Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / "Табиғат-тал бесігіміз" ашық шара

"Табиғат-тал бесігіміз" ашық шара


  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

Табиғат -тал бесігіміз

Ашық шара

Мақсаты:Оқушыларды табиғат әсемдігін көре білуге,оны аялауға,қорғауға тәрбиелеу. Оқушылардың экологиялық білімдіктерін,ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі:табиғат тақырыбында арналған нақыл сөздер,буклет,альбом,кітап.


Мұғалім:Қымбатты ұстаздар,оқушылар!Бүгін біз «Атамекен» бағдарламасының «Заман-ай» бағыты бойынша жұмыс жүргізіп келеміз.«Заман-ай» бағытының мақсаты табиғатты сақтау,туған жер табиғатына деген сүйіспеншілікті арттыру,экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру.Жалпы табиғат-тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені,тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі,жер бетіне көрік берген сәні.Халық ұғымында табиғат деген сөз жер,аң, туған жер, атамекен сөздерімен қатар тұрады.

Жүргізуші :Смадинова Гүлдана.

Егемендік нышаны жарқын жастық

Болашаққа сеніммен қадам бастық

Көркейтейік туған жер табиғатын

Кең даламда жайқалсын алтын астық-деп сайысымызды бастаймыз.





hello_html_m10f050d0.jpghello_html_m6bf40277.jpg




I)Әр топ өздерін таныстырады,әрі ұрандарын айтады.

1-топ:Табиғат тіршілік көзі

2-топ:Жалын-Көк бөрідей жігерлі қайраттымыз

3-топ:Табиғат қорғаушылары


hello_html_madcdeb7.jpg



II)Қазақпыз ғой бәйге десе қозатын

Қосатұғын күре атын,боз атын

Басталады«бәйге»атты жарысымыз

Шықсаң шәкірт шыңдарға қол созатын,-деп келесі кезеңіміз«сұрақ-жауап»

Әр топқа 8-сұрақтан



Сұрақ-жауап

1.Қазақстандағы «Қызыл кітап»қай жылы шықты?(1978)

2.Ауыл жылын қай жылдар еншіледі?(2003-2005)

3.Көктемгі төл шөптердің ішінде шаруашылық үшін ең пайдалы шөп?/Мортық/

4.Қазақстанда неше қорық бар?/9-қорық бар/

5.Қансонарда бүркітші шығады аңға

Тастан түлкі табылар аңдығанға

Жақсы ат пен тату жолдас бір ғанибет

Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға -өлеңнің авторы./Абай/

6.Қазақстан территориясында күріш қай облыста өсіріледі. /Қызылорда/

7.Тосын желді не деп атайды?/Құйын/

8.Судың деңгейінен көтерілуі не деп аталады?/тасқын/

9.Қазақстан қай елдермен шектеседі?/Қытай,Ресей,Қырғызстан,Өзбекстан,Туркменстан/

10.Сырдария жағасындағы биіктігі2-3см болатын бұта тектес ағаш?/жыңғыл/

11.Шөл даланың көп жылдық тікенекті өсімдігі?/жантақ/

12.Әлемдегі ең бай не?/жер қойнауы/

13.Сырдың «сары алтыны »дегеніміз не?/күріш/

14.Біздің өзен-көлдердің ең ірі тұрғынын ата?/жайын/

15.Өзен«санитарын» ата?/шаян/

16.Суға түсті,жүзді,сүңгіді.Бірақ үсті құрғақ,ол не?/үйрек/

17.Өсімдіктің қай бөлігі таза өттегін бөледі?/жапырақ/

18.Дәмді аяғымен сезетін жәндік?/шыбын/

19.Бөкеннің лағын қалай атайды?/құралай/

20.Қызыл кітапқа енгізген тоғайлы өңірдің ағашы?/тораңғыл/

21.Өзі жәндік және жіп шығарады?/өрмекші/

22.Бақаның бақшадағы пайдасы?/шыбын-шіркейлерді құртады/

23.Бар ма жоқ па оны білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің( ауа)

24.Сауыттан мықты шапаны,

Жәндіктің нағыз шабаны (тасбақа\

hello_html_m74ce7b3e.jpg




III)Ну орман жасыл орман,мынау орман,

Далаға қорған болып тұра қалған.

Барлығы баласындай бір-ақ үидің

Барлығы жаралғандай бір адамнан.

О,құдірет неткен шалқар күй ең сен

Бүгін менің биік еңсем.

Осылай да ойланып қой,адамдар

Жығылмайсың орманыңа жүгінсең-деп кезегімізді мақал-мәтелдің жалғасын табу.

Әрбір топқа 4- мақал-мәтелден тапсырма береміз.



Ақыл-дария алсаң да таусылмайды,Жер қазына саусаң да таусылмайды

Аз әліңді біл,құмырсқа жолыңды біл

Ерді талап ұшырар,құсты қанат ұшырар

Атасы жер жырта білмегеннің,баласы тұқым себе алмас

Алтын болмаса,зергер қор болар,жер болмаса дихан қор болар

Адам ұйымшыл,мал үйіршіл

Жері азған елде,тоқшылық болмайды

Тары жеген тарықпас

Диқан жауында тынығады,балықшы дауылда тынығады.

Ойдағы үй селдікі,өрдегі үй-жердікі,жазықтағы үй елдікі.

Жер -қазына ,су –гаухар

Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.



IV)Табиғат әсемдіктің төркінісің

Ән саламыз бір сенің көркің үшін

Жан-жануар табынып бір өзіңе

Сенен асып тұрғандай бар танысу дегендей ендігі кезегімізді«Құлақтан кіріп бойды алар!»табиғат тақырыбына ән орындау не өлеңді жатқа оқу.

1-топ Құрманғалиева Аружан Мұқағали Мақатаевтың табиғат туралы өлеңін мәнерлеп оқыды.

2-топ Қадыржанов Ерлан табиғат туралы өлеңді жатқа айтты.

3-топ Ілиясқызы Перизат табиғат туралы ән айтты


V)Табиғат сен тіршілік,тұнып тұрған

Сен Күнсің көтерілген күліп қырдан

Сен көлсің сен армансың,сен бұлақсың

Адамға сұлулықты шын ұқтырған


Табиғат егіз адаммен

Ұқсастық табам содан мен

Мәңгілік болсын егіздер

Жер-ана,көл теңіздер.

Келесі кезегіміз«Табиғат –Ана»суретін салып оны қорғау.


I- топ II- топ III-топ

hello_html_m47ba0b5a.jpghello_html_m4b85c392.jpghello_html_m448f2251.jpg

VI)Туған жерді –сүю парыз

Сүю үшін –білу парыз

Қасиетін ұғу үшін

Күзетінде тұру парыз,-деп Мұзафар Әлімбаев атамыз айтқанындай ең байтақ еліміз жайлы,туған жердің табиғаты жайлы,аң-құстары,өсімдіктері,жануарлары жайлы білуіміз керек.Ендеше табиғат жайлы білімдеріңізді байқап көрелік,ендеше келесі кезегіміз«Табиғатым-тұнған байлық»

Өз туған жеріміз тарихына ,онда кездесетін аң-құстары,өсімдіктері,жануарлары жайлы не білеміз соған тоқталып өтейік.

Әр бір топ өз туған жерлері туралы оның тарихы мен мәдениеті туралы және өлкемізде кездесетін өсімдіктер мен жануарлары туралы түсініктеме беру.



hello_html_1d2693ef.jpghello_html_4aee72aa.jpg

Шарамыздың соңында Оспанова Айнаш сөз сөйледі.Ол өз сөзінде жүргізуші Смадинова Гүлдананың жақсы алып барғаның және оқушылардың топ-топ болып бір-бірімен ойласып,сұрақ жауаптарға жауап бергені туралы,олардың ауыз біршілікті екенін атап айтты.

Табиғат –тіршілік көзі тобы бірінші орынды алды,ал қалған топтар алғыс хатпен марапатталды.Осы менен «Табиғат –тал бесігіміз»атты шарамызды аяқтаймыз.Бәріңізге рахмет.

hello_html_m4e5c9fd1.jpghello_html_m45493b2d.jpg



































































Автор
Дата добавления 20.02.2016
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров141
Номер материала ДВ-471139
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх