№ 4. Тақырыбы: Сөз және оның құрылымы
Мақсаты: Оқушыларды сөздің құрылымын, әріптер
мен дыбыстардың ерекшелігін ажыратуға үйрету; сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін
дамыту; адамгершілік, еңбек тәрбиесіне баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 21-жаттығуды
тексеру. Көл мен көлшіктің айырмашылығы мен ұқсастығы неде? Жазған әңгімелерін
оқу, талдау.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1) сабақтың тақырыбын,
мақсатын хабарлау. 2) Сөздер нелерден құралады? Дыбыс деп нені айтамыз? Әріп
дегеніміз не? 3) көрнекілікке сүйене отырып сөздің құрылымын түсіндіріп, еске
түсіру.
ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс: а) дәптермен жұмыс. Күн ретін, көркем жазуға Ә ә Ә ә
Әтеш сөзін жаздырту.
22-жаттығудағы өлеңді мәнерлеп оқыту,
жаттатқызу, 4-5 балаға жатқа айтқызып, жаздырту. Әр сөзде неше әріп, неше
дыбыс бар? Олардың ерекшелігі неде? 23-жаттығу мәтінді оқу, талдау. Бидайды қай мезгілде жинайды? Бидайдан біз не
жасаймыз? Нан туралы қандай мақал білесің? 24-жаттығудағы сөздердегі бір
дыбысты өзгертуден мағынаның түбегейлі өзгеруін аңғарту. Тағы қандай дыбыстарды
өзгертіп жаңа сөз ойлап табуға болады? 26-жаттығу «Кім жылдам?» ойыны
ретінде өткізу. Ойынның шарты: берілген сөздерге жетіспей тұрған әріпті таңдап
торға енгізу. Сөздер: үкі, жүгері, бұрғы, дәптер, өрік, сиыр, ағаш бүркіт.
27-жаттығу өлеңді мәнерлеп оқу, өлеңге ат қою. в) Сергіту жаттығуы
Ү. Бекіту: а) 28-жаттығуды оқу, талдау
ә) әріптерді неге тыңдауға, айтуға болмайды? б) Сөздік диктант Қырғауыл,
жолаушы, бидай, комбайн, теңіз.
ҮІ. Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не
үйрендік? ә) Сөздер неден құралады? Әріп деп нені айтамыз? Дыбыс дегеніміз не?
ҮІІ. Үйге тапсырма: 25-жаттығу 10-бет берілген әріптерден сөз ойлап,
4-5 сөйлем құрау. ҮІІІ. Оқушыларды бағалау
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.