Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыТақырыбы: «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ »

Тақырыбы: «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ »

Скачать материал

                    Тақырыбы: «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ »

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларды  биік шыңдарға біліммен шығуға баулу.

Дамутышылық: Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірлерін тұжырымдап айтуға, еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға үйрену.

Тәрбиелік: Отаншылық сезімін,жоғары азаматтықты, әрбір оқушының Отанымызды одан әрі нығайтуға және өркендеуге бағытталған белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтау.

 Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, мағыналы сөздер.

 Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі,ағылшын тілі, математика, тарих,бейнелеу.

І.Ұйымдастыру кезеңі

Мазмұны:

1 - айналым «Бәйге»

 2 - айналым «Дода»

3 - айналым «Жорға»

Кіріспе тәрбиешінің сөзі:

Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі – ұрпақ тәрбиесі болды. Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпағы. Бүгінгі таңда мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алып, өзінің дербес мемлекеттілігін қалыптастыруда.
Болашақ мемлекетіміз ұрпаққа деген сабақтастықтан туындайтын дүние болғандықтан, әр халықтың болашағы жастарына тәуелді екені даусыз мәселе. Егер бүгін жастар өз халқының рухымен тәрбиеленіп өспесе, онда елдің келешегі бұлыңғыр болмақ. Өйткені, ұлттың барша мұрасы жастарға аманат етіледі. Ал, жастар оны сақтамаса және өзінен кейінгілерге тапсырып кетпесе, біртіндеп ұлттың атауы да өшіп жоғалмақ.
Бүгінгі жастардың қоғамдық өмірден еш уақыт қол үзбей, өз елін сүюге, салт - дәстүр мен әдет – ғұрпын білуге тәрбиелеуге бүгінгі педагогика ғылымдарының алдында тұрған зор міндеттердің бірі. Қай ғасырда болсын ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік парасатты ұрпақты тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі. Сонымен қатар өз елінің рәміздерін, Ата заңын білуге, әрі құрметтеуге әрбір азамат міндетті. «Бүгінгі өскелең ұрпақ нағыз білімді, жан – жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, нағыз өз елін сүйетін, ұлтжанды азамат болуы керек», – деп атап өтті Елбасы Н. Ә. Назарбаев.
Кез келген ұлтты қалыптастыратын орта – оның ұлттық мектебі. Сондықтан қазақ мектебінің тағдыры – ел тағдыры. Ұлтымыздың болашағын ойлаған алаштың ардақтылары мұны әрқашан ескеріп отырған. Қазақ халқының ұлы перзенті Мұстафа Шоқай «Ұлттың мәдениеттен жұрдай рухпен тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жақтайтын пайдалы азамат шықпайды»- деп, ұлт болашағын ұлттық мектепте, ұлттық рухта тәрбиелеу керектігін көрсеткен.

"Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз". (А. Байтұрсынұлы) Оқысаң — озарсың, Оқымасаң — тозарсың. Білімдіні бала болса да, аға деп біл.Адамның көркі киімі емес, білімі.Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірін тұжырымдап айтуға еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға, өзгенің пікірін тыңдап, бір - бірін құрметтеуге үйренуіміз керек. Топтағы оқушылар түсінбегенін бір - бірінен сұрап, сөйлемеген оқушыны сабаққа қатыстыру, жұмыс істеу нәтижесінде өзінің және топтағылардың намысын қорғау, бірлесіп еңбек ету, шешім қабылдау сияқты кұндылықтармен бірге, күнделікті сабақтан хабардар болып отыруға тиіссіздер.

 

Сұрақтар:

1.Сендер саналы, білімді азамат болып өсуі үшін өздеріңнің бірінші парыздарыңыз не деп ойлайсыңдар? 1. Білім алу.2. Отанды сүю.3. Ана тілін сүю, құрметтеу,4. Ұлт жанды азамат болу.5. Атамекенді, туған жерді сүю.6. Денсаулығы мықты азамат болу. 2.Өздерің айтқандай, туған жерін, ата мекенің, тілін, дінін сүйіп, жақсы білім алып, халқына адал қызмет еткен кімдерді білесіңдер. І.«Бәйге» Әр бала бір сұраққа тез жауап береді.

 

Сұрақтар

Жауаптары:

1.

Білім күні қай күн?

1 – қыркүйек

2

Бес қаруды ата

Садақ, Мылтық, Найза, Қылыш, Айбалта

3

Еліміз Тәуелсіздік алған күні?

1991ж. 16 желтоқсан

4

Жеті қазынаны ата

Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік ат,

қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы

5

Үш қуатты ата.

Ақыл қуат, Жүрек куат, Тіл куат

6

ҚР - ның рәміздерін ата.

Әнұран, Елтаңба, Ту

7

Төрт кітапты атап бер.

Тәурат - Мұсаның кітабы, Зәбур - Дәуіттің кітабы,

Інжіл - Исаның кітабы, Құран -Мұхамедтің кітабы

8

Желтоқсан құрбандары кімдер?

Қайрат. Ләззат. Сәбира, Ербол

9

ҚР - ның ата заңы қашан қабылданды?

1995ж. З0 тамыз

10

Бес жаратылысты ата

Күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн

11

Астананың туған күні?

6 – шілде

12

Үш көзді ата

Су анасы - бұлақ. Жол анасы - тұяқ.

Сөз анасы - құлақ

13

Күн көзі жылына неше рет шығады?

365 – 366

14

Денені өлшейтін құрал

Градусник

15

Адамдардың қатынас құралы

Тіл

16

Қан соратын жәндік

Масса

17

Өсімдіктің мүшелері

жапырақ, сабақ, тамыр, гүлі, тұқымы

18

Ұзындық өлшем бірлігі

км,м, дм, см, мм

19

Біздің туда не бейнеленген

Ұлттық ою қошқар мүйіз, қыран бүркіт, күн

20

Қазақтың ең бірінші ұшқыш ғарышкері

Тоқтар Әубәкіров

21

Абылайханның шын аты

Әбілмансұр

22

Қазақтың атақты суретшісі

Ә.Қастеев

23

Әнұран қандай жағдайда орындалады ?

Салтанатты жиындарда

24

Есту мүшесі не ?

Құлақ

25

Үш биді ата ?

Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би

26

Периметрді қалай табамыз ?

барлық қабырғаларын қосамыз

27

«Кел, балалар, оқылық!» өлеңін кім жазған кім?

Ыбырай Алтынсарин

28

Балды жақсы көретін аң ?

Аю

29

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе

надандық, еріншектік, залымдық.

30

Жас күнінде суретші болуды армандап, кейін белгілі балалар жазушысы болған кім?

Тәрбиешінің сөзі:

Б. Соқпақбаев

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», - деген Әл –Фараби бабамыз. Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік, Өз кезегін сайыскерлерге берелік.

ІІ – «Дода» Жұмбақтың шешімін тауып, үш тілге аударып айтыңдар.

1

Қабат - қабат қаптама, Ақылың болса аттама

кітап - книга - bооk

2

Жеті Қазынаның бірі, Адамды қорғап жүретін досы

(ит - собакa - dog).

3

Жүз теңгең болғанша, Жүз.. болсын.

(дос - друг - friend)

4

Тұмсығымен қозғалар,Соңынан аппақ із калар.

бор - мел - chalk

5

Тіс жоқ өзінде, Сөзі бар ізінде

қаламсап - ручка –реп

6

Сағат сайын қағылады, тек мектептен табылады.

қоңырау - звонок - bеІІ

III - «Жорға». Қазақ тілі мен әдебиеті

1

Жылдың төрт мезгіліне де өлең шығарған ақын

Абай Құнанбаев

2

Қазақ тілдің тіл байлығын, сөз мағынасын зерттейтін сала

Лексика

3

Синоним мен антонимнің айырмашылығы қандай?

4

      Әуес көріп жүгірген жас балалар Беті - қолы домбығып үсік шалды.

Шидем мен тон қабаттап киген малшы, Бет қарауға шыдамай теріс айналды.

 

Абай Құнанбаев

«Қыс»

Математика

1

Екі жарым таяқтың неше ұшы бар?

6 ұшы бар

2

Әсем поездің басынан есептегенде 7 – вагонға отырды. Әлкен поездің соңынан есептегенде 7 – вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?

Поезда 13 вагон болған

3

Вазалардың біріншісінде 6 өрік, екіншісінде 21 өрік, үшіншісінде 9 өрік бар. Өрікті вазадан вазаға 2 рет қана ауыстырып, қалайша теңестіруге болады?

12 өріктен бөлінеді

4

Отбасында төрт бала бар. Олар 3 жаста, 5 жаста, 9 жаста және 15 жаста. Арай мен Еңліктің жастарының ең кіші ортақ еселігі Сағидың жасына тең. Меруерттің жасы Еңіліктің жасына еселік сан. Кім неше жаста?

Арай 3, Еңілік 9, Сағи 15, Меруерт 5 жаста

Тарих

1

1. Әлия Молдағұлова соғыста кім болып шайқасты?

мерген

2

2. Қазақтың даңқты ұшқыш қызы кім?(Хиуаз Доспанова)

3

3. Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазақ Кеңес Одағының

Батыры атағын алды?

97

4

4. Соғыс жылдарында қанша Қазақстандық майданға аттанды?

1млн. 200мың

Қорытынды.

Адам баласы тек білім арқылы дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын таниды, одан тағылым алады, болашағын болжап, келешегін белгілейді "Ақыл жастан, асыл тастан" деген сөзді халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткендіктен айтқан болар. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Қоғам талабына сай өз тілінсүйетін, көп тілде еркін сөйлей білетін білімді, өнерлі, ақыл - парасаты мол азамат болып өсейік. Сөз соңында айтарым,қазіргі кезде

    «Жастар – еліміздің болашағы» деген    қанатты сөзді жиі айтамыз.

 Ал, сол   жастардың болашағы, Отанымыздың  ертеңгі тағдыры өзіміздің бүгінгі қызметімізді қалай атқарып жүргенімізге тікелей байланысты. Ендеше мына өтіп жатқан жаһандану, ғаламдану үрдістеріне жұтылып, ұлт ретінде жойылып кетпейік десек ұлымызды рухты, қызымызды ғұрыпты етіп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелейік дегім  келеді..

 

Келісілді                                                                         Дайындаған тәрбиеші:

Директордың тәрбие ісі жөніндегі                                                 

орынбасары:                                                                    Т.С.Камзина

­­­­­­­­­­­___________________ А.Қ. Қалиева

«_____» ________2019 ж

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ »"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Тьютор

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 226 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.06.2020 838
    • DOCX 30.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Камзина Турсункул Сапышовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Камзина Турсункул Сапышовна
    Камзина Турсункул Сапышовна
    • На сайте: 3 года и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6889
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 782 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 991 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 410 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 542 человека

Мини-курс

Музыкальная журналистика: создание и продвижение контента

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная самоорганизация и планирование

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 109 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Культурное наследие России: язык и фольклор

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 17 человек