Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Табиғат ортақ үйіміз ашық тәрбие сағаты 2 сынып

Табиғат ортақ үйіміз ашық тәрбие сағаты 2 сынып

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Табиғат-ортақ үйіміз

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың алған білімдерін анықтап,

жетілдіру,тереңдету.

Дамытушылық:Танымдық қабілеттерін,логикалық ойлауын,

Шығармашылық белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Болашаққа өз үлесін қоса білетін,ізденімпаз ұрпақ

етіп тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:табиғат көріністері,топ аттары,мақал-мәтелдер,

Жапырақтар

Сабақтың түрі:сайыс түрінде

Сабақтың өту әдісі:сұрақ-жауап,шығармашылық,топтық

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі


------Құрметті ұстаздар,оқушылар!

« Табиғат—ортақ үйіміз» атты сайысқа қош келдіңіздер!

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие,тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда—дегендей ой мен білім жарысын бастаймыз.

Ортаға сайыскерлерімізді шақырайық.

Қыс тобы

Көктем тобы

Жаз тобы

Күз тобы


--Ойынның әділ бағасын беруші қазылар алқасын таныстырып өтейін.

Ермекова С.—оқу ісінің меңгерушісі

Нурбаулова Т.—тәрбие жөнінде орынбасар


Негізгі бөлім.

1—бөлім Сұрақ—жауап

2—бөлім Сөзжұмбақ

3—бөлім Тіл өнері

4—бөлім Кім тапқыр?

5—бөлім Бұл не?


----Сайыскерлер,сіздерге сәттілік тілейміз!


1—бөлім. Сұрақ—жауап.

Бұл бөлімде әр топқа 3сұрақтан беріледі.


Сұрақтар.

1.Адамның денесі неше бөліктен тұрады?

(4.бас, мойын, кеуде, қол және аяқ)

2.Адамда неше литр қан бар?

(3 л.үлкен адамдарда 5-6 л)

3.Сезім мүшелерін ата?

(көз,құлақ,мұрын,тіл,тері)

4.Судың неше түрі бар?

(3.сұйық,қатты, газ тәріздес)

5.Адамға,жануарларға,және не қажет?

(қорек,ауа,су,жылу,жарық)

6.Адамда неше жұп қабырға болады?

( 12)

7. Көздің қорғанышы (кірпік,қабақ,қас)

8.Астанадағы бәйтеректің ұзындығы (97 м)

9.Термометрдің қандай түрі бар? (3) (ауаны,ыстықты,суды)

10.Біздің сүйектерімізді неше бұлшық ет қозғалысқа келтіреді?

(600-ге жуық)

11.Адамның тамыр соғысы 1 минут неше рет соғады?

(60 рет)

12.Адамның жүйке жүйесі неден тұрады?

(ми,жұлын,жүйке тамырынан)

13.Көл және теңіз қандай түспен боялады? (көгілдір)

14.Пішіне қарай бұлт неше түрге бөлінеді?

(шарбы,будақ, қабат)

15. Өлі табиғатқа нелер жатады?

(ауа,бұлт,құм,тас,тау т.б.)

16.Кітап оқығандан кітап көзден неше см. қашықтықта болуы керек?

(30-35 см)


  1. Сөзжұмбақ

  2. Әр топқа таратылады.

Тіл өнері (жалпы түрде)

    1. Жасыл ине киімім

Жайлаймын тау биігін

Жаңа жылда тойласам

Төріндемін үйіңнің

(шырша-ёлка)

    1. Көзіңе көрінбейді,

Қолыңа ілінбейді.

Бірақ та құлағыңа

Ұдайы күбірлейді.

(жел-ветер)


3. Сақталады алты ай жаз

Сандығымда сары аяз

(тоңазытқыш-холодильник)

4. Қылышпен шауып

Турай алмадым.

Бір шайқап қалып

Жинай алмадым.

(су- вода)

  1. Бөлменің көзі,

Көрмейді өзі.

(терезе-окно)

  1. Жұрттың бәрі сүйеді,

Бірақ қарай алмайды.

(күн-солнце)

  1. Еқі көрші бірін-бірі көрмейді.

(көз-глаза)

  1. Құстай ұшар

Қанатты тұлпар.

(ұшақ-самолёт)

  1. Тау басына шөп шықты,

Шөп шыққанда көп шықты.

(бас пен шаш-голова,волос)

  1. Таппайтын тағат

Тығулы сағат.

(жүрек-сердце)


4. Кім тапқыр?ойыны

Суреттерді сегіз бөлікке бөліп,қоямын.Осы суреттерді тез әрі жылдам құрастыру.Суреттер:

Хан шатыр

Есіл өзені

Шерқала

Алтын адам


5—бөлім.Бұл не?

1.Жер асты суы әрқашан жер бетіне ағып шыға бермейді.Сондықтан, оны

пайдалану үшін қазады.Бұл не?

(Құдық)

2.Қыста үлкен биіктікте су тамшылары қатып, әуелі сияқты мұз түйіршіктерін түзеді.Кейін олар бір-біріне жабысып, ұлпаға айналады.Бұл не? (Қар)

3. Үлкен биіктікке жеткенде, су тамшылары қатып, мұз түйіршіктеріне айналады.Мұндайда салмағымен құлап келе жатқан мұз түіршіктері салқындаған су тамшыларына қосылып, жұмырланады да, үлкейе түседі.Бұл не? (бұршақ)


4.Қыраттың беткейінде, өзен жағасында,сай табанында ағып шығады. Бұл не?

(Бұлақ)

5.Көп қан кеткен жағдайда келесі қаны сәйкес келетін адам қан береді.Бұл не?

(Донор)

6.Жер бетінің кішірейтілген пішінін көре аламыз.Бұл не? (глобус)




Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін қазыларға берелік

Арамызда тапқыш достар көп екен

Солардың нәтижесін көрейік,--деп сөзді қазыларға береміз.




Қортынды.Жеңімпаздарды марапаттау.

--Олай болса,бүгінгі «Табиғат-ортақ үйіміз» атты сайысымыз аяақталды.



Автор
Дата добавления 20.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров270
Номер материала ДВ-360772
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх