Инфоурок / Математика / Рабочие программы / «Сөз өнері әлемінде» атты көркем сөздер жинағы
Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение на курсах повышения квалификации прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40%. По окончании курсов Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Открыт приём заявок на новые курсы повышения квалификации:

- «Профилактическая работа в ОО по выявлению троллинга, моббинга и буллинга среди подростков» (108 часов)

- «Психодиагностика в образовательных организациях с учетом реализации ФГОС» (72 часа)

- «Укрепление здоровья детей дошкольного возраста как ценностный приоритет воспитательно-образовательной работы ДОО» (108 часов)

- «Профориентация школьников: психология и выбор профессии» (108 часов)

- «Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе» (72 часа)

- «Патриотическое воспитание дошкольников в системе работы педагога дошкольной образовательной организации» (108 часов)

- «Психолого-педагогическое сопровождение детей с синдромом дефицита внимания и гиперактивности (СДВГ)» (72 часа)

- «Использование активных методов обучения в ВУЗе в условиях реализации ФГОС» (108 часов)

- «Специфика преподавания русского языка как иностранного» (108 часов)

- «Экологическое образование детей дошкольного возраста: развитие кругозора и опытно-исследовательская деятельность в рамках реализации ФГОС ДО» (108 часов)

- «Простые машины и механизмы: организация работы ДОУ с помощью образовательных конструкторов» (36 часов)

- «Федеральный государственный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку» (72 часа)

- «Организация маркетинга в туризме» (72 часа)

Также представляем Вашему вниманию новый курс переподготовки «Организация тренерской деятельности по физической культуре и спорту» (300/600 часов, присваиваемая квалификация: Тренер-преподаватель).

Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

«Сөз өнері әлемінде» атты көркем сөздер жинағы

библиотека
материалов


Ақтөбе орта мектебі













hello_html_4ac849cb.gif

« Қызықты математика» бағдарламасына

қосымша көркем сөздер













hello_html_m2d2a80e3.gif







БІЗДЕР САНАЙ БІЛЕМІЗ,

Біздер санай білеміз, 
Білмегенге күлеміз. 
Біреу, екеу, үш, төрт деп, 
Бес, алты... деп жүреміз.




ОНҒА ДЕЙІН САНАЙЫҚ!

Қолға қалам алайық 
Қанша сан бар жазайық. 
Қарап тұрмай, сандарды 
Қайта-қайта санайық.



О

Дөңгелекке ұқсайды, 
Доп сияқты, ұшпайды. 
Досым нөлді О дейді, 
Десем «бұл нөл», ұқпайды.




1
Біздің үйде бір тауық, 
Бір жұмыртқа жүр тауып. 
Бір сиыр бар қорада, 
Бәтіш тәтем жүр сауып.




2
Екі аяқпен жүремін, 
Екі көзбен көремін. 
Екі қолым бар менің, 
Екеу құлақ, білемін.






3
Үйімде бар үш қалам,
Үшеуін де ұштағам.
Үш досымды салдым мен, 
Үш балыққа ұқсаған.



4
Төрт дөңгелек арбада, 
Төрт аяқ бар малда да... 
Тауыса алмай бидайды, 
Төрт тышқан жүр қамбада



5
«Бестік» деген бағаны, 
Бақыт күнде алады.

Бәрі жақсы көреді, 
«Беске» оқыған баланы.



6

«Алақай!» дер келді күн, 
Алтыдамын мен бүгін. 
Алты жасқа келмекші, 
Алғы аптада енді кім?!




7
Жеті саны киелі, 
Жұрттың бәрі біледі. 
Жеті жасқа жеткендер, 
Жығылмай-ақ жүреді.



8
Сен де, мен де баламыз, 
Сегіз санын саламыз. 
Сегіз деген екі төрт, 
Сегіз жаста ағамыз
.



9
Тоғыз жасқа келгенім -
Тоғыз жылды көргенім. 
Тоғыз жаста тәнті еткен, 
Талабымды көр менің!



10
Он жыл, он жас - он деген, 
Он жас кіші ол менен. 
Онды жаза аламыз, 
Он - тұрған бір нөл менен.








КЕЛ САНАЙЫҚ САНАМАҚ,

Кел санайық санамақ, 
Саусақтарды даралап. 
Бас бармағым алғашқы -
Балаң үйрек жалғасы. 
Ортан терек - кезекші, 
Шылдыр шүмек - көмекші. 
Шынашағым - балапан,
Бәріне ортақ алақан. 
Шылдыр шүмек -мен,
Титтей бөбек - сен. 

Бір үйде біз нешеуміз
Бір үйде біз бесеуміз.















АҒАШ-САНАМАҚ

Бір дегенім - бәйтерек, 
Екі дегенім- емен.

Үш дегенім - үйеңкі, 
Төрт дегенім - тұт.

Бес дегенім - беке (айва), 
Алты дегенім - арша.

Жеті дегенім - жиде, 
Сегіз дегенім - сексеуіл.

Тоғыз дегенім - тораңғы, 
Он дегенім - орман. 
Орман - аң-құстарға қорған








hello_html_m1d78ae34.gif



Бес ешкінің бірі өлді Үш саулық бар бізде

Төрт ешкі бар бізде енді Екі қозы бірге

Үш лақ туды екі ешкі Бір уақыт күнде,

Бір лақ тумай екі ешкі Жайылады түзге

Қасқыр қалды, жеке өсті.


Нешеу болды қане бол,

Санап шығар кім бұрын?


Бір балапан ұяда, Екеу болды есебі

Бір балапан қияда, Қалды ұяда нешеу?







hello_html_244e1687.jpg














hello_html_m44e06862.pnghello_html_1c2e54d1.gif



Ал санайық санамақ, Мынау-мынау бас бармақ

Саусақтарға қарап ап, Санамақ содан басталиақ,

Қане,қане санайық, Мүйіз қалпақ басында,

Санын біліп алайық Төрт серігі қасында

Біреу,2,3,4,5-еу Біреу,2,3,4,5-еу

Қолымда сонда саусағым нешеу? Қолымда сонда саусағым нешеу?


Құтындаған сұқ қолым,

Ептілігі мықты оның,

Бармақтың басты тірегі,

Өзінің ісің біледі

Біреу,2,3,4,5-еу

Қолымда сонда саусағым нешеу?



hello_html_7fe2adf2.gif


Бір қыз кесте тікті,

Кестесін кешке тікті,түсте тікті.

* * *

Төбесі төбел төрт бөрік,

Төртеуі де төбел бөрік


Пеш ішінде бес мысық Арада алты арқар бар,

Пеш үстінде бес мысық, Қарқарда қырық арқар бар.

Бес күзетші,бес пысық.


Балық көп пе екен,

Халық көп пе екен?

Халықтың ішінен кім,

Балықты сөкті екен?

hello_html_4ec438b6.png


hello_html_6f630833.gif

Жаңылмастан жетеуі,

Кезек қызмет етеді. ( апта күндері)


Қиылмас қос шебер,

Қыруар – қыруар іс өнер. ( қол )

Білінбейді қыдырып,

Жұмылғанда жұдырық.

Ағайынды бес құрдас,

Бірдей болып еш тұрмас. ( Бір қолдың саусақтары)


Бір шеңберді бір щеңбер

Көтеріп тұр білсеңдер. ( 8 саны)

Бір ағаштың он екі бұтағы бар,
Әр бұтағында отыздан жапырағы бар.
Жапырақтарының бір жағы ақ, бір жағы қара.
(Жыл, ай, күн мен түн)

Доп емес, дөңгелек емес,

Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол ең негізі
Дәл жауапты қостадым.
(шеңбер)

Жақсыменен тең көрген,
Ата-ана да жөн көрген.
Орындықпен төңкерген.
Мектептің алтын орағы, (төрттік)

Зейінділер одағы.
Жақсы көрер бар бала,
Зерекке дос ол дағы.
А
тадан он баламыз (бестік)

Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз
Көбейіп те аламыз.
(цифрлар)

Басында аздың ақылы,
Селсоқтардың жақыны.
(бірлік)

Жалқаумен бір жүретін,
Құдды қармақ ілетін.
Жоламайды зерекке,
Сабақтарын білетін.
(екілік) Жалғас жатқан қос шеңбер,
Бүйірінде қақпасы.
Көрсең де оны дос сендер,
Жақсы, жаман ортасы.
(үштік)

hello_html_41cbcb80.pnghello_html_20cb625b.gif

БҰЗАУЛАР ҚАНША АЛМА ?

Жаңа ғана шалғында

Алты бұзау жүр еді. Табақта бес алма,

Әлде шаршап қалды ма? Қолымда екі алма.

Жатып қапты біреуі. Қосқанда барлығы,

Нешеу енді жайылып, Болады неше алма?

Жүргенін айт айырып?

Алма ағашта бес алма,

Қандай тәтті жесе алма.

Бесеуін де жеп қойсақ,

Қалады онда неше алма?

Тал басында тізіліп Қарағайдың басында,

Он жапырақ тұр еді. Сегіз торғай отырды.

Жел соқты да,Үзіліп, Әуен оны мылтықпен,

Ұшып кетті біреуі. Үшеуін атып түсірді.

Тұр әлі де ілініп Сын емес пе бұл өзі,

Жапырақтың нешеуі? Санайтұғын баланы.

Айтыңдаршы кәнекей,

Қанша торғай қалады?

Көлден ұшты жеті қаз, Талдан ұшты топ торғай,

Қайтып қонды екі қаз. Емес бірақ көп торғай

Қонбады оның нешеуі, Алдында оның бастаушы

Қане, кім тез шешеді? Артында төртеу-қостаушы.

/бес/ Ойың жүйрік болса егер

Торғай нешеу,есепкер? /бесеу/


Аулада бес үйрек, Бір алманы төртке бөлдім,

Қорада үш үйрек, Бір бөлігін жеп те көрдім.

Бір үйрек тығылды, Қалған үлкен үш бөлігін,

Бір үйрек жығылды. Қасымдағы үш досқа бердім.

Қалғаны неше үйрек? /алтау/


Қанша бала,

Мұз айдынында 7 бала Оннан астам қарғалар,

Асыр сап жұр сырғанап. Жасыл шөпте жорғалар

Сырғанамай екі бала Мысық келіп қалғанда

Жағалауда түр қарап. Шашырап ұшып қорғанар

Енді осы бар баланың Алтауы ұшып кетті,

Санын айтсаң, жарадың! Мысық шошып кетті.

Шөпте қалғаны жетеу,

Сонда болды нешеу?



hello_html_58ad4849.jpghello_html_m4ba9f065.gif

Айгүлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?

• Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды?

• Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді - қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да,көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай?

• Бөлмеде 2 орындық түр. Әр қабырғаның жанында бір-бір орындық болуы үшін сол орындықтарды қалай қоюға болады?

Бір көжекке бір көжек,
Келе қалды қонаққа,
5 сәбізден бірден жеп
Тойып алды тамаққа.
Айтыңдаршы балалар
Қанша сәбіз барлығы? (10).

Ұлпа жүнін қыздырып,
Күн шуақта бір күшік
Отыр еді маңына
Келді тағы бір күшік.
Нешеу болды сен сана? (2).

Үстел үстінде төрт алма жатыр,
Оның біреуін ағам жеп қойды.
Сонда неше алма қалды? (3).

Ұлпа жүнін қыздырып,
Күн шуақта бір күшік,
Отыр еді маңына,
Келді тағы бір күшік.
Қанша күшік барлығы?

Алты қонжық орманға
Бара жатты қорбаңдап.
Бірі олардың шаршады,
Әрі қарай бармады.
Жауабын тез айт,
Қанша қонжық кетті алда?

5-тен 4-ті алайық,
Қанша қалды санайық.
Қарайық та санайық,
Санайық та табайық. (1)

Беспайда бар 5 іні,
Естайда бар 2 іні,
Қоссақ 5 пен 2-ні,
Қанша болар шешуі? (7)






1.Екі сиырдың мүйізі қанша? (4 )

2.Бір мысықтың аяғы қанша? (4)

3.Бес қойдың басы нешеу? (5)

4.Үш адамның қолы нешеу? (6)


1. Кемпірқосақта неше түс бар? (7)

2. Бағдаршамның неше көзі бар? (3)

3. Аспанда неше жұлдыз бар? (көп)

4. Жұлдыздың неше бұрышы бар? (5)

5. Адамда қанша көз бар? (2)

6. Қолғапта неше саусақ бар? (10)

7. Жапалақтың қанша көзі бар? (2)

8. Қоян жүйрік пе, тасбақа жүйрік пе? (қоян)

hello_html_95b555d.gif

Есепсіз дүние жоқ.

Бір жеңнен қол шығар,
Бір жағадан бас шығар.

Мың қосшыға бір басшы.

Бір ит көріп үреді,
Бір ит еріп үреді.

Бір жаман мың қолды ірітер,
Бір құмалақ бір қарын майды шірітер.

Ит төлеуі бір күндік.

Батыр бір оқтық,
Бай бір жұттық.

Бір жылға қоян терісі де шыдайды.

Ер жігіт бір күнде бір кісілік,
Бір күнде мың кісілік.

Екі кісі бейім тұрса,
Есті кісі кейін тұрады.

Ер бір рет өледі,
Қорқақ мың рет өледі.

Жігіт бір сырлы,
Сегіз қырлы болсын.

Бір кісі мың кісіге олжа салар.

Бір кемеге мінгеннің жаны бір.

Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.

Бір елі ауызға екі елі қақпақ.

Мыңның түсін танығанша
Бірдің атын біл.

Мың асуға бір тосу.

Бір тәуекел бұзады
Мың қайғының қаласын.
Бір жақсы сөз бітірер,
Мың көңілдің жарасын.

Қонақ бір күн қонса құт,
Екі күн қонса жұт.

Бір адам – самал,
Екі адам – амал,
Үш адам – жамал,
Төрт адам – қамал.

Бір күн дәмін татқанда
Қырық күн сәлем.

Бір аяқ қымыздың
Екі аяқ желі бар.
Бір күндік жолға шықсаң,
Үш күндік жол азық аз.

Бір тал кессең, он тал ек.

Шын – бір сөз,
Өтірік – мың сөз.

Екі кісі ығысса,
Бір кісілік орын бар.

Еріншектің ісі – екі.

Екі құзғын таласса,
Бір қарғаға жем түсер.

Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені,
Жігіттің құны жүз жылқы,
Ары – мың жылқы.

Он адам жүрген жерде із қалады,
Жүз адам жүрген жерде – соқпақ,
Мың адам жүрген жерде жол қалады.

Екі кісі бір кісінің тәңірісі.

Екі аяқты адам түгел
Төрт аяқты мал да ақсайды.









Краткое описание документа:

Мектепалды дайындық,баланың оқу мәселесін жақсы жағдайда болуына байланысты.Бүгінгі мектеп жасына дейінгі балалардан Қазақстан келешегі байқалды.Жаңа ұлттық тәрбиелеуде,тәрбиенің мазмұны,ізгілендіру,жекелендіру және жаңа педагогикалық дамудың әлеуметтік бағытының түбегейлі өзгеруін талап етеді

Балалардың белсенділігін, логикалық шапшаң ойлау, өз ойын дәлелдеу дағыдыларын: математикалық тапсырмасы бар жұмбақтар мен жаңылтпаштар,қаламақ пен санамақтар, өтірік өлеңдер,логикалық тапсырмалар арқылы ұйымдастыра отырып баланың математикаға деген қызығушылығын айналасындағы өмірден алған әсерінен,көрген білгенін ойын арқылы танытып,күш жігерін,сезімін арттыру.

Бағдарламаға қызықты тапсырмаларымен жұмыс дәптері және халық ауыз әдебиетінен санамақтар,өлеңдер,жаңылтпаш,сөз жұмбақтар еңгізілген.


Общая информация

Номер материала: 262498

Похожие материалы