Инфоурок Начальные классы Конспекты"Табиғат көрінісі" ашық сабақ

"Табиғат көрінісі" ашық сабақ

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Табиғат көрінісі

Сабақтың мақсаты:     Оқушыларға табиғат көрінісі жыл мезгілдеріне арнап сурет салуды , табиғат көрінісін таң сәрі кешкі мезгілдерде сурет салуды табиғаттың өзгеруіне байланысты аңдар , жануарлар , құстар ерекшелігі оларға қамқорлық, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:     интерактивті тақта, үй жануарларының суреті, кітап, топырақ, тастар , табиғат көрінісі суреті, жыл мезгілдерінің суреттері, плакаттар.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: көрсету, түсіндіру, бояп үйрету

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Өткен сабақты еске түсіру, берілген тапсырманы сұрау.

Назарларын сабаққа аудару үшін өлең оқу.

Табиғат – тіршіліктің тұнып тұрған

Сен – күнсің көтеріліп күліп қырдан.

Сен – көлсің, сен – ормансың, сен – бұлбұлсың

Адамды сұлулыққа құнықтырған.

ІІ. Үйге тапсырманы тексеру.

Өтілген сағатта берілген Перспектива тақырыбын сұрап, олардың нешеге бөлінетінін де сұрау.  Перспектива екіге бөлінеді: сызықтық перспектива және ауа перспективасы. Оқушылар перспективалық сурет салуда жақындағы заттар үлкен алыстағы қаттар кіші болып көрінулерін, реңдерде жақын, анық, алыс ақшыл көрінулерін үйрету.

Сөзжұмбақ шешу. Перспектива

ІІІ. Үйге тапсырманы қорытындылау.

-  Біз қандай тақырыпта сурет салдық?

-  Сендерге қандай тақырыпта сурет салған ұнайды? (слайдта дала көріністерінің перспективалық көріністері көрсетіледі)

IV. Жаңа сабаққа дайындық.

Сөзжұмбақ арқылы пейзаж сөзін табу.

1.                     Өз бейнемізді не деп атаймыз?

2.                     Салған суретімізді немен бояймыз?

3.                     Біз қай сабақта сурет саламыз?

4.                     Қол өнеріне не жатады?

5.                     Қандай дизайн түрі бар?

6.                     Ананың әлдиі қандай түс?

V. Жаңа сабақ. Табиғат көрінісі.

Оқушылардың назарын аударып, байтақ жерлерімізді бабаларымыз жауларымыздан қорғап қалды. Осы жеріміз, табиғатымыз бабалардан қалған аманат. Осы аманатқа табиғатты қорғауға оқушылар сіздер қалай үлес қосар едіңдер? Оқушылар табиғат көрінісі, адамдар табиғаттан нені үйрене алады? Табиғат дегеніміз – аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, көл, ауа, жер.

Табиғат алдында өздерін жауапты санаған, барлық жан-жануарларды киелі санап, өзен, көл жағалауларын таза ұстап, бұлақ көрсе көзін ашып, жастайынан өз әулеттеріне, балаларының санасына сіңіріп, бойларын үйреткен.

Табиғат арқылы адам бойына сұлулық пен әсемдік дамыту идеясы қазақ ағартушылары мен жазушыларының, ақындарының еңбектері мен өлеңдерінде толық көрсетілген. Мысалы Абай мен Шоқанның, Жамбыл мен Ыбырайдың, Мағжан мен Сәкеннің, Ілияс пен Қасымның, Кәкімбектің өлең-жырларынан көркем жазылған табиғат суреттерімен танысып жан рухына бөленуге болады.

Қазақ халқының табиғатты, қоршаған ортаны, жан-жануарлар мен құстарды аялағаны соншалықты, тіпті сонау ашаршылық жылдарының өзінде үйдің іргесіндегі аққан судың балығына да, ұшқан құсына да, жүгірген аңына да ешбір зиянын келтірмеген. Көшпенді халық жиі-жиі, жаз бойы қоныстарын ауыстырып, сол қоныстанған жердің топырағы тозбасын, өсімдігі өлмесін, шабындығы жапырылмасын деген оймен әрбір билер халықты жаңа қоныстарға алдын ала бағыт беріп отырған.

Қазақстан топырағы киелі, жер бетінің шөбін тарсаң, шырыны шығатын көк майса, жасыл кілем еді. Кеңбайтақ еліміздің барлық территориясында небары 30% ғана шөлді-шөлейт аймақ болған, ал қазір ХХІ ғасырдың басында шөлді аймақ 66%-ға жетіп отыр. Ол дегеніміз халқымыздың көпшілігі табиғатты күтуге, оның табиғи байлықтарын тиімді пайдалануға әлі де болса үйренбей жатқандығы. Кен орындары, жер асты байлықтарды алғаннан кеәін қалпына келтіріліп, көгалдандырылмады, қопарылған жердің топырағы жел болса сол маңайдың барлығын шаңға айналдырып басып жатады. әрбір өскен ағаш бүгінгі таңда алтыннан да ардақты, оны қалада да, далада да кесіп жатырмыз, ағаш шабылған жер тазаланбайды. Табиғат аясына – Қарқаралы, Баянауыл, Бурабай тәрізді немесе өзен, көл маңына демалуға шыққан топ барлық қоқыс заттарды шашқан бойы қалдырып, тіпті жаққан отты сөндірмейді.

Біздегі кемшіліктерді жібермеу, барлығымыздың да қолымыздан келеді, бірақ көп нәрсені түсіне бермейміз. Адамзаттың жауапсыз кезеңі бітіп, жауапкершілігі артатын кезеңі жетті. Енді қазіргі бар табиғат қоры шеңберінде өмір сүруді үйрену және өндіріс көлемін ұлғайтуды шикізат ресурстары шығынының көлемін өсіру жолымен емес, аз қалдық беретін және қалдықсыз технологияға тезірек көшу, кен орны жынысы құрамындағы барлық компаненттерді комплексті алу мен пайдалану, өндіріс қалдықтарын қайта пайдалану мен тұтыну, табиғи ортаны ластаудың алдын алатын қалдықсыз өндірістер мен технологияны енгізу, энергия мен шикізаттың дәстүрлі түрлерін қазіргі заманғы және таусылмайтын көздермен ауыстыру негізінде жүргізу қажет. Экономика ғылымы «Қоғам - өндіріс – табиғи орта» жүйесінің даму проблемалары бойынша зерттеу жұмыстарына басшылық ете отырып, мемлекеттің табиғи қорының үнеммен жұмсалуы және сақталынуы мәселелерімен айналысуы қажет. Экономика және экология бір-бірімен тығыз байланысты, егер экономика принциптері экология принциптерімен қайшы келетін болса, қоғамда және адамдар санасында қарама-қайшылықтар бар деген сөз, одан арылуымыз керек. Біздің республикамыздың экологиялық жағдайы, айтарлықтай емес.

Көптеген қалаларда атмосфералық ауа зиянды заттармен мөлшерден артық ластанған. Әсіресе ластанғандарға Алматы, Тараз, Өскемен, Зырян, Риддер, Теміртау, Шымкент қалалары жатады. Семей өңірінің топырағының радиоактивті заттармен ластануы адам денсаулығына әлі де болса әсерін тигізіп келеді. Каспий, Арал бассейндеріндегі экологиялық жағдай мақтанарлықтай емес. Орал және Іле, Сырдария және Нұра өзендері өнеркәсіп қалдықтарымен ластанып келеді. Ауыз су, тыныс алатын атмосфералық ауа, қажетті азық-түліктің неше түрлі улы қосылыстарымен ластануы адамдардың иммуналдық-гендік жүйесін бұзатыны белгілі. Бұл өзгерістер адамзат баласына және биосферада тіршілік ететін барлық тірі ағзаларға мутагендік өзгерістер туғызады. Биологилық және экологиялық өзгерістер жер бетінде бола берсе, биосфераның табиғи теңдігі бұзылып, жер бетіндегі барлық жан-жануарлар жойылып бітуі мүмкін. Табиғит заңдылығы өте қатал заң.

 

VІ. Сергіту сәті.

Қызыл – жасыл қарашы,

Қолға кезек аласың.

Қарындашпен әртүрлі

Алуан сурет саласың.

Қарындаштың көмегі

Міне, осындай көп еді.

Ұштай біл де , ұстай біл,

Түрлі өрнек төгеді.

 

VІ. Сарамандық жұмыс.

Бүгін біз табиғаттың төрт мезгілінің суретін саламын. Табиғат көрінісін бейнелеуде алғашқы әсерді есте сақтап, дәл көрсету – оқушы үшін табылмайтын асыл қасиет. Табиғаттың әуенін іздеуге көптеген суретшілер табиғат аясында жүріп сурет салып, ән тыңдауды ұнатады. Ол – барлық суретшілерге тән нәрсе. «Табиғат пен адам егіз ұғым» - деген пікірді ұлы суретші Леонардо да Винчи айрықша атаған.

Табиғаттың көрінісін бейнелеу арқылы табиға бояу түстерін анық біле аламыз.

VIII. Қорытынды.

Оқушылардың жаңа тақырыпқа байланысты салған жыл мезгілдері суретінің дұрыстығын, бояу реңдерін табуларын көріп салыстыру, қателерін жөндеу.

IX. Үйге тапсырма беру. Табиғат көрінісі

X.Бағалау. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін суреттерге қарап бағалау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Табиғат көрінісі" ашық сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Спортивный психолог

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 745 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.05.2016 2474
    • DOCX 20.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нугманова Конырау Кулжабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нугманова Конырау Кулжабаевна
    Нугманова Конырау Кулжабаевна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10460
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 845 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 176 человек

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 683 человека

Мини-курс

Воспитание будущего поколения: от педагогики до игровых технологий

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Управление спортивными событиями и организация деятельности в спортивной сфере

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Практические навыки трекинга и менторства

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе