Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Табиғаттағы су айналымы 4 cынып

Табиғаттағы су айналымы 4 cынып



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Су. Табиғаттағы су айналымы

Сабақтың тақырыбы: Су. Табиғаттағы су айналымы.
Сабақтың мақсаты: Табиғаттағы судың адам өміріндегі маңызы туралы мағлұмат бере отырып, табиғаттағы су айналымы туралы түсініктерін кеңейту.
Білімділік: Іс-тәжірибе жүзінде оқушыларға табиғаттағы су айналымы туралы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты аялауға, ластамауға, шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз беттерімен жұмыс жасай алу қабілетін және ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын байыту.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту
Әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: Плакат, үлестірмелі қағаздар, құрылғы, карта.

Барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
- Сәлеметсіздер ме, балалар?
- Сәлеметсіз бе, апай.
- Отыра қойыңыздар. Қазір бізде дүниетану сабағы. Сабаққа керекті құрал-жабдықтарыңызды шығарып, тыныш отыра қойыңыздар.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру
- Қане, балалар үйге қандай тапсырма берілді?
- Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.
- Қане, мен сіздердің қаншалықты деңгейде түсінгендеріңді мына үлестірмелі қағаздар арқылы тексерейік.
1-үлестірмелі қағаз
Құрылыс материалдар тобын ата?
2 – үлестірмелі қағаз
Әктастың түрлерін ата?
3 – үлестірмелі қағаз
Мәрмәр дегеніміз не?
4 – үлестірмелі қағаз
Асбестің қандай ерекшеліктері бар?
5 – үлестірмелі қағаз
Ас тұзы қайда қолданылады?
Өте жақсы. Ендеше, «Кім жылдам» ойынын ойнап жіберейік.
Шарты: Сұрақтар арқылы өткен материалды қалай меңгергендеріңді тексеремін.
- Кенге жатпайтын пайдалы қызбалар деп нені атайды?
- Мәрмәр, ас тұзы, әктас
- Пайдалы қазбалар нешеге бөлінеді?
- Екіге
Пайдалы қазбалар:
1) Жанғыш пайдалы қазбалар
2) Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
- Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады?
- Көмір, мұнай т. б
Енді, балалар осы пайдалы қазбаларды картадан көрсетейік. (картадан көрсету кезеңі)
- Дұрыс-ақ

ІІІ Жаңа білімді игерту
Балалар, өткен сабақтарымызды еске түсіре отырып, адамға қажетті 5 жағдайды атайық:
- Жарық
- Ауа
- Су
- Жылу
- Тамақ
Қазір, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын. Жауабын таба қойыңдаршы?
Жылт-жылт еткен,
Жылғалардан өткен. (су)
- Дұрыс-ақ. Ендеше, су – тіршілік көзі. Сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Сондықтан 70 кг адамның денесінде 50 кг су бар. Оның мөлшері 17 пайыз кемісе, адам өледі. Адам су ішпей бір апта ғана шыдай алады.
Жер бетінің 3/2 бөлігін су қабаты алып жатыр. Күн сәулесі қызуынан мұхит, теңіз суы буланып жоғары көтеріледі. Топырақтан, өсімдіктерден, жануарлардан да су бу күйінде бөлініп, ауа қабатында көтеріледі.
Көзге көрінбейтін су буы ауаның салқын қабатына көтерілгенде қоюланып, бұлт түзеді. Бұлт ауаның ағысымен қозғалысқа түседі. Ол жауын-шашынға айналып, құрлыққа қайтып оралады. Бірақ ұзақ тұрақтамайды. Күн қыздырғанда қайтадан ауаға ұшып кетеді.
Жауын-шашынның бір бөлігі топыраққа сіңеді. Онда өсімдік қорегіне айналып, құрлықты жасыл жамылғысына орайды. Жайқалып шөптер, ағаштар өседі.

Тәжірибе: Қондырғыға су құйылған темір қалбыр бекіт. Оны астынан спирт шаммен
қыздыр. Судан су көтеріле бергенде оны мұз салынған немесе суық су құйылған табақшамен жап. Біраздан кейін табақшаның түбі терлей бастағанын
байқаймыз. Пайда болған су тамшылары бір – біріне қосылып, ұлғайып,
салмақпен төмен түседі.
Ендеше, дәптерімізге судың мұхит пен құрлықтың арасындағы осындай қозғалысы табиғаттағы су айналымы деп аталады.
Кітаппен жұмыс
Тізбектей оқу

Сергіту сәті
Аспанды бұлт жапты.
Жаңбыр жауды себелеп,
Бұға қалды көбелек,
Жаңбыр қатты жауды
Жаңбыр басылды.
Күнде ашылды.

- Балалар, осы сергіту сәтінен табиғат құбылыстарын атайықшы?
1. Бұлт
2. Жаңбыр
3. Күн
- Жаңбырдан кейін не шығады?
- Кемпірқосақ
Ендеше, осы табиғат құбылыстарын дәптерлерімізге жапсырайық.

ІV Қорытынды
- Сонымен, балалар сусыз тіршілік бола ма?
- Жоқ
- Адам баласы сусыз қанша уақыт жүре алады?
- Бір апта
- Судың неше күйі бар?
- Үш күйі бар
- Табиғаттағы су айналымы дегеніміз не?
- Судың мұхит пен құрлықтың арасындағы осындай қозғалысы табиғаттағы су айналымы деп аталады.
- Судың адамға тигізер пайдасы бар ма?
- Иә
- Дұрыс-ақ

Проблемалық сұрақ
- Арал теңізінің тартылмауы үшін не істер едің? (оқушылардың өз ойлары тыңдалады)

V Үйге тапсырма беру
«Табиғаттағы су айналымы» тақырыбын оқып келу

VІ Бағалау Осымен қазір мен сендерге бүгін сабаққа «өте жақсы» қатысқан оқушыларға қызыл дөңгелек, «жақсы» қатысқан оқушыларға көк дөңгелек, «орташа» қатысқандарға жасыл дөңгелек тартамын.





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 22.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров102
Номер материала ДВ-368687
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх