Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / Сөзжасам 5-сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Сөзжасам 5-сынып

библиотека
материалов

hello_html_190e626f.gifСабақтың тақырыбы: СӨЗЖАСАМ

Мақсаты: Сөзжасам, қазақ тіліндегі сөздердің жасалуы туралы түсінік беру.

Күтілетін нәтижелер:

1. Сөзжасамның ережесін біледі, мысал келтіреді, бөліседі. (Барлығы)

2. Алған білімдерін шешім қабылдауға пайдаланады, саралайды, талқылайды. (Көпшілігі)

3. Мысалдар келтіреді, өз пікірлерін айтады, алған білімдерінің құндылығын анықтайды.

(Талантты және дарынды оқушылар)

Керекті жабдықтар:

Презентация, интерактивті тақта, оқулық, жұмыс дәптері, ресурс, тест тапсырмалары, бағалау парағы, стикер, мұғалімге арналған нұсқаулық ІІІ деңгей.

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Визуалды оқыту, ой қозғау, сұрақ қою техникалары, топтық жұмыс, жеке жұмыс, белсенді оқу, «Ыстық орындық», «Стикердегі диалог» әдістері арқылы жаңа тақырыпты меңгерту, деңгейлік тапсырмалар, формативті бағалау түрлері

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері: Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті

Кіріспе: 2 мин Сыныппен амандасамын. Сыныпты «Қос сөз», «Тіркескен сөз», «Біріккен сөз» деп 3 топқа бөлемін. Сәлемдеседі. 3 топқа бөлініп отырады.

Дәптерлерін ашып, партаның шетіне қояды.

Тұсаукесер:

3 мин

Сөзжасамды сөздерді ашатындай суреттер көрсетіп, сабақтың тақырыбын анықтатамын.

- Бұл суреттер мен сөздер туралы не айта аласыз?

- Біздің сабағымызға қандай қатысы бар?

- Сөздердің жасалуына назар аударыңдаршы.

Ой қозғаймын.

Әр жауапты мадақтап, ынталандырып отырамын.

Жаңа тақырып: «СӨЗЖАСАМ» Әрқайсысы суреттерді әңгімелейді, сыни ойлайды, ойын тұжырымдайды, суреттерді тақырыппен байланыстырады.

Тақырыпты жұмыс дәптерлеріне жазады.

Сабақ мақсатын анықтайды:

Сабақ критерийлерін шығарады:

Сөзжасамның ережесін білу

Жасалу жолдарын анықтау

Мысал келтіре алу

Қолдана алу

Негізгі бөлім:

5 мин Тақырыпқа байланысты ресурстар таратып беремін.

Белсенді оқиды, топта түсінгендерін айтады. Әр топ негіз-гі түсініктерді талдап, түсіндіреді, оқу техникасын дамы-тады, алған білімін пысықтайды, өмірде қолданып үйре-неді. Топпен тапсырмаларды бірігіп орындайды, дарынды оқушылар жетекшілік етеді.

29 мин

Блум таксономиясы бойынша тапсырмаларды орындау. Әр оқушыға қол жетімді тапсырмалар беру.

Білу: «Ыстық орындық» әдісі арқылы жаңа тақырыпты меңгерту.

Түсіну: «Стикердегі диалог» әдісімен сұрақтар дайындату, жауап бергізу.

Қолдану: Өз мысалдарын келтірту.

Талдау: 355-жаттығу жұмысын орындату.

Жинақтау: Тест тапсырмасы бойынша білімдерін бекіту.

Бағалау: Тақырып бойынша алған білімдерін форматифті бағалату. Дарынды және талантты оқушылар білімін бекітеді, қалған оқушылар солардың көмегі арқылы жаңа тақырыпты меңгереді.

Бір оқушы «СӨЗЖАСАМ» рөлін сомдап, «ыстық орын-дыққа» отырады, қалған топ оқушылары тақырып бойын-ша сұрақ қояды. Оқушы жауап бере алмаса, тобы көмекке келеді.

Дарынды оқушылар кеңейтілген тапсырмаларды орындауда жетекші болады.

Қорытынды:

1 мин

5 мин Үйге тапсырма:1. Ережелерді қайталау. Мысалдар келтіру. 2. 356, 358 – жаттығулар.

3. Тест құрастыру.

Сабақ критерийлеріне сәйкес оқушылар өздерін бағалайды, сабақ барысындағы жұмыстануы бойынша, сыныппен кеңесе отырып бағалаймын, бағаға түсініктеме беріп, жетілу жолдарын айтамын.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Өздеріне формативті баға береді, бірін-бірі критерийлер арқылы бағалайды.

Сабақтың өзіндік талдауы: сабақтың кіріспе бөлімінде сыныпты «Қос сөз», «Тіркескен сөз», «Біріккен сөз» деп 3 топқа бөлдін. Тұсаукесерде сөзжасамды ашатындай суреттер мен мысалдар көрсетіп, сабақтың тақырыбын анықтаттым да, бұл суреттер мен сөздер туралы не айта аласыз, біздің сабағымызға қандай қатысы бар, сөздердің жасалуына назар аударыңдаршы деген сұрақтар қойып, ой қозғаттым. Сабақ Блум өлшемдеріне негізделіп құрылды. Оқушыларға сабақтың мақсатын айтып, кретерийін құрдық. Жаңа тақырыпты меңгертуде оқушылар берілген тақырыпты белсенді оқыды, топта түсінгендерін айтты, «Ыстық орындық» әдісімен меңгерді. Бір оқушы «СӨЗЖАСАМ» рөлін сомдап, «ыстық орындыққа» отырды, қалған топ оқушылар тақырып бойынша сұрақ қойды. Оқушының жауап бере алмаған сәттерінде тобы көмекке келді. Сабақта әр топ негізгі түсініктерді талдап, түсіндірді, оқу техникасын дамытты, алған білімдерін пысықтады, өмірде қолдау жолдарын үйренді. Топпен тапсырмаларды бірігіп орындауда дарынды оқушылар жетекшілік етті. Оқушылар «Стикердегі диалог» әдісімен тақырып бойынша сұрақтар дайындап, жауап берді, өз мысалдарын келтірді. Тест тапсырмасымен тақырыптан алған білімдерін жинақтап, сабақ соңында алдын ала берілген топтық, жұптық үлгімен формативті бағалады.

Сабақтан алған білімдері мен әсерлері туралы рефлексия жазып тапсырды. Мен өз тарапымнан қойған бағаларына түсініктеме беріп, жетілу жолдарын айтып өттім.


























Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Дауыл»

Сабақтың білімділік мақсаты: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайында мағлұмат беру, өлеңнің мазмұнын ұғындыру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Мәтінге талдау жасай білу, өзіндік пікір айту дағдыларын дамыту, мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру, ізденуге жетелеу.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Ақын қаламынан туған өлеңдері арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор табиғаттың құбылысы арқылы өз басындағы қиындықтармен күресе білуге жас ұрпақты тәрбиелеу, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін арттыру, үлгі-өнеге алуға шақыру.

Сабақтың көрнекілігі: С.Мәуленов, Қ.Аманжолов портреті, интербелсенді тақта, слайдтар, видеофильм, мультимедиа.

Пәнаралық байланыс: Музыка, жаратылыстану, әдеп.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдістері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, сатылай кешенді талдау.

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Психологиялық тренинг (2 минут).

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1.Сырбай Мәуленовтың өмір жолын сұрау.

2. «Менің Республикам» өлеңін жатқа айту.

3. Өлеңге сатылай кешенді талдау жүргізу.

Қосымша сұрақтар: 1.Ақынның есімі неге «Сырбай» деп қойылған?

2.Пафос дегеніміз не?

3.Өлең сендерге ұнады ма? Несімен ұнады? Қандай әсер алдыңдар?

4.Қазақстан Республикасының Гимнінің мәтінін жатқа айт.

5. Қазақстан Республикасының Гимні мен С.Мәуленовтың «Менің Республикам» өлеңінің ортақ пафосын көрсет.

6. Басқа осыған ұқсас ақындардың өлеңін тауып , мәнерлеп оқы немесе әнін айт.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы компьютерден тыңдалады.

2. «Өзім туралы» әнінен үзінді тыңдалады.

3. «Дауыл» өлеңі бірнеше рет оқылып, мазмұны түсіндіріледі.

4. Оқушыларға сұрақ беріледі: - Дауылды қалай түсінесіңдер?

- Қатты соққан дауылды көрдіңдер ме?

- Сіздерде жаратылыстану пәні өтіледі. Осы пәнде дауылдың бірнеше түрлеріне тоқталасыздар. Ендеше дауылдың басқа түрлерін білесіңдер ме?

- Торнадо,Тайфун, Цунами, Құйын, т.б. түрлері видео арқылы көрсетіледі.

5. Өлеңді неше бөлікке бөлуге болады? (2 бөлімге, балалық және жастық кезең).

- Алдыңғы екі шумақта баланың көңіл күйі, мінезі айтылып тұр ма? Баланың осы әрекеті нені байқатады.

- Өлеңнің 3,4,5-шумақтарындағы дауылға көңіл аударып, оған мінездеме беріңдер.

- Соңғы екі шумақ өлеңнің түйіні. Лирикалық кейіпкерге яғни ақынға дауылдың қандай әсері болды?

ІҮ. Өлең құрылысына талдау.


Ышқына // соққан дауылға 8б А

Құмартушы ем // жасымда. 8б Б

Нөсерлеп //құйған жауында 8б А

Қызығушы ем // жасынға. 8б Б


Ү. Өлеңге сатылай кешенді талдау жүргізу.


«Дауыл»

1.Авторы:

2.Өлеңнің тақырыбы:

3.Идеясы:

4.Жанры:

5.Шумақ:

6.Тармақ:

7.Бунақ:

8.Буын саны:

9.Ұйқасы:


10.Әдеби теориялық

ұғымдар:

1. Теңеу:

2. Эпитет:


11.Түсіндірме сөздік

12.Өлеңнің негізгі

түйіні


1.Авторы: Қасым Рақымжанұлы Аманжолов 1911 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туған.1924-1926 жылдары Семей интернатында оқыған.1931 жылы Семейде мал дәрігерлік техникумын бітіріп, Орал қаласындағы педагогикалық институтқа түседі. Алматыда «Жас алаш» газетінде қызмет істейді.1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, Отан қорғайды. 1938 жылы «Өмір сыры» деген атпен алғашқы өлеңдер жинағы жарияланады.

2.Өлеңнің тақырыбы: Табиғат құбылысы.

3.Идеясы: Қарсы соққан қиындықпен күресу.

4.Жанры: Өлең.

5.Шумақ: 7

6.Тармақ: 28

7.Бунақ: 2

8.Буын саны: 8 буын.

9.Ұйқасы: А,Б, А, Б

10.Әдеби теориялық ұғымдар:

А) Теңеу: бұлттай

Ә) Эпитет: көк дауыл,

11.Түсіндірме сөздік:

дауыл – жауын-шашынды кезде қатты ұйытқып,құтырына соғатын жел

сырғауыл – жіңішкелеу келген ұзын ағаш

керуен – көш

12.Өлеңнің негізгі түйіні: Қиындықпен күресе жүріп ер жеткен ақын, өмірдің небір дауылына төтеп бере алатынына кәміл сеніп, аяғын нық басуға дайын.

ҮІ. Ой тлғау. Өмірде кездесетін қиындықтарға қалай қарсы тұра аламын?

ҮІІ. Сабақты бекіту:

1. Қасым Аманжолов кім?

2. Ақынның қандай шығармаларын білеміз?

ҮІІІ. БҮҮ кестесі

Білетінім Үйренгенім Үйренгім келеді

Табиғаттың құбылыстары дауыл, құйын, тайфун жөнінде білемін. Ақын Қасым Аманжоловтың өмірімен таныстым, оның өмірдің қиындығымен күресе білуін оқи отырып үйрендім. Ақынның шығармашылығы, өнері туралы тереңірек білсем


ІХ. Бағалау:

Х. Үйге тапсырма: 1. Өлеңді жаттау.

2.Көз алдымызға елестете отырып, дауылдың суретін салу.













Сынып: 9 – сынып

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев өмірі, шығармашылығы

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: Жыр пырағы – Мағжан туралы деректер беру, шығармалары туралы түсініктер беру арқылы жаңа тақырып бойынша білімділіктерін қалыптастыру.

ә) дамытушылығы: Ақын шығармалары арқылы оқушылардың әдебиетке деген таным - біліктерін шыңдау.

б) тәрбиелілігі: Елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, екі жақты күнделік, топтастыру

Көрнекі құралдар: Ақын кітаптары, ақын суреті

Сабақтың құрылымы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

Жаңа материалға тірек болатын білім мен іскерлікті жаңғырту.

2. Жаңа сабақ / Хронологиялық кесте бойынша ақын өмірі, шығармашылығы туралы айту/

3. Мағжан өлеңдерімен танысу

а) Мәнерлеп оқу

ә) Өлеңді құрылысына қарай талдау, көркемдегіш құралдарды табу

б) Екі жақты күнделік

4. Қорытындылау

5. Үйге тапсырма, бағалау


Сабақтың барысы:

- Алғашқы көктем мерекесі, балалар! Алдымызда, көктем айларында көптеген мерекелер жақын. Осыған орай сыныбымыздың ер балалары қыздарымызға жылы лебіз, жақсы тілегімізді айтудан бастасақ...

- Қыздар, мерекелерің құтты болсын!

- Сіздерге тілейтінім, жақсы білім алып, үздік атану!

- Мен сіздерге болашақта еліміздің үлгілі азаматшасы болуларыңызға тілектеспін.

- Сыныптас қыздар! Бәріңізге амандық, саулық тілеймін. Жұптарымыз жазылмасын!


- Ал, енді оқушылар, бүгінгі сабағымызға назар аударалық.

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?

Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,

Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?-

- Бұл өлең жолдарының авторы кім, қане, есімізге түсірелік.

- Мағжан Жұмабаев.

- Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Мағжан Жұмабаев өмірі, шығармашылығы. Дәптерімізді ашып, күннің жады мен тақырыпты жазайық.

- Есімізге түсірелік, Мағжан кім?

Мағжан:

Прозашы

Аудармашы

Ақын

Абайдың ізбасары

Лирик

Поэмашы

Бес арыстың бірі


- Өте жақсы, Мағжанның қандай өлеңдерін білеміз?

-«Түркістан», «Сорлы қазақ», «Қазағым», «Күз», «Толқын», «От», т. б.

- Ендеше, оқушылар, мен сендерге Мағжан Жұмабаев өмір жолы мен шығармашылығымен толығырақ таныстырып өтейін.


Өмірдерек кестесі

Тарихи күн Болған оқиғалар

1893ж. 25. 06. Мағжан Жұмабаев Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл басында туған.

1909 ж. Мағжан Абайдың Петербургте жарық көрген өлеңдерін оқып, содан сусындайды.

1910 - 1913жж. Уфада Ғалия медресесінде оқиды.

1913 - 1917жж. Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқып, оны алтын медальмен тәмамдайды.

1917 - 1923жж. "Бостандық туы", "Ақжол","Шолпан" газет - журналдарында жұмыс жасай жүріп, халық ағарту ісіне белсене араласады.

1923 - 1926жж. Мәскеуде көркем - әдебиет институтында оқиды.

1927 - 1929жж. Бурабайда, одан соң Петропавлда оқытушылық қызмет атқарады.

1912ж. Қазан қаласында алғашқы "Шолпан" атты өлеңдер жинағы басылды.

1922ж. Келесі өлеңдер жинағы Қазанда, Ташкенде басылады. Атақты "Батыр Баян" дастаны дүниеге келеді.

1922 - 1923жж. "Педагогика"

1925 ж. "Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жайы" еңбектері жарияланады.

1927 ж. Қызылжар педагогикалық техникумы мен совет партия мектебінде сабақ беріп жүреді.

1929 ж. Москвадағы Бутырка түрмесіне қамалады. Содан 10 жылға сотталып, Карелияда 10 жыл айдауда болады.

1935 ж. М. Горькийге хат жазып, ұлы жазушының көмегімен абақтыдан босайды.

1937ж. 18. 03 С. Сейфуллиннің шақыруымен Алматыға келеді. Бірақ

1937ж. 30. 12. қайтадан тұтқынға түседі. Сөйтіп аяулы ақын сталинизмнің құрбаны болады.


Мағжанның әкесі Бекен мен анасы Гүлсімнен тараған 7 ұл мен 2 қыз да қуғын – сүргінге ұшырайды. Олардың айыбы біреу ғана – олар Мағжанның іні - қарындастары болғандары үшін.

Қазіргі заманда Мағжаннан басқасының бәрінің де арттарында қалған ұрпақтары бар. Ал Мағжан жасында мұғалімдер семинариясын бітіргеннен кейін, Қызылжар қаласында тұратын Шоқан Тастеміров деген кісінің қызымен ( Зейнеп ) қосылады. Бірақ 1 - 2 жылдан соң Зейнеп қайтыс болады. Азамат соғысы заманына қатысты атын Граждан деп қойған кішкентай нәрестесі де келесі жылы көз жұмады. Сол жылдары ақын қаламынан жары мен ұлына арналған талай мұң мен зарға толы өлеңдері дүниеге келеді.

- Мағжан Шығыс поэзиясы, Батыс, орыс әдебиеті және фольклор (халық ауыз әдебиеті) арқылы сусындап, мол тәлім алды.

- Ақындық жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр енгізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын – Мағжан.

Ол 8 - 9 буынды жаңа өлшеу енгізді.

(Мағжан өлеңдері, поэмалары, прозасы туралы толық түсініктер бер

- Жаңа сабақ бойынша оқушылар сұрақтарына жауап беру.


Оқулықпен жұмыс.

- Ақын өлеңдерімен таныстыру. Мәнерлеп оқу.

- Өлеңдерін құрылысына қарай талдау. ( Тақтаға шығып орындату)

- Көркемдегіш құралдарды табу.( теңеу, эпитет, метафора)


Интерактивті тақтамен жұмыс.

- Алдын - ала жазылған кестені толтыру.

Өзің таңдаған жолды оқу Бұл үзіндіні неге таңдадың, себебі.


- Оқулықтан тыс өлеңдер жинағын оқушыларға жатқа оқыту, талдау.


«Мағжан ілімі кімге бұйырады?» ойыны.

- Сіздерге ең бірінші сұрақ беріледі. Ол сұрақтың 3 түрлі жауабы бар. Оның біреуі ғана дұрыс. Сіз ойынның қатысушысыз. Сізге

3 жеңілдік бар. Бірі – менен сұрау. Екіншісі – қатысып отырған

ұстаздардан сұрау. Үшіншісі – достарыңыздан сұрау.


1. Мағжан поэмасын атаңыз.

а) Манас батыр

ә) Батыр Баян

б) Ержүрек Темірұл


2. Мағжанның махаббат тақырыбындағы жыры.

а) Қайың

ә ) Қоңыр жыр

б) Айырылғанда


3. Мағжанға баға берген кім?

а) Абай

ә) М. Әуезов.

б) Ш. Құдайбердиев.


4. Мағжан қандай әдебиеттен сусындады?

а) Солтүстік, оңтүстік

ә) Батыс, шығыс

б) Америка, Англия


5. Бес арыстың бірін ата.

а) Ш. Уәлиханов.

ә) Ы. Алтынсарин.

б) М. Дулатов.


6. Мағжанның алғашқы ұстазы кім?

а) Ахметдин Ақанов

ә) Ғалымжан Ибрагимов

б) Мұхаметжан Бегішов


7. Мағжанның Абай өлеңдерімен сусындауы...

а) 1900 жыл

ә) 1902 жыл

б ) 1909 жыл


Қорытындылау.

- Оқушылар, Мағжан ақын ұстазы ұлы Абай екеуі де бір мәуелі бәйтеректей. Қане, бәріміз қосылып Абайдың бір әнімен сабағымыз -

ды аяқтайық.


Үйге тапсырма, бағалау.

- М. Жұмабаевтың өлеңдерін жаттап келу.

- Ақын туралы мәнжазба дайындау.
























Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер

Сабақтың мақсаты:

1. Тұрақты тіркестердің жасалу жолын, олардың мағыналарын түсіндіру

2. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту, пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру

3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сызба

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, отырғызу.

Кезекшімен диалог.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ Жаңа сабақ

Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбына шығу.

Тірек сызба арқылы сабақты түсіндіру

1 - тапсырма

Топпен жұмыс.

Әр топқа сөз тіркестері жазылған карточкалар таратылады. Солардың ішінен тұрақты тіркестерді теріп жазу қажет.

Содан кейін әр топ орындаған тапсырмаларын оқиды. Ал басқа топтар дұрыс, не бұрыс екенін айтады. Егер дұрыс болмаса дәлелдейді.

ІV Сабақты меңгерту

2 - тапсырма

Тұрақты тіркестердің мағынасын жазу

1. Ағама жеңгем сай, апама жездем сай

2. Арқа сүйеу

3. Бауыр басу

4. Инемен құдық қазғандай

5. Опық жеу

6. Маңдай тер

7. Өрісі кең

8. Кірпік қаққанша

3 - тапсырма

Тұрақты тіркестерде қандай қате жіберілген тап...

Қадалған жерден су алу -

Үй көтерді -

Жерден алты қоян тапқандай -

Ешкі аузынан шөп алмас -

Екі аяғын екі етікке тығу -

4 - тапсырма

Топтар арасында сайыс.

Әр топ кезектесіп антоним, синоним болатын тұрақты тіркестерді айтады.

М - лы: Су жүрек - Жүрек жұтқан, т. б

5 - тапсырма Мына сөздерге тұрақты тіркестерді жазыңыз.

М - лы: Тез - қас пен көздің арасында; кірпік қаққанша

Қуану -

Өкіну -

Назар аудару -

6 - тапсырма Сиқырлы сандықша.

Сандықшаның ішінен балалар тұрақты тіркестер жазылған қағаздарды қарамай алып, олардың беретін мағыналарын айтады

V Сабақты қорыту

Тест орындау.

VІ Үйге тапсырма

Тұрақты тіркестерді қатыстырып шағын эссе жазу


VІІ Бағалау

Тұрақтты сөз тіркестері


Тілде еркін сөз тіркестері, тұрақты сөз тіркестері деген терминдер бар.

Еркін сөз тіркестері – өзі аты айтып тұрғандай, тіркестегі сөздер еркін, орындарын басқа сөздермен ауыстыра болатын сөздер. Мысалы: жасыл қала – әдемі қала немесе жасыл кітап, қызық кітап т.б.

Тұрақты сөз тіркестері дегеніміз – тілде екі немесе одан да көп сөздермен тіркесіп бір ғана мағынаны беретін сөздер. Тіл білімінде тұрақты сөз тіркестерін фразеологизмдер деп те атайды. Мысалы: ит тұмсығы өтпес (қалың, ну), қоян жүрек (қорқақ), беті бүлк етпеу (ұялмау) т.б.


Тұрақты сөз тіркестерінің негізгі белгілері

1) Тіркес құрамында кемінде екі сөз болуы керек.

2) Сөздердің орны өзара ауыстырылмайды.

3) Тіркес құрамындағы сөздерді басқа сөздермен өзгертуге келмейді.

4) Тіркес құрамындағы сөздер жеке–жеке мағына бермей, барлығы тұтас бір мммааағыыынннаны ашады.

5) Сөйлем құрамында бір бүтін тұлға ретінде жұмсалады.

Тұрақты сөз тіркестері идиома және фраза деп бөлінеді.

Идиома – тіркес құрамындағы сөздерді бөлуге келмейтін, мағына тұтастығы тіркеспен бірге анықталатын сөздер тобы. Мысалы: мұрнын көкке көтеру (менменсу), қара қылды қақ жару (адал), аузына ақ ит кіріп, қара ит шығу (қатты балағаттап ұрсу), салы суға кету (ұнжырғасы түсу) т.б.

Фраза – тіркес құрамындағы сөздердің біреуі болса да, бастақы лексикалық мағынасын сақтап тұратын сөз тіркесінің түрі. Мысалы: тепсе темір үзу (мықты), бұраң бел (нәзік, жіңішке бел), алма мойын (әдемі мойын), асқар тау (биік тау) т.б.

Қазақ тілі – тұрақты сөз тіркестеріне бай тіл. Тілдегі көркемдеп, бейнелеп жеткізудің әрі нақты суретті көзге елестете жеткізудің құралы болатын тұрақты сөз тіркестері сөздігі «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздңгңнде» (І.Кеңесбаев, А., 1997) берілген.


Фразеология» термині кең мағынада алғанда, белгілі бір тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің барлық түрлерінің жиынтығы деген ұғымды білдіреді.Фразеология-грек тілінің «phrasis»-сөйлемше және ұғым, білім деген сөздерінен алынған.

Тілімізде қолданылатын жеке сөздермен бірге көптеген ерекше қалыптасқан сөз тіркестері және сөйлемшелер бар.Ол сөз тіркестерінің екі не одан да көп компоненттрі болады, бірақ сөз тіркестері семантикалық бірлікте болып, тұтас бір ұғымды білдіреді.Мысалы: көз бояу, жүрегінің түгі бар,т.б.Мұндай тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы ғасырлар бойы қалыптасып, ел аузында көп айтылып, жалпы халыққа түсінікті болып кеткен.

Мағынасы жалпыға белгілі, грамматикалық байланысы жағынан бір бүтін болып, қолданылуы дәстүрге айналған тұрақты сөз тіркестерін тіл білімінде фыразеологиялық орам немесе фразеологизмдер деп атайды.Фразеологизмдерге идиома, фраза, мақал-мәтелдер жатады.Сонымен бірге қалыптасқан тиянақты фразеологиялық топқа жататын сөздердің бір саласы-қос сөздер.Қазақ тіліндегі қос сөздер форма жағынан да, семантика жағынан да түрлі-түрлі болып келеді.Қос сөздер әдетте екі сөзді болады.Құрамында үш сөз бар қос сөздер сирек кездеседі.Қос сөздердің сыртқы белгілері:

А) дефис арқылы жазылады: «тәлім-тәрбие», «бала-шаға», «үйме-жүйме», т.б.

ә) үтір: «ұзын арқан, кең тұсау», «ару, ардагер», «тебінгіден тер жауып, қабырғадан қан жауып» т.б.

б) қос сөздер қатарына даусыз енгізілуге тиісті «үлде мен бүлде» сияқты тізбектер «мен» жалғаулығымен туғандықтан сызықшаны да, үтірді де керек етпейді.

Үтірмен бөліп жазылған қос сөздерді «күрделі қос сөздер» деп атауға болады.Қос сөздердің фразеологизмге ұқсастық белгілері көп.Ол ұқсастықтар жоғарыда аталған еңбекте толық көрсетілген.

Фразеологизмдердің өзіне тән негізгі қасиеттері:

1. Дайын тілдік единица ретінде жұмсалады;

2. Жалпыға бірдей танылған қолдану заңы болады;

3. Мағына бірлігі сақталады;

4. Екі сөзден кем болмайды.

Фразеологизмнің қай-қайсысы болмасын бәріде ең алғаш халықтық сөйлеу тілі негізінде қалыптасқан.Сондықтан олар өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай келеді.Фразеологизмдер алдымен адамдардың ой-сезімін, ара қатынасын, өмір тануын білдіреді.

Қазақ тілі фразеологизмдерінің біразы өткір сықаққа құрылған.Ол қасиет әсіресе жағымсыз образдарды сипаттайтын идиом, мақал-мәтелдерде баса сезіледі.Мысалы: «түйе үстінен сирақ үйту», «жүн қырыққан», «ит екеш итке де бір сүйек қарыздар», т.б.Фразеология-


2

тұрақты сөз тіркестерінің жүйесін зерттейтін тіл туралы ғылымның бір саласы.Фразеология-соңғы жылдары дамып, қалыптаса бастаған жаңа линвистикалық пән.

Фразеология өз алдына бөлек лингвистикалық пән ретінде еліміздегі фразеологизмдерді құрылысына, мағыналық ерекшелігіне қарай жіктеп топтастырады және жасалу жолдарын, даму заңдылықтарын зерттейді.Тұрақты сөз тіркестерінің мәселелері қазіргі таңда тіл ғылымында актуалды проблемелердың бірі есебінде зерттеліп жүр.Өйткені фразеология-тіл мәдениетін арттырып, шеберлікке үйрететін сөз өнерінің асылы.Сонымен қатар ол бір тілден екінші бір тілге аудару техникасын жетілдіреді, социалистік дәуірде жаңа фразеологизмдердің қалыптасуы мен баю жолын аңғартады.

Лингвистикалық пәндер сөйлемді дұрыс құрып, қалай жазуды, тыныс белгілерін қоюды оқытып үйретеді.Ал тілдік тәсілдерді өткір, нақтылы, дәл және мәнерлі қолдану, жалпы тіл мәдениетін арттыру сияқты мәселелер стилистиканың үлесіне тиеді.Стилистика үшін фразеологизмдердің мәнерлеу тәсілі ретінде маңызы зор.Сондықтан стилистика тұрақты сөз тіркестерінің тіліміздегі атқаратын қызметіне, оның қолдану заңдылықтарына баса көңіл бөледі.















































Мұхтар Мағауин "Бір атаның балалары" повесті. "Бейбітшілік - халық арманы екенін, бауырмалдық қазақ халқының ұлттық ерекшелігі ме?" деген сұраққа жауап іздеу.

Оқу мақсаттары

·         Шығарманың  мазмұнын меңгерту,

·         кейіпкердің ішкі жан дүниесін  ұғындыру,

·          "соғыс" ж/е "бейбітшілік" сөзінің мәнін ашу

Табыс өлшемдері

Шығармадағы оқиғалармен танысады,  мазмұндай алады, бейбітшілік пен соғыстың мәнін ажырата алады, кейіпкерлерді және олардың іс-әрекетін саралай білу

Бағалау мүмкіндіктері:

Қай балалар бағаланады?

Барлық топ бірін-бірі және өзін-өзі бағалауға қатысады

Оқу мақсаттарының қайсысы бағаланады? Бірін- бірі бағалау / /, ойларын бағалау, көршіңізге айтыңыз, стикер  /топтың жұмысына пікір білдіру/

Бағалау мүмкіндіктері: Әдістер

Дәлелдер қалай жиналады?

-топпен жұмыс -флипчарт толтыру

-топпен бірлесе жұмыс істеп үйрену

-Венн диаграммасын толтыру

Негізгі лексика

Соғыс, бейбітшілік, бауырмалдыұ, Зигфрид- Зекен, Ахмет шал

АКТ мүмкіндіктері

Ұлы Отан соғысы туралы  фильмнен үзінді

Сыныпты ұйымдастыру

-Амандасу;

-Сергіту сәтін өткізу

-Сыныпты топқа бөлу :Смайликтер арқылы топқа бөлу

Ресурстар: 

 

 

Смайликтер






 

Уақыты

Тапсырма

Мұғалім ролі және басқалардың ролі

3 минут

 

2 минут

Кіріспе

Ұлы Отан соғысы туралы фильмнен үзінді көру. Проблемалық сұрақ."Соғыс" дегеніміз не?  ой қозғау

Осы сұрақтың жауабы негізінде сабақтың  тақырыбын шығару. Жазушының өмірбаяны, шығармашылығы туралы слайд көрсету

"Жетім балалар" слайд көрсету. Әке- шешесіз қалған жетім балаларға кімдер қол ұшын созды деп ойлайсыңдар?  "Болжау" стратегиясын қолдану. Бұл сұрақтың жауабын білу үшін біз мәтінмн танысайық.

Мәселелі сұрақ қою,

Оқушы өз ойын ұсыну

Слайд көрсету

 

 

7 минут

3 минут

 

 

 

 

5 минут

Негізгі тапсырма

Мағынаны тану. Өзара оқыту, ой бөлісу  стратегиясы арқылы мәтінді үзіктерге бөліп беремін, оқушылар оқып болған соң топ ішінде бір- біріне  кейін келесі топқа түсіндіреді.

І топ -"Бастаудан"- Ахмет шалдың аттан түсуіне дейін;

ІІ топ-Зигфридті қалап алуынан  Зекен болып оянуына дейін.

Зигфридтің Зекен болып қалыптасуы.   "Болжау"/стратегиясы арқылы оқушылар пікірін білу

Зигфрид Вагнер деп айтуға тілі келмеген Ахмет шал оны қазақшалап Зекен деп атады. Бар баласын соғысқа аттандырып, қара қағаз алып, шаңырағым шайқалып, отым өшеді деп отырған Ахметтің Зекен үміт шырағын жақты. Өзіндегі бар мейірімін, ұлттық қасиетін осы Зекен бойына сіңіруге тырысты. Сондықтан Зекен бірден өзінің туған үйіне тап келгендей сезінді. Бөтенсімей, сіңіп кетті. Әке мен ананың ыстық құшағы, жұмсақ алақаны, махаббаты Зекенді қазақ ұлы етіп жіберді.

Сұрақ- жауап әдісі :   -Зигфрид неге жетім?

- Ахмет шал Зигфридті неге Зекен қылды? қорытынды шығару

 

Оқулықпен жұмыс

Бір-бірін түсіндіру

Пікірін айту

 

Мұғалім түсініктемесі

 

 

Жұмысын қорғау

 Өз жауаптарын айту

10 минут

 "Соғыс", "Бейбітшілік" Топтық пікірталас : қайшылықтарды анықтау. Әр топ постерге екі сөздің анықтамасын түсіріп, қорғайды

Топтық жұмыс

Қорғау

Бағалау

Сабақ қорытындысы:"Зекенге хат" ой-толғау жазу  тапсырылады.

 

 

 

 

Оқу салалары: Қазақ әдебиеті

Күні, уақыты:

Сабақ ұзақтығы:45

Сынып/Топ:    6        

Оқушылар саны: 8

Оқушы жөнінде ақпарат: (Мысалы: SEN; EAL нөмірлері)

Сабақ конспектісі (оқу бағдарламасы құжаттарына сілтемелер қамтылу керек):Мұхтар Мағауин "Бір атаның балалары" повесті. Зигфрид Ахметұлы  бейнесін ашу. Шығарма кейіпкерлерін талдау

Оқу мақсаттары

·         Оқушылар шығарма кейіпкерлерін жан - жақты талдап, олардың арақатынасын анықтайды.

·          Әр оқушы кейіпкерлерге сын тұрғысынан баға беріп, зерттеу жүргізеді, өз ой - пікірін білдіре алады.

·          Шағын топта бірлесе ынтымақпен жұмыс атқарады, бірге қорытынды жасайды.

Табыс өлшемдері

Кейіпкерлерді тани алады, адами қарым-қатынастарын таниды,  олар туралы сыни пікір айтады, бірлесе жұмыс атқарып, қорытынды шығарады.

Бағалау мүмкіндіктері:

Қай балалар бағаланады?

Барлық топ бірін-бірі және өзін-өзі бағалауға қатысады

Оқу мақсаттарының қайсысы бағаланады? Бірін- бірі бағалау / /, ойларын бағалау, көршіңізге айтыңыз, стикер  /топтың жұмысына пікір білдіру/

Бағалау мүмкіндіктері: Әдістер

Дәлелдер қалай жиналады?

-топпен жұмыс -флипчарт толтыру

-топпен бірлесе жұмыс істеп үйрену

-

Негізгі лексика

 бауырмалдық, Зигфрид- Зекен, Ахмет шал

АКТ мүмкіндіктері

М. Мағауин туралы оқушы презентациясы

Сыныпты ұйымдастыру

-Амандасу;

-Сергіту сәтін өткізу. "Ассосация телефон"

-Сыныпты топқа бөлу :Жұп және тақ сандар арқылы топқа бөлу

Ресурстар: 

 

 

Смайликтер






 

Уақыты

Тапсырма

Мұғалім ролі және басқалардың ролі

3 минут

 

2 минут

Кіріспе. М. Мағауин өмірбаяны, шығармашылығы туралы оқушы презентациясын тамашалау.

Үй тапсырмасын тексеру.
1. РАФТ бойынша арнау хаттарын тыңдау;
1 - топ Зигфридтің Ахметке алғыс арнауы
2 - топ Зигфридтің соғысқа қарсылық жолдауы

Оқушы жұмысы

Оқушы өз ойын ұсыну

Оқушы шығармашылығы

 

 

7 минут

 

 

 

 

10 минут

Негізгі тапсырма :1.  Шығарманың мазмұны мен кейіпкерлерін тереңірек ұғыну үшін проблемалық-бағыттаушы сұрақтар ұсынылады. Үш қадамнан тұратын сұхбат бойынша сұрақ - жауап жұмыстары;
1. Шығармада Ахмет шалдың мақтануынан нені байқауға болады?
2. Шуылдасып, таласып тұрған балалар неге тына қалды?
3. Ахмет ақсақал мен Дәуренбек арасындағы түсініспеушілік неден туындады?
4. Ахмет ақсақалдың отбасына Зигфридтің бауыр басып кетуіне кімдер ықпал етті?
5. Ахмет өз ұлдары мен Зекеннің қандай мінез-құлықтарын ұқсастырады?
2. Мағынаны тану
2(1) М. Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесінен үзіндідегі
шығарманың кейіпкерлерін талдау жұмыстары
«Рубрикалар құру» стратегиясы бойынша топтық жұмыстар
1 - топ Зигфрид;
2 - топ Ахмет;  бірге-Дәуренбек
Берілетін тапсырмалар: Портреті
Мінез - құлқы
Қасиеттері
Түрлі іс - әрекеттері
Ұстанымы
Күтілетін нәтиже: Басты кейіпкерлердің тұлғалық мінездемесі, келбеті топта талданып, кейін біріктіріледі.
Тапсырмалар Зигфрид Ахмет Дәуренбек
Кейіпкерлердің ұстанымдарын талдау: «Бәріміз бір өзеннің арнасы,
Бір атаның баласымыз» «Сыртқы түр - перде. Ішін айт, пиғылын айт» «Жауды аяған жаралы»

Мұғалім сұрағы

Оқулықпен жұмыс

Өз ойларын, пікірлерін айту

 

 

Мұғалім тапсырмасы

Топпен жұмыс

 Өз жауаптарын айту

10 минут

 2(2) Шығармашылық тапсырма:
Басты кейіпкер Зигфрид іс - әрекетін саралау.
Күтілетін нәтиже: оқушылардың кейіпкердің тағдырына ортақтаса алуына мүмкіндік туады, кейіпкерлер арасындағы ізгілік қарым - қатынасты талдап, адамгершілік қасиеттерге тәрбиеленеді.
Зигфрид Вольфганг Вагнерден Зекен Ахметұлы Бегімбетовке дейінгі іс - әрекеттерді саралау;
• Тілін кәлимаға келтірді
• Сүндетке отырғызды.
• Асық жілік ұстар тойы өтті.
• Зекен Бегімбетов атанды.
• Құмнан қорған соғады, балшықтан үй қалайды.
• 3 - 4 аптада аяғын күс басқан, қара сирақ, қараторы бала болды.
• Аттың тізгінін ұстап, өз бетімен жүріп - тұрды.
• Шашы ұстарамен алынған тақырбас.
• Тілі біршама бастыққан. Ептеп қазақша сөйлей бастады.
• Нарымбеттің інісі атанды.
• Асық ойнап, суға шомылды.
• Малды қайырысуға көмектесті.
• Балалар республикасының тең құқылы азаматы атанды

Топтық жұмыс

саралау

Бағалау

3. Ой - толғаныс
Оқушылар жұмысын жинақтау, саралау.
Мұғалім қорытындысы.

- Сонымен, балалар, шығармаға арқау болып отырған соғыс жылдарындағы жетім балаларды жатсынбай бауырына басып, тәрбиелеп, азамат етіп өсірген пейілй кең қазақтың бауырмал халық екеніне тағы бір көз жеткізгендейміз. Оның дәлелі бүгінде көп ұлтты мемлекетіміздің бірлік пен татулықта өмір сүріп жатқандығын айтуға болады.
 Бағалау. Бағалау парағы арқылы бағалау, стикер арқылы пікір білдіру

Үй тапсырмасы: «Біз – бейбіт елдің ұландарымыз» деген тақырыпқа шығарма жазып келу.







































6-сынып

Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға шығарманың мазмұнын терең меңгерту, негізгі түйінін табу, көркемдік ерекшілігін талдауға үйрету.

Дамытушылық:.

Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түйе білуге, өзіндік көзқарасын қалыптастыруға дағдыландыру.

Тәрбиелік:

Шығарманы талдата отырып оқиғаларын ортаға салу, өз ойын тұжырымдай білуге,оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, бауырластыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ типі: Іздендіру сабағы

Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, іздендіру, ой қорыту,Қ.Бітібаева технологиясы, БжС технологиясы

Пәнаралық байланыс: тарих, әдеп, өзін-өзі тану, музыка

Пайдаланған әдебиеттер:

1.М.Мағауин шығармалар жинағы

2.Қазақстан тарихы оқулығы

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

а) сәлемдесу

ә) түгендеу

2.Үй тапсырмасын сұрау (Топтық тапсырмалар)

1.Мұхтар Мағауиннің өмірі, шығармашылығы (слайд) 1оқушы

2.Ұлы Отан соғысы туралы дерек (кинодан үзінді) 1оқушы


/Мұғалім/

Соғыстың алғашқы күндерінен бастап- ақ Кеңес халқы жан- тәнімен Отанын қорғады. Әрбір ауыл, әрбір қала неміс басқыншыларымен аянбай шайқасты.

Адамзатым ақиқатқа сеніңіз,

Соғыс деген болған емес тегін іс.

Соғыс деген – қиылған жан, аққан қан,

Соғыс деген –екі жаққа жеңіліс.

Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата, әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде-ақ майданға аттанды. Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауы тиіс.

Біз қашаннан ер қаһарман халықпыз,

Біз тарихта теңдесі жоқ алыппыз.

Біз күштіміз күштілердің бәрінен,

Біз сөнбейтін күн тәрізді жарықпыз.

Біздер нағыз құдіретті елденбіз,

Ғасыр көшін бастау үшін келгенбіз!

3.Ұлы Отан соғысының батырларына арналған жыр-шумақтары 2-3 оқушы

Ардақты ардагерлер, ақсақалдар, /Мұғалім/

Арайлы алдан тосар нұр шағың бар.

Жатсынбай жарқын істі жалғастырар,

Жас жігер жалындаған ұрпағың бар.

Табыс ет соған сеніп Жеңіс туын,

Ғарышты мекен жайға алмастырар,

Ұлы істі ұрпағың бар жалғастырар

4.Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. 1оқушы ( слайд)

1.Бұлғыртау ауданының тоғыз колхозына неше бала жіберілді?

А. 64

Ә. 54

Б. 24

2.-Өй, қалқабастар, қорықпаңдар, бері жүріңдер, -деді....Кімнің сөзі?


А. Дәуренбек

Ә. басқарма

В. бәйбіше

3.Нартай мен Ертай жасы нешеде?

А. 8,6

Ә. 7,5

Б. 6,8

4.Соғыстан аяғынан айырылып қайтқан кім?

А. Дәуренбек

Ә. Берден

Б. басқарма

5.Зигфридтің қай дыбысқа тілі келмейтін?

А. х

Ә. ө

Б. қ

6.Ахметтің балаларының есімдері?

А. Жолымбет, Келімбет, Нарымбет

Ә. Жолымбет, Нарымбет

Б. Келімбет, Жолымбет

7.Татар баласының есімі, жасы нешеде?

А. Яков,9-да

Ә. Рәшит, 7-де

Б. Нартай 8-де

8.Әскери гимнастеркалы, қара галифе шалбарлы жігіт

А. Басқарма

Ә. Дәуренбек

Б. Берден


2.Шығарма үзінділерін жалғастырып, мазмұндау

1-топ Ал, ағайын, сабыр,-деді басқарма қолын көтеріп.- Менің әкелгенім алты-ақ бала.Бәріңе жетпейді. Және, қазір бауырыма салдым деп алып, ертең өгейсітіп жүрсек тағы қазақшылыққа жатпайды.

2-топ Ахмет шал жұртты киіп-жарып балалардын алдына барды да қалт бөгелді. Қайсысын алсам екен деп ойланғандай. Жетімдерді жағалай шолып шықты да, ең баста тұрған ағайынды қазақ балаларының қасына келді.

3-топ - Үш төрт аптаның ішінде аяғын күс басқан қара сирақ, қара торы бала болды да шықты. Шашы ұстарамен алынған тақыр басы да қарақұйқа. Бірақ түр-тұлғасы әлі де бөлек. Тұнық көкпеңбек көзі, ақшыл сары кірпігі мен қасының өзінен бұл баланың бөтен расаның өкілі екені айқын танылатын.

4-топ Неше жыл жатқан сандық түбінен апасы әперген, атыла- атыла әбден мүжілген, бірақ әлі де қолда ойнап тұрған үлкен қоңыр құлжа.

(Зигфрид пен қонақ бала диалогы) ( сахналық қойылым)

Сөздікпен жұмыс

1. Зәузатынан-

2. Раса-

3. Лобогрейка-

3. Шығарма кейіпкерлеріне талдау Қ.Бітібаева технологиясы

4. Проблемалық сұрақтар:

1-топ Ахмет пен Дәуренбек арасындағы түсінбеушілік неден басталды?

2-топ Ахметтің таңдауында қандай сыр бар?

3-топ Шығарманың «Бір атаның балалары» деп аталуының себебі?

4-топ Зекен мінезінен Ахметтің үмітін ақтарлық қандай нышан байқадыңдар?

5. Шығармадағы ұлттық ойын, салт-дәстүрдің көріністеріне талдау (суретпен жұмыс)

· Тілін кәлимаға келтіру

· Сүндетке отырғызу

· Асық-жілік ұстар тойы

· Аттың тізгінін ұстау

· Асық ату (видео)



6.Тақырыбы мен идеясын ашу

Ахмет сөзі: -Неміс деп, орыс, қазақ деп бөлу пайғамбарға шет, құдайға күнә,-деді Ахаң. – Алдымен тиянақсыз көк аспан, содан соң тұрлаусыз қара жер жаратылды. Аспандағы ауа қойылып, бұлтқа айналды. ..................................................................................................................................................................................................... Өйткені жер бетін қоныстанған алғашқы адамдардың барлығы бір атаның баласы еді...

Бауырластық. Достық. Қайырымдылық.

7. Көркемдік тіліне талдау (сандықшаға жинақтап салу)

ØКірме сөздер

ØЭпитет

8. Шығармашылық жұмыс

1-топ Зигфридтің Ахметке алғыс арнауы

2-топ Зигфридтің Дәуренбекке түсінбеушілік хаты

3-топ Зигфридтің соғысқа қарсылық жолдауы

4-топ Адам баласын бауырым деу- жүрек ісі.

9. Бүгінгі бейбіт заманда өз отбасында тәрбиеленбей, шетелге асып жатқан балалар туралы не айтуға болады? (Видео «Жетім», статистикаға сүйену)

Себептері: (оқушылар жауабы)

Ахмет сияқты адамдар қазір кездесе ме?

10. Қорытынды сөз

* Өз тарихымыз туралы білімімізді кеңейттік.

* Каһарман батырларымызға тағзым.

* Еліміздегі бейбіт өмір.

* Ұлттық құндылықтар.

* Бір-бірімізге туыс, дос, бауырмал болу.

* Шығарманың құндылығы.

11.Бағалау

12. Үйге тапсырма

ØШығармаға компазициялық талдау

Ø«Шығармадан алған әсерім» ой қорыту



























Сабақ тақырыбы: Еліктеу сөздің түрлері.


Сабақтың мақсаты: Еліктеу сөздің мағыналық түрлерін білу, еліктеуіш пен бейнелеуіштің айырмашылқтарын, ортақ белгілерін түсіну. Өмірде еліктеу сөздерді қолдана алуға үйрету.

Сабақтың қадамдары: Жаңа білімді игеру

Күтілетін нәтиже: Еліктеу сөздің түрлерін білетін болады.

Түрлерін ажырата алады.

Сыни ойлау қабілеттері дамиды.

Алған білімдерін өмірде қолдана алады.

Тапсырмалар: Тәжірбие жасау,сөйлемді талдау,рөлдік ойындар, слыстыру жасау.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Қолданылатын әдістер: «Ақыл қалпағы» әдісі, «РАФТ» стратегиясы Венн диаграмма , сатылай кешенді талдау, «Тақырыптық теннис» ойыны


Көрнекіліктер: Үлестірмелі парақшалар, түсті қарындаштар,стикерлер,шар,барабан, су,стакан, шырпы, құмсағат.

Сабақтың барысы:

І.Психологиялық ахуал

Оқушылар жұптасып тұрады. Бір біріне қарап мынадай өлең оқиды.

Армысың, көк аспан!

Армысың, алтын күн!

Армысың, Жер-Ана!

Армысың жан досым!

Міне,менің қолым бос,

Жүрегіңе жылу қос.

ІІ.Үй жұмысын тексеру

«Ақыл қалпағы»

Әр оқушы өткен тақырып бойынша екі сұрақтан құрып, таза,қиылған қағаздарға жазады. Қағазды орап қалпақтың ішіне салады. Қалпақтағы сұрақтарды араластырып, әр оқушы бір сұрақты алып жауап береді.

ІІІ.Жаңа сабақ (топтық жұмыс) Сабақ тақырыбын анықтау үшін тәжірбие көрсетемін.

Мысалы: Стакандағы суды екінші стаканға құю. Су қалай ақты?

Шарды жару . Шар қалай жарылды? Оқушылар: Шар тарс етіп жарылды.

Жарықты өшіріп жағу.Шам қалай жанды?

Оқушылар: Шам жарқ етіп жанды.

Барабан қайтті. Барабан дүңк етті.Оқушылар сұрақтарға жауап бере отыра сабақтың тақырыбын анықтайды.

Тақырыпқа өзім қысқаша шолу жасаймын.

Мәтінмен жұмыс Мен мәтін оқимын, мәтіндегі кездесетін еліктеуіштерді І топ, Бейнелеуіштерді ІІ топ, мәтін мазмұнын ІІІ топ еске сақтап, жазып отырады. Сол бойынша сөйлеп, түсіндіреді.

Еліктеуіштерге сатылай кешенді талдау жасау. Топтарға сөйлемдер таратылады.

Жартас түбінен аққан Бүркітті күмістей сыңғыр сыңғыр етеді. Күн шатыр шұтыр күркіреді де, жаңбыр селдете құйды. Ай сәулесіне шағылыса жылт жылт етеді.Бұлт сетінеп, жарқ етіп күннің көзі көрінді.

РАФТ Рөл Аудитория Форма Тақырып

ата немере ертегі Еліктеу сөздер

сатушы тұтынушы Диалог

дәрігер науқас кеңес


Сергіту сәті Аспанға қарап ай көрдік,

Төмен қарап жер көрдік.

Оңға бұрылып, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдік.

ІV.Сабақты бекіту

Венн диаграмамсы Топпен жұмыс жасайды. Еліктеуіш пен бейнелеуішті салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады.

V.Сабақты қорытындылау

Тақырыптық теннис 2 ойыншы, 1төреші,

1 уақыт есептеуші

Ойыншылар кезекпен тақырыпқа қатысы бар сөздерді айта бастайды, біреуі тоқтағанға дейін жалғаса береді.

Төреші ойыншының қанша сөз айтқандарын санайды, уақыт есептеуші уақыт белгілейді


VІ. Үйге тапсырма Міндетті деңгей: 331-336жаттығуларды орындау

Мүмкіндік деңгей: көркем әдебиеттен еліктеуіштері бар 15сөйлем жазып келу.

Шығармашылық деңгей:

Еліктеуіш сөздерді қатыстырып кез -келген тақырыпқа өлең шығару.

Бағалау Өзін- өзі бағалау парағы арқылы оқушылардың критерилер бойынша бағалауынан қорытынды бағаны шығарамын.

Рефлексия Оқушылар стикерлерді төмендегідей суреттерге жапсырады.

Сандық – білімді ойыма тоқыдым;

Ет турағыш -білімімді әрі қарай жетілдіруім керек;






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: СӨЗЖАСАМ

Мақсаты: Сөзжасам, қазақ тіліндегі сөздердің жасалуы туралы түсінік беру.

Күтілетін нәтижелер:

1. Сөзжасамның ережесін біледі, мысал келтіреді, бөліседі. (Барлығы)

2. Алған білімдерін шешім қабылдауға пайдаланады, саралайды, талқылайды. (Көпшілігі)

3. Мысалдар келтіреді, өз пікірлерін айтады, алған білімдерінің құндылығын анықтайды.

(Талантты және дарынды оқушылар)

Керекті жабдықтар:

Презентация, интерактивті тақта, оқулық, жұмыс дәптері, ресурс, тест тапсырмалары, бағалау парағы, стикер, мұғалімге арналған нұсқаулық ІІІ деңгей.

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Визуалды оқыту, ой қозғау, сұрақ қою техникалары, топтық жұмыс, жеке жұмыс, белсенді оқу, «Ыстық орындық», «Стикердегі диалог» әдістері арқылы жаңа тақырыпты меңгерту, деңгейлік тапсырмалар, формативті бағалау түрлері

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері: Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті

Кіріспе: 2 мин Сыныппен амандасамын. Сыныпты «Қос сөз», «Тіркескен сөз», «Біріккен сөз» деп 3 топқа бөлемін. Сәлемдеседі. 3 топқа бөлініп отырады.

Дәптерлерін ашып, партаның шетіне қояды.

Тұсаукесер:

3 мин

Сөзжасамды сөздерді ашатындай суреттер көрсетіп, сабақтың тақырыбын анықтатамын.

- Бұл суреттер мен сөздер туралы не айта аласыз?

- Біздің сабағымызға қандай қатысы бар?

- Сөздердің жасалуына назар аударыңдаршы.

Ой қозғаймын.

Әр жауапты мадақтап, ынталандырып отырамын.

Жаңа тақырып: «СӨЗЖАСАМ» Әрқайсысы суреттерді әңгімелейді, сыни ойлайды, ойын тұжырымдайды, суреттерді тақырыппен байланыстырады.

Тақырыпты жұмыс дәптерлеріне жазады.

Сабақ мақсатын анықтайды:

Сабақ критерийлерін шығарады:

• Сөзжасамның ережесін білу

• Жасалу жолдарын анықтау

• Мысал келтіре алу

• Қолдана алу

Негізгі бөлім:

5 мин Тақырыпқа байланысты ресурстар таратып беремін.

Белсенді оқиды, топта түсінгендерін айтады. Әр топ негіз-гі түсініктерді талдап, түсіндіреді, оқу техникасын дамы-тады, алған білімін пысықтайды, өмірде қолданып үйре-неді. Топпен тапсырмаларды бірігіп орындайды, дарынды оқушылар жетекшілік етеді.

29 мин

Блум таксономиясы бойынша тапсырмаларды орындау. Әр оқушыға қол жетімді тапсырмалар беру.

Білу: «Ыстық орындық» әдісі арқылы жаңа тақырыпты меңгерту.

Түсіну: «Стикердегі диалог» әдісімен сұрақтар дайындату, жауап бергізу.

Қолдану: Өз мысалдарын келтірту.

Талдау: 355-жаттығу жұмысын орындату.

Жинақтау: Тест тапсырмасы бойынша білімдерін бекіту.

Бағалау: Тақырып бойынша алған білімдерін форматифті бағалату. Дарынды және талантты оқушылар білімін бекітеді, қалған оқушылар солардың көмегі арқылы жаңа тақырыпты меңгереді.

Бір оқушы «СӨЗЖАСАМ» рөлін сомдап, «ыстық орын-дыққа» отырады, қалған топ оқушылары тақырып бойын-ша сұрақ қояды. Оқушы жауап бере алмаса, тобы көмекке келеді.

Дарынды оқушылар кеңейтілген тапсырмаларды орындауда жетекші болады.

Қорытынды:

1 мин

5 мин Үйге тапсырма:1. Ережелерді қайталау. Мысалдар келтіру. 2. 356, 358 – жаттығулар.

3. Тест құрастыру.

Сабақ критерийлеріне сәйкес оқушылар өздерін бағалайды, сабақ барысындағы жұмыстануы бойынша, сыныппен кеңесе отырып бағалаймын, бағаға түсініктеме беріп, жетілу жолдарын айтамын.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Өздеріне формативті баға береді, бірін-бірі критерийлер арқылы бағалайды.

Сабақтың өзіндік талдауы: сабақтың кіріспе бөлімінде сыныпты «Қос сөз», «Тіркескен сөз», «Біріккен сөз» деп 3 топқа бөлдін. Тұсаукесерде сөзжасамды ашатындай суреттер мен мысалдар көрсетіп, сабақтың тақырыбын анықтаттым да, бұл суреттер мен сөздер туралы не айта аласыз, біздің сабағымызға қандай қатысы бар, сөздердің жасалуына назар аударыңдаршы деген сұрақтар қойып, ой қозғаттым. Сабақ Блум өлшемдеріне негізделіп құрылды. Оқушыларға сабақтың мақсатын айтып, кретерийін құрдық. Жаңа тақырыпты меңгертуде оқушылар берілген тақырыпты белсенді оқыды, топта түсінгендерін айтты, «Ыстық орындық» әдісімен меңгерді. Бір оқушы «СӨЗЖАСАМ» рөлін сомдап, «ыстық орындыққа» отырды, қалған топ оқушылар тақырып бойынша сұрақ қойды. Оқушының жауап бере алмаған сәттерінде тобы көмекке келді. Сабақта әр топ негізгі түсініктерді талдап, түсіндірді, оқу техникасын дамытты, алған білімдерін пысықтады, өмірде қолдау жолдарын үйренді. Топпен тапсырмаларды бірігіп орындауда дарынды оқушылар жетекшілік етті. Оқушылар «Стикердегі диалог» әдісімен тақырып бойынша сұрақтар дайындап, жауап берді, өз мысалдарын келтірді. Тест тапсырмасымен тақырыптан алған білімдерін жинақтап, сабақ соңында алдын ала берілген топтық, жұптық үлгімен формативті бағалады.

Сабақтан алған білімдері мен әсерлері туралы рефлексия жазып тапсырды. Мен өз тарапымнан қойған бағаларына түсініктеме беріп, жетілу жолдарын айтып өттім.

Автор
Дата добавления 28.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров3370
Номер материала 293944
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх