Сабақтың тақырыбы: Сөздер мен дыбыстар.
Сабақтың мақсаты: Сөз, дыбыс туралы үғымдарды түсіндіру. Сөздің дыбыстан
құралатынын, дыбыстың дауысты, дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде түсінік беру.
Есту қабілетін жетілдіру.
Сабақтың көрнекілігі: ойыншыктар, суреттер, фланелеграф, үлестірмелі
материалдар, текшелер, кеспе әріптер.
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші балаларды сабаққа ұйымдастырады. Балалар назарын өзіне аударып
есік қағады да, олардан не естігендерін сұрайды.
Тәрбиеші дабыдды (барабанды) соғады да, не естідіндер деп сұрайды.
- Дұрыс, балалар, сендер дыбыс естідіңдер? Бірақ ол дыбыстар
біркелкі ме?
- Дыбыстар әр түрлі болады. Мысалы: А-А десек? Оны созып айтуға болады,
дауысымыз еркін шығады. Ал енді бір дыбыстардың айтылуы қысқа. Мысалы: Д дыбысы.
Қане, бәріміз осы екі дыбысты айтып көрейік. Айырмашылығы қандай? Бұл
дыбыстарды жеке-жеке айтсақ, ол дыбыс. Енді осы дыбыстардан сөз құрайык. Топта
көргендеріңнен, ойыншықтардың аттарын, заттарды атандар.
- Сөз бір нәрсе туралы ұғымды біддіреді. Қуыршақ бұл ойыншықты
білдіреді. Осы сияқты басқа сөздерді де айтуға болады. Сөз дыбыстан құралады.
Енді ана сөзін талдайық.
АНА - неше дыбыс бар?
- Дұрыс айттындар, ана сөзі үш дыбыстан құралған. Келесі сөзді
өздерің ойлап, кезекпен айтындар.
- Жеке дыбыс ойлаңдар. Балалардың жауабы тыңдалады.
"Кім көп біледі?" ойынын Ұйымдастыру.
Балалар жеке дыбыстарды айтып жарысады. Ең аз айтқан бала жеңілген
айыбын өтейді. Алфавит сыры:
1 -б. Алфавиттің А тұрады басында
Әрқашанда Ә тұрады қасында.
Байқадың ба Б тұрады үшінші,
Ал, осының сыры неде?
Түсінші.
2-6. А деген ол —
Аналар ғой ардақты
Ә деген ол — Әкелер ғой салмақты,
Б деген ол — Балалар ғой әдемі,
Біздің елде Үшеуі де кәделі...
Алшақ кетпей,
Сондықтан да, расында,
Тұрады олар Алфавиттің басында!
— Жақсы балалар, енді "Сөз жарысын" ұйымдастырайық. Кім
көп сөз айтса, сол жеңімпаз болады.
Бала сөзді тоқтағанша айтып жарысады.
Көп сөз айтқан бала мадақталады.
Тәрбиеші сөз, дыбыс ұғымдары жөнінде сұрақтар қояды.
— Дыбыс пен сөздің айырмашылығы неде?
— Дыбыс қандай болады?
— Сөзге мысал ойла.
— Жан-жануар қалай дыбыстайды?
Балалар жауаптарын тәрбиеші толықтырып сабақты аяқтайды.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.