Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Конспекты / «СҮЗБЕДЕН ӘЗІРЛЕНГЕН ЫСТЫҚ ТАҒАМДАР»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Технология

«СҮЗБЕДЕН ӘЗІРЛЕНГЕН ЫСТЫҚ ТАҒАМДАР»

библиотека
материалов

Орал «Сервис» технологиялық колледжі







Бекітемін:

Оқу ісінің орынбасары

__________Джумалиева К.К

«___»___________2014 ж










АШЫҚ САБАҚ

ТАҚЫРЫБЫ:

«СҮЗБЕДЕН ӘЗІРЛЕНГЕН ЫСТЫҚ ТАҒАМДАР»




Дайындаған: Китарова Ж.Қ

арнаулы пән оқытушысы




















Орал қаласы

2014

«Бекітемін»

Оқу ісінің орынбасары

___________________


САБАҚ ЖОСПАРЫ ________________

Сабақ бағдарламасы: Жұмыртқа мен сүзбеден әзірленген тағамдар

Сабақ тақырыбы: Сүзбеден әзірленген ыстық тағамдар

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Сүзбеден әзірленген тағамдардың тағамдық құндылығы, тағамның құрамы, дайындау технологиясы, сапасына қойылатын талаптар, ұсыну ережесі, сақтау мерзімдері туралы білімдерін қалыптастыру.

  • Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, өз бетінше ізденуге бағыттау, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, техникалық жетістіктерге қызығушылықтарын арттыру.

  • Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұлттық тәрбиеге, құрмет көрсетуге, мамандыққа бағдарлау, ұқыптылыққа, тазалыққа, өзіндік және өзара көмек көрсетуге, жауапкершілікке, белсенділікке, іскерлікке баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру

Сабақтың жабдығы: Интерактивті тақта, плакаттар, альбомдар, сұлбалар, технологиялық нұсқау карталары, карточкалар, мультимедиялық құрылғы.


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:


I. Ұйымдастыру бөлімі: 1-2 мин.

    1. Оқушылармен сәлемдесу

    2. Оқушыларды түгелдеу

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Сүзбенің тағамдық құндылығы қандай? (ақуыз (16,5%), май (18%-ға дейін), органикалық қышқылдар (сүт қышқылы), минералдық заттар (кальций, фосфор), және А, В1, В2, С, РР дәрумендері).

2. Сүзбені не үшін үккіштен өткізеді? (сіңімділігін арттыру үшін).

3. Құрамындағы май мөлшері бойынша қандай сүзбе өндіріледі? (майлы, жартылай майлы, майсыз).

4. Сүзбеден дайындалатын салқын тағамдар? (сүт, кілегей, қаймақ, қант қосылған сүзбе).

5. Тәтті ақ сүзбенің құрамы? (сүзбе, сары май, қант, мейіз, ванилин, бал, цукат, қаймақ, жұмыртқа, жаңғақ, жеміс-жидектер, какао, шоколад, цедра).


  1. Жаңа сабақты баяндау:

Сүзбеден әзірленген ыстық тағамдар


Сүзбеден әзірленген варениктер

Шұңғыл ыдысқа еленген ұнды, шикі жұмыртқа, құмшекер салып, сүт немесе су құйып, қамыр (ашытқысыз татымсыз) илейді. Қамыр жұмсақ, иілгіш болуы үшін, иленген қамырдың бетін жауып, 40 минутқа қалдырады.

Үстелге ұн сеуіп, дайын қамырды қалыңдығы 1,5-2 мм етіп, дөңгелектеп жазады.

Жазылған қамырды қалыпқа салып, бір-біріне арақашықтығын 4 см етіп, орталарына тартым (шар пішінді) салады да, жиектеріне шикі жұмыртқа немесе льезон жағады. Үстіне екінші жазылған қамырды салып, оқтаумен жабыстырады.

Қайнап жатқан тұзды суға салып, 3-5 минут, су бетіне қалқып шыққанша пісіреді. Сүзіп алып, сары май салынған ыдысқа салады.

Тартым: үгілген сүзбеге қант, шикі жұмыртқа қосып араластырады.

Ұсынарда жылытылған тарелкеге үйіп салып, сары май құйып береді. Қаймақты бөлек береді. Ұсыну температурасы – 650С.


Жалқау варениктер

Үгілген сүзбеге шикі жұмыртқа, қант, ұн қосып, біркелкі масса болғанша араластырады. Ромб, төртбұрышты пішінге келтіріп қалыптайды да, үстіне ұн себеді.

Әзірленген жартылай фабрикаттарды қайнап жатқан тұзды суға салып, су бетіне қалқып шыққанға дейін, 4-5 минут пісіреді. Сүзіп алып, сары май салынған ыдысқа салады.

Ұсынарда жылытылған тарелкеге үйіп салып, сары май немесе маргарин құйып, қант сеуіп береді. Қаймақты бөлек береді. Ұсыну температурасы – 650С.


Сүзбеден әзірленген құймақ (сырник)

Үгілген сүзбеге жұмыртқа, құмшекер, ванилин, тұз және бірігуі үшін, еленген бидай ұнын (түсін өзгертпей, шала қуыруға болады) қосып, біркелкі масса болғанша араластырады. Қалыңдығы 5-6 см етіп, шұжық пішінге келтіреді. Қалыңдығы 1,5 см етіп кесіп, дөңгелек жапырылған пішін береді де, ұнға аунатады. Қыздырылған майы бар табада екі бетіне қуырма қызыл қабық пайда болғанша қуырады да, толық дайындықты 2500С температурадағы ішкі пеште (5-6 минут) жеткізеді.

Дайын құймақты ыстықтай сыбаға 2 данадан қаймақ, тәтті сүт, немесе тәтті тұздықтармен, қант сеуіп ұсынады.




Сүзбеден дайындалған пудинг.

Үгілген сүзбеге жұмыртқаның сары уызына езілген қант, жұмсартылған сары май, өңделген мейіз, ванилин, ұсақталған жаңғақ, еленген ұн (ұн немесе ұнтақ жарма) қосып араластырады. Оған бөлек ыдысқа көпіршітілген жұмыртқаның ақуызын жайлап қосып, араластырады.

Әзірленген массаны майланған, кепкен нан ұнтағы себілген қалыпқа салып, қаймақ жағып, ішкі пеште 25-35 минут қуырма қызыл қабық пайда болғанша қақтап пісіреді.

Ұсынарда сыбаға кесектерге кесіп, ыстықтай тәтті, сүт, қаймақ тұздығымен немесе ерітілген сары май құйып ұсынады.


Сүзбе-картоп пісірмесі

Піскен картоп пен сүзбені үккіштен өткізіп, оған жұмыртқа, ұн, тұз қосып араластырады. Қалыпты қатты сары маймен майлап, кепкен нан ұнтағын себеді де, массаны салып, үстін тегістейді. Қаймақ жағып, ішкі пеште 2000С температурада 30-40 минут қақтап пісіреді.

Ұсынарда қалыптан алып, тәрелкеге салады да, қаймақ салып береді.


Сүзбеден әзірленген пісірме

Үгілген сүзбеге бірігуі үшін, еленген бидай ұнын немесе ұнтақ жарма немесе қоймалжың ұнтақ ботқа, қант, жұмыртқа, ванилин, мейіз, цукат, лимон немесе мандарин цедрасын қосып араластырады. Майланған, кепкен нан ұнтағы себілген қалыпқа салып, үстін тегістеп, қаймақ жағып, бетіне өрнек салып, ішкі пеште қызыл қабық пайда болғанша қақтап пісіреді.

Ұсынарда сыбаға кесектерге кесіп, тәрелкеге салып, тәтті немесе қаймақ тұздығын құйып береді.


Сәбіз қосылған құймақ

Сәбізді үккіштен өткізіп, май қосып, суда бөктіреді. Оған үздіксіз араластыра себелеп ұнтақ жарма қосып, қоюланғанша пісіреді. 40-500С –қа дейін салқындатып, шикі жұмыртқа, үгілген сүзбе, қант, 3/2 ұн қосып араластырады. Пішінге келтіріп, ұнға аунатып, қызыл қабық болғанша екі бетінен қуырады. Толық дайындықты ішкі пеште жеткізеді.

Сүзбеден әзірленген тағамдардың сапасына қойылатын талаптар және сақтау мерзімдері

Жартылай фабрикаттар мен салқын сүзбе тағамдарын 0-60С температурада, варениктер, құймақтар, сүздеден әзірленген құймақшаны - 35 минут, пудингті-30 минут, пісірмені-1 сағат сақтайды. Сүзбе мен сүзбе массасын салқын жерде, қақпағы жабық тотықтанбайтын немесе шыны ыдыстарда, 150С температурада, 6-24 сағат сақтайды.




  1. Жаңа тақырыпты бекіту:

1. Сүзбеден дайындалатын ыстық тағамдар? (вареник, құймақ (сырник), пудинг).

2. Варениктер үшін қолданылатын қамыр түрі? (ашытқысыз, татымсыз).

3. Варениктің қамырының құрамы? (ұн, шикі жұмыртқа, қант, сүт)

4. Вареник үшін жасалған қамыр қабатының қалыңдығы? (1,5-2 см).

5. Жалқау варениктердің ақ сүзбе қосылған варениктерден айырмашылығы? (дайындау технологиясында).

6. Жалқау варениктің пішіні? (ромб, төртбұрышты).

7. Жалқау варениктің пісіру уақыты? (4-5 минут).

8. Сүзбеден әзірленген құймақтың құрамы? (сүзбе, жұмыртқа, ұн немесе ұнтақ жарма, қант).

9. Сүзбеден әзірленген құймаққа ұнды не үшін қосады? (бірігуі үшін).

10. Сүзбеден әзірленген құймақтың пішіні? (домалақ-жапырылған).

11. Сүзбеден әзірленген құймақтың аунатпасы? (ұн).

12. Пісірме» пісірілетін қалыпты қалай әзірлейді? (маймен және кепкен нан ұнтағын себеді).

13. Сүзбеден әзірленген құймақтың қақтап пісіру температурасы? (2500С).

14. Сүзбеден әзірленген құймақты қандай тұздықпен ұсынады? (тәтті тұздықпен).

  1. Үй тапсырмасы: Сүзбеден әзірленген ыстық тағамдар

Пайдаланылған әдебиеттер:

Аспаздық Г. Е. Бесімбаев, Е. Б. Бесімбаев

Қоғамдық тамақтандыру өнімдерінің технологиялары

Г. Күзембаева, Қ. Күзембаев, А. Смағұлова, А. Альжанова

Кулинария Н. А. Анфимова

Альбом плакатов по кулинарии В. И. Ермакова



















Автор
Дата добавления 24.05.2016
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров301
Номер материала ДБ-096903
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх