Инфоурок Другое КонспектыТақырыбы: Сәбит Мұқанов. «Сұлушаш» поэмасы, «Аққан жұлдыз» романынан үзінді

Тақырыбы: Сәбит Мұқанов. «Сұлушаш» поэмасы, «Аққан жұлдыз» романынан үзінді

Скачать материал

Тақырыбы: Сәбит Мұқанов. «Сұлушаш» поэмасы, «Аққан жұлдыз» романынан үзінді

"Аққан жұлдыз" романы

Сәбит Мұқанов

"Сұлушаш" поэмасы

1. Хронологиялық кесте бойынша жазушының өмірі мен қоғамдық қызметіне түсінік беріледі.

Сәбит Мұқановтың өмірбаяны.

1900 жылы 13 (26)сәуірде - Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жерде туған. Бала кезінде - ата-анасынан ерте жетім қалып, қой бағып, балалық шағын байға жалданумен өткізген.                 14-15 жасынан өлең-жырды ауызша да, жазып та шығара бастады. Ауыл молдасынан хат танып, болашақ жазушының дарыны ерте кезден білінеді. Жерлестері оны «жыршы бала», «ақын бала» атандырады.

1937-1941 жылы ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) профессор болып, қазақ әдебиетінен дәріс береді. 

1936–1937,1943–1951 жылдары Қазақстан Жазушылар одағын  басқарды. 1928 жылы Ленинград университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, аз уақыттан соң отбасы жағдайына байланысты Петропавл қаласына келіп‚ «Кеңес ауылы» газетінің редакторы және жазушылар бөлімінің жетекшісі болды.

 1926-1928 жылы Қазақстан Мемлекеттік баспасының бас редакторы болды. 1922 жылы Орынбордағы рабфакқа (жұмысшылар факультетіне) түсіп, оны 1926 жылы бітіреді. 1918-1919 жылы Омскідегі мұғалімдер курсында оқып, ауылда мұғалім болып еңбек етеді. Кеңес үкіметінің саясатын жүргізеді. Ақмола, Көкшетау губерниялары бойынша партияның өкілі, нұсқаушысы болады. 1915 жылы Ұлы Абай мен Ғабдолла Тоқайдың өлеңдерімен танысады, шығыс классиктерінің поэмаларын оқи бастайды.


 

2. Шығармашылығы.

1924 жылы өлеңдер мен мақалалардан және аударма шығармалардан тұратын «Совет өкіметі һәм қазақ әйелі» атты тұңғыш кітапшасын шығарған. 20 жасынан поэма жаза бастады: «Балбөпе», «Жетім қыз», «Батырақ», «Қанды көл», «Жүйткі, қара айғырым».                                                                  1926-1927 жылдары  «Кешегі жалшы мен бүгінгі  жалшы», «Октябрьдің өткелдері» поэмалары, «Ақбөпенің                                                              сыры».                                                                  1928 жылы «Сұлушаш» дастаны, 1931 жылы «Адасқандар» романы.                           30-жылдары «Майға сәлем» (1933), «Сөз -  Советтік армия» (1934) атты өлеңдері, «Ақ аю» поэмасы (1935), «Жұмбақ жалау» романы (1938), «Теміртас» (1935), «Есіл» (1937)  романдары, «Достар» (1937) повесі, «Ботагөз» (1938) романы жарыққа шықты.

40-жылдары «Менің мектептерім» романын, «Балуан Шолақ» повесін, «Сырдария» романын, «Поэзия маршалы», «Майданға хат», «Жеңімпаз Қызыл Армия», «Фашизмнің ажалы», тағы басқа прозалық және поэзиялық     шығармаларын жазды.

1950 жылдары «Шоқан Уәлиханов» драмасын, «Тындағы толқындар» романын жазды.

 «Саяхаттар», «Туған жердің тыңында», «Тыңда тұнған байлық», «Алыптың адымдары», «Адам-Атаның шоқысында» кітаптарын шығарған, «Шоқан Уәлиханов» пьесасы жарық көрді.                                                                                                                       1961 жылы өлеңмен жазылған «Замандас туралы аңыз» атты шығармасын жариялады.

Сәбит Мұқанов өмірінің соңғы жылдарында Шоқан өмірінен «Аққан жұлдыз» романын жазып, оның екі кітабын шығарған. Жазушы 4 том ретінде жоспарлаған бұл роман аяқталмай қалған.
А) Өлеңдері:

Кедей тағдыры - (Көңілім, Жалшының зары», «Шығар күн»);

Жаңа заман - («Бостандық»);

Күрескер кедей бейнесі - («Шоқпыттың шаруасы»,«Егістік»,«Қазақстан», «Майға сәлем»)

Ауыл еңбеккерлерінің бейнесі - («Колхозды ауыл осындай», «Малшының мақтанышы».

Ұлы Отан соғысы - («Мен де аттандым майданға», «Фашизмнің ажалы», «Ленин қаласында», «Берлин алынды» ).

Ә) Поэмалары:

Осы өлеңдеріндегі көтерілген мәселелер «Батырақ», «Ақ аю», «Қанды көл», «Жұмаштың өлімі», «Октябрь өткелдері» сияқты поэмаларында да көрініс тапқан. Ақын өзі өмір сүріп отырған ортаның адамдарын арқау етіп алған.

Б)Прозалық шығармалары:

-  «Адасқандар» романы.

- «Өмір мектебі». 3 кітаптан: «Менің мектептерім», «Өмір мектебі», «Есею жылдары».

- «Балуан Шолақ» повесі.

- «Ботагөз» романы.

- «Аққан жұлдыз» романы.

В)Зерттеу еңбектері:

Оның әр жылдарда жазған қазақ әдебиетінің мәселелеріне байланысты «ХХ ғ-ғы қазақ әдебиеті», «Қазақтың 18-19ғ-ғы әдебиетінің тарихынан очерктер», «Өсу жолдарымыз», «Жақын жұлдыздар», «Халық мұрасы» т.б. зерттеу еңбектері бар.

Г)Публицист: «Еңбекші қазақ», «Қазақ әдебиеті» газеттеріне мақала, очерктер жазған.

Ғ)Аудармашы: «Игорь жорығы туралы жыр», Навтедждің «Балалар», А.Толстойдың «Жүрек жұтқандар» шығармаларын қазақ тіліне аударды.

Д)Драматург: «Ш.Уәлиханов», «Қашқар қызы».

 

         С.Мұқанов - қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасымен қалған біртуар тұлға. Оның  қазақ әдебиетінің алтын қорына қосқан талантты шығармаларының бірі  -  «Сұлушаш» поэмасы. Оны өлеңмен жазылған роман деп те атайды. Қалай болғанда да осы шығармасы арқылы ақын дәуір шындарын тарихи тақырып тұрғысынан кең қамтып бейнелеуде елеулі табысқа жетті. Шығарманың сюжеттік желісін ел аузындағы аңыздан алғанымен, ақын оны өз дәуірінің талабымен шебер ұштастырады. Жастардың бостандыққа ұмтылуы арқылы автор жалпы адамзат баласына тән азаттыққа ұмтылу идеясын көрсетеді.Автор аңыздағы халықтық сарынды сақтайды да, оқиға мазмұнына өз жанынан өзгерістер енгізеді. Сол арқылы өмір шындығын, әлеуметтік мәселелерді терең бейнелейтін реалистік шығарма жасайды.

         Поэмадағы оқиға бірін-бірі сүйген екі ғашық - Сұлушаш пен Алтайдың махаббатына кұрылған.Поэманың кейіпкерлері Сұлушаш пен Алтай екі түрлі әлеуметтік ортадан шыққан. Сұлушаш атақты Тілеуберді байдың ерке өскен қызы болса, Алтай – байдың малын бағып жүрген жалшы жігіт. Өмірден көрген қиындығы мен таршылығы Алтайдың намысшыл, жігерлі болып өсуіне ықпал етеді. Оның бойында тағдырдың әділетсіздігіне қарсылық, наразылық ерте оянады.Алтай Сұлушашқа ғашық болады. Қыз да өнерлі жігітті ұнатады. Бірақ қоғамдағы салт-сана тәртібі екеуінің қосылуына жол бермейді. Өйткені бірі - байдың қызы, бірі - құл мен күңнің баласы. Армандарына жету жолында жастар көп қиындықтар көреді. Озбырлардан қанша қысым көрсе, олар өз сезімдері жолында бастарын тәуекелге байлайды. Махаббатқа адалдық оларды неге болса да тайсалмай қарсы тұруға жетелейді. Алтай мен Сұлушаштың озбыр топтан қашып шығып, қол ұстасып иесіз тауды паналаған кездерінде, ашығып-тарыққанда оларға осы сезім қуат береді. Алтайдың жанында сенімді серігі Қайсар болады.Үшеуі тауды паналап, талай қиындыққа кездеседі. Құстың ұясынан жұмыртқа алам деп жартасқа өрмелеген Қайсар құздан кұлап өледі. Алтай мен Сұлушашты оңайлықпен ұстай алмасын білген қуғыншылар таудың етегіндегі қалың орманға өрт қояды.

         Сондай бір сәтте өрттен қашқан жолбарыспен бетпе-бет келген Сұлушаш жар басынан өзенге секіріп суға кетеді. Жан досы мен сүйген жарының өлімін көрген Алтай өз жүрегіне өзі қанжар салып көз жұмады.Ел ауызындағы аңыз желісіне құрылған поэманың оқиғасы осындай. Адам баласының бас еркіндігін аңсаған жастардың трагедиясы аянышты. Дегенмен бұл трагедияны ақын бірлі-жарым жастардың басындағы күй ретінде суреттемейді. Оны әлеуметтік мәселе дәрежесіне көтереді. Бұл қайғылы оқиғаға себепші сол кезеңдегі қазақ өміріндегі әлеуметтік теңсіздік екенін баса айтады. Поэмадағы оқиғалар біріне - бірі жалғасып, ширек дамиды. Кейіпкерлердің іс-әрекеті де үнемі үдеп, бірте-бірте тұлғалана түседі. Оқиғаны баяндауда, кейіпкерлердің образын сомдауда автор фольклорлық бейнелеу құралдарына жүгініп отырады. Мәселен, С.Мұқанов суреттеген Сұлушаштың сұлу бейнесі де, байдың қызы бола тұрып, кедей жігітке ғашық болуы, сол жолда мерт болуы да лиро-эпостық жырлардағы ару қыздарға ұқсайды. Дегенмен Сұлушаштың іс-әрекеті нақты, өз дәуірінің әлеуметтік жағдайларымен үндес, шынайы өмір шындығымен астасып жатыр.Парасатты, көркіне ақылы сай Сұлушаш  ғашығы Алтайдың кедейлігін мін санамайды, онын адамгершілік қасиеттерін қадірлейді.          «Сұлушаш» поэмасында автор тек әлеуметтік мәселелерді, екі ғашықтың махаббат жолындағы трагедиялық тағдырын ғана суреттемейді. Поэмада адалдық ар тазалығы мәселесі бар. Сұлушаш пен Алтай арасындағы ғашықтық арқылы ақын махаббатқа адалдық, ардың тазалығы туралы мәселе көтерсе, Қайсар образы арқылы досқа адалдық, адамгершілік тазалығы жайынан оқырманға ой тастайды. Поэманың композициялық құрылымы шебер, тілі көркем. Бейнелеу құралдары әр алуан. Оқиға барысын, кейіпкерлерінің іс-әрекетін баяндағанда, ауыл тіршілігін, жылқышылар өмірін, табиғат көріністерін сипаттағанда, ақын қарапайым бояумен әдемі өрнек салады. Поэма кейіпкерлерінің ішкі толғаныстарын, сезім күйлерін әсерлі бейнелейді.

 

Бекіту сұрақтары:

1. Сәбит Мұқановтың өмірбаянына шолу

2. Өлеңдерінің негізгі тақырыбы

3. Прозалық шығармалары

4. Зерттеу еңбектері

5."Сұлушаш" поэмасының көркемдік ерекшеліктері

6. «Сұлушаш» - өлеңмен жазылған роман, ақынның шоқтығы биік шығармасы екендігі. Романның кейіпкерлері, автордың көркемдік ізденістері

 

Үйге тапсырма: «Сұлушаш» поэмасындағы Алтай мен Сұлушаш бейнесі. "Аққан жұлдыз" романының мазмұнымен танысу.

 

Поэманы осы сілтеме арқылы тыңдай аласыздар:

 

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/11-synyp/lesson/sabit-muqanov-sulushash-poehmasy

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: Сәбит Мұқанов. «Сұлушаш» поэмасы, «Аққан жұлдыз» романынан үзінді"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заведующий доп. образованием

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

В)Зерттеу еңбектері:

Оның әр жылдарда жазған қазақ әдебиетінің мәселелеріне байланысты «ХХ ғ-ғы қазақ әдебиеті», «Қазақтың 18-19ғ-ғы әдебиетінің тарихынан очерктер», «Өсу жолдарымыз», «Жақын жұлдыздар», «Халық мұрасы» т.б. зерттеу еңбектері бар.

Г)Публицист: «Еңбекші қазақ», «Қазақ әдебиеті» газеттеріне мақала, очерктер жазған.

Ғ)Аудармашы: «Игорь жорығы туралы жыр», Навтедждің «Балалар», А.Толстойдың «Жүрек жұтқандар» шығармаларын қазақ тіліне аударды.

Д)Драматург: «Ш.Уәлиханов», «Қашқар қызы».

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.05.2020 2728
    • DOCX 213.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джакаева Гульзира Баженовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Джакаева Гульзира Баженовна
    Джакаева Гульзира Баженовна
    • На сайте: 6 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 174488
    • Всего материалов: 26

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Искусство звука: путешествие по музыкальным жанрам

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные медиа: экономика, системы и технологии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Родительство

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек