Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сөз - мерген "Ұлы Абайдың сарынымен"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Сөз - мерген "Ұлы Абайдың сарынымен"

библиотека
материалов

Сыныбы: 9 «А» 27.11.15ж.

Тақырыбы: «Сөз-мерген» танымдық бағдарламасы.

Мақсаты: Білімділік - оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетінен білімдерін тексеру; дамытушылық – шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдерді ажырата білуге, мәнін аша білуге баулу; тәрбиелік - ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, шаршы топ алдында сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.

Сабақтың типі: алған білімдерін жинақтау.

Сабақтың түрі: сайыс сабағы.

Күтілетін нәтиже: мемлекеттік тілді құрметтеп, ұлттық қадір-қасиетті тани білу қабілеттерін арттыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, еске түсіру, 1 минуттық жарыс, мәнерлеп оқу.

Көрнекі құралдар: оқу-білім туралы нақыл сөздер, білім мониторингі, слайд материалдары.

Сабақтың барысы: Пән мұғалімі Жүнісова Д.З. Армысыздар құрметті қонақтар мен жанашырлар! Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақ болса, сол ұрпақты біліммен қаруландыратын мына отырған сіздер мен біздер. Міне, осы тұрғыда қазіргі жас ұрпақтың білім деңгейі мен өмірге деген құлшынысы қандай екеніне көз жеткізу үшін біз 9 «А» сынып оқушыларымен «Сөз-мерген» танымдық бағдарламасы аясында білім сайысын ұйымдастырып отырмыз. Сайыс 5 кезеңнен тұрады.

І кезең. «Тапқырлық таныту»

Әр қатысушыға қазақ тілі мен әдебиетінен 10 сұрақтан берілді. Қанша сұраққа жауап берсе, сонша ұпай жинайды.

ІІ кезең. «Менің сүйікті поэзиям».

Өздеріне ұнайтын ақын-жазушылардың шығармаларын мәнерлеп, жатқа оқиды. 10 ұпаймен бағаланады.

(2-ші кезеңнен кейін ұпай санын төмен жинаған 2 қатысушы құрметпен шығарып салынады).

Әділқазылар алқасы екі кезеңнің ұпай сандарын шығарғанша 8 «А» сыныбының демеушілері патриоттық тақырыпта Адайханов Ә., Ақбергенова және Улусбай Т. өлең-жырларын оқиды.

ІІІ кезең. «Мықты болсаң, тауып көр».

Берілген сызбалар бойынша сөздерден мағынасына қарай мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестерін құрып, мағынасын ашу. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпаймен есептеледі.

(Үшінші кезеңнен кейін ұпайы аз бір қатысушы ойыннан шынайы шығады).

IV кезең. «Ойлан, ізде, тап».

Шашыранды сөздерден сөйлем құрастыру. 10 ұпаймен бағаланады.

V кезең. «Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда».

1 минуттық сөз жазу жарысы. Қанша сөз жазылса, сонша ұпаймен бағаланады.

Ең жоғары ұпай жинаған қатысушы жеңімпазы «Сөз-мерген» атағына ие болды.

Енді, осы 5 кезеңнен өз білімдерін сынға түсіретін сайыскерлерімізді таныстырайын.

  1. Ералиева Аяжан

  2. Төлеубек Бауыржан

  3. Жүзболсын Еңлік

  4. Серік Балдырған

  5. Тұратбек Әсел.

Ал, бұл сайыскерлердің білімін саралап, қазылық ететін әділқазылар алқасы 11 «Б» сыныбының түлектері Егенбердиева Арайлым, Рзаханова Диана, Өмірхан Салтанат, есепші қызметінде Сырғалиев Досбол.

Ал, құрметті сайыскерлер мен жұмысты бастамас бұрын сіздермен күнделікті өмір туралы кішкене пікірлессем деп едім.

  1. Аяжанға. А) Ертеңерте қаншада тұрасыз? Ә) Отбасында кімді «өте» жақсы көресіз?

  2. Бауыржанға. А) Қандай асты ұнатасыз? Ә) Ертеңерте жаттығу жасайсыз ба?

  3. Еңлікке. А) Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз? Ә) Қандай үй жануарларын жақсы көресіз?

  4. Балдырғанға. Сүйікті әншіңіз кім? Ә) Біздің кітапханашының есімін, аты-жөнін білесіз бе?

  5. Әселге. А) Сіз үшін өмірде не қымбат? Ә) Боянғанды ұнатасыз ба?

Ал онда сайысымызды бастаймыз.

І кезең. «Тапқырлық таныту».

10 сұрақтан әр қатысушыға жеке-жеке беріледі.

  1. Ералиева Аяжан.

  1. Буын үндестігіне бағынбайтын меншік ұғымды білдіретін қосымшаларды атаңыз?

  2. Орфографияға тән қандай принциптер бар?

  3. Көп мағына мен омонимдік мағынаның айырмашылығы қандай?

  4. Қолдану аясы шектеулі сөздерге қандай сөздер жатады?

  5. Идиомалық тіркес дегеніміз не?

  6. Қысқа әрі ойлы, авторы белгілі, тұжырымды ереже не деп аталады?

  7. 1818-1881 жылдары өмір сүрген ақынды атаңыз?

  8. Ерте сөнген жарық жұлдыз деп кімді айтамыз?

  9. Шырағым, мұнда жүрсең, не етер едің деген өлең жолдары кімге арналған? (толығырақ)

  10. Ескі таға туралы әңгіме кімнің қандай шығармасында айтылады?



  1. Төлеубек Бауыржан

  1. Тіркескен сөздің қандай түрлері бар?

  2. Жалғау мен жұрнақтың айырмашылығы неде?

  3. «Достық», «боран» сөздері тұлғасына қарай қандай зат есімге жатады?

  4. Көмекші есім қандай сөз табына қатысты?

  5. Реттік сан есім рим цифрымен берілсе, қандай тыныс белгісіне тән ережені сақтау керек?

  6. Дыбыстау мүшелеріне нелер жатады?

  7. Риторикалық сұрау дегеніміз не?

  8. Абайдың аяқталмай қалған поэмасын атаңыз?

  9. Бір жылдары дүниеге келген, бір жылдары дүниеден өткен қаламгер?

  10. «Елім-ай» әнінің шығуы қандай оқиғамен іспеттес?

  1. Жүзболсын Еңлік.

  1. «Терең ой» қандай мағынадағы сөз?

  2. Дыбыстау мүшелеріне нелер жатады?

  3. Табу дегеніміз не?

  4. Қазақ тіліне тән әріптер,саны нешеу?

  5. Семасиология нені зерттейді?

  6. Дауыссыздан басталып, дауыстымен аяқталатын буын түрі?

  7. Арнаудың қандай түрлерін білесіз?

  8. «Талпынам, асыққандай жігітікке» дей отырып, өте аз ғұмыр кешкен кім еді?

  9. Әлемге Абайды танытқан кім?

  10. «Үш қиян» шығармасының авторын атаңыз?



  1. Серік Балдырған

  1. Қалай? Қайтіп? Сұрақтары қандай сабақтас құрмаласқа тән?

  2. Сөйлеушінің ойға қатысты көзқарасын білдіретін сөз не деп аталады?

  3. Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрі?

  4. Кімнен? Неден? Қай септіктің сұрағы?

  5. Асан – оқушы. Сөйлемде қандай байланысу тәсілі бар?

  6. Одағай тіл білімінің қай саласына жатады?

  7. «Лирика» дегенімізді қалай түсінесіз?

  8. «Сыңсу», «қоштасу» қандай жырларға жатады?

  9. Жаңбыр жаумаса жер жетім.

Басшы болмаса ел жетім... тармақтары кімнің даналық сөзінен алынған?

  1. Ағайынды Бақтығұл мен Тектіғұл қай шығарманың кейіпкерлері?



  1. Тұратбек Әсел

  1. Іс-оқиғаның, құбылыстың атауын ғана білдіретін сөйлем не деп аталады?

  2. Сөз тіркесінің қандай лексика-грамматика қатынастары бар?

  3. Буын талғайтын қандай дыбыстар бар?

  4. «Әңгелек», «мұрап» қандай сөздер қатарына тән?

  5. Етістіктің грамматикалық топтарын атап шығу?

  6. Сөйлем айтылу мақсатына қарай неше түрге бөлінеді?

  7. Композицияның қандай арналары яғни белгілері бар?

  8. «Аттандыру» өлеңінің авторы кім? (толығырақ)

  9. Жеті қазынаға нелер жатады?

  10. «Қаһарлы күндер» романы қандай романға жатады? (толығырақ)

ІІ кезең. «Менің сүйікті поэзиям».

Өздеріне ұнайтын ақын-жазушылардың шығармаларын мәнерлеп, жатқа оқиды.

(Ұпай саны төмен 2 оқушы ойыннан шығады).

ІІІ кезең. «Мықты болсаң, тауып көр».

Берілген сызбалар бойынша сөздерден мағынасына қарай мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестерін құрып, мағынасын ашу.

І оқушы:

БПрямая со стрелкой 3Прямая со стрелкой 7ала Сиыр

Прямая со стрелкой 4Прямая со стрелкой 5Прямая со стрелкой 6Прямая со стрелкой 8Прямая со стрелкой 9Прямая со стрелкой 10Әйел жиған Ат салмау

Қыз Түйе

Адам Қой

ЖПрямая со стрелкой 12Прямая со стрелкой 11ас Балғын

Прямая со стрелкой 18Прямая со стрелкой 17Прямая со стрелкой 16Прямая со стрелкой 15Прямая со стрелкой 14Прямая со стрелкой 13Кәрі түспес Үлкен керіспес

Бойшан Жас

Ұзын Кәрі

ІІ оқушы:

КПрямая со стрелкой 20Прямая со стрелкой 35үшік Ат

Прямая со стрелкой 26Прямая со стрелкой 25Прямая со стрелкой 24Прямая со стрелкой 23Прямая со стрелкой 36Прямая со стрелкой 37Ит өлген Тай ала қашты

Тауық Сиыр

Қаз Ешкі

ТПрямая со стрелкой 28Прямая со стрелкой 38ар Тіл

Прямая со стрелкой 34Прямая со стрелкой 32Прямая со стрелкой 33Прямая со стрелкой 39Прямая со стрелкой 40Прямая со стрелкой 41Кең болмайсың Тіс өткір

Ұзың Ерін

Қысқа Езу

ІІІ оқушы:

КПрямая со стрелкой 58Прямая со стрелкой 62үшік Күн

МПрямая со стрелкой 59Прямая со стрелкой 60Прямая со стрелкой 61Прямая со стрелкой 63Прямая со стрелкой 64Прямая со стрелкой 65ысық қаптады Ай туды

Тауық Жұлдыз

Ит Жер



БПрямая со стрелкой 51Прямая со стрелкой 67и Батыр

Прямая со стрелкой 57Прямая со стрелкой 55Прямая со стрелкой 56Прямая со стрелкой 68Прямая со стрелкой 69Прямая со стрелкой 70Сезім қызыл Азамат айласыз

Өнер Бала

Достық Жігіт

(Ұпай саны төмен 1 оқушы ойыннан шығады).

IV кезең. «Ойлан, ізде, тап».

Шашыранды сөздерден сөйлем құрастыру.

Отанын сататын қу жүректерден қорқу керек.

1-оқушы:

Қу, керек, Отанын, қорқу, жүректерден, сататын.

Олардың шынайы достығы елге үлгі-өнеге болып отыр.

2-оқушы:

достығы, отыр, Олардың, өнеге, шынайы, болып, үлгі, елге.

1 минуттық сөз жазу жарысы.

Есепші сайыс қорытындысын анықтағанша 9 «А» сыныбының түлегі Серік Балғын М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» шығармасынан үзінді оқиды.

Қорытынды: есепші білім мониторингін толтырып, нәтижесін шығарады.

Сайысқа қатысушылар мен жеңімпаз оқушылар арнайы сыйлықтармен марапатта





Ұлы Абайдың сарынымен «Сөз-мерген» танымдық бағдарламасына арналған рефлексиялық есеп

27.11.15 жылы 9 «А» сынып оқушыларымен бірігіп, білім сайысына арналған танымдық бағдарлама өтілді. Оған бұл сыныптың бес оқушысы қатысты. Ералиева Аяжан,Төлеубек Бауыржан Жүзболсын Еңлік, Серік Балдырған, Тұратбек Әсел. Мақсаты: Білімділік-оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетінен білімдерін тексеру; дамытушылық – шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдерді ажырата білуге, мәнін аша білуге баулу; тәрбиелік - ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, шаршы топ алдында сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру. Күтілетін нәтиже: алған білімдері мен есте сақтау қабілеттері артады, сайысқа деген құлшыныстары нығая түседі, тапқыр да шапшаң болуға үйренеді. Өтілген іс-шаараға SWOT- талдау. S-мықты жақтары: қатысқан бес оқушының ішінен үш оқушының жеке тұлға түрінде көріне білуі, олардың әрбір кезеңнен өткен сайын одан да бетер жігерлене түскендері өте қуантарлық жағдай болды. Шын мәнісінда білім додасына қатысқан дарынды оқушылардай көріне білді. Әр кезең сайын берілген тапсырмаларды уысынан шығарып алмауға тырысты. Үлкен бір білімділік көрініс тапқан білім сайысының куәсі болдық десек артық болмас. Дегенмен W-әлсіз жақтары: Балдырған мен Еңлік өздерінің шын мәнісінде дайындалған білімдерін көрсете алмай әлсіздік танытты. Өте асығыс жауап беріп, тапырлап кетті. Ойларын жинақтап, бір арнаға түсе алмағандықтан сайыстың ортасында білім алаңынан шығып кетті. Тіпті жетелеуге арналған сұрақтарды да игере алмады. Әрине, біз бұл оқушылардан ондай әлсіздік күткен жоқ едік. О-мүмкіндіктері: Сыныптан басқа да оқушылардың мұндай сайысқа қатысып, өз білімдерін ортада шыңдауға толығымен қабілеттері баршылық. Тек өздері тартыншақтап, сырт қалып қоймаса болғаны. Т-қауіпті жақтары: сыныптың ішінде мүлдем іс-шараларға тартылмайтын оқушылар бар болғандықтан олар болашақта ешбір іс-шараға қатыспай, жүре берсе, өз мақсаттарына қол жеткізе алмай қалулары мүмкін. Уақыттан тым кеш қалып кетулері де ықтимал.






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 28.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров69
Номер материала ДБ-058097
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх