Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сөз тіркесі. Қазақ тілінен ашық сабақ. 4 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сөз тіркесі. Қазақ тілінен ашық сабақ. 4 сынып

библиотека
материалов

Тақырыбы: Сөз тіркесі.

Сабақтың мақсаты:

Сөз тіркесі туралы білімдерін тереңдету, сөз тіркесінің сыңарларына сұрақ қоя білуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже: Сөз тіркесінің сыңарларының қызметін анықтай алады, сөз тіркесінің мағынасын түсініп, өмірде пайдалана біледі.

Әдіс-тәсілдер: Блум таксономиясы, шаттық шеңбер,топтастыру, топтық жұмыс, диалогтық әңгіме, шығармашылық жұмыс, кері байланыс, бағалау парақшасы.

Түрі: саяхат сабақ

Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, суреттер, үлестірмелер, бағалау парақшасы, сандық

Құрал-жабдықтар: бағалау парақшасы

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды «Ерекше тілек» атты шаттық шеңберіне тұрғызып, сурет таратып, тілекті қалай айтуын түсіндіру.

М:-Балалар, мынау қылыштың суреті, мен сендерге бүгінгі сабақта қылыштай өткірлік тілеймін.

(Суреттегі заттың қасиетін, маңызын пайдаланып, сөз тіркесін құрап тілек айту. Мысалы: таудай биіктік, гүлдей әдемілік, жұлдыздай жарқырау, ...)

М: Менің қолыма қызықты бір көне кітабы түсті. Бұл кітапта ерекше бір данышпан қария ақылды кеңес береді екен.Сол қариямен кездесу үшін біз саяхатқа шығуымыз керек. Дайынсыңдар ма, балалар? Олай болса біз топтарға бөлініп шығамыз. Жолда көптеген қиындықтар кездеседі, оларды жеңу үшін біз қандай болуымыз керек? (Шыдамды, төзімді, сабырлы, мықты,батыл, мейірімді, ...)

Топқа бөлу. Көшбасшыны сайлау және бағалау парағын толтырып отыру.

Үй тапсырмасын тексеру:

М:Қаншалықты сендер дайын болғандарыңды үй тапсырмасынан білеміз

62 бет 12-жаттығу. Әр қатардағы осыған ұқсас сөз тіркестерімен толықтырып жаз:

1.Мектеп ауласы, ...

2.Терең көл, ..

3.Екі ешкі, ..

4.Ақыл айт, ..

5.Тез оқы, ...

Білу

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

М:-Жақсы, алыс жолға дайын екенсіңдер. Олай болса дәптерге күн ретін және сабақтың тақырыбын жазамыз.

Бүгін сөз тіркесі туралы білімдерімізді тереңдетіп, сөз тіркесінің сыңарларына сұрақ қоюды үйренеміз.

Ережені қайталау: Сөз тіркесі деген не? Сөз бен сөз тіркесін қалай ажыратамыз?

(Бір-біріне бағына байланысқан кемінде екі толық мағыналы сөздердің тобын сөз тіркесі дейміз:тұнық су, екі оқушы, сауатты жаз.)

Түсіну

М:-Әрі қарай арба жегілген түйемізбен шығамыз. Түйе бізді жеткізу үшін мына тапсырманы орындаймыз.

Топпен жұмыс. Әр топқа екі сөз тіркесі жазылған ақ қағаз беріледі.

1-топ: мөлдір бұлақ, кең дала.

2-топ: үлкен үй , тәтті қауын.

3-топ: құрғақ жер, терең көл .

4-топ: таулы жер, малды ауыл.

М:-Осы сөз тіркестерінің мағынасын сұрақ қою арқылы анықтап, қай сөз табынан жасалғанын табыңдар.

Шығармашылық тапсырма: Осы сөз тіркестерін пайдаланып, қызықты ертегі құрастырып көріңдер. Ауызша (Дарынды баламен жұмыс)

(Әр топтан бір оқушы оқып береді.)

М:-Алдымызда құдық кездесті. Ал, балалар, кімнің су ішкісі келеді? Су ішу үшін мына берілген тапсырманы орында у керек.

Мұзды ою (тақтада жазылған)

-Қай сөз негізгі мағынаны білдіріп тұр?(ою)

-Сөз тіркесінің мағынасын қалай анықтаймыз?(сұрақ қоямыз)

-Қай сөз арқылы, қандай сұрақ қоямыз?(ою сөзі арқылы мұзды сөзіне нені? сұрағын қоямыз)

-Сөз тіркесінің бірінші сыңары қандай қызмет атқарып тұр?(мұзды сөзі сөз тіркесінің екінші сыңарының негізігі мағынасын анықтайды)

Қолдану

Оқулықпен жұмыс: -Енді оқулықты ашып қараңдар, дұрыс айтып па екенсіңдер, тексерейік.

(64 бет 17-жаттығу)

Берілген үлгі бойынша тексеру.

-Осы үлгі бойынша жұмыс жасаңдар.

Топтар сөз тіркесін жазып алып, оқып, үлгі бойынша әрбір сыңарына сұрақ қойып, мағынасын түсіндіреді.

Арқалықта тұрады –

Жаманнан жирену-

Әдемі өлке-

Тез оқу-

Жиырма бес қабат-

-Жарайсыңдар, балалар. Шөлімізді қандырдық. Енді анау төбенің үстіндегі жазыққа шығып, ойын ойнайық.

Сергіту сәті

«Кім жылдам?» ойыны. Ойынның шарты: шашылған сөздерден сөз тіркесін құрастыру.

Талдау

М: Міне, жапа далада жалғыз ағаш та кездесті. Осы ағаштың көлеңкесінде отырып, бір демалып алайық. Ал ағашымыз өліп қалмау үшін оған су құйып, келесі тапсырманы орындайық.

Өзіндік жұмыс: 18-жаттығу.

Бірінші сыңары сын есімнен болған бес сөз тіркесін жаз.

Мысалы: терең өзен, мұздай су, тәтті сусын, ...

Жинақтау

М: Міне, біз киіз үйге де жеттік. Осы киіз үйдің ішінде сандық бар екен. Сандықты ашамыз да, көне кітапта жазылған нақыл сөзді оқимыз.

Не туралы жазылған екен?

Ия, балалар, осы сабақта алған білім арқылы біз өз мақсатымызға жеттік деп ойлаймын.

-Нені білдіңдер? (20 жат). Берілген сөз топтарының сөз тіркестері екенін кестені пайдаланып дәлелдеу.

(атаның өсиеті, қазақша сөйлеу, тақпақты жаттады, кең өлкенің)

Кері байланыс: -Не ұнады?

-Қандай қиындық болды? Не үйрендіңдер?

-Жалпы бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай?

(Оқушылар бүгінгі сабақ туралы өз ойларын жазады.)

Бағалау

Көшбасшы бағалауы: әр оқушының ұпайларын санайды.

Үйге тапсырма : 64 бет, 19-жаттығу.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 31.10.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров191
Номер материала ДБ-306190
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх