Инфоурок Информатика Другие методич. материалыТабиғатта барлығы өлшенеді, барлығы саналады

Табиғатта барлығы өлшенеді, барлығы саналады

Скачать материал

Тақырыбы: Табиғатта барлығы өлшенеді, барлығы саналады

Сыныбы: 5-11 сыныптар

Өтілетін күні: 21. 02. 2015 жыл

Өткізілу орны: «Сергиополь жалпы білім беретін орта мектеп» КММ


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «ЕХРО2017» өткізілу барысында оқушыларға ЕХРО туралы түсіндіру, оқушыларды әрбір мемлекетке бөлу арқылы ЕХРО туралы мағлұматтар жинақтау. Оқушылардың физика-информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, олардың физика-информатика пәнінен алған білімдерін бақылап, бағалау.


Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.


Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.


Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сайыс сабақ

Сабақтың типі: қалыптан тыс

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, практикум, көрсете баяндау, топпен және жеке жұмыс.


Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, плакаттар, карточкалар


Қош келдіңіздер, құрметті ханымдар мен мырзалар!

Барлықтарыңызды бізбен бірге бүгінгі «Табиғатта барлығы өлшенеді, барлығы саналады» атты физика-информатика пәнінен Қазақстан мемлекетінде ЕХРО 2017 «Болашақтың қуаты» атты тақырыпта өтетін көрмесіне шақырамыз. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, күлкіні, шапшаңдықты алып жүруді ұмытпаңыздар.

Біздің саяхатымыз физика-информатиканы үйренушілерге, физика-информатиканы үйретушілерге, физика-информатиканы сүйетіндерге және де физика-информатиканы әлі де білмейтіндерге арналады.

Сайысымызға дүниежүзі бойынша алты мемлекет қатысқалы отыр.

Ақыл тон аңдағанға тозбайтұғын,
Білім кен қанша алсаң да азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай

ЕХРО2017-ге құлшынып тұрған мемлекеттерімізді ортаға шақырамыз.

  1. .....................................................

  2. ....................................................

  3. ....................................................

  4. .....................................................

  5. ....................................................

  6. ....................................................


Біздің бүгінгі өткізілгелі отырған көрмеміз «ЕХРО 2017» -ге байланысты.

Бүгінгі өтетін Халықаралық көрмелер бюросының бас ассамблеясының мүшелерін таныстырып өтейін:

  1. Бақытгүл Тұрлыханқызы

  2. Досжан Мелсұлы

  3. Самал Сайлаубекқызы

  4. Айнур Мұқанқызы

  5. Айман Дүйсенқұлқызы


Сайыс шарты мен өтілуі:

Сайыс 5 кезеңнен тұрады.

1. Таныстыру.

2. ЕХРО

3. Аукцион

4. Тәжірибе алмасу

5. Қорытынды


Сайысымызды бастамас бұрын жеребе тастау арқылы мемлекеттің реттік номерін анықтау. Ол үшін мемлекет басшыларын ортаға шақырамыз. Әділ қазылар алқасының алдындағы карточкаларды тандап алады.

Енді сайысымызды бастайсыз.

1-кезең. «Таныстыру»

Бұл кезеңде әр мемлекет слайдшоу арқылы өздерін таныстырады.

Өнердің  нәр  береді  шапағаты,

Әркімнің  өнерге  бар  махаббаты.

Талпынып әр мемлекет шықты  қане,

Көрермен қошеметпен қол  соғады. –дей келе келген мемлекеттерге өздерін таныстыруға кезек берейік.

2-кезең. «ЕХРО»

Әр мемлекет өздерінің жасаған бұйымдарын көрсетеді.


3-кезең. «Аукцион»

Есеп шығару арқылы әр топ қарсыластарының бұйымдарын сатып алады

Ал, келіңдер, келіңдер!

Біріңе-бірің еріңдер,

Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып қөріңдер

200 тенгенің сұрақтары

  1. Гук заңы қалай тұжырымдалады?

Жауабы: Серпімді деформацияның шамасы (созылу немесе сығылу) түсірілген күшке тура пропорционал, яғни F=-kx мұндағы F- түсірілген сыртқы күш, x=l-l0 – дененің созылу немесе сығылу шамасы (дененің ұзындығының өзгеруі); l – деформацияланған дененің ұзындығы; k-қатаңдық деп аталатын пропорционалдық коэффициент. SI жүйесінде қатаңдық ньютонның метрге қатынасымен (H/m) өрнектеледі.


  1. Алгоритм дегеніміз не?

Жауабы: Алгоритм – берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы. Басқаша айтқанда, алға қойған мақсатқа жетуде немесе берілген есепті шешуде орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін дәл көрсететін нұсқауларды алгоритм дейміз.


  1. Алгоритмді орындағанда не болатынын анықтаңдар.

Басы

Қарындашты ал.

Шаршылар бойынша диктант жаз: 5С 3Т 2О 1Т 3С 4Т 1О 3Ж 1О 7Т 1С 1Т 2О 4Ж 1О 4Т 2О 1Ж 1С 7Ж 1О 3Т 1О 4Ж 3С 1Ж 2О 3Ж

Алынған суретті аяқта.

Қарындашты орнына қой.

Соңы.

Жауабы: робот


  1. Алгоритмді орындағанда не болатынын анықтаңдар.

Басы

Қарындашты ал.

Шаршылар бойынша диктант жаз: 1Ж 2С 2Ж 3О 2Ж 5О 2Т 3О 2Т 3С 1Т 2С 1Ж 2С 1Т 2С

Алынған суретті аяқта.

Қарындашты орнына қой.

Соңы.

Жауабы: машина


  1. Жұмбақтың жауабын тауып компьютерге Paint бағдарламасына жауабынын сурпетін сал.

Сары қозы, көк қозы,

Қарындары тоқ қозы.

Күздігүні көп қозы,

Қыстыгүні жоқ қозы

Жауабы: Қауын – қарбыз


  1. Жұмбақтың жауабын тауып компьютерге Paint бағдарламасына жауабынын сурпетін сал.

Бірінің ізін бірі басады,

Біріне жеткізбей, бірі қашады.

Жауабы: дөңгелектер


500 теңгенің сұрақтары


  1. Күйтабаққа ине 0,27Н күшпен әрекет етеді. Егер иненің ұшының ауданы 0,0003см2 болса, оның күйтабаққа түсіретін қысымы қандай?

Жауабы: hello_html_mb39ff3c.gif


  1. Көлемі 0,5м3 гранит тасын 20 м биіктікке көтергенде істелетін жұмысты есептеңдер. Граниттің тығыздығы 2500кг/м3

Жауабы:
hello_html_m29ce6ceb.gif

hello_html_m2fb28cc8.gif

hello_html_m4c823c98.gif


  1. Позиция бойынша орналастырыңдар

43173468 = … 2

Жауабы: 1000110011110111001102


  1. Позиция бойынша орналастырыңдар

111110110100101002 = … 8

Жауабы: 3732248


  1. Позиция бойынша орналастырыңдар

F6D6E16 = … 2

Жауабы: 111101101101011011102

  1. Серіппелі тапаншадағы серіппенің қатаңдығы 4000 Н/м. Оқтың массасы 5г. Серіппені 2 см-ге сығып қысады. Оқ пистолеттен қандай жылдамдықпен ұшып шығады? (Ауаның кедергі күші және үйкеліс ескерілмейді.)

Жауабы:
hello_html_mc59af07.gif

hello_html_55287912.gif

hello_html_m74902c70.gif


1000 теңгенің сұрақтары


  1. Егер плотинадан су 25 м биіктіктен құлап ағатын болса, су ағынының қуаты қандай? Судың әр минуттағы шығыны 120 м3.

Жауабы:
hello_html_m488d1d4b.gif

hello_html_m5d598514.gif

hello_html_m2b55dc9.gif

hello_html_7ac2a44b.gif


  1. Ваннаға 800С-тағы 20л ыстық су және 50С-тағы 10 л су құямыз. Суды араластырып, қоспаның температурасын өлшейміз. Ол 550С-қа тең болды. Ыстық судың берген жылу мөлшерін және суық судың алған жылу мөлшерін анықтаңдар. Алынған мәліметтерді салыстырып, нәтижені түсіндіріңдер.

Жауабы:
hello_html_m751fb89d.gif

hello_html_m1a7ce9ea.gif

hello_html_m1bdf7d95.gif

hello_html_m68af1372.gif


  1. Электр су қайнатқышы 4А ток күші мен 120 В кернеуге есептелген. Су қайнатқыштың қыздыру элементін дайындау үшін қажет нихром сымының ұзындығын табыңдар. Көлденең қимасының ауданы 0,39мм2.

Жауабы:hello_html_46cbbe46.gifhello_html_76f89d25.gif

hello_html_m1ccf9fae.gif


  1. Арифметикалық амалдарды орындаңыз.

20 div 4 = 18 div 4 =

18 mod 5 = 20 mod 6 =

Жауабы:

20 div 4 = 5 18 div 4 = 4

18 mod 5 = 3 20 mod 6 = 2


  1. Төмендегі өрнектерді Турбо Паскаль программалау тілінде жазыңыз:

hello_html_m546665d6.gif; S=hello_html_7483cb59.gif;

Жауабы:

Z:=(sqrt(abs(sin(x)))+sqrt(abs(cos(y))))/sqrt(abs(sin(x)+cos(y)));

S:=(sqrt(sqr(x)+3*y)+arctan(4*x))/(exp(sin(2*y))+4*x*y);


  1. Тарақтағы искралар. Құрғақ шашты кезейін тарақпен тарағанда тарақ пен шаш арасында электрлік искралар пайда болады. Қалай ойлайсыңдар, осы искралардың қуаты қандай?

Жауабы:

Шашты тарақпен тарағанда ұзындығы бірнеше миллиметр от ұшқыны (искра) пайда болады. Бұндағы от ұшқындарының пайда болу үшін бірнеше мың вольт ток қуаты керек. Осындай қуатты ток кернеуімен өте қуатты гидро және турбогенераторлар жұмыс істейді.

2000 теңгенің сұрақтары


  1. Цезийден жасалған катодқа сәуле түсіргенде, жылдамдығы 500 км/с-қа жететін электрондар ұшып шығады. Катодқа түсірілген сәуленің толқын ұзындығы қандай? Цезий үшін электрондарды шығару жұмысы 1,9эВ = 10-19 Дж

Жауабы:

hello_html_m16b3c998.gif

hello_html_m63d7ea6e.gifhello_html_m8be0fb2.gif

hello_html_c86b00e.gif

hello_html_m229f004d.gif


  1. Егер рентгендік түтікте электрондарды үдететін кернеу 50кВ-қа жетсе, рентгендік сәулелердің ең қысқа толқын ұзындығы қандай?

Жауабы:
hello_html_m2201204.gif


  1. Толқын ұзындығы 620 нм болатын фотонның массасы мен энергиясы қандай? 1Дж=hello_html_651d74b6.gif

Жауабы:
hello_html_m7717492d.gif

Мұны электрон-вольтқа айналдырсақ
hello_html_35d96bee.gif

hello_html_46ee0eb6.gif

Бұл – фотонның қозғалыстағы массасы. Тыныштықта фотон ғайып болады, сондықтан тыныштық массасы нөлге теңеледі.

  1. Төмендегі өрнектердің мәндерін анықтайтын программа құрыңдар:

hello_html_m2b4e0dc0.gif


  1. Төмендегі өрнектердің мәндерін анықтайтын программа құрыңдар:

hello_html_7563d8c9.gif


  1. Төмендегі өрнектердің мәндерін анықтайтын программа құрыңдар:

hello_html_3dd1961d.gif


5000 теңгенің сұрақтары


  1. Екі жарылыс неге булы қазанның жарылысы кезінде бу қысымының атмосферасы 10-15 қана болғанымен, үлкен жарылыстар болуы мүмкін , ал гидравликалық цилиндрдің жарылысында атмосфералық қысым бірнеше жүзге көтерілгенімен, айтарлықтай жарылыстар болмайды?

Жауабы: Будың да, газ сияқты сығымдылығы үлкен: ал сұйықтығы керісінше, аса баяу сығымдылық; сондықтан да бу шағын ғана қысыммен (атмосфералық қысымы 15) кеңейе келе, сұйықтықтың атмосфералық қысымы 600 болғанына қарамастан, көп жұмысты атқара алады.


  1. Жүктің салмағы Адам орындықтан секіреді.Оның қолында тағазы, ыдысында10 кгсалмағы бар жүк жатыр. Құлап келе жатқанда таразының тілі қай бөлікте тұрады?
    Жауабы: Нөлде.


  1. Жағалаусыз теңіз. Біз өте жиі «Жағалаусыз теңіз» деп айтамыз. Ал шындығында «жағалаусыз теңіз» бар ма, яғни, ешбір жағасы жоқ теңіз?
    Жауабы: Атлант мұхитында орналасқан Саргасов теңізі. Оның жағалауы толығымен теңіз балдырларымен өмкімдер өсіп тұрады және оның жағалауы мұхит суы болып табылады.


  1. Король және премьер-министр. Бір король өзінің премьер- министрін орнынан алып тастағысы келеді, алайда оны ренжітпей орындағысы келді. Ол премьер- министрі ншақырып алып, портфеліне екі парақ қағазды салды да: «Парақтың біріне мен «Кетіңіз», екіншісіне «Қалыңыз» деп жаздым. Алып шыққан парағыңыз сіздің тағдырыңызды шешеді» дейді. Премьер-министр қағаздың екеуіне де «Кетіңіз» деген сөз жазылғанын сезіп қойды. Алайда, ол өзінің орнын сақтап қалды, осы мәселені қалай шешті?
    Жауабы: Премер министр сөмкедегі қағазды алып шықтыда оған оған қарамай, оны шар тәрізді умаждап қағазды жұтып қойды. Ал, сөмкедегі қалған қағазда «Кетіңіз» деген жазу бар еді, бірақ корольге жұтып қойған қағазда «Қалыңыз» деген сөз болғанын мойындау ғана қалды.



  1. Әртүрлі бес қаладан бес оқушы Алматыға математикадан аймақтық олимпиядаға қатысуға келді. Балалардан қайдан екендігін сұрады. Олар былай длеп жауап берді. Арынов: «Мен Атыраудан келдім, ал Ғалымов Қарағандыда тұрады». Беріков «Қарағандыда Болатов тұрады, мен Балхаштан келдім». Болатов: «мен Атыраудан келдім, ал Беріков Астанадан». Ғалымов: «мен Қарағандыдан келдім, ал Батыров - Теміртаудан». Батыров: «Ия, мен Теміртауда, Арынов Балхашта тұрады». Олардың жауаптарының қарама - қайшы екендігіне таң қалғанда, балалар былай түсіндірді: «Әркім бір пікірді дұрыс, ал екіншісін жалған айтты. Бірақ біздің жауабымыз бойынша қайдан келгенімізді әбден анықтауға болады». Оқушылардың әрқайсысы қайдан келді?

Жауабы: Арынов - Атыраудан, Беріков – Астанадан, Болатов – Қарағандыдан, Ғалымов – Балқаштан, Батыров – Теміртаудан.

  1. Үстелде төрт фигура: үшбұрыш, ромб, дөңгелек, квадрат қатар жатыр. Олардың түстері – жасыл, сары, көк, қызыл. Егер қызыл түсті фигура жасыл және көк түстің арасында жатқан болса, сары фигураның оң жағында ромб жатса, үшбұрыш шетінде жатпаса, және көк түсті фигура сары түсті фигураның қасында жатпаса, онда фигуралардың қандай ретпен жатқанын және олардың әрқайсысының түстерін анықта.

Жауабы: Столда сары квадрат, жасыл ромбы, қызыл үшбұрыш, көк дөңгелек жатыр.


4-кезең. «Тәжірибе алмасу»

Үй тапсырмасы. КВН физика-информатика пән бойынша.

Өнер мен білімде,
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысырлық бүгінде,
Өзіндік менің үнім бар.
Білімпаз жастар өздерін

Ортаға салсын ойларын. – дей келе «Тәжірибе алмасу» бөліміне кезек

берейік.


5-кезең. «Қорытынды»

Ханымдар мен мырзалар  бүгінгі  көрмені  қортындылағалы  отырмыз. Барлығымыз  кім  жеңімпаз  болғанын білгісі  келіп отырған шығар.

Ассамблея қорытынды шығарады.

 Кімдердің жауаптары кәміл шықты

Білім мен тапқырлықты көрсеткен

Жеңіске жетер дейміз  нағыз мықты –деп әділқазыларға сөз береміз.

/ Марапаттау/

 “Қазақстанның болашағы – білімді ұрпағында” демекші бүгінгі алған біліміміз ертеңгі байлығымыз, елімізге тигізер үлесіміз. Сондықтан да, білім алудан, оқып-үйренуден жалықпайық демекпіз!


Бүгінгі  «Табиғатта барлығы өлшенеді, барлығы саналады» атты физика-информатика пәнінен Қазақстан мемлекетінде өтіп жатқан ЕХРО 2017 «Болашақтың қуаты» атты тақырыпта өтетін көрмесіне келіп  қатысқандарыңыз  үшін  сіздерге  алғыс  білдіремін. Әрқашанда  қадамдарыңызға  нұр  жаусын!.

Қош  демейміз ,әлі  талай  көрмелер  бар,

Өнерлерің   өрлей  берсін  қайыспаңдар.

Ойлы  орта  кеңейсін  күннен-күнге,

Өскен  ортаның   жұртынан   қалыспаңдар-дей  отырып  бүгінгі   көрмемізді  аяқтаймыз.


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Табиғатта барлығы өлшенеді, барлығы саналады"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель образовательной организации

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: Табиғатта барлығы өлшенеді, барлығы саналады

Сыныбы: 5-11 сыныптар

Өтілетін күні: 21. 02. 2015 жыл

Өткізілу орны: «Сергиополь жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «ЕХРО2017» өткізілу барысында оқушыларға ЕХРО туралы түсіндіру, оқушыларды әрбір мемлекетке бөлу арқылы ЕХРО туралы мағлұматтар жинақтау. Оқушылардың физика-информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, олардың  физика-информатика пәнінен алған білімдерін бақылап, бағалау.

 

Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық  сауаттылығын дамыта отырып, олардың  пәнге  деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

 

Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа  тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.

 

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сайыс сабақ

Сабақтың типі: қалыптан тыс

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, практикум, көрсете баяндау, топпен және жеке жұмыс.

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 985 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.04.2015 2142
    • DOCX 386.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Наширбекова Гулим Муратбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 6
    • Всего просмотров: 64711
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Информационные системы и технологии: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информационных систем и технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 577 человек

Курс повышения квалификации

Методы и инструменты современного моделирования

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 68 человек

Мини-курс

Психологическое консультирование семей: от неблагополучия к гармонии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Психология взаимоотношений, прощения и самопонимания

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 133 человека из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе