Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сөз мағынасы.Қарама-қарсы мағыналы сөздер.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сөз мағынасы.Қарама-қарсы мағыналы сөздер.

библиотека
материалов



Сабақтың тақырыбы: Сөз мағынасы.Қарама-қарсы мағыналы сөздер.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың сөз және оның мағынасы туралы білімдерін тереңдете түсу. Мағынасы қарама - қарсы сөздер туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сол арқылы сөз байлығын арттыру, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, зеректілікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу.
Типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап.
Көрнекілігі: интерактивті сабақ, слайдтар.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру.
Ал,балалар!

-Көңіл-күйлерің қалай?

-Өте жақсы,жарайсыңдар!

Ендеше сабағымызды бастаймыз ба!

-иә.

-Ал,кәнекей,барлығымыз мына тақтаға қарайық.Тақтада не көріп тұрмыз.

-Балық.

-Балық дегенде ойымызға не келеді?

-Неше түрлі балықтар болады.

Оның көлемі әр түрлі (үлкені де,кішісі де)болады.

Тағы не білесіңдер балық туралы.

(тақтаға суреттерді көрсету балықтардың).Осы балықтарға қарап қай топ өзіне сол балықтың атымен атайды.

-жақсы.

Топқа ат қою.Бағалау парағымен таныстыру.

І.Ұйымдастыру бөлімі.
IІ. Психологиялық дайындық. 1-слайд

IЖарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн!Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз- білім алу,
Міндетіміз- еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу!

ІІІ.Үй жұмысын тексеру.Осы балықтар өздері ақылдаса келе сендерге тапсырма дайындапты.



Өткенді қайталап алу мақсатымен «Сынақ дорба» ойынын ойнау.

  1. Сөйлем мүшелері дегеніміз не? (Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беретін сөздер сөйлем мүшелер деп аталады.Сөйлем мүшелері толық мағыналы сөздер болады.)

  2. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді? (2ге)

  3. Тұрлаулы мүшелер неден тұрады.(бастауыш пен баяндауыш)

  4. тұрлаусыз мүшелер неден тұрады? (анықтауыш,толықтауыш,пысықтауыш)

  5. Жалаң сөйлем неден жасалады?(бастауыш,баяндауыш)

  6. Мағынасы жуық сөздерге мысал келтіру.(ержүрек-батыр,алыс-қашық).

ІV.4.Мақсат қою кезеңі

Қалай ойлайсыңдар,бүгін сабақта біз не істейміз?

Мен оны тақтаға жазып қоямын.(балалардың ойы)

  1. Жаттығулар орындау.

  2. Тапсрмалар орындау.

  3. Сұрақтарға жауап беру.

  4. Топпен жұмыс.

  5. Тәртіпті боламыз.



V.Жаңа сабақ. Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу сәті:
Жж
жақсы
Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.

Қызығушылықты ояту.

Алып балықтың тапсырмасы

1-тапсырма.Топтық жұмыс.

(әр топтың алдына 1 парақ қағаз тастау)

1.топ Өлең.

Ащы,бірде тәттісің,

Жұмсақ,бірде қаттысың.

Жарылқайсың досыңды,

Жасытасың жат күшін.

Тапқыр тілім,қайдасың?

Көрсет сөздің пайдасын.

Жақсылықты жаңғыртып,

Үнің әсем сайрасын.

Жамандыққа жанассаң,

Отыз тісім шайнасын!

Тапсырма: Оқып,қарамен жазылған сөздерге көңіл аудару.

2.топ Сөйлемдерді оқып,қарамен жазылған сөздерге көңіл бөлу.

  1. Жел әкеледі,сел әкетеді.

  2. Тау жақтан баяу жел соқты.

Желдің жылдам екпіні қайықты аудара жаздады.

3.Қыста күн суық болады,жазда жылы болады.

4.Ащы мен тұщыны татқан білер.

Тапсырма: Қандай сөздерді жұптастыруға болады .

3.топ Мәтін.
Тапсырма: мәтіндегі қарама-қарсы сөздерді табу.

Данышпандар кітабы.
Біз жасап тұрған өмір қарама - қарсылықтан тұрады. Күн мен түннің ауысуы, ыстық пен суықтың болуы табиғи болса, бейбітшілік пен соғыс адамның жақсы, жаман әрекетімен байланысты. Адам баласы көңіліне ақылды көп түйсе, білгір болатыны, ал түймесе надан болатыны анық. Адам өзінің оңы мен солын кішкене кезден осылай таныса, әрине оның жас шағы кемелдене отырып ардақты кәрілікке жеткізетіні белгілі.



VІ.Суретпен жұмыс. Топпен жұмыс

2-тапсырма Шортан балықтың

1.Мына сөздерге назар аударыңыздар.Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болатын заттарды атаймыз
1-топ 2-топ 3-топ

Үлкен - ......... Түзу - Қыз-

Қосу - қысқа - кең –

Аз- қорқақ- таза-

Дос- алыс- жас-

Жарық- әдепті- жақсы-

-Балалар,Ендеше біз бүгін қандай тақырыпта жұмыс жасаймыз деп ойлайсыңдар?

-Қарама-қарсы сөздер.

-дұрыс.жақсы.

VІІ..Ой толғаныс «Балық аулау» ойыны .

Балалар сендер жазды күні балық аулауға барғанды ұнатасыңдар ма?

Иә, ендеше сендерге мен құрлықта қалып қойған балықтарды таратып беремін сендер оларды құтқару үшін,балықтың артында жасырылған сөздер арқылы мақалдарды тауып балықты құтқарасыңдар.

1топ . Әдепті бала арлы бала, әдепсіз сорлы бала.

Батыр бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.

2 топ. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

Білімдіге дүние жарық, Білімсізге дүние кәріп.

3 топ. Дос сыртыңнан мақтар,дұшпан көзіңе мақтар.

Бүлдіру оңай, түзету қиын.

ІІ.Дәптермен жұмыс. «Ойланып тез жазайық»

1 топ. Берілген сөздермен сөйлем жаз:

Айша ,жақсы ,домбырада,ойнайды.

Шыңғыс,аулағанды,аң,көреді,жақсы.

2 топ.Сөйлемдерді көшіріп жаз.Тұрлаулы мүшелердің астын сыз.

1.Аспазшы тамақты дәмді пісіреді.

2.Алма гүлді ұнатады.

3 топ Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып жаз.

  1. Түйе боталады.

  2. Сәуле үтіктеді.

  3. Ара қонды.

  4. Күн жылынды.

Керекті сөздер: киім,ақ,бүгін,гүлге.

ІХ.Оқулықпен жұмыс.108 бет 20-жаттығу.( Тақтамен орындау.)

Мақалдарды оқы. Олардың мағынасын түсіндір.

  1. Ақылды іс тындырады,ақымақ тіс сындырады.

  2. Жақсы сөзге жан семіреді,жаман сөзден жан қорқады.

  3. Ашу –дұшпан,ақыл-дос,

  4. Ақылыңа ақыл қос.

  • Қарамен жазылған сөздерді жұбымен көшіріп жаз.Олар мәндес сөздер ме,әлде мағынасы қарама-қарсы сөздер ме?

Ой қорыту. Қорытындылау.Рефлексиялық-бағалау кезеңі.

Сабаққа қорытынды жасау.

Осы мен балықтарымыздың тапсырмалары аяқталды.Енді,біз қандай қорытындыға келдік.

Есіңе сақта!

Мағынасы қарама-қарсы сөздерді қазақ тілінде антоним сөздер деп атайды.Антоним сөздер де синонимдер(мағынасы жуық,мәндес сөздер) сияқты біздің тілімізді бай,көркем,мазмұнды ете түседі.Көбінесе мақал-мәтелдер мен жұмбақтарда кездеседі.

Дұрыс па,бұрыс па?

  • Жақсы,жаман-синоним сөздер. (бұрыс)

  • Мәндес сөздерді басқаша синоним деп атайды.(дұрыс)

  • Қарама-қарсы мағыналы сөздер антоним деп аталады.(дұрыс)

  • Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды.(дұрыс)

  • Зат есім заттың санын білдіреді. (Бұрыс)

  • Қыс келді. Жайылма сөйлем. (бұрыс)

XIV. Үйге тапсырма.109 бет 25-жаттығу
Бағалау.Оқушыллар өздері бағалайды. (+)

Ең соңғы баға мұғалім бағалайды.









Автор
Дата добавления 25.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров216
Номер материала ДВ-287330
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх