Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
« Ақ сүйек»
Ойыншылар екі топқа бөлініп, бір сызық бойына көрнекті жерге, бір біріне жақын тұрады.
Содан кейін бірінші топ ішіндегі ақ сүйекті жазық далаға мүмкіндігі болғанша алысқа лақтыруға тырысады. Екінші топтағылар іздеуге кіріседі, ал бірінші топ жайлап, сүйек лақтырып түскен жерге келеді.
Сүйекті тауып алған ойнаушы алғашқы ойын басталған жерге баруы тиіс, ал қарсыластары сүйекті тартып алуға тырысады. Оған арашылыққа өз тобынын ойнаушылары араласып, сүйекті бір біріне береді.
Егер іздеуші топ сүйекті аман есен жеткізіп болса, қарсы топтан бір ойнаушыны өз жақтарына тұтқындыққа алады. Тұтқындықты алып кеткеннен кейін, барлық ойнаушылар куанышты және көңілді ырғақпен « Айгөлек» әнін шырқайды.
Айгөлек, Айгөлек,
Айдың басы дөңгелек,
Сен шақырсаң, мен керек,
Мен шақырсам, сен керек.
«Үй артында қолағаш»
«Үй артында қолағаш» деген ойынында ойнаушылар бір бірімен қол ұстаса тұрып киіз үйдей шеңбер құрайды. Ойнаушылардың бірі қолындағы белдігімен не орамалмен шеңберді айнала жүгіріп өлең айтады
Үй артында қолағаш,
Желбеу тартам,
Есік аш.
Ойнаушылар оны шеңбер ішіне кіргізбейді және олар сол өлеңді айтуға жалғастырады.
Үй артында
Қолағаш,
Жел кірмесін,
Есік жап.
Осы кезде ойнаушы кенеттен өзінің дөңгеленіп тұрғандардың біреуін белдікпен соғады да, белдікті жерге тастап, жүгіруін жалғастырады.
Соғылған ойнаушы тез белдікті ала салып, ойнаушыны қарсы алуға жүгіреді, ал оның орны бос қалады. Барлық ойнаушылар көтерінкі ырғақпен
Қолағаш, қолағаш,
Жел кірмесін,
Есік бас.
Егер ойыншы бос орынға бірінші болып ұмытылса, онда оның жеңіске жеткені, ал жете алмаған ойыншы ойын қайта жалғастырады.
« Соқыр теке»
Ойнаушылар шеңбер жасап, ортасына « теке» қойып, көзін байлап жатқанда, ол өлең айтады.
Әй! Қаранғы көзім жоқ
Тиіп кетсе сөзім жоқ,
Маған жақын келіңдер,
Бір қыз ұстап беріңдер.
« Текенің» көзін байлаған кезде, ызаландра отырып, өлең айтады:
Соқыр, соқыр – соқырақ.
Өз көзіне топырақ,
Топырағым алайын,
Тотыяйын салайын,
Ал, ұстап көр батырым,
Міне келе жатырмын.
Осы кезде ойыншы біреуі «текені» итереді, ол сол кезде оны ұстап алуы керек, ұсталған адам «теке» болып жаңа « текені» ұстауға тырысады.
Ойын осылай жалғаса береді.
«Поезд» ойыны
Жүргізуші балаларды үлкен топқа бөледі.Бірінші топ балалары бір бірінең белінен ұстап поезд болады, ал екінші топ « поезд» әнін айта бастайды.
Кәне кімнің бойы ұзын,
Паровозы ол поездың,
Қатар – қатар тұрайық,
Поезді бір құрайық. –
Деген кезде, поезд болған топтың бір баласы топтын алдына шығып паровоз болып тұра қалады. Осы әннін шұмағына бірінші топтың балалары да қосылып, ойында бастайды. Музыка ырғағымен балалар поезд қозғалысын бейнелейтін қимылымен жүреді.
Ал, паровоз баста алға,
Бәріміз басқар да,
Пш – пш, пш – пш, біз кеттік,
Гу – гу, гу – гу гуілде.
Қалып қойма бірің де.
Пш – пш, пш – пш, біз кеттік.
Жүрісті тым үдеттік.
Балалар өз орындарына музыка ырғағымен жүре бастайды. Ілгері жүреді. Балалар гуілдейді, күледі, қуанады, жүгіреді. Қолдарын белдеріне босатып, ілгері – кейінді тербеледі. Поезд соңында тұрған баланы паровоз етіп ауыстырып отыру керек.
Ойынның тәрбиелік мәні: Балалардың саздық қабілеттілігін арттыруға, әннін сөздеріне байланысты әрекет, қимылдар жасап үйренуге зор әсер етеді.
6 653 685 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Бегайдарова Назгуль Серикбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс повышения квалификации
36 ч. — 180 ч.
Курс повышения квалификации
144 ч.
Мини-курс
6 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.