Инфоурок Начальные классы Рабочие программы"Табиғаттағы су. Судың қасиеті"

"Табиғаттағы су. Судың қасиеті"

Скачать материал

«Өзін – өзі тану» пәнімен интеграцияланған дүниетану сабағының жоспары:

Мектеп: №41ЖББОМ

Мұғалім: Какенова Даметкен Мугдариевна

Сынып: 3                                                 

Тақырыбы: Табиғаттағы су. Судың қасиеті

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік, үнемшілдік, қамқорлық, риясыз жақсы көру.

Мақсаты: Судың қасиеті туралы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік құндылығының маңызын ашу.

Міндеттері: Білімділік. Судың бүкіл қасиеттерінің мәнін аша отырып, риясыз әрекет жасауға үйрету.                     

                       Дамытушылық. Су және оның қасиеттері туралы ойлау қабілеттерін дамыту.

                       Тәрбиелілік. Суды үнемдеуге, қоршаған ортаға қамқорлық жасауға, мейірімділікке тәрбиелеу.  Ресурстар:

(интерактивті тақта, ақ парақтар... )

Ұйымдастыру кезеңі Сыртқы интеграция

Баяу музыка қойылады

1.      Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет  терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Сұрақтар:

1.      Тыныштық сәтінен қандай әсер алдық?

2.      Су астының тыныштығын сезіне алдық па?

Қорытынды: Олай болса, су астындағы тыныштық күй өзіміздің бойымызда да болсын.        

 

Үйге тапсырма

«Ауа – тіршілік көзі» 38 – бет

Оқу және Судың астын зерттеу арқылы ауаның тіршіліктегі маңыздылығын түсіндіру.

 

1.      Адам, жануарлар, өсімдіктер ауасыз тіршілік ете алмайды. Ауа – тіршілік көзі. Ауа қабаты жерді күн сәулесінен өте ысып кетуден және ғарыштық суықтан сақтайды. Ауаның мұнан да пайдасы қаншама. Оның әрбір қасиеті шаруашылыққа пайдаланады. Су түбінде  жұмыс істеуге адамдарды батискафпен түсіреді. Батискаф су кіргізбейді. Бұл су астындағы шамалы кеңістікте жұмыс істеуге мүмкіншілік береді. Су астында ауаның салмақсыздығы да пайдаға асады. Түрлі резеңке заттарды ауаға толтырып, ұзақ уақыт су бетінде жүзуге болады.

Қорытынды: Балалар, ауа өсімдікке де, жануарларға да, бүкіл тіршілік иелерінің бәріне де керек екен.Түрлі тағамдардың бұзылмай сақталуына, үйдің ауасын тазартуға да ауа қажет. Кез – келген заттың бойында да ауа бар. 

Дәйексөз

«Судың да сұрауы бар»

                                       Даналық сөз

Түсіндіру: Адамның тіршілігіне судың пайдасы зор. Сондықтан, суды қалай болса солай ағызып, төге беруге болмайды. Су бар жерде тіршілік бар, сондық -  

тан судың қадірін құрметтейік.

Сұрақтар:

1.      Дәйексөзден не түсіндік?

2.      Судың не себепті сұрауы бар?

Қорытынды: Сондықтан, судың қадір – қасиетін біліп жүрейік.       

 Ішкі интеграция

Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы су. Судың қасиеті

«Су-өмір нәрі» деп халық бекер айтпаған болар.Сусыз тіршілік жоқ.Адам, өсімдік және жануарлардың бәрі сусыз тіршілік ете алмайды.

     Судың қасиеті өте мол. Су дене температурасын тұрақтандырады. Азық, қалдық оттегіні тасымалдайды. Адам зейінін ашады. Иммунитетті күшейтеді.

Қорытынды: Су – мөлдір, тап – таза. Біздің де ішкі жан – дүниеміз де су сияқты таза болуы керек. Ал, мөлдірлікке біз сезімімізді теңесек, сол мөлдір сезімімізбен ойымыз бен санамызды тазартсақ, судың өміріміздегі қасиетін одан әрі бағалай түсетін едік. Барлық нәрсеге сүйіспеншілікпен қарасақ, ол да өз жемісін береді.

Шығармашылық жұмыс

Топқа бөлеміз:

 «Су – тіршілік көзі» тақырыбына сурет салу

1-топ Сүйіспеншілік

2-топ Ақиқат пен дұрыс әрекет

3-топ Ішкі тыныштық

4-топ Қиянат жасамау

Балалар суреттерін аяқтайды, не туралы салғанын айтады.

Қорытынды: Біз табиғаттың тегін тарту етіп жатқан байлығына немқұрайлы қараймыз. Ортаның ластануы су құрылымын өзгертетіндіктен өмірімізге кері әсер етеді. Сондықтан, табиғат сыйын бағалап, мейірімділікпен қарап, қамқорлық жасайық.         

Топпен жұмыс

Топпен ән айту

«Жау-жау жаңбыр» Авторы: Кеңес Дүйсекеев

 

1.Алатаулар бауырында,

   Атам,әжем ауылына,

   Ақша бұлттар ауа берші,

   Жау-жау, жаңбыр, жауа берші.

Қайырмасы:

   Бақыт болып жаушы, жаңбыр,

   Мені әсем қалама.

   Бақыт болып жаушы, жаңбыр,

   Менің байтақ далама

   Менің әсем қалама,

   Менің байтақ далама.    

 

Үйге тапсырма

«Судың үш күйі»  Сызбаны дәптерге толтыру

Тәжірибе жасау: Бірнеше ыдысқа су құйып, біреуіне жақсы тілек айтып, қатыру;

                              Екіншісінің пішінін анықтау.         

Бағалау (топты, жеке, бармақпен бағалау)        

Соңғы тыныштық сәт

Бәріміз  көзімізді жұмып, арқамызды тіктеп, қол – аяғымызды дұрыс қойып отырамыз....

Сау болыңыздар!     

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Табиғаттағы су. Судың қасиеті""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по экологии

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 705 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.02.2016 751
    • DOCX 24 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Какенова Даметкен Мугдариевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Какенова Даметкен Мугдариевна
    Какенова Даметкен Мугдариевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14885
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 304 человека из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 610 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида

Учитель начальных классов компенсирующего и коррекционно-развивающего образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 274 человека из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 884 человека

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной образовательной программы начального общего образования

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 288 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 095 человек

Мини-курс

Введение в экономическую теорию и практику

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Комплексный подход к работе с детьми с тяжелыми нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе