Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Тағам әзірлеу технологиясы. Тамақтану мәдениеті және физиологиясы. СГТ. Асүй мен асүйдің жабдықталуы тақырыбына сабақ жоспары (5 сынып)

Тағам әзірлеу технологиясы. Тамақтану мәдениеті және физиологиясы. СГТ. Асүй мен асүйдің жабдықталуы тақырыбына сабақ жоспары (5 сынып)

  • Технология

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Тағам әзірлеу технологиясы. Тамақтану мәдениеті және физиологиясы. СГТ. Асүй керек-жарақтары мен ыдыс-аяқтары және оларды күтіп ұстау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: тамақтану және тамақ дайындау, тамақтану рационындағы көкеністердің маңызы туралы білім беру;

Дамытушылық: талдау және салыстыру дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік: асүй жабдықтарына қойылатын санитарлық-гигиеналық және эстетикалық талаптармен, қауіпсіздік техникасы ережелерімен, асүй керек-жарақтарымен және ыдыс-аяқтарымен таныстыру.

Сабақ түрі: жаңа білімдерді меңгерту сабағы.

Сабақ өткізу әдістері:

  • түсіндіру-иллюстрациялық (әңгіме, дидактикалық материалдармен жұмыс, көрсетілімдер);

  • қалыптастырушылық (нұсқаулық, үлестірме қағаздармен жұмыс);

  • сұрақ-жауап.

Көрнекі құрал-жабдықтар: «Санитарлық-гигиеналық талаптар», «Қоректік заттардың маңызы», «Қауіпсіздік техникасы ережелері» кестелері.

Қоғамдық тамақтандыру асханасындағы, шағын пәтердегі асүй жабдықтарының суреттері.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу.

2. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Мақсат қою кезеңі. Бүгінгі сабақта мына тақырыпшаларды меңгереміз:

  • Тамақтану физиологиясы

  • Санитарлық-гигиеналық талаптар

  • Техника қауіпсіздік ережелері

  • Асүй ыдыс-аяқтары және оларды күтіп ұстау

III. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

Біздің денсаулығымыздың жақсы болуы едәуір дәрежеде дұрыс тамақтануға байланысты. Тамақтану үшін әртүрлі азық-түліктерді қолданады. Олардың кейбіреулерін шикі түрде пайланауға болады, ал кейбіреулерін белгілі бір дәрежеде өңдеу қажет. Тамақ құнарлы және пайдалы болып қана қоймай, тәбетті ашатындай безендірілген және нәрлі болуы керек. Дәмсіз тамақ адам организіміне нашар сіңеді әрі пайдасы шамалы болады. Адамның барлық өмірі, оның дамуы мен өсуі, физикалық және ақыл-ой іс- әрекеттері көп мөлшерде энергия жұмсалатын зат алмасуға байланысты. Адам организімінің жасушалары мен ұлпаларына қажет энергия арқылы қамтамасыз етіледі.

Тірі жасушаның негізі – нәруыз. Майлар мен көмірсулар энергия көзі болып табылады. Организмге минералды тұздар мен дәрумендер қажет. Адам организмінде жүретін барлық тіршілік процестеріне су қатысады. Адам денесі (65-70кг) нәруыздан (15-17кг), майлардан, /7-10кг/, көмірсулардан (0,5-0,8кг), судан (40-45кг) жәнеминералды тұздардан (2,5-3кг) тұрады.

Қалыпты өмір сүру үшін адам организіміне барлық қажетті органикалық және бейорганикалық заттар мен дәрумендер бар тамақ пен су қажет. Өсіп келе жатқан организм үшін суды аз немесе шектен тыс көп пайдалану да зиянды әсерін тигізеді.

Санитарлық-гигиеналық талаптар

Тамақты дайындау кезінде организмге зиянды, ауру тудыратын микробтар түсіп, тамақтан уланып қалмау үшін санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау керек.

Бөлмелер мен жабдықтарға қойылатын талаптар

1.Асүй бөлмесін таза ұстау. Ылғал шүберекпен үнемі сүртіп отыру.

2.Таза ыдыстарды жабық шкафтарға немесе жабық сөрелерге қою.

3.Тамақ қалдықтарын қақпағы бар шелекке салып, дер кезінде шығарып отыру.

Тамақ дайындайтын адамға қойылатын талаптар

1.Тамақты арнайы киімдер киіп, алдыңа алжапқыш байлап дайындау.

2.Қолды тазалап жуу.

3.Шашты жинап, орамал тарып алу.

Тамақты жасауға қойылатын талаптар

1.Сақтау мерізімі жарамды азық-түліктерді ғана пайдалану.

2.Азық-түлікті бөлуге,турауға жеке-жеке тақтайлар қолдану.

3.Тотығатын металдан жасалған және сыры кеткен ыдысты пайдалануға болмайды.

Техника қаіпсіздік ережелері

Электр қуатымен жұмыс істейтін аспаптарды пайдалану

  1. Электр қуатымен жұмыс істейтін аспаптарды отқа төзімді тұғырға орнату.

  2. Электр плитасын жерлендіру.

  3. Ток көзіне қосатын баудың жұмысқа жарамдылығын алдын-ала тексеріп алу.

  4. Аспапты токтан қосып-ажыратқанда вилкасын құрғақ қолмен ұстау.

  5. Жұмыс соңында электр аспабын ток көзінен ажырату.

Ыстық ыдыспен және сұйықтықпен жұмыс істеу.

  1. Сұйықтықты кастрөлдің ернеуіне дейін құюға болмайды.

  2. Сұйықтық қайнағаннан кейін жалынды азайту.

  3. Ыстық ыдыстың қақпағын ашқанда күйіп қалмау үшін өзіңнен қашық ұстау.

  4. Қайнап жатқан сұйықтыққа жарманы немесе басқа азық-түлікті салғанда байқау.

  5. Плитадан ыстық ыдысты алар тұтқышты пайдалану.

  6. Түбі майысқан, ұстағышы сынып қалған ыдыстарды пайдалануға болмайды.

Асүй – тамақ дайындауға арналған бөлме. Асүйге жиһазды қолайлы етіп орналастыру керек. Қабырғасын ашық түспен бояп, плита мен жуғыш маңындағы панельді керамика плитасымен қаптаған жөн. Жарыққа ерекше сән беру керек.

Асхана және асүй ыдыс-аяғы

Дайындалған тамақтың сапасы пайдалынылатын ыдыс-аяққа едәуір дәрежеде байланысты. кезде Ыдыс-аяқтың толық жиынтығы болса, тазалық талаптарын сақтау жеңілірек болады.

Бірінші, екінші және үшінші тамақты дайындау үшін әртүрлі кастрөл кисель, компот, борщ, сорпа, ал алюминий кастрөлде ботқа және басқа екінші тамақ әзірлеуге болады.

Үй шаруашылығына кастрөлден басқа кепсер, шөміш, әртүрлі табалар, асқасық, үккіш, елеуіш, тақтай, еттартқыш, шәйнек миксер, бұлғауыш шырынсыққыш т.б. тұрмыстық электр құралдары қажет.

Асүй керек жарақтары мен ыдыс аяғының таза, жуылған болуы – тамақтың гигиеналық жағын қамтамасыз ететін алғашқы шарт.

ыдысты пайдаланып болғаннан кейін бірден жуу керек. Алдымен кеселерді, тәрелкелерді және т.б. ыдыстарды бөлек-бөлек қойып реттеп алу керек. Асүй керек –жарақтары мен ыдыс-аяқтарын 72%-дық кір сабынмен жуған дұрыс. Сонымен қатар ыдыс-аяқты жууға арналған арнайы ерітінділер, ұнтақтар, ысқыштар, қырғыштарды қолданады.


IV. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі. Үлестірме қағаздармен жұмыс.


1-үлестірме қағаз

Көздің көруін жақсартып, бойды өсіретін дәруменді атаңдар. Ол қандай азық-түліктерде бар?

2-үлестірме қағаз

Асқорыту процесі сызбанұсқасын мұқият қарап шығып, асқазан және ішек сөлдерінің, асқорытудағы өттің, сілекейдің рөлін түсіндіріңдер.

Аhello_html_7865c983.gifуыз қуысы: тіл, тіс, сілекей

Өhello_html_1aa9deb3.gifңеш

Аhello_html_1554f555.gifсқазан – асқазан сөлі – сілемей, ферменттер, тұз қышқылы

Іhello_html_m59757bd9.gifшек – ішек сөлі, ферменттер, өт

Анус









3-үлестірме қағаз

Ыдыс атаулары берілген тізімді пайдаланып кестені толтырыңдар.

Ыдыстар

Тізімдегі ыдыс атауларының нөмірлері

Асүй ыдыстары


Асханалық сервиз


Шай сервизі


Ыдыс атаулары:

  1. Шойын таба

  2. Шыныаяқ

  3. Тіскебасарлар салуға арналған тәрелке

  4. Қантсалғыш

  5. Тұз сауыт

  6. Кофе дайындауға арналған аққұман

  7. Нансалғыш

  8. Кастрөл

  9. Аққұман

  10. Табақша

  11. Бәліш салуға арналған тәрелке

  12. Елек

  13. Салаттарға арналған ваза

  14. Тұздыққа арналған сауыт

V. Бекіту кезеңі.

  1. Адам өміріндегі тамақтанудың маңызы қандай?

  2. Тамақтану мәдениеті дегенді қалай түсінесіңдер?

  3. Қандай дәруменді білесіңдер?

VI. Үйге тапсырма беру, оқушылар білімін бағалау кезеңі.

Үй тапсырмасы: §1 оқу, мазмұндау

Бағалау: сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.



Автор
Дата добавления 15.09.2015
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2174
Номер материала ДA-046444
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх