Түлектердің бақыт гүлі ашылсын,

Елімізге жақсы атпен танылсын.

Әр түлектің ізгі арманы орындалып,

Ақ жолына ақ тілектер шашылсын!


Ұрпағың мақтануға болса лайық,

Біз бүгін мақтанайық, жар салайық.

Биылғы жылдың гимназия түлектерін,

Құрметпен қол соғып қарсы алайық!


Сазды әннің әуенімен ата-аналары жетектеген 11 сынып түлектері кіреді. Сахна төріне орналасқан соң, ата-аналар залдағы орындыққа жайғасады.


Он жыл, он жазың, он көктемің,

Он жыл осы шақты жырлап өткем.

Он жыл – жатыр сонда бар тағдырым,

Қас-қағым болғандай-ақ зырлап өткен.


Күн келді түлек әні шырқалатын,

Ақ тілектің ағынын ақтаратын.

Келді олар артта қалған балалықтан,

Ән қылып көтерсем деп шырқап атын.


Тағдырын тура жазып өткеніне,

Келгендей бала кездің көктеміне.

Оралды олар, мінекей ұстазына,

Оралды олар, мінекей мектебіне.


-дей отырып осыдан 10 жыл бұрын дәл бүгінгі түлектердей сахнада тұрып қимай қоштасқан түлектеріміз қонаққа келіп тұр. Ендеше, 10 жылдық түлектерімізді қошеметпен қарсы алайық.


Жүргізуші:

Мектеп қой жас ұрпақтың қаны, жаны.
Мектептен басталады бәрі – бәрі
Бүгінгі салтанатты кешімізде 
Шырқалсын Қазақстан әнұраны.

-дей отырып, салтанатты жиынды ашық деп жариялаймын!


(АӘД мұғалімі Тәжібаев Т. бұйрық береді)


«Назар аударыңыздар!», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы енгізілсін!» (Әнұран шырқалады) (ҚР мемлекттік туы әкелінеді)


Жүргізуші:

Ия, уақытты тоқтатар күштің жоғы рас. Міне, тағы бір жас толқын өмір-теңіздің үлкен тасқынына қарай бет алғалы тұр. Бүгін мыңдаған мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау соғылады. «Тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» мектебі бүгін талай балапандарын биік белестерде қанаты сынып қалмауын тілеп, ақ батасымен арпалысы көп өмірге қарай аттандырды.


Ендеше бүгінгі салтанатты жиынды ашу үшін


Мектебімнің қиынына көнеді,

Табыстарға мәз-мейрам боп жүреді.

Қуаныш ағай мектебімнің басшысы,

Еңбегін ел ерекше деп біледі.

Салтанатты ақ тілекпен ашсын деп

Өзіңізге сөз кезегін береді

-дей отырып сөз кезегі мектеп директоры Асанов Қуаныш Сырымұлына беріледі.


Сөз: _________________________________________________________________


Жүргізуші:

Ерекше күн,бүгін тілек-баталар,
Ән менен жыр түлектерге арналар.
«Өмір» атты айдындағы ақ жолы,
Құт қонақтың тілегінен нұрланар.


Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Қонақтарды шақырайық ортаға


Сөз: _________________________________________________________________


Жол салып өркениет асқары үшін,

Өрлеген баулып елдің жас барысын.

Қалам ұштап, тәрбиелеп, қанат берген,

Қазына апай мектебімнің мақтанышы


Сөз: 2003-2004 оқу жылында мектебіміздің осы тұңғыш гимназиясын ашып, тұсауын кескен ардагер-ұстаз Абдиева Хазина Хайруллақызына беріледі.


Жүргізуші:


Ән салса Фархадқа сіз таң қаларсың

Әр сөзін тоқсан тоғыз қайталарсың.

Осындай ән туғызған қазағымның

Қалайша тар пейіл деп айта аларсың.


Ән. «Жаса, тілім!». Орындайтын: Сәулебай Фархад


Жүргізуші:

Әлі есімде әліппені ашқаным,

Есіміңді есте мәңгі сақтадым.

Жүрегімде нұрын құйған жылылық,

Көрген емес ешқашан да суынып.

Бүгін мына кеш жүректі тербейді,

Бал дәурен балалық айналып келмейді.

Алғашқы ұстазым әліппе ұстатқан

Жүректен ешқашан, ешқашан сөнбейді.

деп, ақын жырлағандай, 11 жыл бойы сендерді білім нәрімен сусындатқан мұғалімдердің арасында бүгін өздеріңнің алғашқы ұстаздарыңыз тұр. Олар: Бағдабаева Әлпеш, Нұрбосынова Сәуле


Сөз: _________________________________________________________________



Жүргізуші:

Ұстаз! Осы сөзде қаншама ұлылық жатыр десеңізші! Сөз маржанын терген ақын –жазушы да, көк күмбезіне самғаған ғарышкер де, тіпті Елбасының өзі де ұстаз алдында иіліп тағзым ететіні рас. Өз уақытын аямаған, шәкіртінің уақытын аялаған, ұстаздарға сый ретінде

4 «Ә» сынып оқушысы Болат Ұлпанның орындауындағы «Мектебім» әнін қабыл алыңыз.


Жүргізуші:

Бірге өткізген күндерін қысы-жазы.

Жазып шықты қаншама іс қағазын.

Балапанын ұшырған ұясынан

Сөз берейік жетекші ұстазына

-деп сендер әрқашан еске алып жүретін жаны асыл ұстаздарың да бүгінгі соңғы қоңырау үнімен өздеріңмен қоштаспақ.


Құттықтау сөз 11 сынып жетекшісі Бекбосын Амантай Кәріпбекқызына беріледі.


Жүргізуші:

Шешуші сәтте осындай,

Өсиет әндер жаттар шын

Қуанышқа қосылмай

Ата-ана қалай шет қалсын.


Көпшілік қауым сүйеін,

Сөз алып сыйлы ата-ана,

Жастарға айтып ниетін,

Ұйытсын елді батаға.


Ұл-қызына айтсын деп ақ тілегін

Ортаға шақырайық ата-ананы,

-дей келе, сөз кезегін алыстан арқаланып, баласы үшін бар жақсылықтан шашу шашуға әзір ата-аналар келіп отыр. Сөз кезегін ата-аналарға берейік.

1. Үкібасаова Базаргүл

2. Тумышова Әсия


Жүргізуші:

Жүректер лүпіл қаққан қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек, ендігі сөзді сендерге береміз.

Түлектерге сөз


Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп,

Шәкірттерін баулиды тәртіпті қып.

Қоштасамыз біз бүгін ұстаздармен,

«Мектеп вальсін» билеп тұрып.

«Мектеп вальсі» бітіруші түлектер.


Жүргізуші:

Айта берсек таба берер жалғасын,

Көңілге толғаныстар орнасын.

Мүмкін емес ардақтамау осындай,

Ұшқан ұя нағыз білім ордасын.

Құрметті қауым! Ендігі кезекте Аманат тапсыру сәті.


Мектеп бітіруші түлектерден Күзен Назира 10 сыныпқа құттықтау сөзін арнаса, 10 сынып оқушысы Хайруллаева Арай түлектерге ақ жол тілеп, сынып оқушыларымен бірге естелік сыйлық тапсырады.

Аманат тапсыру сәті.

Мектебіміздің ұлағатты, майталман ұстаздары Каджаева У. мен Усакбаева П. беріледі.


Жүргізуші:

Алдарыңнан арман жолы ашылады,
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Естелікке Аманат ту мен Білім кілтін,
Ізін басар сыныпқа тапсырады.


Мектептің символдық туын алғаш рет 1998 жылғы түлектер жасап, өздерінен кейінгі сыныпқа аманаттап қалдырған еді. Бұл ту 10 жылдан кейін 2008 жылғы түлектердің жаңарған туымен алмасты. Осы символдық туды аманаттап келесі сыныпқа тапсыру салтанаты.

Аманат туын тапсыру 11 сынып оқушысы Дүйсенбай Жеңісбекке, ал туды қабылдау 10 сынып оқушысы Асылбекке беріледі.


(АӘД мұғалімі Тәжібаев Т. бұйрық береді)


Сонымен қатар, 2012 жылғы түлектер амантап кеткен «Білім кілтін» тапсыру Көбеген Мадинаға, ал кілтті қабылдап алу беріледі.


Уақытың ақ желкенді бір кеме бұл,
Қуантып жүрген жолға нұр төге біл.
Алтын ұя мектеппен қоштасқан соң,
Алдыңнан тосып тұрар – үлкен өмір

Сөз кезегін онжылдықтарға береміз.



Жүргізуші:

Келешек өмір қандай болса да қуанышы мен реніші қатар келсе де, еліміздің қай түпкірінде болсаң да, сен міндетті түрде алтын ұяң- мектебіңді, сүйікті ұстаздарыңды, бірге оқыған достарыңды, осы салтанатты, толғандырар минуттарды естен шығарма!


Мектепке былтыр күз келген

Оқушымыз құлықты.

Аяқтадық біздер де,

Бірінші міне сыныпты.


Шалынып періштелерге

Ақ бата, ізгі тілектер.

Жол тартқан үлкен өмірге,

Сәт сапар болсын, түлектер!


Құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне беріледі.

Құттықтаулардан соң бірінші сынып оқушылары мен мектеп бітірушілері сыйлық алмастырады.

Жүргізуші:

Таныс әрі тамаша бір әуен! Қызық, бұл әуенді ойлап тапқан адам белгісіз, оның тұрақты орындаушысы да жоқ, дегенмен ол аса қымбат, оның сыңғырлаған әсем үні – қай құлаққа да жағымды, қай адамға болсын ыстық та сұлу әуен. Әсіресе, оның сізге соңғы рет арналатындығын білгенде, арманға асығып тұрған заңғар көңіліңіз үнсіз ғана жаныңыздың саясына жасырынып, сыңғырлаған үн балалық шақтың соңғы сазы екендігін сездіргендей. Соңғы сазы, соңғы қоңырауы екенін!

Жас түлек, сен үшін бүгін соңғы қоңырау соғылады! Енді сен арнасы көп өмір ағынына бет аласың! Ағымы қатты арналардың тек тазасын таңдап, мектептен алған бар біліміңді әрі қарай шыңдап, елің үшін, ата-анаң, туыс-туғандарың үшін адал қызмет етуге талпын! Қадамың сәтті болсын!

Көңілде күй тұнды,

Гүл құшты омырау,

Биылғы ең соңғы.

Соғылмақ қоңырау!

- деп ақын жырлағандай зымыраған уақыт жаңа бір оқу жылының аяқталғанын хабар беріп тұр.


Кешегі алғашқы қоңырау сыңғыры оқушы мен мектепті табыстырса, бүгінгі соңғы қоңырау негізгі мектепті бітірушілердің алтын ұя мектебінде соңғы рет еститін қоңырау үні. «Алдарыңнан нұрлы күн тусын» дейді мұндайда қазақ. Осындай игі тілекпен соңғы қоңырау соғу салтанаты биылғы мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршініміз Мақсатқызы Арай мен 11 сынып түлегі Дүйсенбай Жеңісбекке берілмек.

Гүлдерге толы омырау,

Әртүрлі әркім ойлайды.

Соғылар соңғы қоңырау,

Соқтырмай өмір қоймайды,

Соңғы қоңырау үндері,

Жаңғыртып кең даланы

Қоштасып мектеп, ұстазбен,

Жүректі тербеп барады.

Жүргізуші:

Жез қоңырау сыңғыр етті соңғы рет,

Діріл қақты ақ бантиктер желбіреп.

Жез қоңырау үнің сенің тым ыстық,

Сыңғырымен бала жүрер елжіреп.

Өмірде ілбіп, тек көшпей,

Жүретін сергек жол мынау.

Құлақтан үнің кетпестей,

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Сыңғырла соңғы қоңырау! – деп мектеп түлектерін жаңа өмір баспалдағына шығарып саламыз. Ұлттық біріңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!

Жан-жақтан шарлар төгіліп, от-шашулар атылады. Ақ көгершін ұшырылады.

(Сазды әуенмен түлектерді шығарып салу)


Ұшырады мектебің өз қолынан,

Көріне бер ғылымның сан қырынан

«Қайран, мынау қазақтың ұлы ғой» -деп,

Көріне біл тұғырдан, биік шыңнан.

Қоштасады алтын ұя мектебің,

Маңдайыңнан сипап өтер көктемің

«Сәт сапар!» --деп қол бұлғаймыз бәріміз,

Тілейміз біз армандарға жеткенін!


«Назар аударыңыздар!» «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкетілсін!» (мемлекеттік туды шығару)


Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім,
Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім,
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің,
Мектеп, мектеп,ана болып та көріндің. 

Ән. «Мектепке сағыныш». Орындайтын: «Ақ көгершін» ҮІІІ халықаралық балалар шығармашылығының байқауының ІІІ орын жүлдегері Алпысбаев Батыл


Жүргізуші:

Талмасын қанат, сөнбесін үміт

Армандар алға жалғансын,

Қимастықпен шығарып салдық бүгін,

Түлектерді үлкен өмір жолына.


Осымен соңғы қоңырау салтанаты да аяқталды. Баршаңызға мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, әр күндеріңізге сәттілік пен жақсылық, еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілеймін! Келесі оқу жылында аман-есен жүздесейік! Сау болыңыздар!














Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Мектеп оқушылары, ұстаздар, ата-аналарға арналған бұл сценарийде балалық шағын алаңсыз өткізген шәкірттің ұстаздарымен, «Әліппеден» бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздың шәкіртімен  қоштасатын мектеп  қабырғасындағы соңғы қоңырау салтанаты туралы  айтылады. Жүректері лүпіл қаққан қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәттегі шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлектің қимас сезімі өте тереңдікпен көрсетіледі. Салтанат соңында «Тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» мектебі бүгін талай балапандарын биік белестерде қанаты сынып қалмауын тілеп, ақ батасымен арпалысы көп өмірге қарай аттандырды.

 

 

 

Автор
Дата добавления 18.04.2015
Раздел Директору, завучу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров948
Номер материала 487648
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх