Ақтөбе қаласы №39 қазақ орта
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Буранбаева Айгүл
Алдабергенқызы
«Таңғажайып шытырман есеп патшалығында»
(ойын-сауық кеші, жарыс түрінде)
Кештің мақсаты:
Білімділік:
Математика сабақтарында алған білімдерін тереңдету.
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың
логикалық ойлау қабілеттерін, зейінін дамыту;
Тәбиелік: Ұйымшылыққа,
достыққа тәрбиелеу;
Кештің
барысы:
Мұғалім: О,
жараңдар, жараңдар,
Қызықтаңдар, санаңдар.
Келді бізге қонаққа
«Есеп патшасы» қол соғып, қарсы алыңдар!
Есеп патшасы:
Ал, балалар, балалар,
Маған мойын бұрыңдар.
Қане қандай өнер бар,
Ортаға әкеп салыңдар!
Буратино:
Әдептен
озып аспайын
Үйренуден қашпайын
«Есеп патшасы» өзің айт
Тойды неден бастайын?
Есеп патшасы:
Мектебінің
төрінде
Тағы да бір кеш жасайық
«Таңғажайып шытырман
Есеп патшалығына» барайық.
Буратино:
- Жарайды.
Мұғалім:
- Жарайды,
Есеп патшасы, бүгінгі сайысқа 3 а,ә,б сыныптары қатысып отыр, олардың
білімдерін сынағалы отырған әділ-қазылар бар, сіздер де әділ-қазылар алқасы
болып отырыңыз, ал Буратино сіздің тапсырмаларыңызды балаларға әкеліп беріп
тұрсын, сөйтіп өзі де математикадан көп нәрсе үйреніп кетер, әйтпесе тек 5
тиынын ғана санай алатын еді ғой.
Есеп патшасы: -
Рахмет.
Буратино: І– сайысымызды
бастаймыз.
Мұғалiм:
Сәлемдесе
бiлетiн
Бiздiң
балдар әдептi
Қарсыласпен
танысып,
Эмблемаларын
әкептi.
- Ортаға 3 а сынып оқушылары: «Шаршы»
тобын шақырамыз.
- Ортаға 3 ә сынып оқушылары:
«Дөңгелек» тобын шакырамыз.
- Ортаға 3 б сынып оқушылары: «Қызықты
ұшбұрыштар» тобын шақырамыз.
(Буратино эмблемаларды апарып
тұрады).
Әдiл-қазы
Буратино: ІІ – сайысымызды
бастаймыз.
Мұғалiм: Тойда
өнер сынайык:
Өнер
жасқа лайық
Есеп
шығарғыш балдардың
Өнерiн
бiр тамашалайық.
(Буратино әр топқа 1, 2, 3, 4,
5 сандарын апарып бередi).
Тапсырмалар:
«Шаршы»
«Дөңгелек»
«Қызықты бұрыштар»
350/70=5
450/90=5
300/60=5
18/18=1
12/12=1
15/15=1
36/9=4
24/6=4
32/8=4
12/6=2
16/8=2
14/7=2
3/1=3
6/2=3
3*1=3
Әдiл-қазы
Буратино:
ІІІ - сайысымызды бастаймыз.
Мұғалiм: Думандатып
мектептi
Қызықты
ойын бастайық
Келiңдер
ендi бiрiгiп,
«Тiрi
цифрлар» жасайық.
- Қазiр тек бiр-бiрлерiннiң көмегiнмен келесi топтың
балаларына цифрлар көрсетесiз, ал ол топ оның қандай цифр екенiн тауып
айтады.
Әдiл-қазы.
Буратино:
ІV - сайысымызды бастаймыз.
Мұғалiм: Қысылып
еш саспаңдар.
Қызықты ойын бастаңдар
Қонақтардың
көңiлiн,
Бiр
көтерiп тастаңдар!
- Тест сұрақтарына жауап беріңіздер.
1. Белгісіз санды тап?
2. Периметрін табуға болады?
а) шеңбердің
ә) бұрыштың
б) шаршының
с) сәуленің
3. 700 + х =0 теңдеудің шешімі
а) бар
ә) жоқ
б) 700
с) 0
- Ал, топтар жазып болғанша
3 а сыныбының оқушыларының орындауында, ән тыңдайық.
Жанкүйерлер
де көрiктi,
Кешке
бүгiн келiптi.
Шапалақтап
қолдайық.
Ән
айтқызбай қоймайық.
(Ән бiткен соң Буратино жұмыстарын
алып, әділ-қазыларға апарып бередi).
Әділ-қазы.
Буратино:
V – сайысымызды бастаймыз.
Мұғалим: Қуанамыз oйнаймыз
Қызыққа
бiр тоймаймыз
Қағаздан қиып
фигураны
Жасырып,
жеңбей қоймаймыз.
(Келесi сайысымыз түрлi-түстi қағаздардан
фигуралар қию).
- 3 топ жұмыстарын жасағанша
мен жанкүйерлерге сұрақ
қойып көрейiн:
(Буратино әр
топтың фигураларын әділ-қазыларға
апарып бередi).
Әділ-қазы.
Буратино:
VІ
– сайысымызды бастаймыз.
Мұғалiм: Қандай
тату өздерi,
Кулiмдейдi
көздерi
Қане,
қане келiңдер,
Логикалык
есептер шығарып берiңдер!
(а) бос торды толтыру,
(б) неше үшбұрыш, неше төртбұрыш барын жазып беру.
1
|
2
|
12
|
21
|
11
|
22
|
|
1
|
2
|
12
|
21
|
11
|
22
|
|
1
|
2
|
12
|
21
|
11
|
22
|
|
|
34
|
|
|
|
|
|
|
45
|
|
|
|
|
|
|
67
|
|
|
|
5
|
6
|
|
|
|
|
|
6
|
7
|
|
|
|
|
|
8
|
9
|
|
|
|
|
(Буратино жұмыстарын
адил-казыларга апарып бередi).
Әділ-қазы.
- Логикалык жаттығуларды щығарып болғанша 3 а сынып
оқушыларының орындауында «Бiздiң кластын балалары» әнi.
Бүгiн
қызық, бүгiн той
Бiздер
үшiн бiлiп қой
Әнге
салып би – билеп,
Жалғастырсын
ойды – ой.
Буратино: VІІ –
сайысымызды бастаймыз.
Мұғалiм:
- Математика жалғасы мектепте емес,
Математика
уйде, көшеде.
Математика
сенi қоршаған
Құбылыс
зат денеде.
(Ән айтылып болғанша әр
фигураның астына олар неге ұқсайтынын,
сол заттардың атауларын жазу).
- Бұ л тапсырманы орындап болғанша
3 б сынып оқушыларының орындауында
«Балдырғандар» әнi.
Сырнай тартып, ән айтып,
Кештерiне
балалар.
Бағалаймыз
еңбегiн әр топтың,
Әдiл
– қазы алқалар!
(Буратино жұмыстарын
апарып бередi).
Есеп патшасы: -Жарайсыздар
балалар есепі бәрің де
жақсы
шығарады екенсіздер!
Буратино саған да рахмет.
Қалай
бірдене үйрендің бе,
Буратино:
– Иә, бiр
көзiммен
сығалап, қарап жүрдiм,
бәрін
үйреніп
алдым.
Мұғалiм:
- Мен де сiздерге көп-көп рахмет
айтқым келiп
тұр.
Өлең –
Бiрге ойнап, бiрге күлген.
Кешiмiздi қыймаймыз
Естелiк
болсын бiздерден
Сыйлықтарды
сыйлаймыз.
- Сыйлыктарды тапсыру ушiн және
орындарды бөлiп
беру үшiн
сөз кезегi әдiл-қазыларға
берiледi.
Әдiл-қазы.
Есеп патшасы: Қош,
балалар, сәт-сапар!
Үлгiлi бәрің болыңдар
Жақсы
окып әрқашан
Тек
«5» -тiктi алыңдар.
Буратино:
Сау - болыңыздар!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.