Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Т.Айбергенов « Ана»,«Аруана – бауыр дүние» өлеңдері" (8-сынып)

"Т.Айбергенов « Ана»,«Аруана – бауыр дүние» өлеңдері" (8-сынып)

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы :  Т.Айбергенов « Ана»,«Аруана – бауыр дүние» өлеңдері

Сабақтың мақсаты: А)Білімділік: Оқушыларға     Т.Айбергеновтің  «Ана», «Аруана – бауыр дүние» өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу, Т.Айбергенов лирикасының   өзіндік ерекшелігін айқындау;

 Ә)Дамытушылық:  Жеке тұлғаның өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге, алған білімдерін өз бетінше қолдануға, шығармашылықпен іздену, зерттеу  қабілеттерін дамыту,  шығармашылық белсенділігінің артуына жағдай жасау.

 Б)Тәрбиелік:   мейірімділікке , туған жерін, ананы сүйіп-құрметтеуге, қадірлей білуге тәрбиелеу; дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру.
Сабақтың типі:  Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы                                                       

Сабақтың әдісі: зерттеу ,баяндау, сұрақ-жауап,мәтінмен жұмыс,сатылай кешенді талдау                                                                                   

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Т.Айбергенов  «Құмдағы мұнаралар»

 Сабақтың барысы:                                   

 Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І.Ұйымдасты

ру

Оқушылармен сәлемдесу,сыныптың тазалығына назар аудару, сабаққа қатысымын тексеру, журналға белгі қою, назарын сабаққа аудару .Оқушылар  М.Дулатовтың «Шешенің балаларын сүюі» өлеңінің бір шумағы (мозаикалар) арқылы 2 топқа бөлінеді.

Кім сендерді, балалар , сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып,қайғыңа күйетұғын?

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешен байғұс дамылсыз жүретұғын.

 

Сәлемдесу

ІІ.Мақсат қою кезеңі

 

Нені меңгеру керек?

   Т.Айбергенов « Ана»,«Аруана – бауыр дүние» өлеңдері

 

Мақсатымен танысады

  ІІІ.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

 

Жаңа сабақты бастамас бұрын   Еркін Нұржановтың  орындауындағы «Ана туралы жыр» өлеңін тыңдату.

Балалар, бүгін біз сабақта ақын Т. Айбергеновтің шығармашылығымен танысамыз және ақын өлеңдеріндегі ерекшеліктерге тоқталамыз.
Бір тойым болатыны сөзсіз менің,
Дәл қай күні екенін айта алмаймын.
Бірақ, бірақ...
Қайта алмайды қартың да бір ән салмай,
 деп жырлап өткен ақберен ақын Т. Айбергенов аз ғана ғұмырында халқына шынайы поэзияның шырынынан дәм татқызып, терең ой мен мөлдір сезімдерді тек өзіне тән табиғи даралықпен жеткізе білген дарынды суреткер. Ол қазақ өлеңіне тұтас бір бетбұрыс ала келген ірі талант иесі.
Енді ақынның өмір жолымен жақынырақ таныс болу үшін тақтаға назар аударайық.
    Т.Айбергенов  өміріне арналған хронологиялық   кесте

Мерзімі

 Болған  оқиғалар

1937 ж 8 наурыз

 Қарақалпақ елінің Қоңырат деген жерінде дүниеге келген.

1959 ж

 Ташкенттің Низами атындағы педагогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп,туған ауылында мұғалімдік қызмет атқарады.

 1967 ж.

 Қайтыс болады.

 1974 ж

  «Құмдағы мұнаралар» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді.

 Жаңа материалды меңгереді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІҮ.Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу

 Осындай құйрықты жұлдыздай ағып өткен ақынымыздың әрбір өлеңі , отты жырлары бізге ыстық. Әрине, жалынды ақын аз ғана ғұмырында көптеген тақырыпқа қалам тартқаны белгілі.  Бүгін біз ақынның екі өлеңімен танысқалы отырмыз.

 Мұғалім «Ана» және «Аруана- бауыр дүние» өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
Сұрақ: 1.Ана туралы өлеңіндегі «Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға» деген өлең жолдарынан қандай ой түюге болады?
2. «Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен» деген өлең жолдары арқылы ақын нені айтқысы келеді?
3.Ана мен Аруана сезіміндегі ұқсастық қандай ?
4. «Аруана –бауыр дүние», «Көгілдір көлге алқынып ұшқан аққу» деген тіркестер туған жер тақырыбын қалай ашып тұр?
5. Аруана оқиғасы жырланған тағы қандай шығарманы білесіңдер?
Өлең құрылысынан қандай өзгешелік байқадыңдар?

 « Ана» өлеңін сатылай кешенді талдау.

1.Авторы:  Т.Айбергенов

2.Тақырыбы : ана мен бала мәселесі туралы, ананы дәріптейді.

3.Идеясы: ананы құрметтеуге,ана алдында бас июге шақырады.

4.Жанры : Поэзия,өлең

5. Шумақ:   6-7

6.Тармақ :26 тармақты

7.Буын : 15-16

 Арманыңды  ақтармын ба жүрегімде тербесем, 15

Айға сіңлі,қарындассың қасиетті  Жерге сен. 15

Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем, 15

Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен. 16

8.Бунақ: 4 бунақты

Анаң саған/ / керек болса/, /балаға да / /сен керек, /4-4-4-3

Кезекпенен/  / ауысатын/ / ғұмыр  ғой/ / бұл дөңгелек./ 4-4-3-4

Ана керек!/ / О,Адамдар, / /ана керек / / адамға, / 4-4-4 -3

Анасыздар / / аң сияқты / / күн кешіп жүр / / ғаламда. / 4-4 -4-3

9.Ұйқасы:

 Сұлу әлем,әлем сұлу сен жаратқан адаммен, -  а

Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен. -  а

Сендік қуат болар,бәлкім,басын иді көк маған.  - а

Әркез сенен туғанымды есіме алсам,тоқтаман. - а

 Шұбыртпалы  өлең ұйқасы

10.Көркемдік ерекшелігі:

 Эпитет –  теңдесі жоқ құдірет,сұлу әлем,лапылдаған отпенен

1-топқа.« Ана» өлеңнің бірінші шумағын құрылысына талдаңдар.

Арманыңды  ақтармын ба жүрегімде тербесем,

Айға сіңлі,қарындассың қасиетті  Жерге сен.

Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,

Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен 

2-топқа .«Аруана – бауыр дүние » өлеңін   құрылысына талдаңдар.

 Аруана жаудың қолына түссе,ботасын шайнап өлтіріп,

Қаралы мойнын қайтадан артқа бұрмастай халге келтіріп,

Жеріне тартып отырады екен,моншақтап жасы боздаумен

Омырауын шерге толтырып.

1-топқа. «Ана» өлеңінің  екінші шумағының  ұйқасын тап.

Сұлу әлем,әлем сұлу сен жаратқан адаммен, -  

Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен. - 

Сендік қуат болар,бәлкім,басын иді көк маған.  -

Әркез сенен туғанымды есіме алсам,тоқтаман

2-топқа. « Аруана – бауыр дүние»  өлеңіндегі екінші шумақтағы ақынның айтар ойың анықтаңдар. 

Апталап-айлап таңдайын мейлі тасбауыр шөлдер құрғатсын,

Қазығын таппай тоқтамайды екен,мәңгілік тіпті күн батсын.

Туған жер төсін аңсаумен өткен аруана – бауыр дүние,

Сен маған осынау ақ жүрегіңмен қымбатсың.

1-топқа.Ұйқасын тап.

   Анаң саған керек болса ,  ................................,

  Кезекпенен ауысатын      ................................

Ана керек! -----------------------

Анасыздар аң сияқты -----------------------------------

2-топқа. Өлеңнің жалғасын тап.

 Гүл шығады ғой   ..................,

   Тауға да керек   ......................

Тасқа да керек ------------------- .

1-топқа. Өлең жолдарын толықтыр.

 Тасбауырлар дүниеге келсін де,тез кетсін,

  ......................  ондайлардан жиіркенсін дейсің бе?

 Қай кеудені  .................  лапылдаған отпенен,

 ...........................   жылытуға құдіреті жетпеген.

2-топқа.   Мына сөздерге түсінік беріңдер.

Аруана – 

Бауыр дүние – 

Қаралы мойнын қайтадан артқа бұрмастай халге келтіріп  .

Омырауын шерге толтыру – 

Мөлт ете қалсам балапанымды шайқап ап – 

«Ана», «Аруана – бауыр дүние» өлеңдерін көркемдік ерекшелігіне талдау жасаңдар.

1-топқа . Өлең жолдарында  дыбыс  қайталаушылықтың қай түрі кездеседі ?

 Арманыңды  ақтармын ба жүрегімде тербесем,

Айға сіңлі,қарындассың қасиетті  Жерге сен.

Ана керек!О,адамдар,ана керек адамға,

Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғой ғаламда.

 2-топқа.Өлең жолдарындағы  теңеуді табыңдар  ?

 Тауға да керек астана,

Тасқа да керек астана...

1-топқа .Ақын өлеңдерін салыстырыңдар.

 

 2-топқа. Т.Айбергеновтің «Аруана – бауыр дүние» өлеңі мен Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесін салыстырыңдар.

«  Анаға арнау» (шығармашылық тапсырмалар арнау,ой-толғау,сурет)

Ақынның  поэзия тілімен салған суретін:        жан тебіренісін,   ақынның нәзік сезімін өз түсінгендерің бойынша айтып,пікір көзқарастарыңды білдіріңдер.

Бекіту.

 Т.Айбергенов – жырына сусындаған әрбір жүректің төрінен орын алатын ұлы тұлға. Ол- бүгінгі жыр сүйер жанның сырласы, мұңдасы, ақылшысы.

1.  Т.Айбергенов ақын ретінде не қалдырды?

2.Ақынның қай өлеңі сіздің жүрегіңізге жақын? Себебін түсіндіріңдер?

 

 

«Блоб ағашы»

 

 

Ү.Бағалау

Оқушылардың білімі бағаланады.

Бағалау парағы

Критерийлер

Тапсырмалар

Тапсырмаларға берілетін ұпайлар

Оқушының аты-жөні

 

 

А

 

 1 ұпай

 

 

В

 

2 ұпай

 

 

С

 

3 ұпай

 

 

Д

 

4 ұпай

 

 

 

 

2 ұпай

 

 

 

 

 

ҮІ.Үйге тапсырма

   Т.Айбергеновтің «Ана», «Аруана – бауыр дүние»өлеңдерін жаттау, талдау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау парағы

Критерийлер

Тапсырмалар

Тапсырмаларға берілетін ұпайлар

Оқушының аты-жөні

 

 

А

Тақырыптағы қажетті ақпаратты таба алады;

1 ұпай

 

 

 

Өлең мазмұнын түсініп қолдана алады;

2 ұпай

 

 

В

Өлеңді құрылысына, көркемдік ерекшелігіне талдап,түсіндіре алады.

3 ұпай

 

 

С

Алған білімін түсініп,айырмашылығын  салыстырып,қолдана алады.

4 ұпай

 

 

Д

Ой толғаныс сұрақтарына толық,нақты ,дұрыс жауап берсе

2 ұпай

 

 

 

Жалпы ұпай

  --------------

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау парағы

Критерийлер

Тапсырмалар

Тапсырмаларға берілетін ұпайлар

Оқушының аты-жөні

 

 

А

Тақырыптағы қажетті ақпаратты таба алады;

1 ұпай

 

 

 

Өлең мазмұнын түсініп қолдана алады;

2 ұпай

 

 

В

Өлеңді құрылысына, көркемдік ерекшелігіне талдап,түсіндіре алады.

3 ұпай

 

 

С

Алған білімін түсініп,айырмашылығын  салыстырып,қолдана алады.

4 ұпай

 

 

Д

Ой толғаныс сұрақтарына толық,нақты ,дұрыс жауап берсе

2 ұпай

 

 

 

Жалпы ұпай

  --------------

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Т.Айбергенов « Ана»,«Аруана – бауыр дүние» өлеңдері" (8-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер-постановщик

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы : Т.Айбергенов « Ана»,«Аруана – бауыр дүние» өлеңдері

Сабақтың мақсаты: А)Білімділік: Оқушыларға Т.Айбергеновтің «Ана», «Аруана – бауыр дүние» өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу, Т.Айбергенов лирикасының өзіндік ерекшелігін айқындау;

Ә)Дамытушылық: Жеке тұлғаның өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге, алған білімдерін өз бетінше қолдануға, шығармашылықпен іздену, зерттеу қабілеттерін дамыту, шығармашылық белсенділігінің артуына жағдай жасау.

 

Б)Тәрбиелік: мейірімділікке , туған жерін, ананы сүйіп-құрметтеуге, қадірлей білуге тәрбиелеу; дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 651 материал в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.04.2015 10177
    • DOCX 26 кбайт
    • 16 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Татибекова Айнур Андабековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Татибекова Айнур Андабековна
    Татибекова Айнур Андабековна
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20792
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 473 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Мини-курс

Продвижение: от бесплатной рекламы до постоянных клиентов

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Дизайн интерьера: от спектра услуг до эффективного управления временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек