Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТ. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» «Қайраттың жазу дәптерінен» 2 сынып

Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» «Қайраттың жазу дәптерінен» 2 сынып

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:  Т. Молдағалиев  «Он алтыншы желтоқсан»  «Қайраттың жазу дәптерінен»

Сабақтың мақсаты:

білімділік:  тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, Қазақстан тәуелсіздігі жолында мерт  болған қайсар рухты қазақ жастары   туралы мағлұмат беру, оқушылардың білімдерін тереңдету, жаңа білім мазмұнын меңгерту.

тәрбиелік: оқушыларды елді жаудан қорғаған, елі үшін ерлік көрсеткен азаматтарды құрметтеуге, туған жерін сүюге, Отан үшін отқа  түсетін елжанды, ұлтын сүйетін, елінің болашағына, өсіп - өркендеуіне өз үлесін қосатын ел азаматы болуға тәрбиелеу.

дамытушылық:  оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру, тіл байлығын дамыту, өзіндік ой-пікірін айта білуіне баулу, сөздік қорын молайту.

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, баяндау, сөздік, практикалық, талдау-жинақтау, мадақтау,  көрнекілік

Көрнекілігі: Автор суреті, желтоқсан құрбандарының суреті, сөзжұмбақ, Карточкалар, слайд.

Сабақ барысы

Кіріспе-қызықтырушылық кезең

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен сәлемдесу

2.  Оқу құралдарын түгендеу

  • Топтың ұранын айту

Жақсы оқу – антымыз,

Артымызда қалсын алтын із.

Білімнен бақыт табамыз,

Біз бақытты баламыз!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  • Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?

(«Ақша қар» өлеңі  З. Шүкіров)

  • «Ақша қар» өлеңін оқушылардан жатқа сұраймын.

  • Сурет бойынша «Қыс» тақырыбына жазған әңгімелерін оқытамын.

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық

Сөзжұмбақ шешу:

http://bilim-all.kz/uploads/images/2015/05/14/original/6eb7c16ac5ae97bff186ea32ee518e2f.png

  • Рәміз

  • Отбасы тірегі

  • Жыл басы

  • Киелі сан

  • Бұрынғы астана

  • Көктем айы

  • Алып жануар

  • Қасиетті ай

  • Мұз айдыны

  • Жыртқыш құс

  • Қазақстан қаласы

  • Балалар, ерекше жолдан кандай сөз шықты? (Тәуелсіздік)

  • Дұсыс айтасыңдар, балалар осы «тәуелсіздік» дегенді қалай түсінесіңдер? (еркіндік, бостандық)

  • Алда қандай мереке келе жатыр?

(16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні)

Танымдық-операционалдық кезең

ІV. Жаңа сабақ

  • Онда бүгін біз Т. Молдағалиевтің «Он алтыншы желтоқсан» өлеңін өтеміз.

  • Алдымен Тұманбай Молдағалиев өмірімен таныстырамын.

Тұманбай Молдағалиев – 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жарсу кеңшарында дүниеге келген. Қазақстанның халық жазушысы. Көптеген өлеңдері бар. 1956 жылы - Қазақтың Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. 2011 жылы 10 қазанда дүниеден өткен.

К і т а п п е н   ж ұ м ы с

  • «Он алтыншы желтоқсан» өлеңін оқып, түсіндіремін.

  • Балалар, 16 желтоқсан, ерекше күн екен, енді сол күннің тарихына тоқталайық.

  • Балалар, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні. Яғни, 1986 жылдың

16-17 желтоқсан күнідері қазақ жастары өз пікірлерін жоғарыда басқарып отырған ағаларға білдіру үшін «Өз елін, өз көсемі (қазағы) басқарсын» деген ұранмен Республика алаңына шеруге шыққан болатын.Бірақ, бейбіт тілекпен шыққан жастарды аяусыз сабаған, тіпті кейбіреулерін өлтірген. Енді осы желтоқсан оқиғасына қатысқан батыр аға – апаларымызбен танысайық.

  • Желтоқсан оқиғасы кезінде жазықсыз жала жабылып, осы оқиғаның құрбаны болған аға- апаларымызды есімізде сақтайық: Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Лаззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова. Міне, балалар, біз осындай аға-апаларымыздың арқасында 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіз ел атандық. Биыл тәуелсіздігімізге 22 жыл.

  • «Қайраттың жазу дәптерінен» мәтінін түсіндіріп, халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков өмірімен таныстырамын

  • Қайрат Рысқұлбеков өмірімен таныстыру.

Есіңде сақта!

Қайрат Рысқұлбеков – Қазақстан тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ. Ол 1966 жылы 13 наурызда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген. 1988 21 мамырда дүниеден өткен. 1996 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілген. (Слайд арқылы таныстыру)

  • Оқушыларға өлеңді тізбектей оқытамын.

С е р г і т у   с ә т і

Аспанға қарап ай көрдім,

Төменге қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

Д ә п  т е р м е н   ж ұ м ы с

  • Күннің ретін, сабақтың тақырыбын жазу.

  • Ал, балалар, 16 - желтоқсан қандай мереке екен? ( Тәуелсіздік күні)

  • Ендеше балалар, осы мерекені ұмытпас үшін дәптерімізге жазып алайық.

  • 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.

  • Сөздік жұмысы:

Тәулсіздік – еркіндік

Ерекше – дара, бөлек.

Мәңгілік – өмір бойы

Жадымызда - есімізде

V. Жаңа сабақты бекіту

- Балалар, енді біз де осы тәуелсіздік күніне арнап, өлең шығарайық.

Егемен _____________ ,

 ____________ ойлаған.      

Тәуелсіз  ________,

______________ ___________!

  • Балалар, енді тақтада берілген «Отан» туралы мақалдарды сәйкестендірейік:

Отан                                                                  Ел – ердің анасы

Отан – елдің анасы                                                  Туған елдей е  болмас

             Отансыз адам –                                                     отбасынан басталады

              Туған жердей жер болмас                                     алтын бесік                                 

                Ел іші                                                                      ормансыз бұлбұл

Рефлексиялық-қорытынды кезең

VІ. Сабақты қорыту

Жаңа сабақты қорыту үшін оқушыларға сұрақтар қоямын.

  •  Балалар, бүгін біз қандай өлеңмен таныстық? ( «Он алтыншы желтоқсан»)

  • Өлеңнің авторы кім? ( Тұманбай Молдағалиев)

  • 16 желтоқсан қандай мереке?(Тәуелсіздік мекрекесі)

  • Қазақстантәуелсіздігін қашан алды?(1991 жылы 16 желтоқсанда)

  • Неге 16 желтоқсан тәуелсіздік мерекесі деп аталады? (себебі, 1986 жылы осы күні жастар алаңға шыққан желтоқсан оқиғасы болды.)

  • Желтоқсан құрбандарын ата. (Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова)

  • Қайрат Рысқұлбеков кім? (Қазақтың қайсар рухты батыры)

  • Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі сабақты жақсы меңгеріпсіңдер.

  • Биыл, Қазақстан тәуелсіздігіне неше жыл толды? (22  жыл) 

VІІ. Үйге тапсырма

  • Т. Молдағалиевтің «Он алтыншы желтоқсан» өлеңін жаттау, «Қайраттың жазу дәптерінен» мазмұнын айту.

  • «Мен елімді қорғаймын» тақырыбында эссе жазу.

VІІІ. Бағалау







Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» «Қайраттың жазу дәптерінен» 2 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Микробиолог

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 767 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.03.2016 2315
    • DOCX 38.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Макшиева Дана Куанышкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Макшиева Дана Куанышкызы
    Макшиева Дана Куанышкызы
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8477
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 335 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 71 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Мини-курс

GR-технологии и взаимодействие с СМИ

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы русского языка: морфология, синтаксис, лексика

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Основы классической механики

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе